Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Разработка внеклассного мероприятия на тему "Елімнің ертеңіне қол созамын" (2 класс)

Разработка внеклассного мероприятия на тему "Елімнің ертеңіне қол созамын" (2 класс)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты 2в сынып

Тақырыбы: Елімнің ертеңіне қол созамын

Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанымыз- Қазақстанның тарихы және табиғатымен,халқымен,байлығымен жалпылама таныстыру.Мемлекеттік рәміздерді танытып оны құрметтеуге тәрбиелеу.Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұматтар беру, оның саяси бағдарламасы туралы түсініктер беру.Тәуелсіздіктің қалай келгендігі және оның мңыздылығы туралы түсініктер беру.

2.Елді, жерді, Отанды сүюге, құрметтеуге, рәміздерді дәріптеуге,елбасшыны құрмет тұтуға,үлгі тұтуға ,патриоттыққа тәрбиелеу.

3.Оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайта отырып,олардың ой-пікірлерін дамытуға мүмкіндік жасау.Болашақта өздерінің орнын табуға көмектесу.Болашақтың азаматы қандай болу керек деген тақырыпта шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, жалаушалар, қанатты сөздер.

Жүру барысы:1.Кіріспе сөз. 1 слайд.Елім менің.

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар.2в сынбының Елімнің ертеңіне қол созамын атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Қазақстан- қазақ халқының атамекені.Қазақстанның басты,әрі өрісті байлығы ол-халқы.Халқымыз жағдайы жақсарып, ұмтыла алға адымдап барады.Болашақта біздің еліміз әрі қарй дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық сенеміз.

Міне, осындай еліміздің егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге бай өңірі, малға толы өрісі болашақ ұрпаққа келешек азаматтарға , яғни,сендерге мұра болып қалады.Елбасының Қазақстан-2050 бағдарламасында: Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алу керек,- делінген.

Ендеше, балалар, сіздер Отанды сүюді,елді, жерді сүюді үйреніп,Отанды құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиеленіп, еліміздің бүгіні мен ертеңі туралы білімдеріңізді шыңдайсыздар деп ойлаймын.Ел болған соң сол елді танытатын белгілері болады, яғни, рәміздері болады.Ал, рәміздерді білеміз бе. Сөз сендерде,балалар.

2 слайд. Әнұраным-жан ұраным

1 оқушы. Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны

Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқау.

2оқушы Қ.Р.Әнұраны бірлікке, ынтымаққа,достыққа қызмет етеді.Жастарды ерлікке,қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

3 слайд. Елтаңба- елдігімнің белгісі.

3 оқушы Елтаңба-өжеттік,ерліктің белгісі,

Елтаңба- тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба- кемелдік, кеңдіктің белгісі,

Елтаңба- егемен елдіктің белгісі

4 оқушы Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

5 оқушы Қара шаңырақ -ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы - елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

4 слайд. Туың қандай, ту қандай.

6 оқушы Өзіңдікі - туың да,

От пен ауа суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекм буын да.

7 оқушы Туың қандай, ту қандай,

Тура аспаннан туғандай

Ал, аспанды қазақтың,

Көңілімен жуғандай.

Қыран құсын самғатып,

Күн құшақтап тұрғандай.

5 слайд Елімнің бар президенті

8 оқушы Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар президенті

9 оқушы Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс тартты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым ол.

6 слайд. Халық мақалы - тәрбие бастауы.

10 оқушы Азабыңды шеккен ел,

Тозағыңнан өткен ел.

Батысында қар жатса,

Шығысында көктем ел.

Бір шеті мен бір шеті

Жеткізбейтін неткен елл, енді ел, жер, Отан туралы мақал- мәтелдер білесіңдер ме.

1.Сағынған ер елін аңсайды, 2.Елінен безген ер оңбас,

Сарала қаз көлін аңсайды. Көлінен безген қаз оңбас.

3.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

4.Ұлтарақтай болса да,ата –қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

5.Отан - елдің анасы, Ел - ердің анасы.

6.Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас.

7. Ел - ерімен мақтанар, жер - кенімен мақтанар.

7 слайд. Егемен болмай, ел болмас.

11 оқушы Республика. Ерікті ел -Қазақстан,

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Мен айғақпын, ұстамын, ертегіге,

Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.

12 оқушы Мен тәуелсіз қазақпын,бостан елмін,

Бостандықты не заман тосқан елмін.

Тағдырымның тұлпарын таң асырып,

Уақыттың сынына қосқан елмін.

13 оқушы Тәуелсіздік - өткеніміз

Асулардан сан асқан.

Тәуелсіздік - ертеңіміз

Арайланып таңы атқан.

14 оқушы Мен қазқпын қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам осынау кең далаға,

Мұрагермін оған иемін мен.

15 оқушы Біз жас ұлан - Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке көтеріп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Сахналық көрініс. Екі дос. Ел аузынан Сценарий бойынша жүргізу.

8 слайд Қазақстан - алыс болашақта.

Мұғалім сөзі: Балалар, Қазақстанның болашағы, елдің ертеңі сендердің қолдарыңда.

Болашақ депутат та, премьер де, президент те сендерсіңдер. Қазақстанның қарыштап дамуына үлес қосатын да сендерсіңдер.Қазақстанның болашақ азаматы қандай болуы керек деп ойлайсыңдар.

16 оқушы Қазақстанның болашақ азаматы -- білімді, патриот, еңбексүйгіш,халқын сүйетін,тарихын білетін, мәдениетті адам болу керек.

Мұғалім сөзі: Еліңнің болашағына қандай үлес қосар едіңдер

Оқушыларды сөйлетіп, ой – пікірлерін тыңдау,жазған шығармаларын талқылау.

9 слайд Ел қорғаны - айбынды әскер.

Болашақта қазақ әскері қандай болу керек.

Ата – анамен жұмыс. Ата - аналардың ой толғауларын тыңдау.

10 слайд Болашақтың мектебі

Болашақтың мектебі қандай болу керек. Ата –анамен жұмыс.

Бұл жөніндегі ата – аналардың пікірлерін тыңдау.

11 слайд. Болашақты біз жасаймыз.

Салтанатты шеру.

Қорытынды бөлім. Мұғалім сөзі: Елдің ертеңі, Қазақстанның көркеюі,өркендеуі- сендердің қолдарыңда.Сондықтан, біздер болашаққа біліммен, жетістіктермен, жақсы тәрбиемізбен, өнерімізбен жетуіміз керек.Сендер тәуелді елдің ұланысыңдар, болашағысыңдар. Елді, жерді сүйіңдер.

Тәуелсізбін, егенмін, азатпын, Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Туды міне ел аңсаған азат күн. Болашағы сендерсіңдер қазақтың

деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

12 слайд Назарларыңызға рақмет.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-425152
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх