Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку на тему "Бірінші – байлық денсаулық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Разработка урока по казахскому языку на тему "Бірінші – байлық денсаулық"

библиотека
материалов

Сабақтың ұраны : Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,

Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған....

Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,

Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан.

Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың тақырыбы: Бірінші – байлық денсаулық.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі. Оқушылардың өткен тақырып б/а

игерілген білімдерін еске түсіру,жинақтау, пысықтау, жаңа білімді меңгеру.

2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтырын арттыру.

: 3. Тәрбиелігі: ұлы адамдардың спортқа, денсаулыққа байланысты айтқан даналық, нақыл сөздері мен қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушылардың салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, баяндау,дәлелдеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру пәндерімен.

Сабақтың көрнекілігі: ұлы адамдардың сөздері нақыл сөздері, Қазақстан атақты спортшылары спортқа байланысты суреттер журналдар, газет материалдары.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Түгендеу. Тіл дамыту кезеңі. Оқушылармен сұқбат.

  • Бүгін аптаның қай күні, нешесі?

  • Қай жыл мезгілі?

  • Ауа райында қандай?

  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер бар?

  • Қыс жыл мезгілінде қандай спорттық ойындар ойнайсыңдар?

  • Бұл ойындар адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

  • Денін сау болу үшін не істеуін керек?

  • Дені саудың-жаны сау, деп неге айтқан?



Жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту:


Бүгін, балалар біз «Бірінші байлық – денсаулық « атты тақырыбымызды бекітеміз.

Кәне, балалар қалай ойлайсыңдар , денсаулық не үшін бізге керек?

Денсаулық бізге өмір сүру үшін керек?

Ал, жақсы өмір сүру үшін не істеуіміз керек?

Спортпен шұғылдануымыз керек?

Өз денсаулығынды қалай күтесін ?

Спорттың қандай түрлерімен шұғылданасың?

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Аурудың алдын алу үшін , нені ішіп, қалай ем қабылдауымыз керек деп ойлайсыңдар? Жарайсыңдар, балалар,онда қазір жаңа сөздермен танысамыз. Емдікке қарсы жаңа сөздер:


І-кезең. Сөздік қорын молайту. (1-слайд.)

Итмұрын-шиповник, қарлыған- крыжовник, бақ-бақ- одуванчик, долана- боярышник, қалақай-крапива, тұнба-настойка, жүйке- нерв, шабандық-луг, қан қысымы- давление, демікпе- астма, емдік қасиет- целебное свойства, ылғалды- влажный.

Осы жаңа сөздерменсөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.

Оқушылар, сіздерге алдын-ала емдік қасиетті шөптер туралы ақпараттық-зерттеу тапсырмасы берілді.

Ауыруға қарсы қандай қасиетті шөптерді пайдалануға болатыны жөнінде баяндау .


Шүйіншөп –қандай шөп, пайдасы?

Жалбыз-шалфей пайдасы?

Итошаған-череда? Оның пайдасы?


ІІ- кезең. Мәтінмен жұмыс.`(Қосымша ақпарат іздеу жұмысы).( 2-слайд).


Шүйіншөп – Қазақстанның көп аймағында өседі. Шүйіншөп –биіктігі бір жарым метрге жететін көп жылдық өсімдік. Дәрілік шүйіншөптің тұнбасы мен қайнатындысы жүрек, жүйке аурулары үшін, ұйқы қашқанда, кейде қан қысымы көтерілгенде және бауыр мен асқазан ауруларында пайдаланылады.


Жалбыз – биіктігі 20-60 см-дей, тік өсетін, көпжылдық өсімдік. Ол өзен мен көл жағалауларында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыздың түрлері көп.Емдік қасиеті ертеден- ақ мәлім, оны халық жүз бір ауруға ем дейді. Әсіресе жүрек, бұйрек, бауыр, өт қабы ауруларына , демікпе, тыныс алу жолдарына және салқын тигенде қолданылады.


Итошаған. – биіктігі 60 см шамасындағы бір жылдық шөп. Ол өзен жағалауларында, ылғалды, сазды жерлерде өседі. Оның құрамында каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы бар. ИТошаған-дизентерия, экзема, диатез, буын, ауруларына, сондай ақ қан азайғанда ем.



ІІІ- кезең. Сұқбаттасу «Емханада» (3-слайд).


Берілген тірек сөздер мен диалог құрастыру.

Тірек сөздер: дене қызуы, тамақты шаю, ыстығын өлшеу, рецепт, медициналық карта, қан қысымы, екпе егу, жөтел, тамақтан ұшынып қалу, суық тию, жүрегі қағу, ағза, дәрумен, шырын, тұнба, ұнтақ, көңіл –күйі, тұмау ауруы, жүйке ауруы.


Ой толғау:


ІҮ- кезең. Кластер . (4-слайд).


  1. «Дені сау болу» үшін не істеу керек?(дәлелдеу).


  1. «Дені сау адам» қандай болады?(дәлелдеу).


Ү-кезең. Денсаулық –зор байлық . Мақал- мәтелдер.(5-слайд)


Дені сау- ............ (жаны сау).

Еңбек бәрі де ........... ( женбек)

Сау адам-............... (сұлу адам)

Ауырып ем іздегенше, ...........................(ауырмай жол ізде)

Уақыт - ............(емші)

Лас қолдың кеселі- ....(ауру)

Қимыл - ....................(денсаулық серігі).

Тәні саудың- .................................(жаны сау)

Тазалық – саулық негізі- .........................(саулық – байлық негізі).









ҮІ- кезең.«Брейін – Ринг» ойыны.(8-слайд).

Мұғалімнің сөзі:

Сұрақтар қойылады.( Оқушылар жауап береді).


«Брейн-ринг» ойынының сұрақтары.

  1. Қазақтың қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер?

(Бәйге, көкпар, аударыспақ, тенге алу, қыз қуу)

  1. Әлемге танылған қазақтың спортшыларын кім айтады?

(Серік Қонақпаев, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов, Ермұхан Ибрайымов)


  1. Спорт нешеге бөлінеді? (2бөлінеді: әуесқой, кәсіпқой).


  1. Спорт жеңіл атлетика түріне алғаш рет қай жерде пайда болды?

(Грекияда).

  1. Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар қай жылы өткізілген?

(Біздің заманымызға дейін 776 жылы).

  1. Жарыстарға кімдер ғана қатыстырылған?

(грек жас жігіттері).

  1. Ойлауға үйрететін спорттың түрін атаңдар.

(Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ).



Сабақтың бекітуі: «Спорт» туралы кластер жасап, әңгімелейді.

(9-слайд).

Қорытындылау :

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай:

  • Өзіңді қоршаған табиғатты сүй, айналаңа түкірме, ластама. Барлық жерде амандасып жүр, әсіресе қарттармен.

  • Табиғи суға шомыл. Суық сумен құйын.

  • Ауызыңмен дем алып, іштей өзіңе және барлық адамдарға денсаулық ем.


Үйге тапсырма беру:» Бірінші байлық – денсаулық « тақырыбына шығарма

Жазу, .Бағалау:

















Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай:


  • Өзіңді қоршаған табиғатты сүй, айналаңа түкірме, ластама. Барлық жерде амандасып жүр, әсіресе қарттармен.

  • Табиғи суға шомыл. Суық сумен құйын.

  • Ауызыңмен дем алып, іштей өзіңе және барлық адамдарға денсаулық ем.


















































































.


Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров88
Номер материала ДБ-006142
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх