Инфоурок / Химия / Конспекты / Разработка по химии на тему "Д.И.Мендеелевтің периодтық заңы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Разработка по химии на тему "Д.И.Мендеелевтің периодтық заңы"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы.

8-інші сабақтар тақырыбы:       Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы.

Оқыту мақсаты:             Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.

Құрал – жабдықтар:          Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі.

Тірек білім мен біліктер:   Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Периодтық заң,электрондық  қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.

1.      Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.

2.      Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?

3.      Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?

4.      Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?

5.      Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.

Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.

Белгілері

Периодтар

кіші

үлкен

Период нөмірлері

1,2,3

4,5,6,7

Элемент саны

2 және 8

18 және 32

Қатар саны

бір

екі

Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады.  Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.

Период бойынша элементтер қасиеттерінің  өзгеру ерекшеліктері

Металдық қасиеті тез кемиді

Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)

    Жаңа тақырыпты оқыту. Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің  топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.

    Жоғары  оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.

    Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.

    Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады.    Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.

Қасиеттер

Өзгерістер бағыты  

Негізгі топшада

Периодтарда

Металдық

өседі ↓

өседі ←

Бейметалдық

өседі ↑

өседі →

Оттек бойынша валенттігі

тұрақты,топ нөміріне сәйкес

1-ден 7-ге дейін өседі

Сутек бойынша валенттігі

тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең

4-тен 1-ге дейін кемиді

Ядро заряды

өседі ↓

өседі →

Салыстырмалы атомдық массасы

өседі ↓

өседі →

 

Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:

1.      Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.

2.      Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.

Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:

1.      Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;

2.      Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);

3.      Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;

4.      Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;

5.      Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;

6.      Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;

Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:

1.      Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы  элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?

2.      Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.

3.      Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы  элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4.      Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

5.      ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?

6.      Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?

7.      Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?

8.       Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың  сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?

9.      Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?

10.  Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?

11.  Реттік нөмірі 12, 13,  және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?

12.  Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

 



Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Периодтық  жүйе  мен периодтық  заңның  құрылымын  теориялық  негіздеу;

Тәрбиелік :Элементтер  қасиеттерінің  периодты  өзгеруінің  себептері  туралы  білімді  тереңдету; период  нөмірі,  топ нөмірі, элемент туыстары түсініктерінің  физикалық  мәні  туралы  оқушылар  білімін  тереңдету; оқушылардың  элементтердің  периодтық заңы  мен  периодтық жүйесі  туралы  білімін  жүйелеу мәнін қолдануды үйрету;

Дамытушылық: Сабақта оқушылардың ақпараттық мәселелені шешу құзырлығын қалдыптастыру арқылы өзіндік жұмыстарды орындатуды дамыту.

Сабақ типі:жобалау , тереңдету, деңгейлеп оқыту  

Сабақ   түрі:    ашық сабақ

Сабақта қолданатын әдістер: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап,  тексеру жұмысы, интерактивті.

Көрнекіліктер:   Д.И.Менделевтің  периодтық  кестесі, электронды оқулық,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен  амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, химия сабағында не  істейтінің түсіндіру. Сабаққа дайын отырады, мұғаліммен амандасып, тындайды. 1 мин жалпылама

Тақырыпты қайталау. 

Үй тапсырмасы: Сұрақ-жауап

Интерактивті тақта бойынша орындайды . 5 мин

  1. Химиялық элменттер нешеге бөлінеді? Периодтық жүйеден көрсет.

  2. Ме+О2->???????? Не себепті негіздік оксид ?

  3. БейМе+О2>????? Не себепті қышқылдық оксид?

  4. Екідайлы қасиет көрсететін элементтер деп қандай элементтерді айтады?

  5. І топтың негізгі топшасындағы элементтерді қалай атайды? Не себепті олай аталған?

  6. ІІ топтың негізгі топшасындағы элементтерді қалай атайды? Не себепті олай аталған

  7. YІ топтың негізгі топшасындағы элементтерді қалай атайды? Не себепті олай аталған

  8. YIІ топтың негізгі топшасындағы элементтерді қалай атайды? Не себепті олай аталған

  9. YIIІ топтың негізгі топшасындағы элементтерді қалай атайды? Не себепті олай аталған

Келесі тапсырма Қателеспе.

2 оқушыға тақтаға карточкамен жұмыс жүргізіледі.

Сиқырлы сандар:

1911 ж,110,І- YIIІ,(12,24,12,12),(11,23,11,12)(19,39,19,20)


 Жаңа сабақ.

Сұрақ: Оқушылар периодтық жүиені кім ашты?

Ия дұрыс айтасыздар,периодтық жүйені Д.И.Менделеев ашты.

Ең алдымен периодтық жүйеге тоқталмай тұрып Д. И. Менделеев кім деген сұраққа жауап берейін. Д. И. Менделеев Тобольск қаласында 1834ж 27 қаңтарда дүниеге келген. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы. Менделеевтің негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстарының бағыты жалпы химия, химиялық технология физика экономика метрология салаларына арнаған.

Осы еңбектерінің ең биік шыңы оны дүние жүзіне танытқан әлем ғалымдарының қатарына қосқан әрине « Периодтық заңды» ашуы болды. Периодтық заңды 1869 ж Д. И. Менделеев ашты, оның толық тұжырымдамасын 1871ж жариялады. Заң былай тұжырымдалады:
Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты түрде тәуелді.
Период - атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде 7период бар, период екіге бөлінеді: кіші(1, 2, 3 ) үлкен (4, 5, 6) 7 аяқталмаған деп аталады. П. Ж көлденең бағанада ұқсас элементтерде бірінің астына бірі орналасып ұқсас элементтер тобы шықты, бұларды п. ж топтар деп атайды. Топтар негізгі, қосымша топша деп бөлінеді
Ж соңында 93 - 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар мен актинодтар қатарларына топтастырылған.
Яғни, күнделікті тұрмыста техникада мәселен календарь, сағат, сотка, көбейту таблицасы тәрізді адамға қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту кестесі»физиканың формуласы, географияның картасы, сияқты химияның кестесі «периодтық кесте» болып табылады.
Д. И. Менделеев ашқан периодтық заңның тек химияға ғана емес, барлық жаратылыстану ғылымдары үшін жалпы ғылыми философиялық маңызы зор

 

Білімді жүйелеу, қорытындылау.

Тест тапсырмасы

  1. Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
    А. 1
    В. 2
    С. 3
    D. 4
    E. 5

  2. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады:
    А. Периодтар
    В. Топтар
    С. Қатарлар
    D. Жолдар
    Е. Топшалар

  3. Темір атомының ядросындағы протондар саны:
    A.    20
    B.    55
    C.    30
    D.    8
    E.    26

  4. Қай металл сілтілікке жатады:
    A.    Ca
    B.    Fe
    C.    Ni
    D.    Na
    E.    
    Дұрыс жауап жоқ

  5. .реттік нөмірі сәйкес келеді:
    A.    
    Протондар санына
    B.    Сыртқы қабаттағы электрондар санына
    C.    Нейтрондар санына
    D.    Электрон қабаттарының санына
    E.    Электрондардың жалпы санына

  6. Бейметалдық қасиеті өте анық байқалатыны:
    A. Si
    B. N
    C. P
    D. Cl
    E. Ғ

  7.  Заттардың қайсысы жай затқа жатады?
    А. РН3
    В. Р4
    С. Р2 О3
    D. P2 O5
    Е. РСl3

Жауаптары

1.С

2 А

3 Е

4 Д

5 А,С

6 Е

7 В

Үйге тапсырма

§552,58      оқу

Д.И6.Менделеев өмірі мен еңбегі туралы реферет


























































































Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Жарияланды 18-03-2014, 03:37 Категориясы: Химия 

Сабақтың тақырыбы: «Д. И. Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрылысы» тарауы бойынша қайталау сабағы. (слайд түрінде)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі, атом құрылысы, Д. И. Менделеевтің өмірі, периодтағы әр түрлі элементтердің сипаттамасы туралы білімдерін қорытып, бекіту.
2. Оқушылардың периодтық система жайлы, онда орналасқан элементтер жайлы білімдерін жетілдіре отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы дамыту.
3. Периодтық жүйедегі химиялық элементтердің адам өмірінде, тіршілік әрекетінде, жұрмыс жағдайында қаншалықты терең әсері бар екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау, қорытындылау, сайыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептеу, логиклық ойлау, интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қосымша кестелер, түрлі - түсті жетондар.

Сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу сәті.
2. Кезекшінің ақпары.
3. Қорытынды сабаққа дайындық.
4. Топқа бөлу.
II. Пысықтау, қайталау.
1. Химия әліппесі.
2. Кім жылдам?
3. Логикалық ойлау.
4. Мағнаны аш.
5. Химиялық диктант.
6. Химиктер қатарына қабылдау.
III. Қорытындылау.
1. Қорытынды.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушылардан химиялық элементтердің атом құрылысы неден тұратынын сұрау. Олар кезекпен: электрон, нейтрон, протон екенін айтады. Осыған сүйене отырып, оларды топқа бөлемін.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 топ «Электрон»
2 топ «Протон»
3 топ «Нейтрон»

I - тапсырма: «Химия әліппесі»
Тақтаға Периодтық жүйенің кестесі ілінеді.
«Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман,
Негізі бұл әлемнің шайқап алған.
63 элементті зерттеп біліп,
Кезінде Менделеев заң ғып жазған.»,- дей келе Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйеге сипаттама беру.

II - тапсырма: «Кім жылдам?»
Энергетикалық деңгейшелерге орналастырып, оның оксидін, қышқылын, тұзын берілген кестелерге жазу. Шашырап жатқан сандар мен таңбаларды жинақтап, дұрыстап тиісті орнына қою.
Лездемелік сұрақтарға интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұяшықтарға орналастыру.
1) Менделеев қай жылы өмірге келді? (1834)
2) Туған күні (8 ақпан)
3) Отбасында неше бала? (7 бала )

4) Петербургтегі педагогикалық институтты алтын
медальмен қай жылы бітірді? (1857)
5) Периодтық заң қай жылы ашылды? (1869)
6) Ол кезде неше элемент белгілі болды? (63)
7) Ол алдын ала қай элементтерді болжады? (21, 31, 32)
8) Қазіргі кезде неше элемент белгілі? (118)
9) Қайтыс болған жылы? (1907)
10) Қайтыс болған айы? (2ақпанда)
11) Ол кезде неше жаста еді? (73)
12) Менделеевтің құрметіне аталған элементтің нөмірі? (101)

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.
Білімділігі: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдіс - тәсілдері. Баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың типі. Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі. Оқу құралдары, периодтық жүйе, слайды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
(сәлемдесу, зейін аудару жаттығуы, түгендеу, сабаққа даярлық жасау.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
(сұрақ - жауап, карточка,)
1. Элементтердің табиғи ұяластары деген не?
2. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
3. Сілтілік жер металдары деген не?
4. Галогендерге қандай химиялық элемент атомдары жатады?
5. Халькогендер қандай мағына білдіреді?
ІІІ. Мақсатын қою: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы. Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: Ең алдымен периодтық жүйеге тоқталмай тұрып Д. И. Менделеев кім деген сұраққа жауап берейін. Д. И. Менделеев Тобольск қаласында 1834ж 27 қаңтарда дүниеге келген. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы. Менделеевтің негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстарының бағыты жалпы химия, химиялық технология физика экономика метрология салаларына арнаған.

Ол ең алғаш 1854ж изомерия құбылысын зерттеп, сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды, сонымен қатар ауыл шаруашылығына, әуе ісіне де көп көңіл бөлген. Осы еңбектерінің ең биік шыңы оны дүние жүзіне танытқан әлем ғалымдарының қатарына қосқан әрине « Периодтық заңды» ашуы болды. Периодтық заңды 1869 ж Д. И. Менделеев ашты, оның толық тұжырымдамасын 1871ж жариялады. Заң былай тұжырымдалады:
Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты түрде тәуелді.
Период - атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде 7период бар, период екіге бөлінеді: кіші(1, 2, 3 ) үлкен (4, 5, 6) 7 аяқталмаған деп аталады. П. Ж көлденең бағанада ұқсас элементтерде бірінің астына бірі орналасып ұқсас элементтер тобы шықты, бұларды п. ж топтар деп атайды. Топтар негізгі, қосымша топша деп бөлінеді

П. Ж соңында 93 - 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар мен актинодтар қатарларына топтастырылған.
Яғни, күнделікті тұрмыста техникада мәселен календарь, сағат, сотка, көбейту таблицасы тәрізді адамға қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту кестесі»физиканың формуласы, географияның картасы, сияқты химияның кестесі «периодтық кесте» болып табылады.
Д. И. Менделеев ашқан периодтық заңның тек химияға ғана емес, барлық жаратылыстану ғылымдары үшін жалпы ғылыми философиялық маңызы зор.
ҮІ. Түсінігін тексеру үшін: «Жұмбақ шеш» ойынын ұсыну.
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту үшін: «Кім жылдам..» ойыны арқылы және мен кіммін? сұрақтары арқылы бекіту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, бағалау:
52 оқу.№2, 6 жаттығу 143 бет

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

"Д.И.Менделеевтің периодтық заңы" тақырыбы бойынша сабағым дәстүрлі сабақ. сабақ барысында үй тапсырмасы сұралады. сұрақ-жауап әдісі арқылы. ары қарай карточка бойынша тақтаға оқушылар шығарылып,есептер шығарылады. Жаңа сабақ "Д.И.Менделлевтің периодтық заңы"тақырыбы Д.И.Менделеевтің өмірі туралы,ары қарай еңбектері туралы айтылады. және периодтық жүйенің құрылысымен таныстырылады.  слайд арқылы  неше период бар,топ саны нешеу,топ нешеге бөлінеді деген сұрақтарға жауап алады. оқушылар периодтық жүйемен жұмыстанады. сабақ тест тапсырмасы арқылы бекітіледі. үй тапсырмасына реферет беріледі.

 

Общая информация

Номер материала: 161239
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>