Инфоурок Начальные классы КонспектыРазработка урока по казахскому языку на тему "Түбір мен қосымшаның жазылуы" (3 класс)

Разработка урока по казахскому языку на тему "Түбір мен қосымшаның жазылуы" (3 класс)

Скачать материал

Сыныбы: 3 «Ә»

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалім: Жаилғанова А.М.

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты:

 1.  Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретінін түсіндіру, қосымшалардың жазылу емлесін меңгерту.

 2. Оқушылардың жаттығулармен, берілген мақал – мәтелмен және өлең жолдарымен жұмыс жасау арқылы сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды туған жерді, елін, қоршаған ортаны қорғауға және қамқор болуға, әрқашан құрмет тұтуға тәрбиелеу.  

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәстүрсіз, саяхат сабағы.

      Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, иллюстрация және демонстрация, көрнекілік, ойға шабуыл, сұрақ – жауап, баяндау, қайталау, мадақтау, ойын.

     Көрнекі құралдар: бейнебаян,оқулық, тірек – сызбалар.

Кезеңдері:

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

Психологиялық дайындық

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кәне, жауабын тап»

 

 Кестемен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Көркем жазу

 

 

 

 

 

 

 

Ережемен танысу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

Жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Бекіту

 

«Тезірек тап»

 

 

 

 

V. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Бағалау

 

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

 Отырыңдар! Сабағымызды мына өлең жолдарынан бастайық:

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.

Өз тілімде керемет ақыл –ойым.

Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,

Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Жарайсыңдар балалар, отырыңдар.

1. Ауызша тексеру

- Үй тапсырмасына берілген:

 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Жуан буынды сөздерді  теріп жазып, түбірі мен қосцымшасын белгіле. (Оқушылардан өлеңде жуан буынды сөздерді сұрап, түбірі мен қосымшасын айырады)

2. Ішінара мазмұндау

- Берілген өлең жолдары не туралы айтылған?

- Түбір дегеніміз не не? Сөзге қосымша қалай жалғанады? Қандай айырмашылығы бар?

3. Қорытынды

Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі өзгермейді.  Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. 

1.      Кіріспе әңгіме

ü  Сұрақ – жауап арқылы

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді, себебі біз бүгін Қазақстанда орналасқан облыстарға саяхатқа шығамыз, саяхатқа шықпас бұрын, есімізге түсірейік Қазақстанда қандай облыстар бар?

- Жақсы, енді саяхаттымызды бастайық. Кәне, тақтаға қарайықшы мынау қандай облыс, қандай қала? Дұрыс айтасыңдар, Қостанай облысы, яғни біздің Рудный қаласы осы облысқа жатқызылады.

- Кәне, бұл қала туралы кім қандай мәлімет біледі?

- Жақсы, енді бұл облыстың тапсырмасы «Кәне, жауабын тап» деп аталады. Яғни, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін менің сұрақтарыма және кестеге назар аударамыз. жауап береміз.

- Түбір дегеніміз не? Түбірге қосымша қалай жалғанады? Мысал келтір.

- Жақсы, енді мына кестеде не беріліп тұр:

лақ

- лағы

доп

- добы

теп

- тебу

(Кесте бойынша талдау жасалады)

- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түбір мен қосымшаның жазылуы». Сабағымыздың мақсаты: түбірге қосымша жалғану барысында, қосымша жазылуын меңгеру. Ендеше, дәптерлерімізді ашып, тақырыпты және берілген сөздерді көркем, таза жазып шығамыз:

(шыны, қала, Бәйтерек )

- Дәптерлерімізді қиғашынан қоямыз, түзу отырып, бойымыз тік, басымызды көтеріп жазамыз.

- Жақсы, енді бүгінгі сабағымызбен толығырақ танысу үшін, саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз, мына суретке қараймыз, қандай облыс? Дұрыс айтасыңдар, Павлодар облысы. Бұл облыс туралы не білесіңдер? Қай жерде орналасқан?(Солтүстік Қазақстан)

- Жақсы,оның тапсырмасы: «Есте сақтайық» деп аталады.

Свиток: горизонтальный: Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты  дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, б (немесе у) дыбыстарына өзгереді. Мысалы: күрек – күрегі, сабақ – сабағы, тап – табады, сеп – сеуіп – себеді.Ережені түсіндіріп өтемін:

 

 

 

 

 

 

 

 

- Енді, саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, мынау қандай облыс?

Иә, Қазақстанның орталығында орналасқан Қарағанды облысы екен.

Оның тапсырмасы: 1 – жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Қандай өзгеріс болды?

Жарық – жарығы                     Көлік – көлігі

Тарақ – тарағы                        Байлық – байлығы

(Оқушылармен бірге талдап, ережені қорытындылап өтеміз)

- Жақсы, бұл тапсырманы да бұлжытпай орындадық, келесі суретке назар аударамыз, бұл қандай облыс?

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан: Алматы облысы. Алматы облысы туралы не білесіңдер? Барып көргендерін бар ма?

Ендеше, 2 – жаттығуды орындаймыз. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды айт. Кәне, мәтінді оқимыз. (Мәтінге талдау жасалады)

- Мәтінде не туралы айтылған? Қандай журналдан алынған мәтін?

Қандай қарамен жазылған сөздер бар? Сұрағына, ұзындығы, жағына, аумағы, көкірегіңді. Бұл сөздер арасында қандай өзгеріс бар?

-Жақсы, ендеше осы сөздерді дәптерлерімізге жазып, түбір мен қосымшасын ажыратамыз.

- Енді, біраз шаршаған боларсыңдар, саяхатымызды одан әрі жалғасытыру үшін барлығымыз бірге тынығып алайық, яғни мына бейнебаянда берілген қимыл – қозғалыстарды орындаймыз. (Электронды сергіту сәті)

- Жақсы, енді саяхатымыз жалғасуда, келесі суреттте бізде Қазақстанның батыс  бөлігінде орналасқан Ақтөбе облысы екен.Оның тапсырмасы 3 – жаттығу. Өлеңді оқы. Қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді теріп жаз.

Өлеңді оқимыз, қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болған сөздерді атаңдаршы, жақсы енді осы сөздерді дәптерлерімізге көшіріп, сөз құрамына талдаймыз. (3 оқушы тақтада орындайды)

- Өте жақсы, мына суретте қандай облыс, кімге таныс?

Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы

- Бұл облыстың тапсырмасы: «Тезірек тап» деп аталады. Бізде тақтада сөздер берілген, тек оның қосымшасын дұрыс жалғап, талдап шығамыз. (Оқушылар тақтаға шығып жазып өтеді).

Лақ – лағы                   Сеп – себу                    Қап - қауып

Өсімдік - ...                  Кеп - ...                        тап - ...

Арғымақ - ...                Теп - ...                        жап - ...

- Жақсы, жарайсыңдар! Сонымен бүгінгі сабағымызды қорытындылап өтейік.

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық? Жаңадан не білдіңдер? Не үйрендіңдер?

- Сабақта қайда саяхатқа шықтық? Қандай облыстармен таныстық? Қандай тапсырмаларды орындадық?

- Сонымен түбір сөзге қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары қандай дыбыстарына өзгереді?

- Жақсы, күнделіктерімізді ашып, үй тапсырмасын жазамыз:

Үйге: 19 бет, 5 – жаттығу орындау.

- Сабақ барысында белсене қатысқан оқушыларды бағалап өтемін.

 - Сабақ аяқталды, келесі сабаққа дайындаламыз!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока по казахскому языку на тему "Түбір мен қосымшаның жазылуы" (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 596 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 664
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаилганова Акжибек Мырзаболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7110
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1469 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек