Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Разработка урока "Тіл – татулық тірегі"

Разработка урока "Тіл – татулық тірегі"



  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Карл Маркс атындағы орта мектебі











Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы:

«Тіл – татулық тірегі»










Сыныбы: 2 «А», 2 «Б», 2 «В»


Пән мұғалімі: Жетібаева С.К.










Қаратау қаласы


Сабақтың тақырыбы: Тіл - татулық тірегі!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;

  2. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.

  3. Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: итерактивті тақтада Президент портретін, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің портреттерімен нақыл сөздері, слайдтар көрсету.


Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бәрімізге 22- қыркүйек тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап « Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.

Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.

Халқымыздың бастан өткерген тарихының әр беті бізге қымбат.Соған орай егеменді қазақ елінің жылнамасына өшпестей болып жазылар тарихи оқиғалар аз емес. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы өзінің жойқын батылдығымен кезінде дүниені дүр сілкіндірді. Осы оқиғадан кейін егемендік туын көтерген Кеңес Одағы құрамындағы 15 республика да желтоқсанның қақаған аязында өз елінің бостандығын аңсап, алаңға шыққан қазақтың өрімдей жас буындарына белгілі дәрежеде мәңгілік қарыздар.

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Былаиғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.


Сайыстың жалпы кезеңдері:

1. Өлең – сөздің патшасы (өлең шумақтарын мәнерлеп оқу)

2. Бәрін білгім келеді

3. Мақал-сөздің мәйегі

4. Сөз ойла – тез ойла (әріптерден сөз құрау ойыны)



1 топ «Білімділер»


  1. Өнер алды . . . . . (қызыл тіл)

  2. Ең бірінші бақытым . . . . (халқым менің)

  3. Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)

  4. Тілдің ең негізгі қызметі (сөйлеу)



2 топ «Тапқырлар»


1. Ашу дұшпан . . . . (ақыл дос)

2. Тіл туралы заң қашан қабылданды? . . . .( )

3. Сөз анасы-құлақ, суанасы бұлақ

4. Ал екінші бақытым (тілім менің)



3 топ «Алғырлар»


  1. Құрғақ сөзінің антонимі (ылғал)

  2. Мұсылмандардың қасиетті үйі (мешіт)

  3. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (бәйге)

  4. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы (құран)



Қорытынды: Осымен тілдер күніне арналған сыныптан тыс іс-шарамыз аяқталды. Әрқашан достығымыз көп болсып, көп тілді меңгеріңіздер. Еліміздің аяулы азаматы болып өсіңіздер.











Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров101
Номер материала ДВ-401117
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх