Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Разработка на тему "Қүрақтар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Разработка на тему "Қүрақтар"

библиотека
материалов

hello_html_72c3d29e.gifhello_html_m6b9be53f.gifhello_html_e3856e6.gifhello_html_m5de514c4.gifhello_html_6c03fb77.gifhello_html_7c772202.gifhello_html_m5053b691.gifhello_html_m4bdb2d66.gifhello_html_m4bdb2d66.gif

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей

Технология пән мұғалімі: Искакова Шолпан

Сыныбы: 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға құрақтан бұйым жасауды үйрету; 2. Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, үнемділікке, ұқыптылық пен талғампаздыққа тәрбиелеу;

3. Теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-сарамандық, жұмбақ сөз

Пайдаланатын құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, дайын бұйым, интерактивті тақта, мата қиындылары, қайшы, сызғыш, қалам, үлгі

Пәнаралық байланыс: математика, сурет, сызу, геометрия

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Сыныпты түгендеу

Б) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Интерактивті тақтада геометриялық пішіндер нөмірленген. Пішінді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.







-Қолдан жарықтандырудың түрлерін атаңдар

-Түстер шеңберін қандай негізгі топтарға бөледі

-Түстер адамның көңіл күйіне қалай әсер етеді?

-Балалар бөлмесінде жарықтың қандай түрлері болуы керек?

-Терезені безендіру дегеніміз не?

-Бөлмелерді безендірудегі маңызды элементтердің бірі не?

-Қамырдан жасалған өнімдер

3. Жаңа сабақ

Оқушылардың қызығушылығын ояту. «Жұмбақ сөз» ойыны. (құрақ)

Құрақты қиюласу өрнегіне қарай мынадай топтарға бөлуге болады:

-Өсімдіктерге байланысты

-Аспан әлеміне байланысты

-Тұрмыстық заттарға байланысты

-Жануарларға, құстарға, құрт-құмырсқаға байланысты

-Геометриялық пішіндерге байланысты

Бұл құрақтардың барлық түрлері геометриялық пішіндерді түрліше қиюластырып, түрлендіру арқылы құралады. Ертеде әже-апаларымыз ешқандай арнайы сызуды оқымай-ақ геометриялық пішіндерді пайдаланып, аса дәлдікпен сан алуан өрнек салып, құрақ құраған. Қазақ халқында әрбір өрнектің, әрбір түстің символикалық, яғни заттық мағынасы болады. Мысалы: мүйіз оюы құрағын тікелей малмен байланыстырып, ұрпағым малды, жанды, дәулетті болсын деген ырыммен құраса, тырна қатар құрағын құстармен байланыстырып, ұрпағым ауызбіршілікте болып, төртқұбыласын танитын көзі ашық, еркіндікте болсын деген ырыммен құраған. (Мүйіз, тырна қатар өрнектерін буклеттен көрсету). Оқушыларға түстердің мағынасын айтып өту. Ертеде жоқшылықтан пайда болған құрақ құрау өнері бүгінгі күні өз маңызын жойған жоқ, қайта түрленіп, заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Қазіргі кезде құрақтан сәнді сөмке, сувенир, панно, әмиян, жиһаз жапқыштар дайындалады. Құрақ құрау 2 мақсатты көздейді: 1-ден мата қиындаларын іске асырып, кәдеге жарату, адамды үнемділікке үйретеді; 2-ден мата қиындыларынан бұйым жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелеп, адамның ой өрісін, қиялын ұштайды.

Құрақ құрау үшін ең алдымен сызбанұсқа дайындаймыз. Сызбанұсқа бойынша түсіндіріп өту.

ҚҰРАҚ – 1.Қажеттілік 2. Материалдың жеткілікті болуы 3. Бөлшектерді біріктіру технологиясы жас ерекшелігіне сай 4. Жасалуы қызықты, көркем 5. Денсаулыққа зияны жоқ 6. ҚЕ еңбек ету 7. Экономикалық шығыны аз

Сергіту сәті: Жұмбақ шешу ( интерактивті тақтада жұмбақ жазылған, егер жауабы дұрыс айтылса, суреті шығады)

1.Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)

2.Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген (ине-жіп)

3.Кішкене өзі, мың көзді (оймақ)

Осы жұмбақтардың жауабына мақал-мәтел табу.

Ине, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі сақталатын ҚЕ еске түсіру.

4.Сарамандық жұмыс

Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.

Қорытындылау.

Графикалық сынақ хат ( иә___ , жоқ )

. . . . . . . .

1 2 3 4 5 6 7 8

  1. Құрақ өрнегінің сызбасы алдымен қағазға түсіріледі.

  2. Мата қиындылары қалың, жұқалығына байланысты іріктелмейді.

  3. Мата қиындылыларының әуелі шеткі бөліктерін біріктіріп алады.

  4. Тігіске 0,5-1см қосымша қалдырып қияды.

  5. Үлгіні матаның оң бетіне қойып сызады.

  6. Өрнекке геометриялық пішінде үлгі қағаз дайындалады.

  7. Мата бөлшектерінің симметриялылығы- құраққа қойылатын негізгі талап.

  8. Үлгіні матаға арқау жіптің бағытымен қояды.

Бағалау.

6. Үйге тапсырма беру: қол тігіс түрлеріне реферат жазу.




























































Краткое описание документа:

«Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде» дейтін қазақтың қолөнерінің ертеден келе жатқан бір түрі, төл өнері – құрақ құрау. Қалған маталардың қиындысын жарамсыз етіп тастауды ысырап деп біліп, бір кәдеге жаратудың есебін тапқан. Мата қалдықтарын бір-біріне жалғап тігу арқылы құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Біздің халық үшін құрақтың маңызы, қасиеті «Құдай құрастырсын» деген ырымға саяды. Бұлай болуының себебі, бұрынырақта өмірге әкелген перзенті шетіней берген ерлі-зайыптылар ел ішінде мата қиындысын жинайды. Оларды бір-біріне жалғап, құралған матадан жас нәрестеге «құралсын, көбейсін» деген ырыммен көйлек тігеді. Көйлекті астарлап, етегін қайырмай, «сілекей» күйінде қалдырған. Киімнің етек-жеңін көктемеген күйде «сілекей» етіп қалдыруының сыры – нәрестенің соңынан тағы бала ерсін деген тілекті білдірген. Осы ырымның әсері болса керек, жас шаңырақ иелеріне сыйлаған дүниенің басым бөлігі құрақпен әсемделеді.

Автор
Дата добавления 29.01.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров330
Номер материала 348375
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх