Инфоурок / История / Конспекты / Разработка урока по истории на тему:«Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Разработка урока по истории на тему:«Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады дейді. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. . Қазақстан Республикасы қарулы күштері 7 мамыр 1992жыл құрылды.
Мінеки биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 23 жыл. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! – деп бүгінгі мерекелік кешімізді Отан қорғаушы ер азаматтарға арнамақпыз.
1-Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасына!

2-жүргізуші : Халқымызда «Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы» деген аталы сөз бар. Осындай жандардың ержүрек істеріне сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алдағы келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Нұржаның орындауындағы ән қабыл алыңыздар .

2 жүргізуші:

Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,

Үйрететін жақсылық, адалдыққа,

Балғын жасты баулитын болашаққа,

Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа! – деп,

Бүгінгі мерекелік кештің сөз кезегін мектеп директорына береміз.

1-Жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сіздер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз Айжан ән жолдайды. Қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші: Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «ЕР АЗАМАТТАРДЫ» ерекше ардақтаған.

1-Жүргізуші:

Ал ақын ағамыз Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой әкелердің арқасы...

Немесе ...

Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Әкелердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.

«Әкелер» әні орындайтын 11сынып қыздары!

2-Жүргізуші:

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға ,жігерлеріңіз мұқалмасын асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!

1 оқушы: Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілейміз.

Бүгінгі кешімізде біздің қыздарымыздың әкелерімізге дайындап келген ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін тамашалаңыздар .

Сонымен қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Нүргүл,Дарина,Ақбота,Анаргүл,Фарида Ақерке,Нүриза.

Сымбаттың орындауында би.

1-Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз сіздерді шын жүректен -деп

Құрметті әкелер сіздерді ойынға шақырамыз.

2-Жүргізуші:

Әкелер құрметіне ұлдарыңыз Елсүйермен Өткірдің орындауында «Жаралдың кім үшін» әнін. Қабыл алыңыздар!

1-Жүргізуші:

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,

Жүректегі жалын отын сақтаймыз.

Олар қате істер істеп жатса да,

Бетке шауып онысын да айтпаймыз.

Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,

Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.

Мерекелік би ұлдарымызға арналады. (9 сынып)

1 жүргізуші: Ертеде мынадай оқиға болған екен, сіздерге соны оқып берейін.

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

--Мен , қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.

--Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады. - Жарайды, мен сенің өміріңді қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт. Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

-- Мұны көрген жаудың қолбасшысы: - Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.

Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, татулық адалдық тілейміз. Құрметті азаматтар, Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар! Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар!

Адал достықтың құрметіне Абдуллаев Уткир «Мені туснбей жүрсін.» әні

2 жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада 8 сынып қыздар ән салып ,би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда би-ән «Катюша».
1 жүргізуші: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады.

2 - жүргізуші: Әке, әке, әке! Осы үш әріп мейірімді әрі естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Әкені ардақтап, құрметтеп, жаман жағынан емес, жақсы жағынан көрініп риза етуіміз керек. Ренжітпей бізді қалай аялайды, бізде солай аялап қадірлеуіміз керек. Әке әрқашан бізге ыстық, біз үшін әкенің орны бөлек. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек. Міне төрт жылдан кейін мектеп бітіреміз. Сонда әкеміз «Міне біздің баламыз мектеп бітірді, үлкен азамат болды, ертең үлкен мамандық иесі болады» деп ойлайды. Ал, ертең мектеп бітіргенде сауатсыз, әрі тәртіпсіз болып шықсаң, онда сенің ата - анаңның үмітін ақтамағандығың. Сен тәртіпсіз болсаң «Оған әкесі тәртіп үйретпеген, өзі кішкентай кезінде солай тәртіпсіз болған» деп айтады. Сен сол арманын ақта. Мен әкемді жанымдай жақсы көремін. Әкем үшін жүрегімді жұлуға, өмірімді қиюға бармын, себебі ол мені өсірді. Менің әкелерге тілейтінім:
Қыстай суық денсаулық,
Жаздай ыстық махаббат.
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер дегім келеді.
Әкелердің құрметіне Дәметкен мен Жадыраның орындауында ән..

2 жүргізуші: Құрметті,ер азамат әкелер, жігіттер!

7 Мамыр - Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. 

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. 

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. 

Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын. 

Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей 
сүйікті болыңыздар. 

Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін. 

Мерекелік ән жолдау....Ерболатұлы Елсүйер « Мен сені күтемін»

1 жүргізуші: Француздар «Әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады» дейді екен. Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!

Келе жатқан мереке ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖІГІТТЕР! Еліміздің тірегі де, үміті де, арқа сүйер азаматтары да  өздерің! Қазақ елінің қайсарлы, жігерлі, ер жүрек, батыр ұлдары азаймасын!!!

2 жүргізуші :

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында! Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен,

Жандостың орындауында «Ұмыттың ба» әнін қабыл алыңыздар! Ән «Қазақстан » Жандос .

1 жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызда шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар! 


































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Тақырыбы«Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы» Мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

Тәрбиелік: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қадір-қасиеттерді үлгі ету, ерлікке, батырлыққа, отаншылдыққа өз елін сүюге, жерін қорғауға, адамгершілікке тәриелеу.Сабақтың көрнекілігі:слайдтар

Жерге жетер байлық жоқ,"Жер болса ел болады, ел болса ер болады" дейді. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. . Қазақстан Республикасы қарулы күштері 7 мамыр 1992жыл құрылды.

Мінеки биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 23 жыл.Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! . Отан қорғаушы ер азаматтарға арнамақпыз.


Общая информация

Номер материала: 299684

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"