Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Разработка урока на тему"Жамбыл Жабаев". Қазақ әдебиеті 9 сынып. Учитель казахского языка и литературы Нурмагамбетова Бибигуль Тулегеновна.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Разработка урока на тему"Жамбыл Жабаев". Қазақ әдебиеті 9 сынып. Учитель казахского языка и литературы Нурмагамбетова Бибигуль Тулегеновна.

библиотека
материалов

Қазақ әдебиеті 9 сынып

І. Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
ІІ. Сабақтың мақсаты:
оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру.
ІІІ. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, ақын туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың ақынға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту.
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ ( «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны)
ІV. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірталас, тест
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, презентация
VІ. Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән - күй, тарих, жағрапия
VІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу;
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. - Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысын бастаймыз. Сен - дерге үй тапсырмасына Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалып келу берілген болатын.

Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі - мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
 
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын терең білу үшін бүгінгі зият - керлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.

I кезең «Бәйге»
Ойынның шартымен таныстыру. Ортақ сегіз сұрақ қойылады, бірінші болып текшені көтерген топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)


Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген )
Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)
Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
(“Ленинградтық өренім” )
Жамбылдың анасының атын атаңдар
(Ұлдан)
Жамбылдың “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?
(“Правда”)

IІ кезең «Көкпар»
Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Бірінші болып текшені көтер - ген топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 20

ұпай беріледі.
“Шағым” өлеңіндегі молда бейнесіне талдау жасаңдар.
“Өстепкеде” өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынап тұр? Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?
Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар.

IІІ кезең. «Жанды сұрақтар»
Топ ойыншылары ұяшықтардағы пән мұғалімдерін таңдайды, тест түрінде берілген сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтардың сұрақтары шығып отырады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
Жамбылдың Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған ұлы
Жапа
*Алғадай
Әбдірахман
Құлмамбет
Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?
Айкүміспен
Шашубаймен
Бөлтірікпен
Құлмамбетпен
Жамбылдың 1916 жылғы оқиғаға байланысты жазған өлеңін табыңдар.
“Менің өмірім”
“Зілді бұйрық”
“Туысқан ел”
“Өстепкеде”
Жамбыл қай дастанды жатқа жырлаған?
“Ләйлі - Мәжнүн”
“Қыз Жібек”
“Ер Тарғын”
“Толағай”

IV кезең. «Жеті пән»
Ұпайы көп топ ұяшықтықтағы керекті пәнді таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге болады. Ұяшық - тан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Жағрапия
Жамбыл Жабаев қай таудың етегінде дүниеге келген?
Тарих
Жамбыл қай жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды?
Ағылшын тілі
When was J. Jabaev was born?
Орыс тілі
Попробуйте перевести стихотворение Жамбула “Әкеме” на русский язык
Ән - күй
Ақын суретте қай күйшімен бейнеленген?
Математика
Жамбыл Жабаев неше жасында қай - тыс болды?
Қазақ тілі
Өткен өлеңдердің қайсысында төл сөз бар?

V кезең. «Полиглот»
Экранға Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінен үзінділер шығып отырады. Әр өлеңіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып айту керек. Ол сөзді үш тілде айту жүктеледі. Үш тілде дұрыс айтқан топқа 30 ұпай беріледі. Егер екі тілде айтса, 20 ұпай, бір тілде 10 ұпай беріледі. Ұпайы көп топ бас - тайды.
Жапаның ұлы _______боп
- Жақсы іспетті,- дер, әке.
Ағайынды еңіретті
__________ жасына қарамай...
Жан қысылса белгілі,
Табылмайсың жарқын______
Жасауыл_______тінтпек
Қылыштары жарқылдап
Қайтіп ________ береді?
Айтқаны ішке қонбаған

VІ кезең «Жорға»
Топ ойыншылары ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
А
1. “Күлтегін” ескерткіші қай жерден табылған?
2. “Музыканың үлкен кітабы” зерттеуінің авторы кім?

3. Абылай ханның кеңесшісі болған жырау?
4. Шоқанның шын аты.
5. Абай қай облыста дүниеге келген?
6. “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің авторы кім?
Ә
1. “Құдатғу” білік дастанының авторы кім?
2. Абайдың шын аты.
3. Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қай қалада ашты?
4. Абайдың неше қара сөзі бар?
5. Араб алфавиті негізінде жаңа жазуды жасаған кім?
6. “Шұғаның белгісі” повесіндегі Шұғаның сүйіктісінің аты кім?


VІІ кезең. «Бұл кімдер?»
Топ жетекшілерінің сайысы. Бұл кезеңде топ жетекшілері берілген ақын - жазушылардың кімдер екенін тауып айту керек. Дұрыс әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І топқа
ІІ топқа

VІІІ кезең. «Шешендік сайыс»
Соңғы шешу кезеңде топ мүшелері бірлесе отырып тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
Тәуелсіз ел - бақытты ел

ІІІ. Қорытындылау
Әр топтың ұпай санын санап, жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.
ІV. Бағалау
Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелеріне тиісті бағаларын қояды.
V. Үйге тапсырма
Жамбыл Жабаевтың кез келген бір өлеңін жаттау.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДБ-242520
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх