Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка внеклассного мероприятия "Аққан жұлдыз"

Разработка внеклассного мероприятия "Аққан жұлдыз"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m614b4a9c.gifhello_html_m6c5712d7.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_m5129b85e.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_m5129b85e.gifhello_html_281e811e.gifhello_html_2a95e811.gifhello_html_m6baccf54.gifhello_html_2a95e811.gifhello_html_694e02d5.gif



Аққан жұлдыз

Кештің мақсаты:

әдебиет, тарих, география, сурет, мүсін өнері арқылы Шоқан тұлғасын таныта отырып, оқушыларды адал достыққа, уәдеге берік болуға, еңбекқор азаматтар болып өсулеріне жол ашу.

Кештің өткізілу әдістері: тарих, география, бейнелеу өнері пәндерімен кіріктірілген кеш, топпен жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, интеграциялау, интерактивті әдіс, ойын ойнату.

Көрнекілігі: слайдальбом, буклет, плакаттар, кітаптар,т.б.

Интегрциялық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, география, тарих, мүсін өнері, бейнелеу өнері

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі кешімізді Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арнаймыз. Лайым мерейтойлар көп болсын, уайым-қайғы жоқ болып, думандатқан ел болсын.

1-оқушы:

Тарихтан талай адам көрген едік,

Қызықтыталай дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,

Шоқандай асыл жасты көрмеп едік,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, біз бүгінгі кешімізді жастың асылы, ақыл-ойдың жасыны Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа арнап, кешімізге «Аққан жұлдыз» деп ат қойдық.

3-оқушы:

ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай:

Жарқыратып Шығысты,

Ала келген қызықты.

Шыңғыс төре үйінде,

Шоқан атты ұл келді.

Зейнап ұлды болған соң Уәли тұқымдары Шыңғыстың үйінде қонақтап жатқан Қалқай ишанға баланың атын қойып беріңіз деп өтііш айтады. Сонда Қалқайишан Мұхаммед Пайғамбардың қызы Фатиманы алған күйеуі, әрі әскерінің бас қолбасшысы хазіреті Ғали. Соның үш әйелінен он сегіз ұлы болған, солардың ішіндегі ең батыры Мұхаммед-Ханафия әкесіне еріп,ғазауат соғысын жүргізген.

«Болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен?» деген тілекпен Қалқай ишан Зейнептен туған ұлдың атын Мұхаммед-Ханафия қойыпты.

4-оқушы:

Шоқан бесікте жатқан кезінде-ақ тілі шығып, сөйлей бастаған. Алаша руынан шыққан Байтоқ жырау:

Бір жасына келгенде,

Тілі шықты кәлеммен.

Екі жасқа келгенде,

Қолына қағаз алды қаламмен,- деп жырлайды.

Шоқан сәби кезінен әжесі Айғанымның тәрбиесінде боладаы,оны әке шешесі ерке етіп өсіреді.Шоқанды тәрбиелеушілердің бірі ағасы Шепе(Уәлидің інісі) тілі шыға бастағаннан-ақ бейпілдікке, сотқарлыққа үйретеді.

Әйтсе де, Шоқан қайырымды, мейірімді, уәдеге берік, ерке болса да есті, ақылды еді. Оны С.Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасы бойынша дайындалған көріністен көруге болады.

Көрініс «Бала Шоқан».

Өлмес өмір тілеп жүрсең өзіңе

Ізгі нұр құй кылған іс пен сөзіңе

Ж. Баласағұн



















Шоқан Уәлиханов

  1. Географ - Ыстық көлді, Қазақстанның

оңтүстік шығыс аймақтары картаға түсірген

  1. Тілші - қазақ, қырғыз, ұйғыр, араб, парсы, шағатай,

қалмақ, қытай, моңғол, орыс тілдерін білген

  1. Суретші - «Автопортрет»,» Қашқариялық келіншек»

«Тезектөре» портреттері, «Теріскей Алатау

шыңдары», т.б. 150-ден стам сурет салған


  1. Ағартушы - қазақ әдебиеті, мәдениетіне алғаш танытушы.

  2. Тарихшы – «Абылай», «Сібір тарихынан хаттар», т.б. Еңбектері қазақ-қырғыз халықтары мәдениеті, әдебиеті, фольклоры туралы пікір жазған.

  3. Этнограф-ғалым – саяхаттарында халықтардың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, фольклорын зерттеді. «Қырғыз туралы жазбалар», «Қазақ шежіресі», «Қырғыз халқы туралы жырлар».

  4. Зерттеуші-ғалым – ең алғаш Қ.Жалайыридың «Жамиғат-ат-тауарих», «Абылай», «Жоңғария очерктері», «ккенай ханның өлімі», «Алты шаһардың хал-жайы»

  5. Ойщыл (философ) – Халықтардың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек.

Саяхатшы – Европа еліне Қашқарияны танытты.

  1. Дінтанушы – «Елдегі мұсылмандық туралы», «Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары» еңбектері

  2. Заңгер – сот реформасытуралы жобалар

  3. Публицист – баспасөз бетіне мақалалар жариялап тұрған. «Абылай» мақаласы

  4. Дипломат – көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысқан

  5. Әдебиетші – халық ауыз әдебиетін терең зерттеген. Жыр-дастандар, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге», «Ер Көкше»; аңыздар құпиясы, жоқтау, жылау, жырау-жыршы, өлең, айтыс, «Манас» жырының соңғы бөлімін жазып алған.











География пәнінің мұғалімі:


Қазақтың ұлы перзенті Ш.Ш.Уәлиханов Торғай мен Есіл даласының шектескен жеріндегі Құмұрын бекінісінде дүниеге келген. Білімге құштарлығы үлкен оқу орнына жетелеген талант 1847жылы Омбыдағы Кадет корпусына оқуға түседі. Аса зеректігімен ерекшеленген ол екі-үш айдан соң жоғары сынып оқушыларын да барлық пәннен басып озады. Өткір ойлы, ұшқыр пікірлі оқушысын мұғалімдер де қатты сыйлайды. Шоқан кадет корпусында терең әскери білім алумен қатар, азия елдерінің ежелгі тарихымен танысып, қызығушылығы оянадаы. Сахараны кезуге, Шығыс елдеріне, Қытайға сапар шегуге аңсары ауады.

«Мен ол жерлерден қаншама көне қолжазбалардыалып келіп, небір тамашажаңалықтар ашып, ғылыми еңбек жазамын» деп лдына мақсат қояды. Шоқан алдынақойған мақсаттарын орындап шықты. Ол қырғыз жерін аралады. Құлжа қаласында үш ай жүрді. Ресей мен Қытай арасындағы сауда, достық қатынастардың жақсаруына зор ықпалын тигізді. 1858 жылы Қашқарияға қатерлі сапарға шықты. Европа үшін беймәлім жұмбақ елдің бар құпиясын жарыққа шығарды. Шоқан Қазақстанның оңтүстік аймағын, Іле бойын, т.б. жерлерді картаға түсірді. Ол өз еңбектерін баспасөз бетіне жариялап тұрды. «Жоңғария очерктері», «Құлжа сапарының күнделіктері», «Қашғар сапарының күнделіктері»,т.б. жазбаларды дүниеге әкелді.


Тарих пәні мұғалімі:

Қазақтың атақты Абылай ханының ұрпағы Шыңғыстан туған Шоқанның шын аты Мұхаммед-Ханафия. Шешесі Зейнеп атақты Шорманның тұқымынан. Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болып, ел тарихына, әдет—ғұрып, салт-дәстүріне ерекше ден қояды. Қазақтың шығу тарихын біраз зерттеп, қырғыз халқымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап берді. Шоқан тарихшы ретінде «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікір», «Көкетай ханның асы», «Абылай хан», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақтары, сауыт-саймандары», «Қазақтың көші-қоны», т.б. тарихи зерттеулерді жарыққа шығарды.


Бейнелеу өнері пәні мұғалімі:

Шоқан жастайынан әжесі Айғанымнан естіп өскен ертегі, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар бойынша суреттер салып отырған. Оның суретке, мүсін өнеріне деген қызығушылығы жас кезінен-ақ оянған. Шоқан саяхаттап барған жерлерінде көрген-білгендерін қағаз бетіне түсірген. Өзімен бірге суретші ертіп жүрмеген. Шоқан атақты Тезек төренің досы Потаниннің, бауырларының, т.б. суреттерін салып қалдырған. Шоқанның 150-ден астам суреттері бүгінге дейін жетті.




Шоқан жазып қалдырған мақал-мәтелдер

Өтірік сөз жанға қас, өткір пышақ қанға қас.

Жауда қалған бұлбұлдан, үйге қашқан ит артық.

Өлген арыстаннан тірі ит жақсы.

Ерді құдай сақтайды, етікті нәл сақтайды.

Сақтанғанды құдай сақтайды.

Мұрын жоқ болса, екі көз бірін-бірі шұқиды.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Патша болсам май жер едім.

Сусыз жерді қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ.

Өшкен жанбай, өлген тірілмейді.

Басқа пәле қайдан – тілден.

Мезгілсіз таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды., т.б.



Ш.Уәлиханов күнделіктерінен үзінді «Менің күнделіктерімнен»


Шын жүректен шыққан сөз( Шқан жайлы ыстық лебіздер)


Шоқан Уәлиханов өмірге аз ғана тоқтап, қайталанбас бітімімен адамзат баласының өміріне шырай енгізіп, құйрықты жұлдыздай ағып өтетін өте сирек тұлғалардың қатарынан еді.


Г.Н.Потанин

Орыс саяхатшысы, географ, этнограф


Шоқан екі мақсатына жете алмай кетті. Бірі – жазушы болу, екіншісі қазақ арасында орыс мектептерін ашу.

С.Мұқанов

Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған.

Ә.Марғұлан



Уәлихановтың түр әлпетінен оның тәрбиелі, ақылды, білімді жан екендігі байқалып тұрады. Маған ол өте қатты ұнады.

А.Е. Врангель



Шоқан өзінің атамекенін көгалдандыру, ағаштың жаңа түрлерін өсірумен көп айналысқан. Ол әкесімен бірге өз ауылының жанындағы тау іргесіне қайың ағаштарынан әсем аллея орнатқан.

Ә.Марғұлан

Тарихтан талай адам көрген едік,

Қызықты талай дәурен сүрген едік,

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,

Шоқандай асыл жасты көрмеп едік.



Сөзтізбек «Жарық жұлдыз».

Аққан жұлдыз атаныпсың,

Жан бабам!

Ғасырлардан ғасырларға самғаған.

Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,

Тамғандай-ақ ғарыштағы таңбадан.

Асыл бабам,

Аққан жұлдыз атанған.

Аққан жұлдыз,

Лапылдаған от-арман.

Аққан жұлдыз,

Ағып өткен найзағай,

Саналардан сағыныш тауын қопарған.

Е.Ибраһим



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров88
Номер материала ДВ-426546
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх