Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку на тему "Асханадағы ас мәзірі"

Разработка урока по казахскому языку на тему "Асханадағы ас мәзірі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: Күні: 27.10.16

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың лексико-грамматикалық білімдерін толықтыру, жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс тамақтануға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру,СТО.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,асханаға байланысты кеспе, тест тапсырма материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Деңгейлік тапсырмалар.

б) Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Қайталау – оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы»,- демекші балалар,біз сөз таптарын атап өтейік.

ІІІ. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)

Сабақты өлеңімен бастау.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар. Бұл өлең не туралы?

ІҮ. Жаңа тақырып. (50-бет)

Сөздік жұмысын өткізу. (АЙТЫЛЫМ, ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ әрекеттері) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру. Ас сөзіне синоним сөздерді еске түсіру.

Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, мазмұнын түсіну.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ас мәзірінде не барына назар аудар. Сұрақтарға жауап бер.


2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқта. Қарның ашқанда және шөлдегенде не ішіп, не жейтіндерің туралы әңгімелеңдер.

1. Менің қарным ашқан кезде ... . 2. Мен шөлдеген кезде ... .


Сергіту сәтін өткізу. Жұмбақ шешу.


3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша мағынасына қарай толықтырып жазыңдар.

Лицей асханасында ас мәзірі күнделікті ... (өзгеріп отырады).


Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Оқығанмын, аталған.


Бекіту кезеңі. « Кім жылдам?» ойыны. Ас, тағам тақырыбына байланысты мақал-мәтелдермен жарысу. Мысалы: Ас – адамның арқауы. Ас атасы – нан. Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама. Таспен атқанды аспен ат. Дастарқанда наны жоқтың, тамағының дәмі жоқ.

Сабақты қорытындылау (Рефлексия)

Бағалау.

Үйге тапсырма . 5-тапсырма. (61-бет)



Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров31
Номер материала ДБ-295830
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх