Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Разработка урока поистории Казахстана на тему "Великая Отечественная война" 5-класс

Разработка урока поистории Казахстана на тему "Великая Отечественная война" 5-класс


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Блум таксономиясы бойынша құрылған 5-сыныпта Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінен сабақ жоспары


5--сынып (10-11жастағылар)

Барлығы: 6 оқушы

Сабақтың тақырыбы

5-сыныпта «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» 2-сабақ

Сілтеме

Бағдарлама, күнтізбелік жоспар, Қазақстан тарихынан әңгімелер 5-сынып

Сабақтың

мақсаты

Оқушыларға Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептері, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы өткен сабақта алған білімдерін жинақтау,шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін толықтырту; тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту; Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Оқу нәтижесі

- тарихи оқиғаны сыни тұрғыдан талдау жасап, негізгі мдеяларын жеткізе біледі; - Ұлы Отан соғысы, оның басталу себептері мен батырлары туралы біледі; - сұрақтарға нақты жауап бере біледі; - деңгейлік тапсырманы дұрыс орындай алады; - сабақ бойындағы өзінің іс-әрекеттеріне, түсіну дәрежелеріне талдай отырып кері байланыс жасайды.

- топпен бірлесе тапсырмаларды шығармашылықпен орындай алады; - өз білімін табыс критерийлері арқылы бағалай біледі.

Негізгі идеялар

Ұлы Отан соғысының басталуы, Қазақстан майдан арсеналдарының бірі, соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер ерлігі туралы білім

Ресурстар

Оқулықтар, проектор, Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, тапсырмалар жазылған беттер, бағалау парақшалары


Оқыту әдістері


Тәсілдер

Жекелей, жұптық, топтық



Әдістер:

Жылулық шеңбері, «Аламан», пікірталас,«Сөйлемді аяқта», «Ойлан, жұптас, талқыла», сәйкестендіру кестесі, слайдқа талдау, бас бармақ ишарасы, шапалақ, тест, «Суық сөз, жылы сөз», өзін-өзі бағалау парағы

Сабақ барысы:

Бағалау парағымен таныстырады.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. «Сөйлемді жалғастыр...» атты жылулық шеңберіне тұрып, бір-біріне допты лаұтыру арқылы «Менің бүгінгі сабаққа келгендегі мақсатым...» деп сөйлемді жалғастырады.. Қолдарына берілген әртүрлі фигуралар кесіндісі арқылы жұпқа бөлініп отырады. «Жеті жұлдыз топ ережесін бәрі бірлесе еске түсіреді. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады. Алдарындағы өз білімін бағалау парағындағы критерийлерді талдайды


Білу деңгейі

Оқушыларға өткен сабақта алған білімдерін байқау үшін слайдтан «Аламан» сұрақтары қойылады. Оқушы өз сұрағына жауап берсе 3 ұпай, басқа оқушының жауабын толықтырса 2 ұпай қойылады.

Сабақтың презентациясынан төмендегі сұрақтарға жауап береді: «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз? Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында болды? Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды? Ұлы Отан соғысының аяқталуына 2015 жылы неше жыл толды? Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?


Бағалау парағы

Түсіну деңгейі

Оқушылар қолдарындағы фигуралардың түрі арқылы топтарға бірігіп отырады. 2 топқа түсіну дәрежесін көрсететін берілген сұраққа бәрі бірлесе «өз сөздерімен» түсініктеме жасау тапсырылады.

1 минут ақылдасып, орталарынан бір оқушы шығарып сұраққа толық жауап береді 1-топқа: Азамат соғысы мен Отан соғысы арасындағы айырмашылық қандай? 2-топқа: Сталин мен Гитлердің саясатын салыстырыңыздар


Қарсы топтың жауабын бас бармақпен бағалайды

Қолдану деңгейі

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша алдарына берілген қысқаша мәтіннен соғыстың себебі мен салдарын тауып, дәптерге жазу 2 минут ішінде, оны жұбымен талқылау және топпен бірлесе ортақ тізім жасауға тапсырма беріледі

Оқушылар алдымен жеке-жеке мәтіннен соғыстың себебі мен салдарын тауып, дәптерге 2 минут ішінде жазады, оны жұбымен талқылайды және топпен бірлесе ортақ тізім жасайды. Әрбір жұп өздері жазған себепті оқығанда, қалған жұптар өздерінде бар болса. сызып тастап отырады.

Шапалақтау арқылы формативті бағалау

Сергіту жаттығуы

Бүгінгі сергіту жаттығуы да білу деңгейін көрсетеді. Сондықтан оның нәтижесі де бағалау парағына қойылады. Мұғалім ҰОС-ның батырының атын айтады, оқушы оның фамилиясын айтады. «Футбол» ойынында оқушы қолына доп тигенде жауап бере алмаса, гол кіргізген болып есептеледі.

Оқушы қолына доп тигенде, батырдың фамилиясын айтуға тиіс. Егер оқушы бірде бір рет гол кіргізбесе - 2 ұпай. 1 рет жауап бере алмаса - 1 ұпай. 2 рет жауап бере алмаса, ұпай жоқ.

Бағалау парағы


Талдау деңгейі

Кестенің екі жағындағы фактілерді сәйкестендіреді.

Кестенің бір бағанында оқиға, екінші жағында соған қатысы бар жауынгер жазылған оқушылар екі бағанды бір-бірімен сәйкестендіреді. Дұрыс варианты арқылы өздеріне ұпай қояды.

Бағалау парағы


Жинақтау деңгейі

Қазақстан майдан арсеналы болғандығына екі топ 2 минут мәтіннен дәлелдер жазады.

Жазған дәлелдерін кезектесіп оқиды.

Топтық жұмыс қол шапалақтау арқылы бағаланады

Бағалау деңгейі

Ұлы Отан соғысы жайлы мәселенің бүгінгі күні де өзекті тақырыптардың біріне жатуының себебі қандай?” атты пікірталасқа тапсырма беру


Оқушылар 2 минут осы тақырыпқа ақылдасып, орталарынан бір спикер шығарады. Пікірталас “Ұлы Отан соғысы жайлы мәселенің бүгінгі күні де өзекті тақырыптардың біріне жатуының себебі қандай?”


Қарсы топтың спикерінің сөзі бас бармақпен бағаланады

Сабақты бекіту

10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары орындатады

Оқушылар тест тапсырмаларын орындап, слайдтағы кілті арқылы тексеріп, өздерін бағалайды

Бағалау парағы

Үйге тапсырма

Тақырыпты қайталау. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы мәлімет әзірлеу (реферат, эссе, шығарма)

Сабақты бағалау

Жиынтық баға қояды

Оқушалар қзін-өзі бағалау парағына талдау жасап, жинаған ұпайларына сай алған бағаларын айтады

Сабақты қорытындылау

Оқушылар алдарындағы қағаздарға бүгінгі сабақта естіген сөздерін жазады. Жазғандарын оқып, «жылы сөз», «суық сөз» деп бөледі. Жылы сөздерді достарына сыйлайды, суық сөздерді қоқыс жәшігіне тастайды




Автор
Дата добавления 01.12.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров38
Номер материала ДБ-406594
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх