Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока по самопознанию на тему "Табиғат – тал бесігің,аялай біл!" 8 класс

Разработка урока по самопознанию на тему "Табиғат – тал бесігің,аялай біл!" 8 класс

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Сазды орта мектебі

Мерзiмі: 10.02.2015жыл.

22- сабақ

Тақырыбы: Табиғат – тал бесігің,аялай біл!

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: ізгілік,тазалық,ұқыптылық,жауапкершілік.

Мұғалiм: Зарипова Альмира Жакслыковна

Класс 8


Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы,адам – табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат

заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;

  • Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

Қ.Толыбаевтың «Қайыңның қасіреті» әңгімесін оқып келу,

Сұрақтар беру арқылы мәтіннің мазмұнын талдау,автордың негізгі түйінді ойын айту.Тақтада қайың ағашының суреті көрсетіледі,қысқыша мәлімет беріледі.

  • Бұл әңгімеден не түсіндіңіздер?

  • Қайынның қасіреті?

  • Қайыңды көрген бала қандай сезімде болды?

  • Табиғатқа деген риясыз сүйіспеншілікті қалай түсінесіз?

  • Табиғат жылай ма?

  • Қайың ағашын қандай адаммен теңер едін?






Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Табиғат тылсымын түсіне білген – бақытты жан»

Л.М.Леонов

Табиғат тылсымы сені қандай сезімдерге бөлейді?

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

«Табиғат-біздің анамыз, Біз- табиғатқа панамыз!

Халық даналығы

1.Халық даналығының мәтін түсіндірініз.

2.Не үшін табиғатты анаға теңейміз?(себебі анамыз қандай қамқор жасайды,табиғатта қамқорлық жасайды).



Әңгiмелеу

«Адам баласы жаратылысынан табиғат пен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы-адамзат амандығы» екенін естен естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті- табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».

Табиғат туралы қысқаша видиоролик көрсету.

Бұл видиороликтен не түйдіңіздер?

Сіздер осы әдемі суреттерді қарап қандай ой түйдіңіздер?

  • Қандай құндылықтарды көріп отырмыз?

  • Сіздер табиғатты қорғауға қандай үлес қосар едіңіздер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Топтық сайыс.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Топтарға тапсырма беріледі.

  1. «Су» «Ауа» «Топырақ» деген атауларды таңдап алады.Өз атауларына байланысты мағлұмат беру.

«Тапқыр болсаң...» Жұмбақ шешу



Топтық жұмыстың тапсырмалары:

«Су» тобына:

Жұмбақ: Бір халық аспанда ұшқан,аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерді кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.

(Бұлт)

«Ауа» тобына:

Жұмбақ: Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаhанның жерін,суын,жәндіктерін,

Іші кең, бәрін салса толмайтұғын.

(Көк,аспан)





«Топырақ» тобына:

Жұмбақ: Қонақтап күнде қонар су бетіне,

Сүйсінер барлық адам келбетіне.

Тұлғасы су ішінде көрінеді

Таңырқап қарап тұрсам суретіне

(Ай)

  1. Топпен ән айту.

«Айт сырыңды, ақ қайың»

Ақ қайың тұр жағада,

Сағыныш боп санада.

Жалғыз келіп тұрмын мен,

Жылдар салып араға.

Өмірдің сан жолдары,

Біз шешкендей болмады.

Мен сияқты мұң шағып,

Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:

Айт сырыңды ақ қайың,

Көңілімде сақтайын.

Шығарып сап тұрушы ең,

Бізге тілеп бақ дәйім.

Гүл шашқанда бүршігің,

Сызып түннің тылсымын.

Сыңғыр сазға қосушы ең,

Қос жүректің дүрсілін.

Шұғылалы ақ таңда,

Айлы түнді мақпалда.

Сая болдың, сырластық,

Сол керемет шақтарда.

Қайырмасы:

Өткен күндер тізбегін,

Тәтті елестен іздедім.

Шырын шақтың куәсі,

Сенен күдер үзбедім.

Толқын соғып жағаға,

Шарқ ұрады шағала.

Мен де жалғыз, сен жалғыз

Ол да жалғыз қала ма?

Қайырмасы:









  1. Үй тапсырмасы.

23-сабақ. Қ.Мырза Әлидің Табиғат тазалығы өлеңін оқу.

Дәптердегі 23-сабақ, 105 беттен 2-тапсырманы орындап келу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!









Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров97
Номер материала ДВ-394946
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх