Инфоурок География Рабочие программыРазработка по географии на тему "Ресей Федерациясының ауылшаруашылығы мен көлік географиясы"

разработка по географии на тему "Ресей Федерациясының ауылшаруашылығы мен көлік географиясы"

Скачать материал

 

Оңтүстік Қазақстан облысы   Ордабасы ауданы

"Шұбарсу" жалпы орта мектебі мемлекеттік

коммуналдық мекемесі

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Ресейдің ауылшаруашылығы мен көлік географиясы

 

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=ff9d49c9b6189e4b10705551181dcf20&n=21

 

География пәні мұғалімі:Туечиева Ивагүл Қадірқызы

 

 

 

 

Шұбарсу-2015

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтілетін уақыты: 9.04.2015 жыл

Сыныбы : 10 "Е"

Өтілетін орны: 22 В

 

Сабақтың тақырыбы: Ресейдің ауылшаруашылығы мен               көлік географиясы

 

Сабақтың мақсаты: Шаруашылықтың алғашқы саласы туралы түсініктерін нығайту, ауылшаруашылығының басқа салалардан айырмашылығын үйрету, өсімдік шаруашылығының салаларымен таныстыру, экономикалық есептер шешуді үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, суреттер, атлас, кескін карталар, ноутбук, презентация

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, математика, физика, химия, қазақ тілі мен әдебиеті,экономика

 

Сабақ  түрі: Аралас сабақ

 

Сабақ  типі:  Жаңа білімді меңгеру сабағы

 

Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: баяндау,талдау,пікір алысу,сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, тірек- сызба, тест т.б.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар білуі керек:

·        ауылшаруашылығының негізгі салаларын сипаттай білуі

·        көлік түрлерін білуі

·        карта мен жұмыс жасай білуі

Жаңа ұғымдар мен түсініктер:

v .Ауылшаруашылығының өнімі

v Өсімдік шаруашылығы

v Малшаруашылығы

v Дәнді дақылдар

v Техникалық дақылдар

v Көлік

Күтілетін нәтиже:шағын конспект, тірек -сызба, кесте, кескін карта мен жұмысы

 

Сабақ барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа дайындығын тексеру

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ø Сұрақ -жауап арқылы

o   Ресей шаруашылығының басты салалары қайсылар?

o   Жалпы ішкі өнім деген не?

o   Ресейде қанша экономикалық аудан бар?

o   Негізгі мұнай және газ кен орындары қай жерлерде шоғырланған ?

o   Туризмнің жоғары дәрежеде  дамуына кері әсерін тигізетін себептер?

 

Ø "Қатесін табу" стратегиясы. Мұнда үлестірме қағазға мәтін жазылып беріледі.Оқушылар жіберілген қатесін тауып, түзеп айту керек.

 

 

 

Үлестірме қағаз № 1

Ресейдің жер аумағы 12,7  млн км шаршы.Халқының саны жөнінен дүние жүзінде 10 орында тұрады.Ресей мұнай қоры жөнінен дүние жүзінде біріншіорыналады.

 

Үлестірме қағаз №2

Ресейдің жалпы ішкі өнімі 30 мың АҚШ долларын құрайды.(8230) Ол дамыған "Үлкен жетілік" елдерінің қатарына кіреді. Ресей дүниежүзілік калий тұзының 50 пайызын береді.

Үлестірме қағаз №3

Ресейдің металлургия саласының ең маңыздысы түсті металлургия саласы болып табылады. Ресейдің Орал комбинаттары кокстелетін көмірді Қазақстанның Екібастұз көмір бассейнінен алады. Малшаруашылығында түйе шаруашылығы кездеспейді.

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

 "Ой ояту" әдісі

§  Ауылшаруашылығының тарихына үңілу

§  Көлік географиясының тарихына қысқаша тоқталу

§  Ауыл шаруашылығына не жатады?

§  Ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті және интенсивті даму жолы деген не?

§  Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен қандай айырмашылығы бар?

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты оқуға уақыт беру.

Оқуллықтағы мәтін:

 

     Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады.

Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендері әлі де даму, өркендеу жағдайында тұр, олардың түрлі буындары арасындағы байланыстар өз дәрежесінде емес. Әсіресе өнімді өңдеу мен қызмет көрсету салалары жетілдіруді қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші әрі негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Ауылшаруашылығының басқа салалардан басты айырмашылығы — оның өркен жаюы табиғат жағдайына, агроклиматтық ресурстар жиынтығына, сондай-ақ  жер қорына тікелей тәуелді болуында. Ал Ресей жерінің табиғат жағдайы және оның мүмкіндігі сендерге жақсы таныс. Ресейдің ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның  126 млн га-сы егістік жерлер. Бұл көрсеткіштер бойынша Ресей дүниежүзіндегі дамыған елдер арасында өте жоғары орынды иеленеді. Алайда ауылшаруашылығының  даму дәрежесі мен өндірілген өнім көрсеткіштері жөнінен әлдеқайда төмен деңгейде.

Ауыл шаруашылығы екі маңызды  саладан  құралатындығын сендер білесіндер, олар:  өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 58,3%-ы тиесілі. Ал қалған 41,7%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

Бидай жинауы

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ жәнежүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Дәнді дақылдар

Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі. Астық өндіруден Ресей дүниежүзіндеҚытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай, арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық керсеткіштерге ие ("Өсімдік шаруашылығының географиясы" тақырыбын қараңдар). Негізгі өсірілетін дақыл — бидай (жалпы өнімнің 50%-ы), климатқаталдырына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.

Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20%-ын құрайды. Арпа сыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзімді өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл болып саналады. Арпа, негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдаланылады. Eгіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топырақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең таралған.

Өнім көрсеткіші жөнінен 3-орынды қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы) алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын  орман зонасы таралған аймақтардан да кездестіруге болады.

Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 8%-ы) да соншалықты күй талғамайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалсүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.

       Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық, негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга-Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань, Волга, Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.

Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасымық және қытайбұршақ өсіріледі.

Ресей үшін аса маңызды саланың бірі — картоп өсіру. Өйткені ол, ең алдымен, халыктың ежелден азық ретінде қажетін өтеп келеді, сондай-ақ мал азығы үшін және крахмал шикізаты есебінде кеңінен қолданылады. Картоп ылғал сүйгіш, алайда жылуды аса көп қажет етпейтіндіктен орман зонасының оңтүстігі мен орманды дала зонасында, сондай-ақ ірі қала маңдарында шоғырланған.

Техникалық дақылдар

Техникалық дақылдардың таралу аудандары оларды өңдейтін кәсіпорындар маңайында және агроклиматтық ресурстар мүмкіндігіне қарай орналасқан. Аса маңызды дақылдың бірі — зығыр. Сапалы талшық алу үшін аса ыстық емес, ылғалды климат қажет. Сондықтан зығыр Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батысында, Орталықэкономикалық аудан мен Алтай өлкесінде өсіріледі. Қант қызылшасы мен күнбағыс Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойында өсіріледі.

Көкөніс пен бақша өнімдері

Көкөніс пен бақша өнімдері елдің барлық бөліктерінде дерлік (қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа) өндіріледі. Жалпы өнім көрсеткіші жөнінен Орталық экономикалықаудан жетекші орында, одан кейін Орал мен Волга бойы және Солтүстік Кавказ аудандары тұр.

Бақ және жүзім шаруашылығы

Бақ және жүзім шаруашылығы, негізінен, Ресейдің оңтүстік өңірлеріне тән. Әсіресе Солтүстік Кавказ бен Волга бойына елдегі жиналатын өнімнің тең жартысынан астамы тиесілі. Ресейде өсірілетін барлық жүзім алқаптары Дағыстан мен Краснодар өлкесінде жинақталған. Жемістердің басым бөлігі оңтүстіктегі шекаралас елдерден әкелінеді. Субтропиктік жемістер мен темекі Солтүстік Кавказдың тауалды бектерлерінде, ал шай Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауында ғана өсіріледі.

Мал шаруашылығы

Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

 

Ірі қара шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында, ал етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.

Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы ірі қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейіншошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен Краснодар елкесі алдыңғы орында, одан кейінгі орындарды Орал мен Волга бойы аудандары иеленеді.

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі қой шаруашылығының негізгі бағыты — биязы жүнді қой өсіру.Жүн жеңіл өнеркәсіп салаларын аса маңызды шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте — қаракөл, солтүстікке қарай романов тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор шәлілерін тоқитын бағалы түбіт алынатын ангор ешкілерін өсіру Оралдың оңтүстігіне тән.

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықты аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені оның ең басты өнімі — жұмыртқа тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.

Жылқы өсіру

Жылқы өсіру еуропалық  бөліктің оңтүстігі мен Оралда жақсы  жолға койылған, әсіресе соңғы жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру белең алуда. Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыстағы бұғы шаруашылығы. ежелден қалыптасқан атакәсіп болып саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Орал, Алтай өлкесінің таулы бөліктеріндегі шалғындық белдеулер негізінде ерте кезден бері тұрақты қалыптасқан сала болып есептеледі. Сонымен қатар орман зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын өсіру де кең тараған. Ресейдің неғұрлым құрғақ аймақтары — қалмақ жері мен Астрахань облысында түйе өсірумен де айналысады.

Қорыта келгенде, Ресейдің ауыл шаруашылығының орналасуы мен дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Ауыл шаруашылығы салаларының аумақ бойынша орналасуы көпшілік жағдайда зоналық заңдылықтарға негізделген. Ал оның даму әрі өркендеу қарқындылығы сөз жоқ, Ресей Федерациясының экономикалық, әлеуметтік және еңбек ресурстарының өлеуетше тәуелді.

Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері

Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы,жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.

Байланыс

Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жуйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады:пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапонияменбайланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары  Мәскеумен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.

 

Оқып болғаннан кейінгі тапсырмалар:

v АӨК-ге тірек -сызба жасау

АӨК

-Ауылшаруашылықты құрал-жабдық пен тыңайтқыш пен қамтамасыз ететін салалар.

-ауылшаруашылығы

-ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп халыққа жеткізу

v "Пәнаралық байланыс" әдісі

Осы мәтінге оқушылар өз бетінше пәнаралық байланыс жасайды.

v Суреттермен жұмыс.

Күнбағыс, қант қызылшасы, бидай, картошка суреттері беріледі. Оқушылар білгендерін айтады.

Күнбағыс өсіруден Ресей дүниежүзінде бірінші орын, қант қызылшасы мен бидай өндіруден дүниежүзінде  5  орын ,картошка өнімі бойыша дүниежүзінде 3 орын алады.

Топтық жұмыс

Әр қатар өзіне бір лидер сайлайды, кейін ол лидер өз қасына екі жәрдемші таңдап берілген тапсырманы орындайды.

Тапсырма. Әр топ лидеріне бір сурет беріледі (темекі, арақ, бидайдың суреттері) Берілген суреттерді бүгінгі  тақырыппен  байланыстыра отырып , мағынасын ашу керек.

 

 

"Төрт түлік"  туралы ой қозғау

Әр төлдің атасы туралы оқушылар айтады?

Ресейде ше?-деген проблемалық сұрақ қойылады.

Қосымша мәліметтер:

Малшаруашылығында ет өнімдерінен дүниежүзінде 4 орын, сүт өндіруден дүниежүзінде 6 орын, жүн алудан 9 орында тұрады.

Көлік географиясы тарауынан жылдар мен қашықтыққа тиісті сандарды теріп жазу

1851жыл-теміржол құрылған жыл

1923жыл-әуе жолы ашылған жыл

2010 жыл-Амур автомагистралы  ашылған жыл

Қашықтық:

148 мың км-темір жол ұзындығы

86 мың км-жалпы қолданысқа ие жол

42 мың км-электрленген  темір жол

754 мың- автокөлік жолының ұзындығы

Қосымша мәліметтер:

Мұнай - газ құбырының  ұзындығы  жөнінен дүниежүзінде  бірінші  орында тұрады.

Жүк айналымы жөнінен АҚШ , Қытайдан кейін 3 орын, жолаушы айналымы жөнінен  Жапония , Қытай, Үндістаннан кейін 4 орын алады.

 

 

ІҮ. Тақырыпты пысықтап, алған білімдерін тексеру.

v Тест тапсырма орындау

1.Ауылшаруашылық өнімдерінде өсімдік шаруашылығының үлесі  %

A.   41,7

B.    32,5

C.    58

D.   58,3

2. Шаруашылықтың ең ежелгі саласы

A.   Ауылшаруашылығы

B.    Металлургия

C.    Машина жасау

D.   Кен - химия

3.Ресейде көп егілетін техникалық дақылдар?

A.    Зығыр, қант қызылшасы, күнбағыс

B.    Зығыр, қант қызылшасы , кофе

C.     Мақта, бидай,жүгері

D.   Жүзім, бидай, темекі

4.Ауылшаруашылық өнімдерінде малшаруашылығының үлесі  %

A.   43,7

B.    50

C.    48,3

D.   41,7

5. Ірі қара машаруашылығының негізгі бағыттары нешеу?

A.   2

B.    4

C.    5

D.   3

6.Ауылшаруашылық өнімдерін  шикізат ретінде пайдаланады.

A.   Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

B.    Химия өнеркәсібі

C.    Машина жасау

D.   Малшаруашылығы

7.Орынбор шәлілері тоқылатын бағалы түбіт алынады?

A.   Ангор ешкісінен

B.    Биязы-жүнді қойдан

C.    Тауешкісінен

D.   Қылшықты қойдан

8. Мүкті - қыналы жайлымдар пайдаланылады?

A.   Түйе шаруашылығына

B.    Қой шаруашылығына

C.    Жылқы шаруашылығына

D.   Бұғы шаруашылығына

9.Башкирия мен Қиыр шығыста дамыған малшаруашылығы?

A.   Бұғы шаруашылығы

B.    Қымбат бағалы аңшаруашылығы

C.    Қой шаруашылығы

D.   Омарта шаруашылығы

10.Сыртқы саудада жетекші көлік түрі?

A.   Теңіз

B.    Теміржол

C.    Әуе

D.   Автокөлік

11.Ресейдегі ең алғашқы темір жол құрылған жылы?

A.   1851 ж

B.    201о ж

C.    1923 ж

D.   1917 ж

12.Өзен көлігіндегі басты аймақ?

A.   Обь-Лена

B.    Енисей-Индигирка

C.    Орал- Волга

D.   Волга - Кама

13.Ресей , Қазақстан , Қытай арқылы өтетін халықаралық  тас жолы?

A.   Байкал- Амур магистралі

B.    Батыс Сібір-Оңтүстік Сібір

C.    Орынбор-Шанхай

D.   Батыс Қытай-Батыс Еуропа

14.Көліктің ең қымбат түрі?

A.   Әуе көлігі

B.    Темір жол

C.    Теңіз көлігі

D.   Құбыр көлігі

15.Ресейде әуе жолының ашылған жылы?

A.   1923 ж

B.    1851 ж

C.    1945ж

D.   1941 ж

v Есептер шешу

1.Реседің ауылшаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның 126 млн га егістік жерлер.Жарамды жердің қанша пайызын егістік жер алып жатыр?

2.126 млн га егістік жердің 56 пайызы дәнді дақыл егілсе, қанша аумағын алып жатыр?

3. Ресейдің жалпы жер көлемінің 13 пайызы ауылшаруашылығына жарамды жер , ол қанша шақырым шаршы жерді алып жатыр?

Ү. Үйге тапсырма беру , бағалау

Оқулықтағы 299 беттегі "Дәптермен жұмысты" орындап келу.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по географии на тему "Ресей Федерациясының ауылшаруашылығы мен көлік географиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді.  Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де  қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 328 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2015 1814
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туечиева Ивагуль Кадировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туечиева Ивагуль Кадировна
    Туечиева Ивагуль Кадировна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 104519
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 428 человек

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека