Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку на тему "Чудеса волшебной ручки" (подготовительная группа)

Разработка урока по казахскому языку на тему "Чудеса волшебной ручки" (подготовительная группа)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



«Текелі қаласы әкімінің № 6 балабақшасы» МКҚК












hello_html_m13ecac7b.gif












Қазақ тілі пәнінің

мұғалімі Ж.А.Ботантаева





Текелі қаласы



Сабақтың мақсаты:

  • балалардың қазақ тілінен алған білімдерін тиянақтау;

  • қызықты ойын – тапсырмалар арқылы тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру;

  • тіл мәдениетін жетілдіру;

  • үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың әдісі: ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану, әңгімелесу, «Бұл қай жануар?» ойыны, тақырыпқа сай өлең жолдарын айту, сұрақ – жауап жүргізу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті әдістеме, гүлдер, үй жануарлары

Меңгерілетін сөздер: үй жануарлары, гүлдер, ұлттық киімдер, отбасы мүшелері т.б.

Сабақтың барысы:

Жылулық шеңбері:

Қонақтармен сәлемдесу.

Арайлап таң атты!

Күн шықты шуақты!

-Cәлеметпе, балалар!

-Сәлеметсіз бе?!

Кіріспе әңгіме:

  • Бhello_html_m3c9652f3.jpgалалар, бүгін біздің сабағымыз өте ерекше және қызықты болмақ. Сиқырлы қалам бізді «Текелі» студиясына шақырады. Студияның арқасында жайлауға барамыз.

  • Балалар, жайлау қандай?

  • Шүйгін шөп, таза ауа,

Салқын су, мөлдір бұлақ.

Біздің жайлау, біздің жайлау

Осындай!

  • Жайлауда не бар?

  • Киіз үй.

  • Киіз үйде не бар екенін кім біледі? (балалар жауабы)

  • Сиқырлы қалам сендерге киіз үйдегі заттарды көрсетеді. Мынау түскиіз. Мынау сандық... (балалар киіз үйдегі заттарды көреді) Сандықтың ішінде не бар екенін білу үшін сиқырлы қалам өз көмегін ұсынады (прожектор құралы арқылы)

  • Ұлттық киімдерді атайық.

  • Бұл киімдерді отбасы мүшелері киеді. Отбасы мүшелерін атайық. «Отбасы» өлеңін кім оқып береді?

(балалар «Отбасы» өлеңін оқиды)


  • Отбасы мүшелері жайлауда үй жануарларына қамқорлық жасайды, оларды күтіп, бағады. Балалар жайлауда жылдың қай мезгілі?

  • Кhello_html_m47754955.jpgөктем мезгілі. «Текелі» студиясы бізге суретті аяқтауды ұсынады. Біз көктем туралы сөйлем құрастырып, тиісті элементтерді орналастырайық.

«Көктем» тақырыбына сұрақ-жауап жүргізу:

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Күн қандай?

  • Ағашта нелер бар? Т.б. сұрақтар.

Көктемде түрлі-түсті гүлдер гүлдейді. Қандай гүлдерді білесіңдер?

«Ғажайып гүлзар» ойыны (балалар көңілді әуенге гүлдерді топтастырып, гүлзарға орналастырады)

hello_html_m703718d6.jpg

Қандай жануарларды бағатынын білу үшін, сиқырлы қалам жайлаудағы үй жануарларының дауысын тыңдауды ұсынады?

«Бұл қандай жануар?» ойыны.

Сиқырлы қаламның келесі ойыны «Төлін тап» (перде құралы арқылы

балалар үй жануарларын төлдерімен бірге атайды).

Төлдер өздері жайлы бізге айтады.

Лақ:

Бhello_html_m5f513372.jpgаға білсең мың боламын,

Киіз боламын, жүн боламын.

Қуанышы айналаның,

Мен кәдімгі лақ боламын.

Бұзау:

Саусаң селдей, сүті көлдей

Балдан тәтті қаймағы бар,

Жақсылыққа үйірмін

Бұзауымын сиырдың.

Бота:

Мен ботақан, ботамын,

Шөл далада Отаным.

Төлдер бізге ойын ұсынады.

«Көңілді төлдер» (көңілді әуенге билейді, қай жануар аталса, сол жануарға «айналады»)

Қорытындылау.

Сиқырлы қалам бізге қандай қызықтар көрсетті? Киіз үйден біз нені көрдік? Киіз үйде кімдер тұрады? (балалар отбасы мүшелерін, заттарды атайды).

Сиқырлы қаламға алғысымызды білдіріп, қонақтармен, «Текелі» студиясымен қоштасайық.

Қоштасу шеңбері:

Жайлау деген тамаша!

Көз тоймайды қараса!

Сиқырлы қаламға мың алғыс,

«Сау болыңыз, баршаңыз!» hello_html_m4d466bb7.png

Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-239708
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх