Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Разработка урока по специальной технологий " Талшықты- оптикалық кабель талшықтарын біріктіру"

Разработка урока по специальной технологий " Талшықты- оптикалық кабель талшықтарын біріктіру"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Талшықты-оптикалық кабель жілдерін біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазіргі таңдағы қолданыста жүргізіліп отырған жаңа

технологиялық әдіспен талшықты-оптикалық кабель талшықтарын біріктіру.

Дамытушылык: Әр әдіс түрлерін қолдану арқылы талшықты-оптикалық кабель жілдерін біріктіру, оқушылардың дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, тиянақтылыққа , шыдамдылыққа, белсенділікке үйрету. Жұмысқа деген құштарлығын, жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: 1) Плакат, мультимедиялық проект, дәнекерлеу аппараты,

видеоролик.

2) дәнекерлегіш аппараты, дәл осы маркада кескіш, стриппер, туксіз орамал (салфетка), метанол спирті және КЗДС гильзалары, талшықты-оптикалық кабель талшықтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Сабақтың құрылымы.

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту. (сұрақ-жауап):

  1. С. Талшықты оптикалық торап байланысы (ВОЛС) дегеніміз не?

Ж. ВОЛС- енжар және белсенді компаненттерден тұратын талшықты-

оптикалық байланыс желісі. Оптикалық (жарық) сигналды талшықты-

оптикалық кабель арқылы өткізуге арналған.

  1. С. Талшықты-оптикалық кабель дегеніміз не?

Ж. Талшықты-оптикалық кабель – деректерді жарық көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель.

  1. С. Оптикалық талшық деп нені айтамыз?

Ж. Талшықты-оптикалық кабельді (ТОК) жасауда сәулежолдар пайдаланылады. Бұл сөулежолдардың әрқайсысының бірнеше қабат қаптармен қоршалуы олардың механикалық және оптикалық сипаттамасын жақсарта түседі. Мұндай қаптамалары бар сәулежолдарды оптикалық талшық деп атайды.

  1. С. Талшықты-оптикалық кабель мен карапайым кабельдердің айырмашылығы неде?

Ж. Айырмашылықтары-жілдерінде. Қарапайым кабель ақпаратты металл жілдері арқылы таратса, талшықты-оптикалық кабель әйнек бойымен сәуле арқылы жібереді.

5. С. Талшықты-оптикалық кабель мен жұмыс жасағандағы қатаң сақталатын

қандай қауіпсіздік ережелерін білесіз?

Ж. Жұмыс орныңның таза, жарық болуына көз жеткізу. Талшықты-

оптикалық кабель мен жұмыс жасағанда түскен әйнек бөліктері көріну үшін

қара түсті төсеніш төселеді. Керекті құралдардың саптары оқшауланған

болуы тиіс және де жұмысшының қасында әрдайым қауіпсіздік ережесі

болуы шарт. Жұмысқа арналған қорғаныс қөзілдірігі, қолғабы болуы керек.

Тазартуға арналған әртүрлі химиялық сұйықтықтардан сақ болу керек.

Жұмысты көзден барынша алшақтау ұстау керек. Жұмыс орнын таза да

ұқыпты ұстап, әрбір жұмыстан кейін қадағалап, жинап отыру т.б қауіпсіздік

ережелерін қатаң бақылап, қадағалау керек.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгін біздер талшықты-оптикалық кабель жілдерін дәнекерлеу процесімен таныс боламыз. Дәнекерлеу процесінің мақсаты талшықты-оптикалық кабелінің ақпарат беру сапасының төмендеуі салдарынан зақымданған жерлерінің немесе жалғанған жерлеріндегі жілдерді сапалы біріктіру.

Бұл процесс 3 кезеңнен тұрады:

  1. Талшықты дайындау-қабықтарын, яғни буферін аршу, аршылған бетін ластан тазарту, тазаланған талшықты сколдау.

  2. Дәнекерлеу процесін және дәнекерленіп жалғануды қадағалап,сапалы бағалау.

  3. Талшықтың жалғанған учаскесін қоршаған ортаның әсеріден (лас, шаң, ылғал) қорғайтын қорғаныс герметикалық қабықшасы – термоорнатқыш гильзасы.

Біріншіден, талшықты-оптиканы жүргізетін жұмыс орнын тексереміз. Басты талап етілетін – тазалық. Дәнекер сапалы болуы үщін шаң, жел, ылғалдылық мүлдем болмауы тиіс. Ал, дәнекерлеу әр түрлі жерлерде болады: сондықтанда дәнекерлеушілер өздерінің жұмысын палаткаларда, және автофургондарда жүргізе алады. Жалпы жұмыс орнының температурасы -10 ˚С-тан төмен болмауы тиіс.

Алдымен, талшықтың ұзындығын өлшейміз, касетаға кем дегенде 3 айналым жасайтындай етіп айналдырамыз. Ал талшықтардың ұштары касетаның ортасына

дәл келуі керек. Бұл жерде талшықты-оптиканың артық қоры өтем үшін қажет, артық жерін кесіп тастаймыз.


hello_html_m7dc01f5b.png


2. Енді, дәнекерді бастаймыз – алдымен талшықтың бір жақ шеттеріне дәнекерленген жерді қорғау үшін КДЗС гильзаларын кигіземіз. Дәнекерлеу сұлбасын алып, сол бағытпен дәнекерлейміз. Стриппердің көмегімен талшықты-оптиканың қорғаныс лак қабатын, буферін 250 мкм етіп аршимыз. Содан спиртпен сүртеміз, ол екі бағытта сүртіледі, 1-шісін қарапайым әдісте сүртіп, 2-ші 90˚ градусқа айналдырып және де сүртеміз. Талшықта ешқандай лас, шаң қалмас үшін екі қайтара сүртеміз.

hello_html_26350d90.pnghello_html_m7690e860.png

Талшық скалывательге орналастырылады. Қарапайым жылдамдықпен скол жасалынады.


hello_html_m3e7a58df.png


Ескерту: алдымен сүртеміз, сосын барып скалывать етеміз. Өйткені сүрткенде талшықтың бойында қандай да бір мақта немесе орамалдың түгі қалып қоюы мүмкін.

Талшықты алып, дәнекерлеу аппаратының ортасына дәлдеп, мұқият орналастырамыз. Талшықтың ұшы 1-2 мм қалуы керек. Екінші ұшын да дәл осы әдіспен орналастырып, аппараттың қақпағын жабамыз.

Дәнекерлегіш аппараты автоматты түрде талшықты біріктіреді, «START» пернесін басып, процесті бақылаймыз. Бұл уақытта аппарат талшықтың шеттерін бір-біріне қосып, дәнекерлеп, біріктіреді. Дәнекерлеу процесін экраннан көруге болады. Ол есеп ауқымын, созылу сынағын өзі өндіреді.

hello_html_66ca7b5c.png


3 Дәнекерлеу сәтті өтті. КЗДС гильзасын аппараттың қақпағына қарай жылжытамыз да, мұқият қақпақты ашамыз. Талшықты алып гильзаның ортасы дәнекерленген жерге келетіндей етіп кигіземіз. Гильзаны қыздыру уақыты аппараттың белгіленуіне қарай болады.

Талшықты пешке орнықты етіп орналастырамыз, пештің қақпағын жауып, «HIT» пернесін басамыз. Сол уақытта индикатор көзі жанады. Қыздыру кезінде гильза отырады да дәнекерленген жерді зақымданудан қорғайды. Қыздырып болған соң пештен талшықты алып, суыту үшін өзінің арнайы орнына қыстырамыз. Осылай келесі әрбір талшықтарды да амал бойынша орналастырып, дәнекерлейміз.


Бұл жерде қауіпсіздік ережесін қатаң қадағалау қажет. Атап өтетін болсақ:

  1. Талшықтың кесінділерін кез - келген жерге қалдыруға болмайды, яғни желмен немесе оқыс қозғалыспен түсіріп жіберетін жерге тастауға, қалдыруға болмайды. Олар өте қауіпті. Кесінділер терінің астына жеңіл кіріп кетеді де, зақымдандырады. Өзінің салатын қорапшасы немесе скотч арқылы жинақтап отыру қажет.

  2. Жұмыс уақытында линза мен электродтарға шаң, ластар түспес үшін дәнекерлегіш аппаратының қақпағы үнемі жабық тұруы тиіс.





Ашық сабақ барысындаhello_html_m57619a.jpg


hello_html_m49866f1f.jpg











hello_html_49fa3b9a.jpg








hello_html_3c9135c8.jpg


















БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

1 КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ





«Қаралды» «Келісілді» «Бекітемін»

«Электробайланыс БҚИК әдіскері: Директордың ӨОІЖ

әдістемелік бірлестігінде» С. Р. Тоқабекова орынбасары

А. Т. Халиуллина. М. Б. Мубараков.



Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы



Тақырыбы:

«Талшықты-оптикалық кабель жілдерін біріктіру.»









Дайындаған: арнайы пәндер оқытушысы

Халиуллина А. Т.













2011-2012 оқу жылы.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-033256
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>