Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Разработка воспитательного часа на тему « Әдептілік әліппесі » во 2 казахском классе

Разработка воспитательного часа на тему « Әдептілік әліппесі » во 2 казахском классе


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_7a345b84.gifӨткізген: Агайдарова Г.М.,

Ембі қалалық №2 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: « Әдептілік әліппесі ».

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді

сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, жақсы қасиеттерді

бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.

Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата

отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным

белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Сұлулық тәрбиесін бала бойына сіңіру барысында

ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерімен ұштастыру

яғни кешенді тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар, тақырып жазылған

плакат, слайдтар, нақыл сөздер, суреттер, топтастыру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Не істеуге болмайды?

III. Не істеу керек?

IV. Не деу керек?

V. Психологиялық тренинг.

VI. Проблемалық жағдаяттар

VII. Өлең жалғасын тап.

VIII. Қорытынды бөлім. (Топтастыру)

IX. Үйге тапсырма.

I. Ұйымдастыру бөлімі.

1) Сәлемдесу.

2) Психологиялық даярлық.

Үлкенге де "сіз",

Кішіге де "сіз",

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен "біз".

Мұғалім: Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы сендер, оқушылар үшін әдептілік.

"Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан"- деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.

Ол-біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әрекетттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде,

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

"Әдептілік әліппесі" өлеңі. ( Өлең түсіндіріледі )

-Сұрақтар қойылады.

ІІ. Не істеуге болмайды? (кеспе қағазда жалғастыр)

1. Үлкендердің алдын кеспе...(өтуге болмайды)

2.Кішкене баланы...(жылатуға болмайды)

3.Қыз баланы...(ренжітуге болмайды)

4.Сабақтан...( кешігуге болмайды)

5.Сыныпта...(айғайлауға болмайды)

6. Дөрекі, жаман сөз...(айтуға болмайды)

III. Не істеу керек?

1.Үлкен кісіні...(сыйлау керек)

2.Үлкеннің тілін...( алу керек)

3.Үлкендерге...(сәлем беру керек)

4.Кішілерге...(қамқорлық жасау керек)

5.Аналарды...(сыйлау керек)

6.Әкелерді, аталарды...(құрметтеу керек)

IV. Не деу керек? (Орны ауыстырылып қойылады, дұрыс жауапты табу керек)

-Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не айтып барып жеу керек?

Рахмет апа, деу керек.

-Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, не оған ағат сөз айтсаң не деу керек?

Кешіріңіз, деу керек.

-Әжең сенің үстелге,

Қант,кәмпит қойды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?

Рұқсат па, деу керек еді

V. Психологиялық тренинг

«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.

Ең алдымен мен бастаймын. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз....қайырымды баласыз». Әрі қарай балалар өздері бір-біріне жалғап жүрекшені беріп бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

VI. Проблемалық жағдаяттар

Оқу жылы басталды. 2-ші сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен I-тоқсанда жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді.Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден,басқа сабақты тағы басқалардан ұқыпты әдемі етіп көшіріп алып жүрді.Әкесі Арманның күнделігін қарап, бақылап жүрді. Бағалары дұрыс. Арманның әкесі уәдесінде тұрып тоқсан аяқталағанда велосипедін алып берді?

Кімдікі дұрыс? Келісім шарттары дұрыс па?

-Нәзипа әжей дүкеннен келе жатты. Қолында ауыр сөмкесі бар. Бір кезде «Әй, балам-ай маған көмектесші!» -деп сөмкесін көтерісуін өтінді.

-Не істер едіңіздер?

VII. Өлеңді жалғастыр

Ғылым таппай мақтанба...

Өлеңді жалғастыр.

Кімнің өлеңі?

Бес асыл іс дегеніміз не?

Бес дұшпан дегеніміз не?

VIII. Қорытынды бөлім.

"Әдептілікті" топтастыруScreenshot_2016-01-22-09-28-34.png











Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

IX. Үйге тапсырма.

Әдептілік туралы 10 мақал жаттап, жазып келу.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров80
Номер материала ДВ-376876
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх