Инфоурок Другое КонспектыРазработка внеклассного мероприятия на тему "Тіл патшалығында"

Разработка внеклассного мероприятия на тему "Тіл патшалығында"

Скачать материал

«Тіл патшалығында»

Урбисинова Салтанат Қуанышбайқызы –

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

 

Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, қазақ ақындарының суреттері, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, т.б.

Түрі: сайыс сабағы

Барысы:  Мұғалім сөзі. Сайыс шартымен таныстыру. Жеңген топтың баға жетпес қазынаға ие болатынын айту.

Теңіздерден өту. Әр теңізден өтпес бұрын бір ақынның тіл туралы өлеңі оқылады, слайдтан көрсетіледі.  Кім екенін анықтау. Жауабы – ақын есімі мен портреті көрсетіледі.

      Туып өскен Торғайдың даласында,

      Қайран тілі, қазағы санасында.

      Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен

      Арысың кім ойланбай табасың ба? (А. Байтұрсынов)


1. БІЛІМ теңізінен өту. Сұрақтарға жауап беру.


1.       Сөз табы нешеу?

2.       Буын қалай бөлінеді?

3.       Синонимге мысал

4.       «Кітап» сөзін септе

5.       Үнді дауыссыздарды ата

  1. Сөйлем мүшесі нешеу?
  2. Дыбыстар қалай бөлінеді?
  3. Омонимге мысал келтір
  4. «Кітап» сөзін тәуелде
  5. Жуан дауыстыларды ата

                        Сүйемін туған тілді – анам тілін,

                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан

                        Құлағыма сіңірген таныс үнім.

                        Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

                        Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.


                                                                       (С.Торайғыров)

2. ТАПҚЫРЛЫҚ теңізі. Жұмбақ шешу, шешіміне байланысты мақал айту.


1. Желден желігеді, судан шегінеді.

2. Қанаты бар ұшпайды, жұрт айламен ұстайды.

3. Білімі көп, бірақ тілі жоқ.

4. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.

5. Суда жатады, өзі батпайды.

6. Бес туғанның белі бір.



                         Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

                         Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                          Өссе тілім мен де бірге өсемін,

                          Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

                                                                            Ә. Тәжібаев.

3. ҰТҚЫРЛЫҚ теңізі. Әріптер сөйлейді.

Таңдалған әріптерден басталатын сөздермен жауап беру.


1 Сен қандай баласың?

2 Оқуға не үшін келесің?

3 Жарыста жеңесің бе?

4 Өскенде кім болғың келеді?

5 Тіл не үшін керек?

6 Кіммен доссың?

7 Басты байлық не деп ойлайсың?

8 Сөмкеңе не салып жүресің?

9 Мектепке немен келесің?

10 Көңіл-күйің қандай?



                            


                        Тілім менің!

                        Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

                        Тұнығым, рухани жан азығым

                        Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

                   

                       Ана тілім, туған тілім, бал тілім

                      Сен арқылы дүние танып талпындым.

                      Сен арқылы әлемге аян бар ісім

                      Сен өмірде таусылмайтын алтыным.                          

                                                                 ( Ш.Айтматов)



4. ЗЕРЕКТІК теңізі. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашып, сөйлем құрау.


Қас пен көздің арасында (лезде)

Қара қылды қақ жару  ( әділ)

Тайға таңба басқандай (анық)

Аузына құм құйылды    (үндемеу)

Көзге түртсе көргісіз  (қараңғы)

Тонның ішкі бауындай   (тату)

Жарғақ құлағы жастыққа тимей   (мазасыздану)

Күн тигізбей өсірген  (мәпелеу)

Сөздің майын тамызу (шешен)

Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған (бейбітшілік)



  

 


   


Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

   Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

   Әр адамда өз анасынан басқа да,

   Ғұмырына етер мәңгі астана,

   Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

   Болу керек құдіретті төрт ана:

    Туған жері-түп қазығы, айбыны,

    Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,

    Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,

    Қадамына шуақ шашар үнемі.

    Және туған тарихы.

                                          (М.Шаханов)


 

5. ӨНЕР теңізі. Төмендегі сөздерді жұмбақтап, басқа сөздермен айту не қимылмен көрсету.

(орыс тілі, ағылшын тілі, мұғалім, ата-ана, жылқы, түйе, сөз, жазу, рахмет, сәлем)

                         Ана тілің – арың бұл,

                       Ұятың боп тұр бетте.

                        Өзге тілдің бәрін біл,

                        Өз тіліңді құрметте!

                                                      Қ.Мырза Әлі

6. ШЕШЕНДІК теңізі. Пікірді жалғастыру.

«Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».  С.Негимов пікірі.  Сондықтан...

                                     

7. ДАРЫН теңізі. Берілген ұйқастармен өлең құрастыру.

                                              .............................сақтаңдар,

                                      .......................ғаламат.

                                      ............................................

                                     ...............................аманат.

 

 

                                      Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

                                      Қазақтың тілін ғаламат.

                                     Ана тіл – арым, иманым,

                                     Аманат, саған, аманат.

                                                                           (М. Әлімбаев) 

Қорытынды. Жеңіске жеткен топты анықтау. Сандықшаның ішіне салынған сыйлық ұсыну. Жүректің ішінде Ана тілі деп жазылған. Баға жетпес қазына Ана тілі екенін оқушыларға ұғындыру.

 

                          Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

                         Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

                         Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

                         Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

                          Туған тілде сыры терең жаным бар,

                          Туған тілде әнім менен сәнім бар.

                          Туған тілім тіл болудан қалса егер

                          Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.            Д. Әбілев

 

                                                                       Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка внеклассного мероприятия на тему "Тіл патшалығында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 831 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 542
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урбисинова Салтанат Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3166
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой