Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку "Кино өнері"

Разработка урока по казахскому языку "Кино өнері"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ кино өнері



Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Кино дегеніміз не? Қазақ кино өнері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімдерін арттырады.

  2. Дамытушылық: Өз ойларын жүйелей отырып, жаңа тақырыппен байланыстыру, еркін сөйлей білуге үйрету, сауатты жазуға үйрету

  3. Тәрбиелілік: Кино арқылы қазақ мәдениетін тануға, өз мәдениетін жетілдіруге машықтау.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, слайд, интерактивті тақта


Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, ән


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасып, ортаға шақырып, бір-біріне сәттілік тілеу. Екі командаға бөлу: 1. Театр

2. Кино

Ал, балалар, сабағымызды ауызекі тіл дамытумен бастаймыз. Бір-біріңе сұрақ қойыңдар.

- Сенің Отаның қай ел?

- Қазақстан қандай ел?

- Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

- Олар қалай тұрады?

- Еліміздің мәдениетін өркендетуге қандай өнер түрлері үлесін қосады?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар, енді мен үй жұмысын тексеремін. Біз үлкен, ауқымды тақырып "Қазақ драма театры" туралы өткенбіз. Сұрақ-жауап дайындап, жұмыс істеу.

  • Қазақ драма театры қай жылы пайда болды?

  • Қазақ драма театры қай жерде пайда болды?

  • Қазақ драма театрын ашуға үлес қосқан кім?

  • Ең бірінші қойылым қалай аталады?

  • Қазақ драма театрының атақты әртістері кім еді?

  • Суретпен жұмыс



ІІІ. Жаңа сабақ


Тақырыбы: Бүгінгі қазақ кино өнері

Оқушылар, біз сендермен ауқымды тақырып "Өнер" тақырыбын өттік. Өнердің түрлері көп дедік. Олай болса жаңа тақырыбымыз: " Қазақ кино өнері"

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күніміз

Ақпанның он тоғызы

Сынып жұмысы

Қазақ кино өнері

Кино дегеніміз не?

Кино дегеніміз- өмір, бостандық. жазғанға емес, көргенге көбірек сенеді. Өйткені адам бара-бара сөзге сенуден қалып барады. Қазір адамдар аз оқиды, көбінесе кино көреді.

Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі, Қайдауыл ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі ерте қайтыс болып, ағасының тәрбиесінде болған. А.Иманов халық батыры, 1916 жылы ақ патшаның жарлығына қарсы шығып, ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. А. Иманов Торғай жерінде қазақ азаматтарының басын құрап, ақ патшаның әскерімен соғысып, 1917 жылы орыс революциясын өз еркімен қарсы алды. Бай-шонжарлардың сатқындығының арқасында 1919 жылы аяусыз атылып кетті.

Қазақ кино өнері 1938 жылы Алматы қаласында ашылды. Ең бірінші фильм қазақ халқының атақты жазушысы Ғ.Мүсіреповтың сценарийі бойынша "Амангелді" фильмі түсірілді. Фильмнің режиссері -М.Левин.


IV. Қорытынды:

1.Қазақ кино өнері 1938 жылы Алматы қаласында ашылды (синтаксистік талдау).

2. Қаласында (морфологиялық талдау).

3. Амангелді (септеу)

4. Кино (тәуелдеу)


V. Бағасы


VI. Үйге тапсырма

 








Автор
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров388
Номер материала ДВ-070080
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх