Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Разработка урока по теме "Мемлекеттік рәміздер" 5 класс

Разработка урока по теме "Мемлекеттік рәміздер" 5 класс


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Өскемен қаласы
« 19 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сапарғалиева Жанар Ибрагимовна



Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

2. Тәрбиелік: Еліміздің рәміздеріне саналы патриоттық көзқарасты қалыптастыру,отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»          Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер, түрлі слайдтар

Сабақтың түрі:аралас сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөйлесім, жазылым

Сабақтың кезеңдері:

І-кезең «Қазақша тамаша»

ІІ-кезең «Еліміздің рәміздері - тәуелсіздік белгісі»

ІІІ-кезең «Бәйге»

IV-кезең «Үйге тапсырма алу»

V-кезең «Қорытындылау, бағалау»

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу, оқушыларды тілдік ортаға кіргізу үшін сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу:

  • ауа райы туралы мәлімет;

hello_html_m6edc6a02.png

  • кезекшінің рапорты;

hello_html_315cb1c2.png

  • Қазақстан туралы.

hello_html_1893ab49.png

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақ халқы өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.

Сондықтан, балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағында біз сендермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелесеміз.

hello_html_m29c1e81e.png

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін нышандар болып саналады. Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың зор мақтанышы.

Балалар, бүгінгі сабақ 5 кезеңге бөлінеді.

hello_html_m5c64c113.png

1 - кезеңді бастаймыз.

hello_html_m5074065c.png

hello_html_37179d28.pnghello_html_3b004610.png

ІІ-кезең «Еліміздің рәміздері - тәуелсіздік белгісі»

hello_html_7e25a27c.png

Тапсырма. Жаңа кезеңге көшу үшін тақтада берілген сын есім мен зат есімнің морфологиялық талдауын жасаңдар. (Қосымша)

  • Өте жақсы, грамматикалық тапсырманы орындадық та, енді жаңа сабағымызды бастаймыз.Н.Назарбаевтың сөзін оқыту, аударту.(Қосымша)

hello_html_47f8b7fe.png

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы мәтінді оқыту, туының негізгі элементтерін, авторын айту.(Қосымша)

hello_html_4867d612.pnghello_html_mfe39886.png

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы мәтінді оқыту, елтаңбаның негізгі элементтерін, авторларын айту.(Қосымша)

hello_html_m409d36f5.pnghello_html_1e10bc25.png



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны туралы мәтінді оқыту, авторларын айту.(Қосымша)

hello_html_1071dd0b.png

Өлеңмен жұмыс: оқыту, аудару, мағынасын түсіндіру, тәуелдік жалғауларды анықтау.

Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

hello_html_m196550b1.png

Сергіту сәті.

ІІІ-кезең «Бәйге» ойынын ойнату.

hello_html_1b2efc83.png



IV-кезең «Үйге тапсырма алу»

hello_html_758b283a.png

V-кезең «Қорытындылау, бағалау»

-Балалар, Отан сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Сондықтан барлық уақыттарда мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтаныштың және оларға деген ерекше көзқарастың белгілері.

hello_html_m141e9f0f.png

Сендердің білімдерің мен жігерлерің, күш-қуаттарың мен жақсы атаулыға ұмтылыстарың біздің Отанымызға қажет. Ал енді бәрінен бұрын оған сендердің сүйіспеншіліктерің қажет. Өз еліңе деген терең сүйіспеншілік сезімі, шынайы патриотизм болмайынша нағыз азамат та, нағыз адам да жоқ.

Қазақстандағы әр азаматтың туған ел мен жерге деген жүрек түпкіріндегі ыстық сезімі отансүйгіштік қасиетті қалыптастырады. Өйткені, егемен елімізде ұлтымыздың рухын көтерген көгілдір Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бар.

Отан сендерге өте зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін!

hello_html_6c9728d5.png




Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

2. Тәрбиелік: Еліміздің рәміздеріне саналы патриоттық көзқарасты қалыптастыру,отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер, түрлі слайдтар

Сабақтың түрі:аралас сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөйлесім, жазылым

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров888
Номер материала 283846
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх