Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Разработка урока на тему "Сыйынар ем ана деген тәңірге"

Разработка урока на тему "Сыйынар ем ана деген тәңірге"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Мақсаты: 
Білімділігі:
Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп, оқушылардың танымына ой түсіру. 

Дамытушылық: Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып, еліміздің елдігін сақтайтын сыйланатын орындарға баулу 

Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту, рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мателдер  
Жүру барысы: 
Мұғалім:

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер.  
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Ия, Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға. 
Мұғалім:

Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойсам

Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? (ол – ана) 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Шырылдап жерге түскеннен – ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім? (Ол – ана) 
Мұғалім:

Сен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол кім? (Ол – анаң) 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы кім? (Ол – анаң) 
Мұғалім:

Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін кім? (Ол – анаң) 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Мұғалім:

Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға кім? (Ол – анаң) 
Ия, Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге балалық жүректерімізден мыңда бір алғыс.
 
Мұғалім:

Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған бүгінгі «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші (Ғарышбек):

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті Аналар!


Осындай айтулы мерекенің иелерін, сыныптас қыздарымызды ортада «Көктем биімен»

Мұғалім:

Бүгінгі тарбие сағатымызды топтық жұмыс ретінде өткізсек. Қазір оқушыларымыз ортаға келіп мына корапшадан гүлді аламыз. Гүлдің түсіне қарай екі топқа бөлініп отырсақ.

Топтарға сұрақтар қойып сұраққа толық жауап берген топқа

Жүргізуші (Ғарышбек):

Бірінші тапсырма «Сен білесін бе?» деп аталады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. 5 сұраққа жауап берген топ

І топ
1. Балдан тәтті не? (Бала)
 
2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп)
 
3. Үйдегі алтын қазық кім? (Ана)
 
4. Бес асылды атаңдар (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
 
5. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
 

Мұғалім:

ІІ топ 
1. 18 жасқа толмаған адам (Бала)
 
2. Қара жаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
 
3. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы,тамақ,күлкі)
 
4. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
 
5. Үйде кім, елде кім қадірлі? (Үйде халық,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)
 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Алтын анам жасымнан аялаған 
Мен үшін игілікті аямаған
 
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
 
Бал сөзі «жаным» деген сая маған
 
Ортаға «Анашым» әнімен сыныбымыздың әнші қыздарын қарсы алайық

Жүргізуші: келесі тапсырмамыз мақалдың жалғасын тап. Әр топқа 7 мақалдан беріледі.  
І топ
 
1. Ата – бәйтерек
 . . . (Бала жапырақ) 
2. Ана тілін білмеген . . . (Ана сүтін татпаған)
 
3. Ұлы бар үйде қуат бар . . . (Қызы бар үйде шуақ бар)
 
4. Әкеге қарап ұл өсер
 . . . (Шешеге қарап қыз өсер) 
5. Ананың көңілі балада . . . (Баланың көңілі далада)
 
6. Анаңа ауыр сөз айтпа!
 . . . (Атыңа ауыр жүк артпа) 
7. Ата көрген оқ жонар . . . (Ана көрген тон пішер)
 
Жүргізуші (Ғарышбек):

ІІ топ 
1. Балалы үй базар . . . (Баласыз үй қу мазар)
 
2. Ана алдында — құрмет . . . (Ата алдында — қызмет)
 
3. Ананың сүті—бал . . . (Баланың тілі — бал)
4. Бала жақсы болса – қуаныш . . . (жаман болса – күйініш)
 
5. Анаңа ауыр сөз айтпа
 . . . (Атыңа ауыр жүк артпа) 
6. Отан елдің – анасы . . .
 (Ел – ердің анасы) 
7. Отан үшін күрес . . .
 (Ерге тиген үлес) 

Мұғалім:

Тарихқа көз жүгіртсек. 1910 жылы Копенгагенде социалистік әйелдердің халықаралық екінші конференциясында әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтеріпті. Сол кезден бастап көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні болып аталып келеді.

Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылы Австрия, Дания, Германия, Швецария елдерінде аталып өтті.


Жүргізуші (Ғарышбек):

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадың

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым

Мұғалім:

Келесі «Балам – бақытым, болашағым» мерекелік ойынын ойнасақ. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады. Яғни, аналарымызға сұрақтар қойсақ, сіздер жауап берсеңіздер.
1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз?
 
Жүргізуші (Ғарышбек):

2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді? 
Мұғалім:

3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз? 
Жүргізуші (Ғарышбек):

4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай? 
Мұғалім:

5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз? 
Жүргізуші (Ғарышбек):

6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді? 
Мұғалім:

7. Балаңыздың парталасы көршісі кім? 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Мұғалім:

8. Балаңыздың сүйікті асы не? 
Жүргізуші (Ғарышбек):

9. Сынып жетекшісінің толық аты кім? 
Мұғалім:

10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? 
Жүргізуші (Ғарышбек):

Ата – анаға айтқан рахметің 
Елден алған алғысың
 
Ата – анаңды сыйламағаның
 
Елден алған қарғысың
 

Мұғалім:

Кентімізде 42 батыр ана бар. Ал біздің мектебімізде «Алтын алқа» тима анамыз, «Күміс алқа» Ақжібек анамыз еңбек етуде. Осы аналарымызға арнап «Анаға сый» әні.

Мұғалім:

Келесі тапсырамыз «Сәйкестендіру» 
Екі топқа берілетін тапсырма сәйкестендіру кестесі
. Кай топ бірінші әрі дұрыс табады екен.
Отбасының қорғаны кім? 5 Ана
 
Үйдегі алтын қазық кім? 1 Ұстаз,ата – ана
 
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? 6 Қонақ,қарт адам,бала
 
Үйде кімдер қадірлі? 3 Ата – ана,ұстаз,дос
 
Қоғамда кімдер қадірлі? 2 Әке
 
Адамға ақыл беретін кім? 4 Ана
 


Жүргізуші (Ғарышбек):

Құрметтейік, о адамдар, аналарды, 
Бізді өмірге әкелген даналарды
 
Себебі ана деген асыл жан ғой
 
Ойлауменен істейік әр қадамды
 
Егер мен...
 Мен сіздерге бір сөйлемді бастап оқимын әрі қарай топ мүшелері жалғастырып ойды аяқтайды.

Мұғалім:
• Егер мен анамның қөңілін қалдырсам, онда...
 
• Егер мен жаман баға алып қалсам, онда анама...
 

Жүргізуші (Ғарышбек):

Егер мен кітабымды жыртып алсам, онда апайыма... 
• Егер мен үй тапсырмасын орындамай келсем, онда апайыма...
 


Жүргізуші (Ғарышбек):

Аналарды ардақтайық мәңгілік, 
Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып,
 
Барлық ана қамқор болған балаға
 
Құрметтемей аналарды болар ма?!
 


ортада «Мама» әні. қарсы алайық


Жүргізуші (Ғарышбек):

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ!
Мұғалім:

О, аналар осындайсың бәріңде,
Осындайсың жасын, дағы кәріңде,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге,
Жүргізуші (Ғарышбек):

Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Мұғалім:

Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер! Қызықты әңгімелерңізге үлкен рақмет! 
Жанұяның тірегі әке болсын,
 
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
 
Бар тілекті арнайтын балаңызға
 
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
 
Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!
 – деп тәрбие сағатымызды «Мерекем» әнімен аяқтаймыз.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров7
Номер материала ДБ-352511
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх