Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка урока по грамоте на тему "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

Разработка урока по грамоте на тему "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_576540ca.gifКүні: 20.01.16ж

Сыныбы: 1 «Ә»

Мұғалім: Жаилғанова А.М.

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың суретпен, мәтінмен, жұмбақпен, топпен жұмыс жасау арқылы логикалық ойлауын, оқу дағдысын, таным қабілеттерін жан – жақты дамыту.

3. Оқушыларды табиғатты аялауға, табиғаттағы жан – жануарларға, құстарға қамқор болуға, еңбексүйгіштікке, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілік, мадақтау, иллюстрация және демонстрация, әңгімелесу, талдау – жинақтау, баяндау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекі құралдары: өрмекші, құмырсқа, қарлығаштың суреті, бейнебаян, слайдтар,оқулық.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • А) Оқушылармен амандасу;

  • Б) Оқушыларды түгендеу;

  • В) Оқушылардың көңіл – күйін сабаққа аудару.

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Отырыңдар!

- Сыныпта барлығы түгел ме?!

- Жақсы, ендеше бүгінгі ана тілі сабағымызды мына өлең жолдарынан бастайық:

Психологиялық дайындық
1. Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

Көңіл күй сыйлайық:
1 топ: Бір-бірімізге күннің шуағын,
2 топ: Аспанның ашықтығын

3 топ: Судың тазалығын,

Бәрі бірге: Сыйлаймыз!!!

- Жақсы, отырыңдар!

Кіріспе кезеңі. Қызығушылығын ояту.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі. Қайдан білдіңдер қыс мезгілі екенін?

Бұл жыл мезгілі немен ерекшеленеді?

- Иә, қыс мезгілінде ауа – райы суық, дала салқын, аяз, боранды күндер көп болады. Қыс мезгілінде адамдар жылы киініп жүреді. Дала ақ кілемге оралып, қар жауады.

- Демек, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, себебі біз бүгін осы «Қыс сарайына» саяхат жасаймыз. Яғни, оқушылар сендер саяхат жасау барысында берілген тапсырмаларды тиянақты, дұрыс орындау керексіңдер!

Тақтаға назар аударып қарайықшы, қыс сарайы ашылды.

- Сарайымыздың дәл алдынан кім шыға келді? (Қоян)

Қоянның тапсырмасы: «Тезірек тап» деп аталады екен.

ІІ. Өткенді қайталау.

- Балалар, қоян немен қоректенеді?

- Демек, осы берілген әрбір сәбізде сұрақ жасырылған. (Оқушылар топ бойынша сәбіздерді таңдап, жауап береді):

- Әліпби дегеніміз не?

- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42 әріп)

- Әріп дегеніміз не?(Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Әріптерді көреміз, жазамыз)

- Дыбыс дегеніміз не? (Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз)

- Дыбыстың неше түрі бар? (2 түрі: дауысты және дауыссыз д – тар)

- Дауысты дыбыстар деген не? (Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауытсы дыбыстар дейміз)

- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? (Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады)

- Дауысты дыбыстар нешеу? Дауыссыз дыбыстар нешеу?

- Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не?(  Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан дауысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у)

- Өте жақсы, жарайсыңдар! Қоянға қысқа азық жинауға көмектесіп жібердік! Ендеше, әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

Ақ аюдың тапсырмасы: «Кәне, танысайық, жұмбақтарды шеш».

  1. топ:Ұзын – ұзын ұзардай,
    Ұзыннан аққан сулардай,
    Ағаш атқа мінгесіп,
    Ұзартып қойған мұнардай. (Өрмекші)

  2. топ: Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,
    Күнінде бір отырмас дамыл алып.
    Өзінен ауыр жүкті көтереді,
    Үйінде жатып жейді рахаттанып.(Құмырсқа)

  3. топ: Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.   (Қарлығаш)

- Демек, біз бүгін 3 топқа бөлінеміз:

1 – топ: «Өрмекші» тобы

2 – топ: «Құмырсқа» тобы

3 – топ: «Қарлығаш» тобы.

Әр топқа сөз берейік, өздерің танысытырып өтеді.

«Өрмекші» тобы

Ұраны:

Өрмекші өрмелеп кілем тігеді,

Ал балалар болса білімнің жетістігіне жетеді.

«Құмырсқа» тобы

Ұраны:

Біз құмырсқа, құмырсқа

Білім үшін жүреміз алға

«Қарлығаш» тобы

Біз Қарлығаш қанатымызды қағамыз

Білімнің жемісін аламыз!

ІV. Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау, мақсатын айту.

- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар. Сабағымыздың мақсаты: жіңішке дауысты дыбыстармен танысу, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсінік беру.

Ережемен танысу.

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.

Оқулықпен жұмыс.

Тиіннің тапсырмасы: «Оқиық та, білейік» деп аталады.

- Бұл тапсырманы орындау үшін, оқулықтарымыздың 21 – бетін ашамыз, Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесімен танысамыз. 

Автор туралы мәлімет беру.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашты. Оның көптеген шығармалары бар.

- Сендер қандай шығармалармен таныстыңдар? (оқушылардың жауабы).

Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалімнің оқуы

  • Оқушылардың оқуы

  • Рөлге бөліп оқу

- Әңгімеде не туралы айтылған?

- Әңгіменің кейіпкерлерін ата?

- Өрмекші неге өрмек тоқып жүр?

- Құмырсқа не істеп жүр?

- Қарлығаш неге шөп жиып жүр?

- Мәтіндегі жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді тап.

- Жақсы, жарайсыңдар!

Сергіту сәті.

- Енді балалар, біз осы қоянмен, ақ аюмен және тиінмен бірге біраз жаттығып алайық. Ол үшін мына бейнебаянда берілген қимыл – қозғалыстарды орындаймыз.

- Жақсы, отырыңдар!

Дәптермен жұмыс

- Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, енді алдымыздан қу түлкі шыға келді.

Түлкінің тапсырмасы: «Кім тапқыр»

Қол жаттығуы:

Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

- Ендеше оқушылар дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, берілген сөздерді әдемі, көркем, әрі таза жазып шығамыз. Отыру ережелерін еске алу.

Көркем жазу: Сс Сс Сс

29 – жаттығу. Мақал – мәтелдерді оқы, мәтін мазмұнына сай келетіндерін көшіріп жаз.

Күш – білімде.

Ер қанаты – ат.

Еңбек ер аттандырады.

Досы көпті жау алмайды.

Ақылы көпті дау алмайды.

Қасқырдың тапсырмасы: «Қызықты мәлімет» деп аталады.

Жұппен жұмыс.

Әр топқа алдын –ала берілген тапсырмаларды тексеру.

Әр топ жинаған мәліметтерімен бөліседі.


1 - топ: Өрмекші туралы мәлімет береді.

2 - топ: Құмырсқа туралы мәлімет береді.

3 - топ: Қарлығаш туралы мәлімет береді.

Өрмекшілер — буынаяқтылардың түрлер санынан екінші орын алатын отряды, қазіргі таңда 42 мыңдай түрлері және 1,1 мыңға жуық жойылып кеткен, қазбалардан табылған өрмекшілер белгілі. Балық жерде кең таралған. Өрмекшілер — басқа жәндіктермен көректенетін жыртқыштар. Өрмекшілердің арасында тек қана бір түрі - паук-скакун  өсімдіктер жапырақтарымен көректенеді. Өрмекшілерді Арахнология ғылымы зерттейді.

Құмырсқа - Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады.

Қарлығаш — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.

Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.

Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты.


V. Бекіту кезеңі. Тақтамен жұмыс

- Балалар, енді саяхатымыздың соңғы тапсырмасының иесі кім екен?

- Иә аққала. Сиқырлы аққаланың тапсырмасы: «Тезірек ойлан» деп аталады.

Төменде берілген сөздерді жіңішке дауысты дыбыстармен толықтыр.

Әт...ш, ...рм...кш..., ерт...г..., әд...п, к...ш, ...ңб...к, әңг...м..., ес...к

- Жарайсыңдар оқушылар!

- Балалар, кыс сарайына саяхат жасау барысында кездескен жан – жануарлар сендерге лкен рахметін айтып, сендердің білімдеріне, ақылдарына риза болып бара жатыр.

VI. Қорытындылау. «Рефлексиялық»  кезең


Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Нені білгім келеді?

 

 

 

 

 

«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша  оқушылардың пікірі тыңдалады.

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?

- Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
- Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?
Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.
- Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?
Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.
- Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар? - Оқу.
- Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!

- Балалар, осы оқудың өзі – еңбек деп аталады. Біз оқымасақ, 
еңбектенбесек бізге еш нәрсе дайын күйінде келмейді екен. Ол үшін еңбектенуіміз қажет. Ыбырай Алтынсарин тек қана оқуға, өнерлі болуға шақырмайды, сонымен бірге еңбектенуге, ерінбеуге шақырады екен. Сондықтан, біз өзіміз еңбектенуіміз керек.

Үйге тапсырма.

Балалар енді күнделіктерімізді ашып, үй тапсырмасын жазамыз.

Үй тапсырмасы: 23 – бет 30 – жаттығу.

Бағалау.

  • Сабақ барысында топ бойынша белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  • Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!








Дм. Карбышев атындағы №14 орта мектебі













Тақырыбы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

Жіңішке дауысты дыбыстар.










Мұғалім: Жаилғанова А.М.

Сыныбы: 1 «Ә»












Рудный қаласы

2015-2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров71
Номер материала ДВ-447271
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх