Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Разработка "«Жаңа педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде»"

Разработка "«Жаңа педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде»"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Жаңа педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде».


Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымсыздың  тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет.

Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан-жақты болғанына не жетсін. елбасы 2030 жылға арналған бағдарламасында  жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде:

Ø  Іскерлік ойын технологиясы

Ø Проблемалық және интеграциялап оқыту;

Ø Шаталовтың интенсивті оқытуы;

Ø Дьяченконың ұжымдық технологиясы

Ø Эрдниевтің блоктап оқытуы;

Ø Деңгейлеп оқыту;

Ø Модульдеп оқыту;

Ø Дамыта оқыту технологиясы  және т.б.

Ал енді жоғарыда айтылған оқытудың педагогикалық технологияларын оқу-тәрбие процесіне біртіндеп енгізетін болсақ, онда білім сапасын арттыруға, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік болатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан да бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқантәжірибелердің басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып отыр.

Математикалық ойындар- сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандайда түрі болмасын өзіне тартады. сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттері бірдей болмайды. Сондықтан да математика сабағынада әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай  және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір-көзі – математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.“Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты” деп В.Ф.Сухомлинский  айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқырды алғырлықты дамытады.Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштасшытруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде қолдануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөліп отыр:

1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты  білім негізіндегі  тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерінде және оқулықта бар мәселелерге  байланысты құрылады.

2. Алгоритмдік деңгей.  Мұнда оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылдағын жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырманы орындауға оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.

Мен бұл әдісті өз сабақтарымда қайталау қорытынды, жинақтау сабақтарында жиі қолданамын. Әсіресе, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырумен құнды деп есептеймін.Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өзара бәсекелесе отырып жұмыс істейді.

Іс-әркеттің ең өнімдісі- 3,4 деңгей , яғни эвристикалық, шығармашылық сатылары. Бұл технология бойынша оқышының осы шығармашылық сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. Технологияның негізі де, тиімділігі де осында.

Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта оқыту, проблемалық оқытудың орны да ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қарастыратын болсақ, ол ең алдымен «Нені дамыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздестіруіміз керек.

1. Сезімін, түйсігін.

2. Қабылдауын, тұшынуын, ынтасын.

3. Зейінін, еске ұстауын.

4. Ұғынуын.

5. Ойлау, қиялдау, болжау қабілетін.

6. Ерік қайратын.

7. Оқу, іс-әрекетін, дағды, машықтарын.

8. Жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытады.

Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Оқу мазмұнының мақсатының алдын-ала қойылуы, нақтылануы оқу нәтижесін бағалаудың обьективтілігін арттырады;

2. Оқушының пәндер бойынша барылқ класстағы оқу-танымдық қызметінің мазмұны мен структурасын анықтайтын оқу процесінің жобасы жасалады;

3. Дидактикалық процестің бүтіндей берілуі іске асырылады;

4. Педагогикалық қызметтегі мұғалім мен оқышының қарым-қатынасынының, өзара түсіністігінің жаңа жүйесі қалыптасып интерактивтік әдістеме жүзеге асырылады;

5. Инновациялық қызметтің ұйымдастырылуының жаңа формасы мен оның негізгі принциптері жасалады;

6. Бұл жүйе оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып,білім сапасын тұрақтандыруы тіпті оны көтеруі де мүмкін;

7. Оқу пәнін танып-білу, оқушылардың танымдық-шығармашылық қызметінің белсенділігін арттыратын дидактикалық модуль жасалады;

8. Мұғалім- шығармашылық жұмысқа-ақпараттық дамытушы модуль жасауға төселеді.

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» деген еңбегінде былай деп жазған: «...мұғалім қандай болса, мектеп һем сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі-білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім ».

Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға қабілетті ойшыл мұғалім қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің  болашақ дамуына арналған «Қазақстан2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті қазіргі кезде алдымызға қойылған мәселелердің бірі болып табылады.

Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру оқушылардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының  бірігуіне мүмкіндік береді.  Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді.

Жалпы қарастыратын болсақ Интеграция дегеніміз-пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі оқушылардың блімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың жолы- сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша  біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

Демек, бүгінгі мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы бар салмақ мектеп айнасы болып есептелетін мұғалім иығына түспек. Мектеп, білім берусаласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже береді деп айту артық болады.

Баланы дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру- әрбір ұстаздық абыройлы борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров223
Номер материала ДВ-436879
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх