Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Разработка урока по биологии на тему "Гүлдің құрылысы мен маңызы" (6 класс)

Разработка урока по биологии на тему "Гүлдің құрылысы мен маңызы" (6 класс)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Тексерілді»

________________


Күні: _______________

Сыныбы: 6

Тақырыбы: §20 Гүлдің құрылысы мен маңызы

Сабақтың мақсаты: гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы түсіндіру;

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – Өсімдіктердің генеративті мүшелерімен және гүлдің құрлысымен таныстыру.

Тәрбиелілігі – Оқушыларды биология сабағына қызықтырып, табиғаттағы өсімдіктерді сүюге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы – Есте сақтауға, бір-бірімен салыстыра білуге, қызығушылықтарын оятуға, сонымен қатар электронды оқулықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.

Сабақтың типі: аралас

Cабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың ішкі құрылысын сипаттау тапсырмасы топтарға беріледі.


hello_html_26d6acca.png


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (1-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. hello_html_650b0553.png

1-сурет. Гүлдің құрылысы. 1. Гүл сағағы. 2. Гүл табаны. 3. Тостағанша жапырақша. 4. Күлте жапырақша. 5. Аталықтар. 6. Аналық.



Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (2-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

http://itest.kz/upload/images/1349784207.19.jpeg.png  2- сурет. Қызғалдақтың жай гүлсерікті гүлі.

http://itest.kz/upload/images/1349784258.85.jpeg.png  3- сурет. Қазтабанның қос гүлсерікті гүлі.

http://itest.kz/upload/images/1349784328.99.jpeg.png   http://itest.kz/upload/images/1349784352.98.jpeg.png

4-сурет. Аталықтың құрылысы.

1. Аталық жіпшесі; 2. Тозаңқабы; 3. Тозаңдар.

 

Қос гүлсерікті гүлде (3-сурет) тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі (4-сурет). Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді (5-сурет).

Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.

Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі.

http://itest.kz/upload/images/1349784418.75.jpeg.png  

5-сурет. Аналықтың құрылысы. 1. Аналық аузы; 2. Мойны; 3. Жатыны.

 

Дұрысгүл мен бұрысгүл (6-сурет). Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).

http://itest.kz/upload/images/1349784508.4.jpeg.png  http://itest.kz/upload/images/1349784533.98.jpeg.png   http://itest.kz/upload/images/1349784577.74.jpeg.png  http://itest.kz/upload/images/1349784603.26.jpeg.png

6-сурет. Мақтаның дұрысгүлі мен сызбанұсқасы (1) және асбұршақтың бұрысгүлі  мен сызбанұсқасы (2).

ІV. Бекіту:

Топтарға гүлдердің суреттері беріліп, сол гүлдің бөліктрін, санын, орналасуын, түсі мен пішінін, аталығы мен аналығының санын, құрылыс ерекшеліктерін талдауға тапсырма беріледі. Өзін-өзі бағалау

Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін –бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді.

Үй тапсырмасы: §20 тақырыпты оқып, аталық пен аналықтың құрылысының суретін дәптерлеріне салады.


Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров266
Номер материала ДВ-342264
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх