Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка урока по развитию речи для 0 класса

Разработка урока по развитию речи для 0 класса


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Елордасы — Астана.

Мақсаты:

І.Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

2. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

3. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, коп қабатты үйлер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.

а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән

лордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? Пікірлесу

- ә) Астана туралы мәлімет беру.

Елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденңиясы.

Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі - Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын-сауың орталығы.

Мүхит аралы - мүхит жануарларын көретін орын.

- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз- қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

б) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А - ана, алма, ...

С - су, сан, ...

Т - таң, тамаша, ...

А - асыл, ата, ...

Н - нан, нар, ...

А - апа, алқа, ...

г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.








Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДВ-454689
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх