Инфоурок Другое КонспектыРазработка урока по педагогике на тему "Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы"

Разработка урока по педагогике на тему "Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы"

Скачать материал
библиотека
материалов


Пәні:

Педагогика

Тобы:

201

Уақыты:

 10 апта

Тақырыбы:

Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы.

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат, міндеттері:
А)ақпараттық

Б)коммуникативтік

В) проблеманы шешу

Студенттерді жеке тұлғаның дамуы және оған әсер ететін факторлармен, тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбие туралы толық мәліметпен ақпараттандыру.
а)  Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктерінің бір-бірімен байланыстылығын және анықтауыш қасиеттер – жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары туралы ақпараттандыру.
б) Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіру арқылы бір-бірімен ақпарат алмасуы, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құраладарын қолдануы .
в)  Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға екендігін ескере отырып, қоғам мен тұлға арасындағы қарама-қайшылықтарды таба білуге және оны шешуге студенттерді бағыттау.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты хабарлау.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері, технология

Оқыту тиімділігін бақылау, талдау, өзін-өзі бақылау, практикалық жұмыс, ақпаратты логикалық бөліктерге бөлу. АКТ

Пәнаралық байланыс:

Жас және педагогикалық психология, жеке пән әдістемелері, педагогика тарихы

Оқыту құралдары:

Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы бойынша схема, дәріс материалдары

Сабақ жоспарының жобасы

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру

hello_html_60b36aa2.png

Жеке тұлға туралы негізгі ұғымдар, оның дамуына әсер ететін факторлар туралы ақпарат беру.
-Негізгі ұғымдар.
-Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.

hello_html_60156d0d.png

hello_html_m1a9d1de1.png


Мағынаны тану.
Бүгінгі біздің сабақтағы басты мақсатымыз жеке адамның дамуы, оның рухани өсуі және тәрбие, орта, тұқым қуалаушылық сияқты әсер ететін факторлармен және жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелерінің бірі екендігімен таныстыру болып табылады.

Топтастыру: 
Студенттерді 1-5 топқа бөліп, әр топқа жеке сұрақтар бойынша тапсырма береді.
1-топ: Жеке тұлға тәрбиесі мен қалыптасуындағы негізгі ұғымдар.

2-топ:Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар .

3-топ:Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі.

4-топ:Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.

5-топ:Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі.
Тапсырмалар: 
Студенттер мәтендегі ақпаратқа сүйене отырып, әр топ өзіне бекітілген сұрақтар бойынша түртіп алу стратегиясы арқылы 
жұмыстану тапсырылады. 
Түртіп алу стратегиясының белгілері:
«V» білемін;
«+» мен үшін жаңалық;
«-» келіспеймін;
«?» түсінбедім.

Презентация. (1-топ: Жеке тұлға тәрбиесі мен қалыптасуындағы негізгі ұғымдар). Студенттерге жеке тұлға тәрбиесі мен қалыптасуындағы негізгі ұғымдар мен ой-пікірлерді өздерінің қалауы бойынша сурет немесе сызба арқылы жоба дайындап, өзге топқа түсіндіруге дайындау тапсырылады.

 

«Кубизм» стратегиясы. (2-топ:  Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар). Топ өзіне бекітілген тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие  туралы сұрақты жан-жақты талдай отырып түсіндіреді, талдайды, оларды өзара салыстырып, мысалдармен дәлелдеуге үйретеді.

«Кластер». (3-топ: Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі).Баланың дамуында тәрбиенің рөлі қаншалықты маңызды және ол қалай берілуі керек, осы және тағы да басқа жағдайларға берілген мәтін бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп нақты және негізгі ақпараттар теріліп жазылады.

Аквариум әдісі 
(4-топ Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні). Топ, адамның өсіп  жетілуінде түрлі заңдылықтардың болатындығын және бұл заңдылықтар әр балада қалай болатындығын, баланы дұрыс тәрбиелеу үшін қандай жағдайларды ескеру керек екендігі туралы мәліметтерді жан-жақты талдап, өзге топқа түсіндіру үшін топтан 1-2 студентті сайлап ортаға шығарады, ал қалғандары тындаушылар болып табылады.

Аквариум әдісі (5-топ: Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі). Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтайды. Топ өзіне бекітілген сұрақты жан-жақты талдап, өзге топқа түсіндіру үшін топтан 1-2 студентті сайлап ортаға шығарады, ал қалғандары тыңдаушылар болып табылады.

 


hello_html_md3d7852.jpg
адам             қоғам мүшесі
hello_html_7f199249.png hello_html_m2979e420.png
hello_html_m12000778.png 
hello_html_m3a0f9f7d.pnghello_html_6637fcf3.png

жеке адам      
тұлға        іс-әрекет иесі

Студенттер оқулықтағы жаңа мәтінмен танысады. Берілген мәтінге көз жүгіртіп, әркім өз бетінше шолу жасайды.

hello_html_m6058ec54.jpg

Студенттер топтасып және жеке жұмыстануға дайындалып, әрқайсысы 
өздеріне бекітілген сұрақтары бар ақпаратпен танысады.
Тақырыпқа зейін аударып, адамның дамуы мен қалыптасуындағы осы уақытқа дейінгі әр түрлі пікірлер, теориялармен танысып, жеке адамның дамуы- бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі туралы ақпаратпен танысып, түртіп алу стратегиясының 
«V» білемін,«+» мен үшін жаңалық,«-» келіспеймін,«?» түсінбедім белгілерін мәтінге шолу жасай отырып, белгілейді. 
Өз 
ойларын айтып, өзгелерді тыңдайды.

Студенттер жеке тұлға тәрбиесі мен қалыптасуындағы негізгі ұғымдар мен ой-пікірлерді өздерінің қалауы бойынша сурет немесе сызба арқылы 
дайындаған жобаларын плакатқа түсіріп, оны өзге топқа түсіндіру мақсатында презентациялайды, яғни жазбаша орындаған 
жұмыстарын қорғайды. Қосымша қойылған сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын мысалдармен дәлелдейді. Қойылған сұрақтарға топ болып жауап беріп, мысалдармен нақтылайды.

 

«Кластер» әдісі арқылы өзге топтардан қойылған сұрақтарға топ болып жауап қайтарады.

 

 

 

 

Студенттер топ ішінде тәрбиенің бала дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді ауызша талдап, өзге топшаға түсіндіру мақсатында бір немесе екі студентті сайлап, дайындайды. Қойылған сұрақтарға топ болып жауап беріп, мысалдармен нақтылайды.

 

 

 

Шаралармен таныса отыра, өз ұсыныстарын айтады.

hello_html_m51a3bcc7.jpg

 

Жеке тұлға жөнінде білімдерін толықтырады, бір-бірінің ойларына ден қойып, өзгелердің пікірімен санасу дағдыларын жетілдіреді. Жаңа сабақты тыңдауға қызығушылық танытып, сабаққа белсенді араласуға ынталанады.
Жеке адамның қалыптасуы-күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

 

 

Студенттерде өз бетімен жұмыстану дағдысы шыңдалады және жеке тұлға, тәрбиесі мен қалыптасуы, оның дамуына әсер ететін факторлар, жалпы тұлға ерекшелігі туралы ақпарат алады.

 Студенттердің бойында ұйымшылдық, жауапкершілік сезімі артады. Топта жұмыстануды, өзгелердің пікірімен санасуды, топта өз пікірін еркін білдіруді үйренеді.
Жаңа тақырыпты игеруге деген қызығушылықтары артып, жеке адамның қалыптасуы-күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс екендігін ұғынады, әр сұрақ ортада талданады. Мәтін талданып, ой-пікірлермен толықтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттерде  жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы
және ондағы негізгі ұғымдар мен ой-пікірлер туралы жаңа білім қалыптасып, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады. Оларға өз ойын еркін жеткізуге және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасалады.

 

 

Студенттер жеке тұлғаның дамуындағы негізгі әсер ететін факторлардың ерекшеліктерін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табуға дағдыланады. Өз ойларын дәлелдеуге үйренеді. Бала тәрбиесін қалай дұрыс беруге болатындығы жөнінде өз ұсыныстарын береді.

 

 

Сұрақтарға нақты жауап, беріп, оны мысалдармен 
түсіндіруге бейімделеді. Нәтижесінде студенттер өздерінің ойларын еркін жеткізуге тәрбиеленеді.

.

 

 

 

Сұрақтарға нақты жауап, беріп, оны мысалдармен түсіндіруге бейімделеді. Нәтижесінде студенттер өздерінің ойларын еркін жеткізуге тәрбиеленеді.

 

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

Сұрақтар мен тапсырмалар ұсынады.

  1. Жеке адамның дамуына әсер ететін факторларды атаңыз?

  2. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не? Мұны сіз қалай түсінесіз?

  3. Орта мен тәрбие туралы айтқанда халық педагогикасындағы туысқандық қарым-қатынастың бала тәрбиесіне етер әсері бар деп ойлайсыз ба?

  4. Белсенділіктің түрлері оның тұлға дамуындағы рөлін қалай түсінесіз?

  5. «Даму, қалыптасу, және жеке адамды тәрбиелеу» тақырыбы туралы өзіңіздің ой-пікіріңізді ұсыныңыз.

Тапсырма үлгісі

hello_html_7538a87c.png

Студенттер сабақ барысында игерген білімді және өздерінде қалыптасқан түсініктер пайдаланып берілген тапсырмалар орындайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты пысықтайды, өз іс-әрекетін  бағалайды. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен тәрбиесіне байланысты өз ұсыныстарын береді.

Өткен тақырып бекітіліп, пысықталады және нақтыланады. Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі екендігімен танысып, өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп «мың ойланып, жүз толғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатуы, адамның ерік-жігер күшіне байланысты екендігін түсінеді.

ІҮ. Қорытындылау.

Ү. Үйге тапсырма

Студенттерді сабаққа қатысу және өз білімдерін көрсету деңгейлеріне сәйкес оқытушының бағалауы.

Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы тақырыбын оқып, түсініп келу.

Өз әрекетінің нәтижесін бағалайды. Студенттер алған бағаларына өз пікірлерін білдіреді.

Оқушылар қажетті жерлерін түртіп алады.

 Өзін және өзгенің іс-әрекетін бағалай білуді үйренеді.
Өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

 

Басқа педагогикалық әдебиеттерден қосымша ақпаратпен танысады.













  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.