Инфоурок Физика КонспектыРазработка урока по физике

Разработка урока по физике

Скачать материал

6  Сабақ жоспары

 

Пәннің  аты:__________________Физика___________________

 

Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Сабақтың тақырыбы:  Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.

 

ІІ. Сабақтың    мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға ауаның ылғалдылығы, қайнау, кризистік температура туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу.  Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік:  Жауапкершілікті сезіне  отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

 

ІІІ. Сабақтың   типі: құрама сабақ.

 

ІV. Сабақтың түрі:  теориялық. 

 

V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.

 

VІ. Сабақтың   көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

                                                  Пән аралық және пән ішілік  байланыс

 

Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: 

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: гигиена

 

 

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.

 

2. Үй тапсырмасын сұрау  өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

     1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы»  №  548, 549-åñåïòåð.

 

3. Сабақтың жаңа тақырыбын  хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

 

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:   

·         Ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықтары.

·         Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар.

·         Шық нүктесі.

·         Қайнау.

·         Кризистік температура.

·         Заттың кризистік күйлері.

 

 

 

5. Жаңа  сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

 

Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.

Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады. 

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:

                               j=(р*100%) / рқ

Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды.

 

6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы»  №  561, 562, 562-åñåïòåð.

2. Физикалық диктант (қосымша тіркелді)

3. Тест (қосымша тіркелді)

 

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

 

8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут

 

Бағалар

Топтар

 

 

 

 

5

 

 

 

 

4

 

 

 

 

3

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

   9. Үй тапсырмасы-5 минут:

     1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жүмысы «Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері»

     2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы»  №  564, 565-åñåïòåð.

 

10. Әдебиеттер:

1.      Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

2.      Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

3.      Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г

 

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

 

 

Оқытушының қолы:___________________       Тексерушінің қолы: ___________________

 

 

 

 

 

Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.

 

Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қайнау үшін сұйық жеткілікті дәрежеде жоғары температураға дейін қыздырылуы қажет. Қайнау кезінде сұйықтағы газдың көпіршіктері маңызды роль атқарады. Көпіршіктердің ішіндегі қаныққан бу қысымы сыртқы қысымнан артық не тең болса, онда көпіршіктер сұйықтың бетіне шығады да жарылады. Яғни қайнаудың шарты төмендегідей жазылады: рқ ³ р0.

Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.

1861 жылы Менделеев әрбір сұйық үшін сұйық пен оның қаныққан буының арасындағы айырмашылық жоғалып кететін температураның болуы тиіс екенін тағайындады. Менделеев оны абсолют қайнау температурасы деп атады. Будың сұйыққа және керісінше айналуын ағылшын ғалымы Эндрюс тәжірибе жолымен зерттеді. Ол әрбір сұйық үшін осындай температураның болатынын көрсетті және жаңа кризистік температура деген термин енгізді.

Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады. 

Әдетте газ деп заттың газ күйін, яғни температурасы кризистік температурадан жоғары кездегі, ал бу деп температурасы кризистік температурадан төмен кездегі заттың күйін айтады.

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:

                               j=(р*100%) / рқ

Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды. Ауаның температурасын біле отырып және шық нүктесін анықтап, ауаның ылғалдылығын есептеп табуға болады.

Ауаның салыстырмалы ылғылдылығын анықтауға арналған құралдар: психрометр және гигрометрлер.Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі шаштың (жылқы жалы) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген. Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген.

Психрометр құрғақ және ылғал екі термометр бекітілген корпустан тұрады. Психрометрлік кесте бойынша термометрлер көрсетіп тұрған температуралар айырымы арқылы ауаның ылғалдылығын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 


ТЕСТ

1. Кез келген температурада сұйық бетінен молекулалардың ұшып шығу  процесін ............ деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

2. Егер булану тұрақты температурада жабық ыдыста жүрсе, онда оны ..... процесі деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

3. Буға айналу кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар жиынтығын     ......     деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

4. Сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану  процесін ......... деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

5. Қаныққын бу деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

6. Қанықпаған бу деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

7. Будың изотермы деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

8. Меншікті булану жылуы деп ......... айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

9. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;

Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны;

10. Шық нүктесі деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;

Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны;

Физикалық диктант

1.Температура өзгермен жағдайда кәдімгідей қосу арқылы газды сұйықа айналдыратын болсақ , онда оны бу дейміз , дәлірек айтқанда ........... бу дейміз. (қаныққан)

2......... деп аталатын белгілі бір температурада екі қисық тұйісіп қосылады , яғни сұйықтын тығыздығы будын тығыздығына тәуелді . (кризистік)

3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін прибор .....деп аталады .

(психрометр)

4. Қаныққан бу қысымы көлемге тәуелсіз болғандықтан , .......тек температураға  ғана тәелді болады .(қысым)

5. Көпіршіктердегі қаныққан будың қысымы сұйық ішіндегі қысыммен теңнлген кездегі  температура ................. басталады .(қайнау)

6. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары жойылатын температура .........   температура деп аталады . (кризистік)

7. Қаныққан бу қысымы неғұрлым жоғары долса , соғұрлым оған сәйкес сұйықтың қайнау температурасы төмен болады , өйткені төменгі ..... қаныққан будын қысымы  атмосфералық қысымға теңеледі .(температурада)

8. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек , онда су буының түсіретін қысымы су буының ..........қысымы дейді . (парциал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері

 

Үйдің микроклиматы да денсаулыққа өзіндік әсер етеді. Оның аса құрғақ болуы да, шамадан тыс ылғалды болуы да зиянды.

Негізінен, ауадағы будың көп болуы абсолюттік ылғалдылық деп аталады. Тұрмыста салыстырмалы ылғалдылық қолданылады. Ол бөлме ауасындағы ылғалдылықты абсолюттік ылғалдылыққа бөліп, пайызын білу арқылы анықталады. Гигиена үшін ең дұрысыауадағы 30-60 пайыздық ылғалдылық. Осы ылғалдылықтың 20-80 пайыз арасында ауытқуы да мүмкін. Оның зияны жоқ. Тек ауа тым құрғақ болса, адамның тыныс жолдарын, тамағын құрғатып жіберіп, мазасын алады. Қыста жеке үйге от жаққанда бөлмедегі ауа құрғап кетпеуі үшін арнайы қыш ыдыстарға су құйып, оны батареяларға байлап қояды. Бөлмеде гүлдер өсіп тұрса, оның ауасын жаңартып, жақсартып тұру үшін ол өте пайдалы. Үйдің ішін жиі жуып, дымқыл шүберекпен сүртіп тұрған жөн.

Конспект

 

МКТ  заттың неліктен газ тәрізді, сұйық және қатты күйлерде бола алатындығын түсіндіріп қана қоймай,  сонымен бірге заттың бір күйден екінші күйге көшу процессін түсіндіру мүмкіндігін береді. Сұйық молекулалары ретсіз қозғалады. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, кинетикалық знергиясы соғұрлым артады. Бір мезетте кейбір молекулалардың кинетикалық энергиясының көп болатыны сонша, олар басқа молекулалардың тартылыс күшін жеңіп сұйықтан ұшып шығу мүмкіндігіне ие болады, яғни буланады. Ретсіз қозғала отырып молекулалар ашық ыдыстағы сұйық бетінен бір жола кетіп қалуы мүмкін немесе сұйыққа қайта оралуы да мүмкін. Мұндай процесс конденсация деп аталады. 

 

Булану   - заттың сұйық күйден газ тәрізді күйіне айналуы (жұтылған энергия молекулалар арасындағы байланысты үзуге жұмсалады).

 

Кебу

кезкелген температурада сұйықтың еркін бетінде болатын булану

Қайнау

белгілі tº (қайнау температурасы) темпера-турада сұйықтың барлық көлемінде өтетін булану

Кебу кезінде сұйық температурасы төмендейді

Қайнау кезінде температура өзгермейді. Қайнау температурасы:

1.        сұйықтың тегіне

2. атмосфералық қысымға тәуелді РА↓=>tº↓

 

 

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шығатын молекулалар саны, қайта оралатын молекулалар санына тең) қаныққан бу  деп аталады.

 

-Қаныққан будың концентрациясы көлеміне тәуелді емес (tº ‒ const).

-Қаныққан бу қысымы (Рқ) тек температураға тәуелді.

 

 

 

АВ ‒ қанықпаған будың сығылуы

ВС ‒ V↓Рқ‒const (будың қаныққан буға айналуы)

CD‒сұйықтың сығылуы

 

 

Егер температура өзгермеген жағдайда кәдімгідей қысу арқылы газды  сұйыққа айналдырсақ оны қаныққан бу дейді.

 

Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемі бойынша тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда болады, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Көпіршіктердегі қаныққан будың қысымы  сұйық бетіндегі қысыммен теңелген кезде қайнау басталады. Бұл температура қайнау температурасы  деп аталады. Сұйықтың қайнау температурасы тұрақты болады.

 

Сыртқы қысым неғұрлым жоғары болса, қайнау температурасы  соғұрлым жоғары болады. Керсінше, қысымды азайту арқылы қайнау температурасын төмендете аламыз.

 

Кризистік температура Тк (К) - сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылығы жойылатын температура.

 

 Тк-температурада

ρбу‒ максимал

ρсұйық‒ минимал

 

 

Т < Тк ‒ қанықпаған

Т > Тк ‒ ешқандай қысымда газ сұйыққа айналмайды

 

Кризистік температурадан жоғары  температурада қандай қысымда болмасын газды сұйыққа айналдыру мүмкін емес. Кризистік температураның ерекше маңыздылығы осында.

 

Атмосфера  түрлі газдардың және су буының қоспасы болып табылады. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек, онда су буының түсіретін қысымы парциал қысым деп аталады.  Абсолют ылғалдылық - берілген температурадағы су буының парциал қысымы  (су буының ауадағы тығыздығы)

 

 

Паскаль заңы. Сұйық пен газ бөлшектерінің еркін қозғалғыштығы – сұйық пен газға түсірілген қысымның, олардың әрбір нүктесіне таралуы арқылы түсіндіріледі. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. Сұйықтың ыдыстың түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанның биіктігіне және тығыздығына тура пропорционал:  мұндағы ρ – сұйықтың тығыздығы, h – биіктігі.

 

Бізді қоршап тұрған ауа қабығы атмосфера (гректің «атмос» - бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзінен құралған). Жер бетіндегі әрбір дене сияқты ауаға да ауырлық күші әсер етеді, ауаның салмағы бар. 1 м3 ауаның салмағы

 

Атмосфералық қысымды ХVІІ ғасырда Итальян ғалымы Галилейдің шәкірті Торричелли өлшеді. Атмосфералық қысым биіктігі 760 мм-ге жуық сынап бағанының қысымына тең. Сондықтан атмосфералық қысым бірлігі ретінде 1 мм сынап бағаны (1 мм сын. бағ.) алынады. Яғни    формуласынан 1 мм сын. бағ.=133,3 Па. Атмосфералық қысымды барометрмен өлшейді. Қалыпты атмосфералық қысым 101 000 Па≈105 Па, бұл биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0º температурадағы атмосфералық қысым.

 

Гидравликалық пресс. Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымдарды өлшеу үшін – манометрлер (гректің «манос» - сирек, тығыз емес, «метрео» - өлшейтін деген сөзінен шыққан) дейтін аспаптар пайдаланылады. Паскаль заңына сүйеніп гидравликалық машиналар деп аталатын құрылғылар жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеу принципі сұйықтардың қозғалыс және тепе-теңдік заңдарына негізделген. Бұл машиналардың негізгі бөлігі – түтікпен өзара жалғастырылған, диаметрлері әртүрлі екі цилиндр. Поршендар астындағы кеңістік пен түтікке толтыра сұйық құйылады. Паскаль заңы бойынша тыныштықтағы сұйықтың барлық нүктелеріндегі қысым бірдей, яғни  Демек, үлкен поршенның ауданы кіші поршеннің ауданынан неше есе үлкен болса, екінші поршенге әсер ететін қысым күші бірінші поршенге әсер ететін қысым күштен сонша есе артық. 

 

Салыстырмалы ылғалдылық φ [%] – берілген температурадағы ауа құрамындағы су буының парциал қысымының (тығыздықтың) сол температурадағы қаныққан бу қысымына (тығыздығына) қатынасы (процентпен берілген)

 

 

Шық нүктесі    -  су буының қаныққан буға айналу температурасы (шық түседі).

Ылғалдылықты анықтайтын құралдар:

а) Ламбрехт гигрометрі (эфирлі) (шық нүктесін анықтау үшін);

б) Шаш гигрометрі (әрекеті құрғақ шаштың ылғалдылыққа байланысты ұзындығының өзгеруі қасиетіне негізделген);

в) Психрометр (әрекеті ылғалды және құрғақ термометрлердің көрсетулерін салыстыруға негізделген).

     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по физике"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2015 3671
    • DOCX 197.5 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеилбаева Акбота Абдиракыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18661
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 537 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе