Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Разработка внеклассного мероприятия, посвященного ко Дню языков Републики Казахстан

Разработка внеклассного мероприятия, посвященного ко Дню языков Републики Казахстан

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай политехникалық колледжі














hello_html_m6358a51a.gif











Өткізген: Казиева У.Ж











Қостанай 2016


Тіл – тіршіліктің бастауы.


  1. жүргізуші: Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің.

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.


  1. жүргізуші: Тілім менің!

Жауға айбарым, ұраным, туым менің!

Найзасымен тең ұстап ана тілді,

Намысымды қорғады Сырым менің.


1-жүргізуші: Тілім менің!

Тіршілігім, тынысым, күнім менің!

Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ,

Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің.


  1. жүргізуші: Тілім менің!

Тұтастығым, елдігім, үйім менің!

Ел қорғаған ерлерге рух берген.

Осы тілде толғады биім менің.


1-жүргізуші: Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бөлінсе, менің де бөлінгенім.


2-жүргізуші: Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Аралыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау парызым, бүгін менің.


  1. жүргізуші: Шығыстың тамаша ойшылы Баласағұни «Адамға екі нәрсе керек тегі, бірі- тіл, бірі- дінің жүректегі» депті. Десе дегендей дүниедегі ең ащы да, тәтті де тіл. Тіл дүниедегі адамзатқа ғана тән баға жетпес қасиет. Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жинаған рухани азығынан нәр алатын күретамыры да ана тілі.


  1. жүргізуші: Ана тіліміз біздің ар- ұятымыз, болашағымыз. Бойымызға ана сүтімен дарыған тілімізді қадірлеп, қастерлеу баршамыздың абыройлы міндетіміз.


3- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті әр жылдың 22- қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» деп жариялады. «Тіл тағдыры- ел тағдыры», «Тіл- ұлттың айнасы» деген қанатты сөздер тегін айтылмаса керек. Өйткені тіл арқылы ел өзінің мәдениетін, өзінің салт- дәстүрін, өнерін, ғылым- білімін басқа елдерге танытады. Адамзат тарихында көртеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің азуымен басталғаны дәлелдеп отыр.


4- жүргізуші: «Қыр- сыры көп ендігіндей даламның

Қазақ тілі- қасиетті бабамның

Мемлекеттік, егемендік әперген

Туған халқым, шексіз алғыс, саған мың!!!


5- жргізуші: Тіл- қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды, тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.


1- жүргізуші: Д-4 тобының орындауында «Ананың тілі» әні.


2- жүргізуші: «Жвқсы сөз- жарым ырыс» деген ата- бабаларымыз жаман сөзді айтуға тыйым салған. Ал жөн- жоралғыларды, жақсы- жаман ырымдарды естіп көрмеген, мектепте олардың бәрін ескінің қалдығы деп жирендірген соң, бүгінгі ұрпақ 7 атасын, тегінің кім екенін білмегенді былай қойып, ана тілімізде сөйлеу артта қалушылық деп ұқсты- ау!


  1. жүргізуші: Сықақ: «Шала қазақ»

Дана: Бейбіт елде болмаса да қатал күн,

Бейқам жүріп «шала қазақ» атандым.

Арғы тегін анық білмей атамның,

Ар намыссыз «шала қазақ» атандым.

Қасиетін қадірлемей самалдың,

Қас надандай «шала қазақ» атандым.

Мағынасын түсіне алмай мақалдың,

Масқара боп «шала қазақ» атандым.

Құса болып құстым, талай қақалдым,

Бәрбір де «шала қазақ» атандым.

Өз баласы қалай болам Отанның,

Өз үйімде «шала қазақ» атандым.


Арузат: -Ұят болар, «шала қазақ» атанба,

Жүрген жоқсың, алыс елде, жапанда.

Осы менің саған айтар ақылым,

Осы менің саған берер батам да.

Әкең- қазақ, шешең- қазақ, қарағым,

Сен де ұлысың мынау дархан даланың.

Әр халықта ұлттық намыс деген бар,

Оны биік қасиет деп санаған.

Жеті атаңды, руыңды білмейсің,

Үлкен сөзін құлағыңа ілмейсің.

Әкеңменен әңгімеге зауқың жоқ,

«Мен бильмес» деп, тілді бұрап күрмейсің.

Жауап қаттың маған орыс тілінде,

Таласым жоқ, болар сенде білім де,

Басқа тілді білген жақсы, бірақ та,

Таза сөйле өз анаңның тілінде.

Жас адамсың, басқа сенің мінің жоқ,

Менің сенен жасыратын түгім жоқ.

Отан, Ана, Ана тілің- үш анық,

Осыларсыз болашақта күнің жоқ.


Хор: «Тілеймін саған, туған елім»


  1. жүргізуші: Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес, ал сөз өнеріне келгенде мүлт жібермейтін халықтың бірі. «Өнер алды- қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Тіл қылышттан өткір» деп тегін айтылмаған Әр топтан 1 оқушыны «Мақал- мәтел сайысына» шақырамыз. Мақалдардың тақырыбы, тіл, сөз өнері туралы болмақ.


  1. жүргізуші: Д-4 тобы оқушы Тұрағұлова Жанеркенің «Ана тілім- баба тілім» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.


3- жүргізуші: -Менің тілім қайыршы емес, қаңғыбас,

Тілім тұлпар- қуған жерге шалдырмас.

Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,

Жер иесі- менің тілім мәңгі жас.


4- жүргізуші: Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тілі- арым, иманым

Аманат, саған, аманат!- деген Мұзафар Әлімбаев ағамызға мына өлең жолдарымен жауап қайтарып, жиынымызды аяқтағымыз келеді.


Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров13
Номер материала ДБ-396502
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх