Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Разработка внеклассного мероприятия по теме "Лидер 21-го века"

Разработка внеклассного мероприятия по теме "Лидер 21-го века"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m17cfa64f.gif «XXI ғасыр көшбасшысы»

Жүргізуші 1. Кайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі күні, «21 ғасырдың көшбасшысы» атты сайысында сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.

Жүргізуші 2. Good day, dear guests! We are glad to see you at our competition “The leader of 21stcentury”.

Жүргізуші 1.

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім – дана тілі - өз тілім,
Туған тілім – дала тілі - өз тілім,
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып- ақ алыңдар.

Жүргізуші 2. Ал, қазір әділ-қазылармен танысып алайық:

Смагулова Қымбат Ерболатовна – ғылым және инновация бойынша оқу ісінің меңгерушісі

Елшібаева Сандуғаш Мейрамовна – тәрбие жұмысы жөнінде директор орынбасары

Жумадилова Мақпал Рамазановна – шет тілдер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі

1 бөлім – «Таныстыру»

2 бөлім – «Бәйге»

3 бөлім – «Grammar»

4 бөлім – «Көкпар»

5 бөлім – «Полиглот»



Жүргізуші 1. Құрметті әділ-қазылар, сайыскерлер ойынымызды бастауға рұқсат беріңіздер!

1 бөлім – «Таныстыру»

Жүргізуші 2: бірінші кезеңнің ережесімен таныс болыңыздар!

Сайыскерлер өздерін қысқаша 2 тілде таныстырады. Таныстыру үшін ең жоғары баға – 5 балл.

Жүргізуші 1: The 1st level is “Presentation”. The participants introduce themselves into 2 languages. The highest mark is 5.

Жүргізуші 2:________________ орындауында тамаша әнді қарсы алыңыздар!

2 бөлім – «Бәйге

Жүргізуші 1:  2 бөлім – «Бәйге». Бұл бөлімде әр топқа жеке сұрақтар қойылады. Қойылған 5 сұраққа тез – арада жауап беру керек. Дұрыс жауапқа – 2 балл.

Жүргізуші 2. The 2nd level is “Baiga”. Each participant is asked 6 questions . He must answer them quickly during 1 minute. For the right answer – 2 points.

Жүргізуші 1: Сұрақтар:

1топ: Ағылшын алфавитінде неше әріп бар? (26 әріп)

2 топ: Ағылшын алфавитінде неше дауысты дыбыс бар оларды атаңыздар? (6 дауысты: a, e, I, o, u, y)

1топ: “Mother” сөзін әріптермен бөліп оқыңдар. (M-O-T-H-E-R)



2 топ: “Father” сөзін әріптермен бөліп оқыңдар. (F-A-T-H-E-R)

1топ: translate these words: Sofa, carpet, pillow, lamp, phone

2 топ: translate these words: bedroom, livingroom, kitchen, bathroom, flat.

1топ: Қазіргі АҚШ президенті кім? (Барак Обама)

2 топ: Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерді атаңыз: (АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және т.б.)

1топ: дұрыс жауабын таңдаңыз:

Who sits on the tree?

a) A dog            b) a bird               c) crocodile

2 топ: дұрыс жауабын таңдаңыз:

What animal is the fastest?

  1. Tiger b)rabbit c) dog



3 бөлім – «Grammar»

Жүргізуші 2.  3 бөлім – «Grammar». Бұл бөлімде екі бірдей топқа сұрақтар қойылады. Ең бірінші дұрыс жауап беретін топ, жалауды көтереді: Дұрыс жауапқа – 3 балл, егер сұраққа дұрыс жауап бермесе, жауап беру мумкіндігі қарама-қарсы топқа беріледі.

Жүргізуші .The 3rd level is “Grammar”. Two teams is given the questions in order of priority. when the first team is ready, they should take a flag If the participant can not answer the question, the next team will answer it. For the right answer – 3 points.

Сұрақтар:

1. 99 санын ағылшынша атаңыздар. (ninety nine)

2. Үшінші жақта “to be” етістігі қалай жіктеледі? (Is).

3. What is your favourite subject? (My favourite subject is…)

4. What is your favourite colour? (My favourite colour is…)

5. Where are you from? (I`m from …)

6. Which class are you in? (I’m in the ___ form)

7. Көпше түрінде «to be» етістігі қалай жіктеледі? (are)

4 бөлім – «Көкпар»

Жүргізуші 2.  4 бөлім – «Көкпар». Бұл бөлімде сайыскерлерге сөздер және оның транскрипциясы аралас жазылған карточкалар таратылады, сол сөздерді транскрипциясымен дұрыс сәйкестендіру керек. Жылдам құрастырған топқа ең жоғарғы 5 балл қойылады.

Жүргізуші 1. The 4th level is “Kokpar”. The participants are taken the cards with the words and transcriptions. You should put in order. Who is the quickest? The highest mark is 5.

[kæt] - cat [bɔːl] - ball

[pɛn] – pen [dɒl] - doll

[ˈkrɒkədaɪl] – crocodile [ˈmʌŋkɪ] - Monkey

[kaɪt]- kite [ˈhɒkɪ] - hockey

[ˈɪŋɡlɪʃ] – English [bʊk] - book



5 бөлім – «Полиглот»

Жүргізуші 2.  5 бөлім – «Полиглот». Бұл бөлімде сайыскерлер жұмбақ шешеді. Жұмбақтың шешуін ағылшын тілінде айтады және оны қазақ, орыс тілдеріне аударады. Әр дұрыс жауапқа 5 балл.

2.The 5th level is “Polyglot”. The participants answer to riddles. The answer is translated into Kazakh and Russian languages. For the right answer – 5 points .

1. Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.      (Қол – hand - рука)

2. Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.  (қарындаш –pencil- карандаш)

3. Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.
(Аяқ- leg - нога)

4. Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің
(Кітап –book - книга)
5. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды
(ағаш – tree- дерево)

6. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы
(мектеп-школа - school)

Жүргізуші:
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер.
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер деп.
Бүгінгі жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілей отырып, сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Әділ қазылар алқасы.
І орын.......
ІІ орын.......
ІІІ орын.....

Осы сайысты мына өлең шумағымен аяқтайын.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан – бейшара.
Бейшараға не шара?































25 жалпы орта білім беру мектебі















Сынып: 3

Құрастырған: Рамазанова И.О

Сердалина Д.К.

















2015-2016 оқу жылы.



Күні: 8.10.2015

Сынып: 3

Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сабақ, ойын сабақ, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, , ағылшын тілі, елтану.

Жүргізушілер: Асылбек Мариям, Бапан Диас




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров194
Номер материала ДВ-100502
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх