Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыРазработка воспитательного часа на тему "Өрт - тілсіз жау"

Разработка воспитательного часа на тему "Өрт - тілсіз жау"

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

№ 2 Жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

Тақырыбы: ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қаласы, 2011 жыл.

 

Өрт – тілсіз жау

Сабақтың мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. От та алапаттардың бірі. Сондықтан одан сақтанудың жолдарын үйрету. Өрттің табиғатқа, адамдарға әкелетін зардабын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Ал тамақ ішпесек, бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз де жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді, отты жер деп бекер атамаған.

Отты жер – қуатты жер. Мал біткенге күш-қуат беретін жер. От болмаса, үйдің берекесі кетеді. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін – отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Бәленше ауылда бәленше түтін бар деп үй санын оттан шығатын түтінмен теңестірген. «Түтін түтетіп отыр» деген сөздер де осыдан қалған. «От басына өрт салма» дегендегісі бір үйлі отбасында шу шығарма дегені болады.

Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмай қалады. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн сияқты. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе сауатсыздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қалып жатамыз. «Сақтағанды құдай сақтайды» деген нақыл сөз бар. Сондықтан біз өрттің басталғанын кейде кейін емес, басталмағанына дейінгі жұмыстарды тындыруымыз керек-ақ. Яғни, өрттің шығу тетіктерін зерттеп, болдырмауға барлық білік-дағдыларымызды жұмсауымыз керек».

2. Әдеби монтаж

1-оқушы: От жақпа, күйерсің,

                  Өртеніп жүрерсің.

                  Сіріңкені ұстасаң,

                  Бәлеге сен түсерсің.

2-оқушы: Оттың ісі қуырмақ,

                   Желдің ісі суырмақ.

                   Қазір жанған жалынды,

                   Алып-ұшып қуаламақ.

1-жүргізуші: Газ - ережесін жаз.

Ас үйге ең бірінші сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс-тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыптыап ұстап, жаға білуіміз керек. Газ плитасын таза ұстау керек. Қажеті жоқ кезде газдың баллонында тұрған репродуктордың тетікшесін жабу керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалғандай болса, газ бөлімшесінен арнаулы мамандарды шақырған дұрыс.

2-жүргізуші: Электр. Ол да кезекті күтіп тұр. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр. Электр – жарық көзі. Электр – жылу көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін.

1. Электр приборларын уақтылы өшіру, яғни электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.

2. Электр жүйесін бақылау. Залалданған жерлері болса, мамандарды шақыру.

3. Рұқсат етілмеген жерлерде электр жүйесін жүргізбеу.

«Сіріңкемен ойнама, балақай»

1.     Күлімдеп келген көктемге,

Құшағын ашты кең дала.

Күн шұғыласын төккенде,

Балбырап кетті жер-ана.

2.     Жаз да келді сағынта,

Жер-жаһанды қаңсыта.

Іші пысқан балалар,

От жақты шөпті бықсыта.

3.     Бықсып жанған от енді,

Алып-ұшып жөнелді.

Өшірем деп ұмтылған,

Балаларға көнбеді.

4.     Бұзылды елдің ұйқысы,

Тыйылды ойын-күлкісі.

Құлынынан айырылып,

Шұрқырыды жылқысы.

5.     Егіедерді өрт шалды,

Көңілдерді дерт алды.

Қарасын ба қатал от,

Қапа қылды қарттарды.

6.     бұл әуелден жай анық,

шын алапат таянып.

Егін қорғау жолында,

Қалмады ешкім аянып.

7.     Жанып жатты ормандар,

Құлап жатты қорғандар.

Жүрді күн-түн от кешіп,

Өрт майданда болғандар.

8.     Жан азамат қозғаған,

Шейіт болды боздақтар.

Күңіренді тау мен тас,

Ана біткен боздаған.

9.     Кетті елден береке,

Ұмыт қалды береке ...

«Ұғып алғын» балақай,

Бұзақыны іздеме!

1-жүргізуші: Міне, кейбіреулердің шалалығынан өзгелер қаншама зардап шегеді. Сондықтан өрттің алдын алу керек. Ал егер басталған болса, ондай жағдайда сасып қалмас үшін, даярланған дұрыс.

Өрт жаңадан басталғанда, сумен өшіреді. Кей кезде құм сеуіп, өшіреді. Қурайлар жана бастағанда, басқа жердің қурайын аршып тастаған дұрыс.

         2-жүргізуші: Ал адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап. Сеуіп өшіреді. Қасындағы адам қалың матамен орып, отты тұншықтырып өшіреді.

         1-жүргізуші: Газ плитасы тұрған бөлмені жиі-жиі желдету керек. Егер газдың күлімісі иісін сезгендей болса, сіріңке жағуғу да, электр жүйесіндегі лампаны жағуға да болмайды. Тек үйдің есік-терезесін ашып, желдету керек.

         2-жүргізуші: Электр приборларының бықсып жанған күлімсі иісін сезгенде, оны тез арада құрғақ ағашпен электр өткізгішінен жұлқып ажыратады.

         1-жүргізуші: Енді отқа байланысты айтылған мақал-мәтелдерді еске түсірейік.

         Мақалдар:

-         От басынан өрт салма.

-         Ойын түбі - от.

-         Отпен ойнама, күйесің.

-         Отын жеген шөп болар,

Жинай берсең, көп болар.

-         От жақпа, пісерсің,

Ор қазба, түсерсің.

-         Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

-         Отты жаға алмаған көсеуін өртейді.

Қорытынды:

Сонымен, біз бүгін от пайдасы мен оның қаупін естіп білдік. Өрт қауіпсіздігін еске түсіріп, білімімізді жаңғырттық.

 

1. Көшелер мен  жолдарда жүру ережелерін, қауіпсіздік тәртібін қатаң сақтау

2. Жол үстінде немесе жолға жақын ойнауға болмайды. /футбол,  т.б.ойындар/

3. Бұзылған үйлерге, құрылыс объектілерге жақындамау.

4. Электр құралдарын пайдалану, өрттен сақтану ережелерін қатаң сақтау.

5. Кешкі сағат 2000 кейін  көшеде жүрмеу.

6. Ата-ананың рұқсатынсыз көлге,көл маңына, басқа ауылдарға бармау.

7. Ата-анасыз транспортпен жүрмеу.

8. Бөтен адамдар шақырса бармау.

9.Темір жолдан өту үшін тек қана, белгі қойылған жерден өту. Ол жерден өту үшін 2 метр қашықтықтан тұрып оң және сол жаққа қарап поезд келе жатпаса өтуге болады. Егер поезд жақын келе жатса ол жерден өтуге болмайды. Тоқтап тұрған вагондардың арасынан, астынан өтуге болмайды. Адам тасымалдаушы поездға,тек ол тоқтаған кезде  отыру керек.

Темір жол маңында ойнауға болмайды.

10. Көшеде жатқан темір, сымдарды т.б заттарды рұқсатсыз алмау.

11.Құс тұмауының таралуына байланысты көшеде өлген құстарды ұстамау,құс тұмауына б/ты сақтық шараларын әркез есте сақтау

12. Туберкулез ауруының алдын алу  шараларын білу, ескерту.

13. .Тұмаумен т.б ауру белгілері анықталса дәрігерге дер кезінде көріну.

14. Ауылдың  би кешіне бармау.

15. Күзгі демалыс кезінде баланың  өмір қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка воспитательного часа на тему "Өрт - тілсіз жау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 925 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2016 551
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камарова Кайнылкаят Тауекеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4181
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 755 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе