Инфоурок / Информатика / Конспекты / Разработка внекласного урока на тему "Менің мамандығым"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Разработка внекласного урока на тему "Менің мамандығым"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов





Пән: Информатика

Топ: 305, 307, 491, 337

Тақырыбы: «Менің мамандығым» ауызша журналы

Өткізілу түрі: Танымдық сабақ

Студенттердің мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта жоғарғы оқу орнында мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Өзі оқып жатқан мамандығының дұрыс таңдалғанын сезіндіріп, маңыздылығын айқындау

Дамытушылық:

Студенттердің дүниетанымын, ізденімпаздық, жауапкершілік, ойлау, танымдық қабілетін дамыта отырып, өз алдына мақсат қоюға, мақсаттың орындалуына қадам жасай білуге қалыптастыру

Тәрбиелік:


Студенттердің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.



ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ



А. Оқытудың техникалық құралдары: дербес компьютерлер, интерактивті тақта

Б. Көрнекі құралдары: Слайд

В. Әдебиеттер: Б.Д. Сыдықов, Б.О. Құламбаев, Н.А. Тойғанбаева Ақпараттық

жүйелердің негіздері







Шараның мазмұны

Дәрісхананың безендірілуі: дәрісхана ортада қатысушылар орналасатын үстел және көрермендер орыны. Интерактивті тақтада әр сөйлеуші сөзіне байланысты слайдтар жүреді.


  1. Кіріспе сөз

  2. Ауызша журнал «Менің мамандығым»

  3. «Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар» өзекті мәселе айдары.

  4. «Сен білесің бе?» мамандықтар классафикациясы.

  5. Психологиялық тренинг « Мен қандай маман боламын?». Өзін – өзі тану айдары

  6. «Қызық деректер» айдары

  7. «Мен таңдаған мамандық» айдары

  8. Қорытынды сөз.


Жүргізуші (Оқытушы): Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы, колледж қабырғасында үш жыл қанатымызды қатайтып, өрісімізді кеңейтіп, білім жарысының мәресіне жеткеннен кейінгі ойланатын мәселе – болашақ жоғарғы мамандығым қандай болмақ? Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Армысыздар құрметті қонақтар! «Менің мамандығым» ауызша журналына қош келдіңіздер!


Журналымыздың бірінші айдары «Еңбек нарығында жетіспейтін мамандықтар» атты мақаласымен Куватова Сандуғашқа және Алиайдарова Мадинаға сөз береміз:

Сандуғаш: Сарапшылардың айтуынша – заңгерлер, экономистер, басқарушылар шамадан тыс көп. Бiрақ, дәл осы мамандық иелерi кей компанияларда жетiспей жатады. Былтырғы түлектер бәсекесiнде жастардың арманы – бай болу екенi тағы байқалды. ЖОО-ның ақылы бөлiмдерi қаржы, кеден, салық саласының мамандарын көптеп дайындаса да бұл кәсiптi таңдаушылар саны азаяр емес. Осы мамандықтарға үмiткерлердiң көптiгiн былтырғы жылы бiр орынға шамамен отыз адамнан келгенiнен байқауға болады. Соңғы үш жылда «Қаржы және кредит», «Бухгалтерлiк есеп және аудит» мамандығына құжат тапсырушылар тiптен көбейген. Аталған мамандықтарға елiмiз зәру емес. Осы орайда сарапшылар жергiлiктi еңбек нарығына дәл қазiр ақпараттық технология (программистер) және электроника бойынша инженерлер, инженер-технологтар тапшы екенiн алға тартып отыр.

Сол сияқты Қазақстанға кәсiпқой, бiлiктi басқарушылар керек. Инновациялық жобаны дайындап, сату iсiне дейiн жеткiзетiн басқарушының экономика мен қаржыдан хабары бар екендiгi және өндiрiстен тәжiрибесi молдығы маңызды. Қай кезде де өз iсiне шебер мамандар барлық жұмыс орны үшiн таптырмас кадр.

Мадина: Бүкiл әлемдегi секiлдi Қазақстанның еңбек нарығына денсаулық саласы бойынша мамандар жетiспейдi. Жылына медицина саласындағы арнайы оқу орнын бiтiрген мамандардың тек төртеуi ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады екен. Қалғаны басқа салаға бас сұғады. Тапшы кадрлардың бiрi – биотехнологтар мен медицина құрылғыларының тiлiн бiлетiн маман. Жыл сайын жаңарып отыратын медицина саласына көзi ашық, көкiрегi ояу, технология тiлiн бiлетiн кадр ауадай қажет. Бұл салада фармацевтер жоқтың қасы.

Мемлекет экономикасы дамыған сайын кадр тапшылығы сезiле түседi. Дәл қазiр Қазақстанның еңбек нарығында жаңа технологиялардың тiлiн бiлетiн маман қажет. Экономика дамыған сайын кадр мәселесi шешiлмейтiн түйiнге айналуда. Дәл бүгiнде елiмiз аса зәру болып отырған салалардың бiрi – ғарыш саласы. Осы орайда астрофизик, астроном мамандықтарының қажеттiлiгi жылдан-жылға артып келедi. Мемлекеттiк стандарт бойынша бiлiм беру жөнiндегi Ұлттық орталықтың мәлiмдеуiнше, елiмiз зәру болып отырған механик, картограф және геодезист, геолог, баспа iсi мамандығына ұмтылушылар саны мардымсыз немесе жоққа тән.

Бүгiнгi таңда елiмiз металлургия және тау-кен өнеркәсiбi мамандарына зәру болып отыр. Сол сияқты техникалық мамандықтар, тұрғын үй және жол құрылысы (темiржонушы, ағаш өңдеу, кiрпiш қалау, монтаждаушы т.б.) бойынша мамандар дайындау аса қажет.


Жүргізуші (Оқытушы): Маңызды ақпарат бергендеріңіз үшін Сандуғаш, Мадина сіздерге рахмет! Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Келесі айдар «Сен білесің бе?» кезеңінде «Мамандықтар классификациясы» атты мақаласымен Серік Жаңылға сөз тізгінін береміз.

Жаңыл: Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – техника

адам – адам

адам – белгі жүйесі

адам – табиғат

адам – көркем образ

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Жүргізуші(Оқытушы): Сіздер белгілі бір мамандықта оқып жүрсеңіздер де, сол мамандықтың қай классификацияға жататынын білмеуіңіз мүмкін. Мұндай ақпарат беріп отырған Жаңыл сізге рақмет! Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мамандықты игеру адамның тікелей қабілетіне, оның психологиясына да байланысты дейді мамандар. Келесі кезекті психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану айдары. Психологиялық тренингпен бөлісетін Қабылмажын Мақпал.

Мақпал: Студенттер өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпашылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Менің жасаған тренингім арқылы өздеріңді тани білдіңдер. Ендеше, оқып жүрген мамандықтарыңда мол септігін тигізеді деген ойдамын.


Жүргізуші (Оқытушы): Мақпал тренинг жүргізгеніңізге көп рақмет! Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Соның ішінде ең сирек кездесетін мамандықтар туралы «Қызық дерек» айдарында мақала дайындаған Құдабек Нұрбол мен Нұрмұқаев Жарқынды тыңдайық.

Нұрбол: Хош иісті әрі дәмді шыны шайдан дәм тарту – көпшілігімдіздің бой тынықтырып, туған-туыс, жақындармен әрі достармен араласудағы өте жақсы желеу екені белгілі. Алайда, дүниежүзінде шай ішуге мамандық ретінде қарайтын адамдар да бар. Ол титестер – адамдар, яғни шайдың сапасы мен дәмдік беделін анықтайтындар. Дәл осы адамдар түрлі сұрыптан шай жиынтықтарын жасайды. Өздері жасайды әрі алғашқы болып өздері татып көреді.

Титестер немен айналысады?

Тетистер шайды тестілейді. Алдымен құрғақ шай тестіленеді, одан кейін қайнатылған шай жапырағы зерттеледі. Шай тұнбасын тестілеуде титестер шайды ішпейді, тек онымен ауыз қуысын шаяды. Содан кейін шай тамшысын тіл арқылы таңдайға тигізу жолымен оның дәмін анықтауға тырысады. Хош иісін анықтау барысында ол ыстық шайға мұрнын тигізбейді, тек қайнатылған шайдан босаған құтыны иіскейді немесе шайы төгілген, ыстық емес қайнатылған шай жапырақтарын абайлап иіскейді.

Жарқын: Жарнамалық роликтер жасайтындар біледі, қазіргі таңдағы ең тапшы кәсіп - ол спецэффект шеберлері. Бұл шеберлер экрандағы азық- түліктерді арнайы заттармен ауыстырып көрсетуді ойлап табады.

Жарнамада көріп жүрген газды сусын, йогурттар, шоколад, мөлдір сыралардан шығып жататын ауа түйіршіктері - бұл біз ойлағандай дәл сол иогрут емес - ал оның алмастырушылары. Мәселен, тұшпаралар экранда қайнап жатқан суға әдемі салыну үшін оның орнына пластикалық заттар қолданылады, ал су - суық. Қайнап жатқан суды арнайы компрессормен немесе мотор арқылы қайнап жатқан кейіпке енгізеді. Кейін барлық сурет компьютерде дәлденеді. Мынадай нәтижелерді жүгезе асыру өте қымбат тұрады. Сондықтан жарнама жасаушылардың жалақысы да жоғары.

Нұрбол: Ең алғашқы қызықты мамандық — гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы. Әрине, доп — адам өте алмайтын аймақтарға түскен кезде жаңасына ауыструға әбден болады. Бірақ кейбір ақсүйектердің қырсықтығы соншалық, ландшафты күрделі аймаққа түскен доптың нақ өзін қайта ұрғысы келеді. Ал осы мамандық иесі мейлі балшық, мейлі көлшік, мейлі тоғай болса да әлгі допты табуға тиіс.

Жарқын: Ал келесісі — жиһаз сынаушы шебер. Әрине мамандық атауы құлаққа таныс естіледі. Бірақ біздің елестететініміз дәл осы ма? Бұл мамандықтың басты ісі — жасалған жиһаздың мықтылығын, ыңғайлылығын және жұмсақтығын бағалайды.

Нұрбол: Пингвин бұрушы мамандығы. Бұл құлаққа оғаш естілетіні анық. Бірақ, бұл мамандық иелері расында да пингвиндерді бұрумен айналысады. Өйткені, Солтүстік Полюстің пингвиндер мекен ететін аймағынан тікұшақтар ұшқан кезде олар кері бұрылып алады. Ал қайтадан орнына қайтып келуге олардың қорқынышы мүмкіндік бермейді.

Жарқын: Енді, келесі мамандық — ми алушы. Аты өте қорқынышты екен. Бірақ, бұл мамандық иелері көбінесе фермаларда жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты — соғымға кеткен жануарлардың миын зақымдамай бөліп алу. Ал хайуанаттардың миы — ресторандарда таптырмас деликатес.

Жүргізуші (Оқытушы): Ал, әлемдегі ең қауіпті мамандықтарға:

  1. Орман балташысы.

  2. Шахтер.

  3. Өрт сөндіруші.

  4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы.

  5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар.

  6. Сапёр.

  7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау.

  8. Жаға күзеті және құтқару қызметі.


Жүргізуші (Оқытушы): Келесі кезекте «Мен таңдаған мамандық». Сөзді студенттерге береміз.

  1. Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері – Керейбаева Дария, Сейтқазы Сакен

  2. Экология мамандығының студенті – Медетханова Дина

  3. Ақпараттық жүйелер мамандығының студенті – Меделқан Гүлназ

  4. Радиоэлектроника және байланыс мамандығының студенті – Қайролдаева Бағжан

  5. Ақпараттық жүйелер мамандығының студенті – Нурсавулити Баян және Жасузакова Айгерим



Жүргізуші (Оқытушы): Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен.

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-349038
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>