Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Разработка уроков по английскому на тему types of animals

Разработка уроков по английскому на тему types of animals

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Пәні: ағылшын тілі

Сынып: 5

Мерзімі:

Тақырыбы: Types of animals-Жануарлар типтері(түрлері).

Мақсаты:

Жануарлардың атаулары мен түрлері туралы білімдерін бекіту, сөйлеу дағдыларын арттыру, сын есімдерді қолдануды үйрету .

Міндеттері:

  1. Жануарлар түрлерін ажырату, сөйлемде қолдану.

  2. сын есімдерді сөйлеуде қолдану.

  3. Топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін тыңдауға, бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Жануарлар түрлерін ажырата алады, сөйлеуде қолдана алады.

  2. сын есімдерді ажырата алады және сөйлеуде қолдана біледі.

  3. Топпен жұмыс істеу арқылы бір – бірін оқытады.

Әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл» әдісі, «Мозайка» әдісі, «екі жұлдыз, бір тілек», оқыта үйрету ойындары, «сәйкес сөзді тап» әдісі

Кіріктілген модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу

  2. Сұрақ – жауап жүргізу арқылы тілді жаттықтыру.

  3. Топқа бөлу




1минут

3 минут





3минут


  1. T: Pupils! Are you ready for the lesson?

P: Yes, we are.


  1. T: Is it morning or evening?

P1: It is morning.

T: What would you say in the morning?

P: Good- morning.

T: Say, Good- morning then!

P: Good- morning, good- morning, good- morning to you. Good- morning dear teachers, we are glad to see you!

  1. Now, I want to divide you into three groups. And I also want to have leaders in your groups. So, who wants to be a leader? Come here leaders and take these cards! You will be in three groups! And others come here and take the cards too!






1. Оқушылар амандасады.

2. Сұрақтарға жауап береді.

3.- Лидерлер таңдалады.

-басқа оқушылар да топқа бөлінеді.(үш қима қағазда үш түрлі әннің аты берілген. Сол әннің атаулары бойынша үш топқа бөлінеді және сол әндерді берілген тапсырма бойынша орындап шығады). 1-топ. If you happy and you know it clap your hands!

(ру-ру)

2-топ. What is your name? (ля-ля).

3-топ. Hokey – pokey. (ма-ма)




Ауызша мадақтау, мақтау арқылы формативті бағалау

Смайликтер

мен бағалау













Таратпа қағаздар


Бағалау парақшасы


Кіріспе бөлім.

Үй тапсырмасы және

жаңа сабақ

таныстырылымы.

Жаңа сабақтың мақсат –міндеттерімен, бағалау критерийлерімен, сабақ кезеңдерімен таныстыру.

  1. Жаңа сөздерді есте сақтау.

  2. Мәтінде сөздерді дұрыс оқу.

  3. Грамматика

лық тапсырманы орындай алу

  1. Топтық жұмыс және оған белсенді қатысу.

  2. Тестті дұрыс шешу.


2 минут




























2минут


Бағалау критерилерімен таныстыру.

We have said about tasks of the lesson that we do during the lessons. And if you are so active, you will take good marks and smiles.

























«миға шабуыл » әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. Интерактивті тақтада екі топта жануарлар атаулары беріледі. Оқушылар жануарларды атау арқылы ойланып, тілдерін жаттықтырады және сыни түрде ойлана отырып жануарлардың неге екі топқа бөлінгенін, қандай жануарлар екенін анықтайды.




Әр тапсырманы орындаған оқушы 1 баллдан жинап сабақ соңында баллдары бағаға айналатынымен танысады. Яғни, 3 тапсырма орындаса 3балл, бағасы-3, 4 тапсырма орындаса 4балл, бағасы – 4, 5тапсырма орындаса 5балл, бағасы – 5.



Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

Топтық бағалау.

тест



Қима қағаздар, бағалау парақшасы

Тақырыптық жаңа сөздермен таныстыру және есте сақтауды белсендіру.

3 минут


3 минут

А. Интерактивті тақтадан жаңа сөздермен танысады. Сөздерді жаңғырық әдісі арқылы қайталайды.

Ә. Жаңа сөздерге сәйкес сөйлемдер беріледі, сол сөйлемдерде қолдану арқылы жаңа сөздердің қолдануын белсендіреді.


Wild- жабайы

Domestic- үйде ұстайтын

Sea animal- теңіз жануары

Dangerous- қауіпті

Small-кішкентай

Big- үлкен

Kind- мейірімді

High-жоғары

Strong- мықты

Good - жақсы

Tall – ұзын

Short – қысқа

Weak – әлсіз


Оқушылар сөздерді мұғалімнен соң қайталайды. . бос орындарға сәйкес сын есімдерді орналастырады.. Оқушыларға жаңа сөздер жазылған парақшалар беріледі.

Топтық бағалау

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау. Стикермен бағалау. Қолмен белгі беру техникасы арқылы бағалау.


Плакат,

маркер, оқулық, бағалау парақшасы, сөздіктер жазылған парақша

лар

Негізгі бөлім

Жаңа сабақты қолдану.

Топтық жұмыс. Постер қорғау.

3 минут





3минут




2 минут

А. Мәтінмен жұмыс.

  • Look at this lovely dolphin! It is jumping in the sea. Dolphins can jump higher than fish and whales. Dolphins like swimming and playing. They can hear better than people!


Ә. Мәтіндегі сөйлемдердің орындары шатастырылып беріледі, оқушылар орын тәртібін топта жұмыс істеу арқылы дұрыс орналастырады. Есте сақтау қабілеттерін арттырады.


Б. Бір-бірін бағалау.

А. Әр топтан бір оқушыдан мәтінді оқып шығады.

Ә. Топтық құрамда бірлесе отырып шығарады. Оқушыларға флипчарт, мәтін беріледі.

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бір – бірін өзара бағалайды.


Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек стратегиясымен топтық бағалау.

Мәтін парақшалары, АКТ

Сергіту сәті

2 минут

Crocodile Gena`s song орындату.




Қорытынды

4 минут



6 минут


2минут

А. “What is the difference?” сұрақ – жауап сын есімдердің қолданылуын белсендіру.



.

Б. Өзіндік жұмыс. Жануарлар тақырыбына байланысты диалог құрау.

Ә. Тест арқылы бүгінгі алған білім дәрежесін тексеру.



Топтық бағалау.

Жұптық бағалау.

Жеке бағалау.

маркер, бағалау парақшасы

Бағалау

2 минут

Құпия орынға жеткен соң ол жердегі тапсырманы орындау арқылы формативті бағалау.

Бағалау кезеңін жариялайды.

-әр дұрыс жауап берілген жауап – 1балл

Баллды бағаға ауыстыру:

«5» - 5балл

«4» - 4балл

«3» - 3балл

«2» - 2балл

Оқу мотивациясы артады.

Критерий арқылы өздерінің бағасын айтады, өзінің жеткен дәрежесін біледі.

Топтық бағалау

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

Критериалды бағалау плакаты, табыс критерийлері

Рефлексия

2 минут

«Не ұнады? Не ұнамады?» кері байланыс стикерін тарату.

Үй тапсырмасын беру.


Тақырыпты қалай түсінгені туралы стикерге жазып, тақтаға жапсырады.


Рефлексия плакаты,

Стикер

Үй тапсырмасы

1минут

Бір жануарды таңдап алып эссе жазу.

Күнделіктеріне жазып алады.














Мен Сенгирбекова Айгерим Амангельдиевна ақпанның 25-і күні ағылшын тілі пәнінен, №31 орта мектебінде 3-деңгейлі курс негізінде аудандық мұғалімдерге шеберлік класын өткіздім. Сабақты 5-сыныпта өткізуді жоспарладым. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарға сәйкес, « жануарлар түрлері» тақырыбына сабақ жоспарын қүрдым. Сабақ жоспарын құруда ең алдымен сабақтың мақсаттарын қойдым. Сол мақсаттарға жету жолдарын көздей отырып сабақтың міндеттерін зерделедім. Осыдан келіп, сабақтың соңында оқушылар қандай нәтижеге қол жеткізетінін көз алдыма елестеттім. Көптен күткен сабақ уақыты келіп жетті. Сабағымды оқушылардың сабаққа деген дайындығын сұраумен бастадым. Оқушылар сабаққа дайын екендіктерін білдірді. Сабақтың басынан ақ оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында сөйлеуді жөн көрдім. Яғни, оқушылардан қазір таң ба әлде түс пе? Егер таң болса біз не деп айтамыз деген сынды ойландыратын сұрақ қоя отырып оқушылармен амандасып алдық. Оқушылармен сабақ барысында орындайтын міндеттерді сұрақ-жауап арқылы таңдап алдым. Мысалы, сендер ән айтқанды ұнатасыңдар ма? Тест жасау ұнайды ма? Стикерлерді жақсы көресіңдер ме? Мәтін оқып, жаңа сөздермен танысқыларың келе ме?-деген сұрақтар қойып және де оқушылардан оң жауап ала отырып сабақты жалғастырдым. Және де бұл іс-әрекеттерді қадамдарға бөліп, осы іс-әрекеттерді орындасақ бір құпия жерге жететінімізді айттым. Осылай сабақтың екінші кезеңіне жеттік. Бұл жерде мен оқушыларды үш топқа санау арқылы бөлдім және үш топтың лидерлерін анықтадым. Осы жерде топқа бөлу мен психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру әдісін қатар жүргіздім. Яғни, үш топқа үш түрлі ән аттарын беріп, ол әндерді үш түрлі тапсырмамен орындауды ескерттім (ру-ру, ля-ля, на-на). Бұл тапсырма оқушылар үшін қызықты, әрі сәтті шыққан кезең болды. Миға шабуыл әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне ашқыздым. Интерактивті тақтадан жануарларды екі топқа бөліп көрсеттім. Оқушылар ішінен бір оқушы жабайы және үй жануарлары деп бірден ой тастады. Осы ойды іліп алып, жаңа тақырыптың жануарлар түрлері туралы болмақ екенін жеткіздім. Алдыңғы тақырып жнуарлар әлемі болғандықтан оқушылар біраз жануарлар атауларымен таныс болатын. Дегенмен де сол жануарлар атауларын жақсы есте сақтау үшін, тағы бір рет өздері білетін жануарлар аттарын атап шығуды өтіндім. Сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларын дамыту мақстында жануарларды сипаттайтын сын есімдерді жаңа сөздер ретінде енгіздім. Сөздерді жаңғырық әдісімен қайталаттым, бұл әдіс те оқушылардың қызығушылығын оятуға үлес қосатын жаңа әдістердің бірі болды. Жаңа сөздерді белсендіру үшін бос орынды толтыр әдісімен орындалатын тапсырма бердім. Бұл жерде жұмысты өнімдірек болуы үшін сәйкестендіру әдісін алу керек екенін сабақ барысында түсіндім. Келесі кезеңде мәтінмен жұмыс жасау болды. Мәтін мазмұны оқушыларға үйде оқуға берілген. Сөйлемдер тәртібі шатастырылып берілген мәтін сөйлемдерін оқушылар топтасып реттестіріп, бір-бірінің жұмысына екі жұлдыз бір тілек әдісімен баға берді. Осы әдіс арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға болады деп ойлаймын. Сабақтың қорытынды бөлігінде айырмашылығы неде? жануарларды сипаттау үшін сұрақ-жауап жүргіздім. Оқушылар бағалау парақшасы арқылы өздерінің жетістіктерін өздері бағалады. Бағалаудан соң, сабақтың басында айтқан құпия орнымызға жеттік. Құпия орында табылған конвертті оқушылар ашып ішінен сандарды тапты. Сол сандардан сандар туындап, оқушылар соңында қазынаға жолықты. Яғни, оқушылар сандарды қайталап, қазынадан бұйырған конфеттерін алды, сабаққа қызығушылықтары артты. Сабақтың өн бойына қайта көз жүгіртсем сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға бірден-бір үлес қосты деп айта аламын. Дегенмен кемшіліктер де орын алды, мысалы бағалау және қорытынды бөлімде жүргізілген диалогты келесі сабақтарда қайта қарастыру керек деп есептеймін.











Общая информация

Номер материала: ДВ-405466

Похожие материалы