Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыРазработка внеклассной работы на тему "Сынып көшбасшысы"

Разработка внеклассной работы на тему "Сынып көшбасшысы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Сынып көшбасшысы»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін тереңдету, ойлау қабілеттерін дамыту, жыл бойы алған білімдерін қорытындылау.

Сабақтың міндеттері:

А) Оқушылардың білімдерін тиянақтай отырып, алдағы уақытқа бағыт бағдар беру.

Ә) Оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабылдау, сөздік қорын дамыту.

Б) Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге,  көшбасшы болуға тырысуға, көп оқуға, ізденімпаздыққа, белсенді болуға  тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын түрлері, сайыс түрлері, көреремендер  сайысы.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, карточкалар, белгілер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тыныштандыру, жарысқа қатысатын оқушылардың дайындығын тексеру, жанкүйер ретінде топтарға бөлу.

Жарыс 4 турдан тұрады.

1-тур. «Бәйге»

2-тур. «Көкпар»

3-тур: «Көрермендер сайысы»

4-тур «Жеті жұрттың тілін біл»

5-тур. «Дода»

 

1-тур «Бәйге»

Бәйге турында 12 ұяшықтан тұратын сұрақтар беріледі. Әрбір сұрақтың тиісінше ұпайы болады. Сұрақ таңдаған оқушы жауап бере алмаған жағдайда мүмкіндік келесі оқушыға беріледі.

Заттың биіктігін қалай табады?  ( Енін, ұзындығын, биіктігін көбейтеді)

Ташкенттен 75 км жердегі Қауыншы және Шыназ жерінде жерленген би кім? Әйтеке би

Бір маусым тіршілік ететін өсімдіктерді не деп атайды? Біржылдық

Заттың құнын қалай табады?  Бағасын санына көбейтеді

Ылғалсүйгіш өсімдіктерді ата? Иваншай , құртқашаш, сәлбен, беде

Менің атым Қожа әңгімесінің авторы? Б.Соқпақбаев

Халықаралық құстар күні қашан? 1 сәуір

Ойлаған саннан 94 –ті азайтқанда 168 қалды.Ойлаған санды тап. 262

Бейнесұрақ

2-тур. «Көкпар»

Көкпар турында 1 минуттың ішінде  әр түрлі пәндерден сұрақтар қойылады.
 Әрбір дұрыс жауапқа
10 балл.

1.     .Сақ, ғұн деген ненің атауы?  (Тайпа атауы)

2.     1628-1723 жылдары өмір сүрген «жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан жеті бидің бірі (Әнет баба)

3.     .Жебе деген не? (садақ оғы)

4.     .Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқандәстүрлі сөз өнері (шешендік сөз)

5.     .Ұлы жүздің бас биі (Төле би)

6.     -нші,-ншы, -ыншы, -інші жұрнақтары қай сан есімге жалғанады? (реттік)

7.     Дұрыс сөйлеудің үлгісі болатын  тілдің  стилі? (әдеби тіл)

8.     .Сөйлеу мәдениеті деген не? (дұрыс,орынды сөйлеу)

9.     .Орта жүз биі (Қазыбек би)

10. Кіші жүздің бас биі (Әйтеке)

11. Ақындар өнерлерін  жарыстырып, сөз сынасатын халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. (айтыс)

12. .Қорқыт, Жиренше шене, Алдаркөсе  ауыз әдебиеттің қандай түрінде кездеседі? (аңызда)

13. .бала ер жетіп, жеке үй болып, бөлек шыққанда  ата-анасы беретін мал-мүлік. (енші)

14. .жасөспірім алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде не деп аталады? (тоқымқағар)

15. .Жұмбақты шеш:

Кетер ұшып күзде,

Күдеріңді үзбе

Көктем шыға  қайта

Қауышады бізге (ләйлек)

16. .Өркенің өссін әңгімесіндегі әдепті қыздың есімі (Данагүл)

17. .Мал бағу, астық, көкөніс, жеміс- жидек өсірумен айналыстан орын (фермер қожалығы)

18. .Киіз үйдің қабырғасы не деп атайды? (кереге)

19. .Жүннен басылған еденге арналған төсеніш (текемет)

20. .Тұрмыс заттарын салып қоюға арналған оюлы киіз қалталарды не деп атайды? (аяққап, кесеқап)

21. .Сырға, сақина, жүзік, білезік қандай бұйымдарға жатады? (зергерлік)

22. .Мамандық иелеріне арналған мерекелерді  не деп атайды? (кәсіптік)

23. .Құттықтау сөздерде көбінен қолданылатын белгі (леп белгісі)

24. .Дауыссыз үнді дыбыс дыбыстарды ата  (р,л,м,н,ң.й,у)

25. .Қатаң дауысссыздар қатарын ата (п,ф,қ,к,т,с,ч,ш,щ,ц,)

26. .Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын ата (б,в,г,ғ,д,ж,з,)

27. .Көпше түрдің ІІ жағын атаңыз (сендердің)

28. .Егістегі астық, бау-бақша жиналып біткеннен кейін жасалынатын той (қырман)

29. Ежелгі қалалар орнын зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізетін адам (археолог)

30. .Сақ жауынгері алтын адам қайдан табылды? (Есік қаласынан)

31. .Жібек тасымалдайтын жол (Ұлы Жібек жолы)

32. Абайдың әкесі (құнанбай)

33. Авторы кім?

Адамдық борыш ат үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт берем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін   (Ш.Құдарбердиев)

34. Қырдың жас түлегі кім туралы әңгіме? (Ш.Уәлиханов)

35. .Қоңыр қозыға кімді теңейді? (Мұхтар Әуезов)

36. .Төрт жастағы бүркітті не деп атайды? (тастүлек)

37. Мысойған әңгімесі кім жайлы? (Қ.Сәтпаев)

38. . Мұхтар Әуезов әкесі кім?   (Омархан)

39. .Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)

40. .Арыстан баб кесенісі қай қалада орналасқан? (Отырар)

41. .Қарахан кесенесі қай қалада орналасқан?(тараз)

42. .Тараз қаласынан 15-18 километр қашықтықта орналасқан  ежелгі құрылыстарды ата (бабаша әже, Айша бибі)

43. .Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні (16желтоқсан 1991ж)

44. .Қазақстанда балалар туралы заң қашан қабылданды? (2002ж)

45. .Қазақстанның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

46. .Еліміздің заң шығарушы органы (парламент)

47. Еліміздің атқарушы билік органы (үкімет)

48. .Түбірге  жұрнақ  қосылу  арқылы  жасалған  сөзді  не деп атайды. (туынды)

49. .Сары  ләйлек ертегісінің басты идеясы... (Халыққа ортақ игілік)

50. .Өркендерің өссін, Құдай тілеулеріңді берсін!-кімнің берген батасы? (Төле би)

51. Жеңіл кимей, жамыла салған сырт  киім. (желбегей)

52. . «Өнерсіз, білімсіз болады ақыл тұл» деген қай шығармаға сәйкес? (Мысойған)

53. .Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол...деген қай шығармадан үзінді? (таза бұлақ)

54. . Біздің мемлекетімізді кім басқарады (Президент)

55. .Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қашан сайланды (1991ж желтоқсан)

56. .Тудың авторы кім? (Ниязбеков)

57. .Елтаңбаның авторы кім? (Мәлібекұлы, Уәлихан)

58. .Әнұранның сөзін жазған кім (Нәжімеденов, Назарбаев)

59. . «Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы » жарлыққа қашан қол қойылды? (7 мамыр, 1992ж)

60. .Қазақстанда бейбіт қимылдармен айналысатын Орталық Азия батальоны қашан құрылды? (1995ж)

61. ..Қазақ  хандығы қашан бірікті? (15 ғасырда)

62. . «Жеті жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)

63. Қазақ хандығының ең басты жауы кімдер еді? (Жоңғарлар)

64. .Қазақстандағы ақ күрішті аймақ  (Қызылорда)

 

 

 

3-тур:Көрермендер сайысы

 

Қазақстанның Конституция күні қашан?  (30 тамыз)

Гагарин  бірінші сапарында ғарышта неше минут болды?  (108минут)

Сиыр малының пірін, атасын кім деп атайды? (зеңгі баба)

Қазақстандағы ең ірі көл (Балқаш)

Ең кіші 4 таңбалы сан (1000)

9санының  квадраты нешеге тең? (81)

Ең биікте жүретін және ең жеңіл бұл (Шарбы бұлт)

Компьютердің негізгі бөліктерін атаңыз (Тышқан, монитор,пернетақта,процессор)

Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз (анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

Жердің серігі (Ай)

4-тур.Жеті жұрттың тілін біл.

Бұл турда сұрақтарға жауап бере отырып, оларды орыс және ағылшын тілдеріне аудары қажет. Әрбір аудармаға 10 ұпай.  Дұрыс жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудармаларын дұрыс тапса 30 ұпай, ал 1 тілге ғана аударса 20 ұпай, тек жауабын тапса 10 ұпай беріледі. 

100-150 жыл өмір сүретін қандай ағаш? Қайың

Жапония мен Францияда қандай  жануардың ескерткіші бар? Бақа

Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы

Алады одан қан құйып,

Емге шипа бұл дағы?            Бұғы

Ертіс, Есіл, Нұра бұлар ненің атаулары?  Өзен

Өзінің сыбдырынан да қорқатын, сужүрек аң    Қоян

Мысықтың  ұстап жейтін жануар не?  Тышқан

Қазақстанның туында қандай құс бейнеленген?  Қыран

Есік қаласына табылған сақ жауынгерін қалай атайды? Алтын адам

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. Бұл не?   Қар

 

5-тур. «Дода»

Дода  турында  әр түрлі жалпы тақырыптар беріледі, әр тақырыпқа сай өзінің 5 сұрағы болады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балл.

Туыстар:

Сенің әкеңнің  қарындасының   баласы саған кім болдады? (жиен)

Құда деп кімді айтамыз? (қы бен жігіттің әкелерін айтады)

Сенің  анаңның ағасының баласы саған кім болады? (нағашы)

Адамның неше жұрты болады? (3жұрты, нағашы, өз, қайын)

Бөле деп кімді айтады? (Апалы-сіңлілердің балаларын)

 

Жануарлар

Дүниежүзіндегі ең үлкен жануар (кит)

Дүниежүзіндегі  ең кішкентай құс (колибри)

Суда да, құрлықта да өмір сүретін жануар (бақа)

Энцефалит ауруын тудыратын жәндік (кене)

Ұша алмайтын құс (түйеқұс)

 

Өсімдіктер

Жердегі ең ұзын ағаш  (Эвкалипт)

Жердегі ең жуан ағаш (баобаб)

Тамыры 20 метрге дейін жететін шөптесін өсімдік (жантақ)

Суда тіршілік ететін өсімдіктер  (балдырлар)

Аязға төзімді өсімдіктерді атаңыз  (бидай, арпа, сұлы)

Әйгілі адамдар

Әлемнің 12 тіліне аударылған «Абай жолы» романын жазған кім? (Мұхтар Әуезов)

Ашу деген ағын су, ақыл-деген  дария  деп  жырлаған  кім? (Әйтеке би)

Үш жүздің басын біріктірген ұлы хан (Абылай хан)

Қазақтың алғаш мектеп ашып, шәкірт оқытқан ұстазы (Ы.Алтынсарин)

Араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасаған ғалым  (А.Байтұрсынұлы)

 

Қорытынды

Сөз  әділқазыларға  беріліп, қорытынды ұпайлары саналып, жеңімпаз оқушы жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

   ХХІ  ғасыр  көшбасшысы

                    сыныпішілік  интелектуалдық  сайысы

 

 

 

Сынып: 3 «А»

Өткізген: Карсибаева А.Н.

 

 

 

 

 

 

 

Ерейментау 2015

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка внеклассной работы на тему "Сынып көшбасшысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 310 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 580
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карсибаева Айман Нургаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карсибаева Айман Нургаликызы
    Карсибаева Айман Нургаликызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6477
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1156 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 27 регионов

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе