Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Разработка урока по музыке на тему "Қазақтың халық аспаптары"

Разработка урока по музыке на тему "Қазақтың халық аспаптары"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 3 « б »

Тақырыбы: Қазақ ұлт аспаптарының жаңа өмірі.

Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?

   

Мақсаты:

                1. Оқушыларға халық аспаптар  оркестрі жайлы түсінік беру

                2. Әнге, күйге қызығушылығын арттыру

                3. Қоғам мүшелерінің жоғары деңгейдегі адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу.

 

Қолданылатын көрнекіліктер:

Қазақ ұлттық аспаптарының, оркестрдің суреттері,үнтаспа, домбыра т.б. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

                      І.Ұйымдастыру

                      ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

                      ІІІ. Жаңа тақырып

                      ІV. Қорытындылау

І.Ұйымдастыру кезеңі  Психологиялық дайындық

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  Дискуссиялық  өрнек

        Сұрақтар

Келісемін

келіспеймін

1

1932 жылы Музыка-драма техникумы ашылды.

      +

 

2

Бұл техникумның негізі Қызылорда қаласында  қаланды.

 

         +

3

1936 жылы Ленинградттан  Ахмет Жұбанов шақырылды.

 

         +

4

Компазиторлар  Қапан Мусин,  Құддыс Қожамияровтар   оқу орнында білім берді.

 

         +

5

Оқу орнына аспап жасаушы шеберлер–ағайынды Романненколар тартылды.

      +

      

6

Техникумның болашақ оқушыларын дайындау мақсатында Орал мен Алматы  қалаларында музыка мектептері ашылды.

      +

 

7

Техникумда  алғаш Л. Майзель, В. Дьяковтар  білім алды.

     

         +

8

Техникум жанынан  халық музыкасын зерттеу  кабинеті,  шеберханалар  ашылды.

       +

 


          

  Ән айту:   «Мейірбан  ұстаздар».

   Ән айтар алдында  дауыс қыздыру.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ барысы:

Оркестрдің  негізгі түрлері:

Симфониялық оркестр

Қазақ халық оркестрі

Үрмелі аспаптар

Камералық   оркестр

Аспаптар оркестрі

 Қазақтың халық аспаптар  оркестірі  туралы мәлімет

   1934 жылы халық дарындарының кезекті бүкіл қазақстандық  слёті  өткізілді.  Оған Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  сан саладағы  өнерпаздар  келіп, өнер сайысына түсті.  1934 жылы  дүние жүзіне әйгілі  болған  қазіргі Құрманғазы  атындағы  Мемлекеттік академиялық халық аспаптары  оркестрінің  іргетасы  қаланған болатын. Басында  ол Қазатком атындағы ұлттық  оркестр  атанды.  Алғашқы оркестр құрамында Д.  Нұрпейісова,  О. Қабиғожин, Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов т.б  сынды дарындылар қызмет етті. Оның  көркемдік  жетекшісі  және  бас дирижері  болған   белгілі компазитор  Ахмет Жұбанов.   Бұл  оркестірге  кейін  Құрмағазы  Сағырбайұлының   есімі берілді.

      Күйлер  әлеміне саяхат.      

  1. С. Құрманғазы  «Сары Арқа».

 Оқушылар  күйді тыңдап  кімнің күйі,  қандай тақырыпқа арналғанын айта  отырып,    күйдің мазмұнын ашу.

            2. Н. Тілендейев «Ата толғау»                   

Оқушылар  күйден  үзінді тыңдай отырып, музыкалық  және шулы, ұрмалы аспаптардың  даусын есту.           

 Сергіту  сәті.  «Қара жорға»  әніне  би элементтерін пайдаланып, бой ширату.                           

 Ахмет Жұбановтың  өмірбаянына  қысқаша тоқталу.

 

Ахмет Жұбанов (1906-1968)

 

Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.

А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

А.  Жұбанов  бірнеше күрделі  музыкалық  шығармалар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін»  т.б  атты әндер жазып қалдырған.

 

«Ақ көгершін»   әнін үйрену.

Ән үйренер алдында  динамикалық  белгілерге, ырғағына,  мазмұнына , өлшеміне тоқталу.


Қызметіне  және ойналу ерекшелігіне қарай саз аспаптары мынадай бес  топтарға топтастырылды:

1:үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар сазсырнай, қоссырнай, қамыссырнай, мүйізсырнай, сыбызғы, ұран, керней.;

2.ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетігеншертер, екі және үш шекті домбыраларқылқобыз;


3.жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз;


4.ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар:даңғырадауылпазшыңдауылдабыл , кепшікшың;


5.шулы аспаптар аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.


                

VІ. Қорытындылау.

                                         Тест.

1.Қазақ халық аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?

а) 1932ж   б) 1933    в) 1934ж г) 1935 ж

2.Оркестрді  кім басқарады?

а) диржёр      б) композитор     в) ғалым        г)  профессор

3.Қай жылы хор капелласы қашан құрылды?

а) 1940ж    б)  1939ж    в)  1944ж      г) 1945ж

4.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?

а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов;  в) А. Затаевич;  г) Б. Ерзакович.

5.А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет:

а) “Қазақ – ұлт аспаптары”;     б) “Ән өнері және уақыт”;

в) “Замана бұлбұлдары”;           г) “Саз теориясы”.

6.Қазақтың  халық аспаптар  оркестрі  кімнің  атымен аталды?

а) Құрманғазы               б. Дәулеткерей            в. Тәттімбет      г. Қазанғап

7.  «Ақ  көгершін»  әнінің   авторы кім?

а) Қ. Қожамьяров; б) Б. Жамақаев;  в) Ш. Қалдаяқов; г) А. Жұбанов

8. А. Жұбановтан кейінгі қазақ халық оркестрін басқарған КСРО халық

артисі  кім?

а) С. Тұрысбеков; б) Ш. Қажығалиев  в) Д. Нұрпейісова; г) Н. Тілендиев

9. Алғаш  оркестр құрамында кім болды?

а) Д. Нұрпейісова;           б)  М. Төлебаев;

в) Л. Хамиди;                   г)  Н. Тілендиев

10. Ахмет Жұбановтың  өмір сүрген  жылдары.

а) 1905-1960жж  б) 1906-1968жж   в) 1904-1968жж  г) 1906-1969жж.

 

V.  Үйге тапсырма:

 Әнді жаттау,  «Күй  құдіреті» тақырыбында шағын шығарма жазу

 

VІ.  Оқушыларды  бағалау





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров96
Номер материала ДВ-393264
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх