Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка урока по казахскому языку на тему "Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін жетілдіру."

Разработка урока по казахскому языку на тему "Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін жетілдіру."

Скачать материал

Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін жетілдіру.

 

      Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

       Оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді.

       Ойынға қойылатын талаптар:

1)                Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылуы керек.

2)                Ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы шарт.

3)                Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

4)                Ойынның жүру барасында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

              Оқытудың ең түпкі мақсаты оның сапалы болуында.

Сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру, оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды.

Сабақта ойын элементін пайдалану – сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойынның атқаратын қызметі:

-                     Көніл аулау (негізгі атқаратын міндеті – көңіл көтеру, жандандыру, қызығушылығын арттыру).

-                      Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.

-                      Диагностикалық: қалыпты тәртіптен ауытқуды табу, ойында өзін-өзі тануға көмектесу.

-                      Әлеуметтік: оқушыларды қарым-қатынас нормаларына бейімдеу.

Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынандай негізгі бағыттар ұсынылады:

1. Дидактикалық мақсат – тапсырма оқушылар алдына ойын түрінде беріледі.

2. Оқу барысы ойын шартына бағынады.

3. Оқу материалы оның негізгі қажеттілігіне: сабақтағы іскерлік, ойындағы жарыс элементіне кіріп, дидактикалық жүктемені айналдырады.

Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын нәтижесіне байланысты.

Ойын арқалы оқушының:

Қисынды ой-қабілеті дамиды;

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;

Зейіні қалыптасады;

Байқампаздығы артады;

Өзара сыйластыққа үйретеді;

Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртәптілікке баулиды;

Бір-біріне деген сенімі артады;

Сабаққа қызығушылығы артады.

Мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. "Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сэжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болыда. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді".

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолдану. Олар: «Кім тез?», «Қай әріп жоғалды?», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны», т.б. ойындар.

Оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беру керек. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнай отырып, сол туындаған мәселені шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

 

Қазіргі таңда құзыретті ойлау – табысты білім алудың бір шарты. Құзыретті ойлау грамматикалық тапсырмалар негізінде жатыр. Тұрақты түрде құзыретті тапсырмаларды орындап отырған балалардың пайымдауы дәл, анық және оларға қорытынды шығару оңайға түседі. Ал бұл бала оқытуын жеңілдетеді. Осы тапсырмалар сабақты қызықты етіп, баланың пәнге деген уәждемесін арттырады. Сондықтан әр сабағымда құзыретті ойлауды дамытатын 1-2 тапсырма қосып отырамын. Баланың деңгейіне байланысты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жіктеліп беріледі.

Сабағымда қолданып жүрген тапсырмалардың бірі - әріптік матрицалар. Мысалы: Әріптік матрица арқылы сөзді тап, фонетикалық талдау жаса.

1 2 3 3 2 2

4 5 5 4 4 6

 

 

1

2

3

4

Д

А

Т

5

Е

О

С

6

Б

Р

П

 

(Жауабы: достар)

Матрицалардың сан алуан түрлері бар. Берілген әріптік матрицадан мына сөздерді тап: дос, жақсы.

Оларды сандармен жаз.

 

 

1

2

3

4

5

6

Д

Т

Ж

Ы

Б

7

А

О

Қ

І

У

8

Р

С

П

Ф

Ь

9

Г

Н

М

Х

Л

10

Е

И

З

И

Б

 

1 2 2

,

3 1 3 2 4

6 7 8

6 7 7 8 6

 (Жауабы:

 

Қазақ тілі сабақтарында құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі ерекше орын алады. Құзыреттілікті қалыптастыру тапсырмаларын қолдану пән бойынша сапалы білім алу және білімді практика жүзінде қолдану мәселелерін шешеді. Осындай тапсырмалар оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қималға жетелейді.

 

 

                                             Ғажайып қоржын.

Ғажайып қоржынның бір жақ басына әр түрлі маталардан тігілген кішкентай қалташаларға кез – келген тақырыптарды қайталауға арналған сұрақ – тапсырмалар, ребустар, сөзжұмбақтар жазылған карточкалар салынады. Екінші жақ басына сыйлық үшін берілетін 5,4,3 бағалар немесе зергелік бұйымдардың, ұлттық киімдердің суреттері болады. Оқушылар «Ғажайып қоржыннан» өздеріне ұнаған кішкентай қалташаларды алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Дұрыс жауап берген оқушы сыйлық алады.

                 

                                       Дұрыс айыра біл.

Жеті септіктің аты жазылған карточкалар дайындалады.(Алдын ала магнитафонға мәтінді жазып, оқыған кезде септігі бар сөзге келгенде аздап кідіріс жасап оқу.) Оқушылар магнитафоннан мәтінді тыңдап, қай септік екенін тауып, карточка көрсетеді.

 

                                                

 

«Бәйге»

Қағазға жапсырылған үш тұлпардың бейнесін 3 оқушы алып, суреттің артына жазылған сұрақтарға жауап береді. Кімнің жауабы толық , тиянақты болса , бас бәйге сол оқушынікі болып есептеледі.

 

                                                «Түймедағы»

Септік жалғауды қайталап жаттықтыру мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедағы» деп жазылады да, оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады , оның гүл тостағаншалары тәрізді  қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған карточкалар жасалады.Ойнау жолы:Атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тілігіне іледі.Осы тәртіппен ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септігіндегі сөздер жазылған тостағаншалары ілініп болады. Сонда таблицада гүл шоғы пайда болады. Ойын барысында реттік септіктегі сөзді тауып, орналастыра алмаған бала ұтылып , ойыннан шығарылады, орнын басқа бала алмастырады.

 

                                      «Қайда менің өз жағым?»

Бұл ойын тәуелдік жалғауларын меңгертуде жүргізіледі. Қолдарына 1,2,3 жақ деп жазылған карточкалары бар оқушылар тақта алдына шығады. Сызғыш, әке тағы басқа сөздер үш жақта жекеше, көпше тәуелденген карточкалар оқушыларға таратылады, тақта алдында тұрғандар«Қайда менің өз жағым?»

деп шақырады.Қолдарына карточка алған оқушылар өз тәуелдік жақтары болып тұрған баланың қатарына келіп, қолындағы карточкаларын көрсетеді. Тексеруші шығып, қай жақта қате тұрған оқушы көп болса, сол жақтың ұтылғанын хабарлайды.

 

                                                 «Аң аулау»

Аңдар суреті ілінеді, соған сәйкес сұрақтарға жауап береді.

 

                                                 «Кім көп біледі?»

Бұл ойынды «Асханада», «Отбасы», «Азық- түліктер», «Жыл мезгілдері» тағы басқа тақырыптарға байланысты өткізуге болады.

Мысалы: «Отбасы тақырыбына байланысты сөз айтқан оқушыларға 1 фишкадан беріледі.Көп сөз айтып, көп фишка алған оқушы жеңімпаз болады.

                                                                                                                                       

                                                «Еске сақта»

 Оқушылар үнтаспаға жазылған 10-15 сөзді тыңдайды, одан кейін естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазып шығады Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз болады.

 

                                                

                                              «Қателеспе»

Ойын бастаушы сөз айтып бір оқушыға допты лақтырады, ал оқушы сөздің аудармасын айтады.

Мысалы: бастаушы «достық» дейді, оқушы «дружба» деп допты кері бастаушыға лақтырады. Бастаушыға «достасу» деп те айтуға болады, онда оқушы «подружиться» деу керек те, бастаушыға допты береді. Егер сөздің аудармасын айта алмаса, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, тақпақ, өлең айтуға немесе билеуге болады. Әр оқушы өз өнерін көрсете алады.

 

                                                 «Дұрыс айт»

Үш бастаушы сайланады, олар мұғаліммен бірге жюри мүшелері. Әр оқушы тән дыбыстары бар сөздерді оқиды. Мысалы: гүл, қалам, сызғыш, кітап, қарындаш, өшіргіш, дәптер тағы басқа. Сөздерді дұрыс айтқан оқушы жеңімпаз болады.

 

 

                                                 «Тапқыш»

«Тапқыш» ойыны оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Доп, секундомер қажет. Ойын топ бойынша өткізіледі. Бастаушы кез келген топтың оқушысына допты лақтырады. Ол сөзді аяқтап, келесі оқушыға береді, үшінші оқушы кез келген сөзді бастап, төртінші оқушыға береді. Қай топ бұрын бітсе сол топ жеңеді. Ойындар оқушылардың творчестволық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтады.

 

 

Шеңбер алынады. Сол шеңбер теңдей 16 бөлікке бөлінеді. Бөліктерге екі көзден жіберіп, «Отан, бейбітшілік» деген сөздер жазылады.Шеңбердегі сөзді кім бұрын тауып шешіп,екі сөйлем құрса, сол жеңеді.

 

                                            «Дыбыстық ойын»

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.1 топ «ә», 2 топ «қ», 3 топ «м». Әрпінен басталатын 10 сөзден бөгелмей айтып шығулары керек.

«Буынды оқып, сөйлем құра»

Кеспе карточкаға бір заттың алғашқы буынын жазып, жалғасын табуды оқушыларға тапсыруға болады.Тапсырманы тез орындаған бала мадақталады.

«Қай буынды жоғалттым?», «Ойлан» ойындары.

Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге төселдіру үшін алғашқы ойын тәсілін пайдалануға болады.Күрек, торғай сөздеріндегі кү...., .....ғай жазылмаған буындарды дұрыс, тез, көп тапқан оқушылар ұтады.

 

                                   «Тізбектен шығып қалма»

Бастаушы берілген сөздің соңғы буынынан басталатын сөздер тауып, тізбектеп айтып шығуды тапсырады. Балалар отырған қатарымен бірінен соң бірі жалғастырып айта береді. Ол үшін алынған бірінші сөздің соңғы буынынан басқа бір сөз басталатындай етіп, ойлап алынған жөн және ол сөздер көп буынды болып келгені қолайлы. Ойынға қатысушылар өз кезегінде лайықты сөз тауып айта алмаса тізбектен шығып қалатыны ескеріледі. Мұны жазбаша орындауға да болды. Мысалы: кітап – тапсырма- маса – сабақ-  бақша- шана тағы басқа.

 

 

 

                                           «Сөзқуаласпақ»

Бір жұмбақты айтқызып, мысалы:

«Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді»

(Қарбыз)

 

Қарбыз, зор, рақмет, тарақ, қағаз тағы басқа.

Жұмбақтың шешуіне сәйкес сөзтізбегін құрату

 

«Сөзтізбек»

         ҚАРҒА

              А

              Х

              МЕКТЕП

              Е      Е

              Т      Р

                     ЕТІК

                     К

Бірінші берілген сөздің кез келген әрпіне басқа сөз, сол сөзден тағы басқа сөз тудырып сөз тізбегін құрады, тез айта не жаза алмаған топқа ұпай жазылмайды.

 

                                         «Екінші сыңары не?»

Бұл ойын сөз құрамын өткенде жүргізіледі. Қос сөз, біріккен сөздердің 1-не, 2-сыңарын беріп қалған сыңарларын оқушыларға тапқызып дұрыс жазу шарты қойылады.

 

                                        «Қай әріпті жоғалттым ?»

Бұл  ойынды  дыбыс  пен  әріптерді  өткен  кезде  пайдалануға  болады. Әтеш, етік, қарға, қант суреттерінің астындағы сөздердегі тағы басқа көп сөздердегі нүктенің орнына тиісті әріпті тез тауып айтқан немесе жазған оқушы ұтады.

 

                                              «Менің  әрпім» 

Ойынның  мақсаты: оқушылардың  дыбыс  пен  әріп  туралы  түсінігін  кеңейту, сөздік  қорларын  байыту. Ережесі, оқушыға  таңдап  алған  дыбысына  байланысты  сұрақ  қойып, сол  әріптен  басталатын  сөздерді  айтқызу.  Жүру  тәртібі: Дұрыс жауап бергенде оқушылар қол соғады. Қателессе ойыннан шығады.

         Мысалы, Адам деген бала өзіне “A” әріпін таңдап алады.

- Атың кім?

- Адам.

- Фамилияң кім?

- Аусаров.

- Қайдан келдің?

- Алматыдан.

- Немен келдің?

- Автобуспен.

- Онда не өседі?

- Алма, алмұрт.

- Сені кім қарсы алды?

- Айжан.

- Хайуанаттар паркінен қаңдай аң көрдің?

- Аю, арыстан.

         Осы ізбен тағы басқа сұрақтар қойылған болады. Егер бала қателессе, оған тақпақ жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтқызуға болады.

        

                                  «Адасқан әріптер»

         Ойынның шарты. Төмендегі мысалда қарамен жазылған сөздердегі әріптердің орны қалай ауысқан?

Балалар меқтепке барады.

Күзде сабақ басталады.

Жанбыр коп жауады.

Төмендегі әріптерден сөз құраңдар.

1. р, ә, п, е, т, д        (дәптер).

2. қ, ы, м, ы, с           (мысық)

 

Жарты  шеңберге  малдың  не  оқу  құралдары, киімің, аңның, құстың,  заттың аттары орналасуы  керек.  Жарты  шеңберге  сол  атаулардың  басты  және  соңғы   әріптері  беріледі. Қалған  әріптердің  орнына  нүктелер  қойылады, сол  әріптерді  оқушылар  табу  керек.

 

                                               «Алфавит»

Бұл ойынның негізгі мақсаты алфавит құрамындағы әріптердің орын тәртібін есте сақтау, дыбыс пен әріп арасындағы айырмашылықты аңғарту.

Әріптердің астын цифрлармен көрсет.

Жазира

10.1.11.12.23.1

Өз атыңды жаз.

Алфавиттегі 1 әріп пен ең соңғы әріптің алдындағы әріпті қосып жазсаң, қандай сөз шығады?

Аю.

Мына цифрлардың орнына сәйкес әріптерін қойып жаз

15  1  18  1  25

Қ   а   н   а    т

 

                                      «Суретті билет ойыны»

Сан есімді өткенде оқушыларға суреті бар карточкалар беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: «Оқушыларға, гүл, торғай, қоян суреттері беріліп солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады.Сөйлемді тез, дұрыс құрап ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы:

Әдемі гүл өсіп тұр. Біз торғайға ұя жасадық.

 

                                            «Үндемес»

Сөйлем, сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенде, қайталағанда жүргізуге болады. 5.Оқушыларға орны ауысқан сөздері бар сөйлемдер жазылған карточкалар беріп,оларды дұрыстап жазу тапсырылады, не кадаскоптан көрсетіледі. Мамам, әкелді, қызыл, алма. ұшады, жылы, Құстар, жаққа. Оқушылар сөйлем дұрыс құрып болған соң үндемей қол көтереді, тақтаға жазып береді. Дұрыс жазса оқушылар алақандарын соғып қуаттайды. Егер дұрыс жазылмаса,басқа бір бала дұрысын жазып береді.

 

                                                «Гүлдер»

Септік жалғауды қайталап жаттықтыру мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына гүлдер деп жазылады да,оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның астына гүл бұтағы мен оның жапырақтары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған карточкалар жасалады.

Ойнау жолы: Атау септігінде тұрған «Гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тілігіне іледі. Осы тәртіппен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздер жазылған тостағаншалары ілініп болады. Сонда таблицада гүл шоғы пайда болады. Ойын барысында ретті септіктегі сөзді тауып орналастыра алмаған бала ұтылып, ойыннан шығарылады, орнын басқа бала алмастырады.            

 

                                              «Арқан тарту»

Шағын арқанды тақтаға іліп қою. Балалар арқанның екі шетінде тұрып, біліммен сайысады. Қай топтың жауабы нақты болса, арқан солардың қолдарында деп есептеледі, еңбектеріне қарай бағаларын алады.

 

                                       «Білім мен дәстүр сыны»

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлерін біліп, өздігінен іздену үстінде  болады. Ойынның шарты:

1 сұрағы сабақ мазмұнына байланысты

2 сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен байланысты тұстарын алу.

Қазіргі уақытта қазақ тілін үйретуде оқытудың иновациялық әдісін қолданып оқытып жүр. Бұл әдіс сабақта түрлі жағдаяттар тудыра оқытады. Ауызекі сөйлеуде сұрақтар тудыру, тіл үйренушілерді әрі қызықтырады, әрі оларды тез жауап беруге үйретеді. Сабақта түрлі жағдаяттар тудырып, сол түрлі жағдайларға қарама қарсы  пікір айту үшін сөйлеу интенциясын сабақта беріп отыру керек.

Сабақтың тақырыбы : «Қонақта».

       Мәтінде өз уақытында қонаққа бару, әдеп сақтау турасында айтылған. Бұл сабаққа берілген жағдаят.

1.                 Арнайы қонақ

2.                 Күтпеген қонақ.

Бірінші арнайы қонақты күтуге белгілі дайындық бар, сөйлеу дағдылары қалыптасқан. Екінші күтпеген қонақ үшін мынадай интекция кешіріңіз, оқасы жоқ, сөз емес тағы басқа қолданылады.

7. Рөлдік ойын ретінде қонақ және үй иесі болып сөйлесе енді біреулері монолог ретінде үй иесінің, келген қонақтың ойын жеткізеді. Берілген интенцияларды қолдану арқылы жағдаяттан шығудың жолдарын іздейді, ойланады, өз ойын жеткізу үшін сөйлейді. Бұдан шығатын қорытынды амалсыздан сөйлеу, күтпеген жағдайдан туындаған әрекеттер.

 

                                                   « Қонақ»

Қонаққа келген адамның өзін таныстыруы.

Үй иелерін, яғни шаңырақ мүшелерін қонақпен таныстыру.

Бұл ойынға 4-5 кісі араласуына болады.

Әр сабаққа жағдаят тудыру, ойын ойнау, тіл үйренушінің сабаққа қызығушылығын арттырады, сөздік қорының баюына көп әсер етеді.

 

Сабақ берудін жаңа технологияларын меңгере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыруға тырысамыз. Жаңа әдістәсілдерің ерекшелігі сол-жеке тұлғаны қалып тастыруда, өз бетімен жұмыс істей алуда, шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады.

         Әдіс- тәсілдерің түрлерін әр ұстаз өз сабақтарында жүйелі түрде ретімен пайдалана алады. Түрлі дидактикалық , грамматикалық ойын жаттығуларының түрлері мен әдістері сабақтың белсенділігін күшейтуге зор пайдасы бар. Тіл сабақтары саяси – идеялық , эстетиқалық , адамгершілік, еңбек және патриоттық тәрбие беруде өте ықпал ететін пән болғандықтан, тіл маманынан терең білімді, ізденушілікті, қажырлықты талап етеді. Бұл орайда оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алуы, ортаға мән бере алуы, жанжақты қабілетті болғаны жөн.

         Грамматикалық ойындар еркін шығармашылық іс- әрекет ремінде оқушы ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын могайтып өз бекимен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады және оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін домытып, ұжымшылдыққа тәрбиелейді және тапқыллық пен алғарлыққа, жылдамдыққа баулиды. Онық үстінде оқұшы іскерлік пен түрлі дағдыны меңгеріп, бекітуге, қоры мында жасауға үйренеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по казахскому языку на тему "Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін жетілдіру.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 587
    • DOCX 89.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзумова Гульнара Калиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магзумова Гульнара Калиевна
    Магзумова Гульнара Калиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38839
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек