Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка по кураторскому часу на казахском языке

Разработка по кураторскому часу на казахском языке


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


«Сенің өмірлік тұғырнамаң» тақырыбындағы ІІІ курс

«Қаржы» мамандығы Қ-3-1 оқушыларымен өткізілген ашық тәрбие сағаты

(топта тек қыз балалар оқиды)

hello_html_60d7c673.png


hello_html_547df316.png












Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Жас ұрпаққа қашанда сапалы бiлiм мен жүйелі тәрбие беру;

  • Бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті, бәсекелесуге қабілетті дамыған адамды тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Ролик – Президенттің Қазақстан халқына жолдауы (2012 жылғы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» нан «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» және «Экономикалық өсу нүктелерді дамыту» жөнінде – роликті жаңа Жолдау бойынша өзгертуге болады)


  1. Сәлемдесу;

  2. Қонақтармен таныстыру;

  3. Қатысушылармен таныстыру;

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру (слайд);

Өздеріңіз көріп отырған бейнетаспадан соң «Менің осы ҚАЗАҚСТАН атты елде өз тұғырнамам қандай болу керек? Осы елдің бедерлі азаматы болу үшін не істеуім керек?» және т.с.с., - сұрақтар әрбір азаматты толғандырады, ойлантырады (слайд).

Қазақ елінде өмірге келіп, осы елдің азаматы болып жүр­гендерін әрбір қазақстандық мәртебе санауы керек. Ол үшін ұлттық намыс, ұстаным, ұлттық сана үстемдік алуы керек. Ал қазіргі Қазақстан елінің іргесін қалайтын жастардың бойында қазақи болмысты қалыптастыру үшін ұлттық тәрбие керек. Қазақтың өткен тарихын біліп, меңгеру қажет.

Мұнан шығатын қорытынды, әрбір азамат, қоғам және мемлекет, халықтың, болашақ ұрпақтың алдында өз жауапкершілігін сезініп, төмендегідей қажетті әрі ұтымды шараларды қамтамасыз етуі керек:

- еліміздің барлық азаматының өз тағдырын Отаны – Қазақстан Республикасының тағдырымен бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі;

- ұлттық мүддеге негізделген елдің экономикасының, руханиятының нығаюына өз үлесімізді қосу.


  1. Негізгі бөлім:


  1. Әке парызы жөнінде (әкенің перзент алдындағы парызының өтелуі жөнінде) (слайд);

  2. Перзент қарызы (әкенің өз парызын орындап, ал перзент қарызын қай дәрежеде өтемек, өмірдегі тұғырнамасы жөнінде);

  3. Қыздардың «Бизнес-жоспары» (өздерінің болашағы жөнінде эссе дайындап келу, мамандығы, т.б.бойынша) (слайд);

  4. Мақал-мәтелдерді білеміз бе?(тәрбие жөніндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді талқылау) (слайд);


«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». Әл-Фараби


Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз;

Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма;

Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің;

Қызға қырық үйден тыю;

Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш;

Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, жаман қыз біреу келсе төрге қашар;

Әйел әдептің әліппесі;

Келіні жақсының керегесі алтын;

Келін қайын ененің топырағынан;

Басында сыншыл болса, кейін сыршыл болады; және т.с.с.


  1. Үй бикесі;

Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген.

Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, өмір серігін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, жұбымен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

Қазақ халқының атадан балаға қан арқылы беріліп, ерекше сый-құрметке бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі – қонақжайлылығы. «Құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл», - деп бабаларымыздың тілек айтуы, сірә, сол себепті шығар. Және де қонақтар да кез келген үйге түспей, дастарханы мол, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ болған ғой. Әйтеуір, қазақтың салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады.

Еттен табақ тарту дәстүрі (қыздарға табақтардың атаулары және оларға салынатын ет мүшелерінің атаулары қағаздан жасалынып таратылады, белгілі уақыт ішінде табақ тарту) (слайд);


  1. Гүлге теңелген қыздар (слайд);

Қашанда қыздарымыз гүлерге теңелген, ал гүлдер жөнінде қыздарымыз нелер біледі? Гүлдер бойынша біліктіліктерін викториналық сұрақтар арқылы тексеру:

        1. АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылатын гүл қалай аталады, Бұл гүл шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, бұл гүл қалай аталады?


Раушан гүлдері

Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар. Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады. Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен б.з.д 2000 жыл. Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей. Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі. Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.


2. Төменде аты аталған гүлдер жөнінде қыздардың білімдерін тексеру үшін сұрақтар қою

Бәйшешек

Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі. Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.

Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді. Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар. Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.

Қызғалдақ

Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы. Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған. Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр. Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген. XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған.

Жұпаргүл

Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше деген мағынаны білдіреді. Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.

Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге пайдаланылады.

Нәркес

Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда таралған 60-қа тарта түрі бар. Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі болған деі. Римдіктер соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары нәркестерден жасалған алқагүлдермен қарсы алатын болған. Қытайлықтар осы күнге дейін нәркесті Жаңа жыл салтанаттарында пайдаланады. Осындай тамаша күні осы әсем гүл барлық салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарының басты әшекейіне айналған.

Лаванда

Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары және Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу сөзінен шыққан, бұл лаванданың гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.Лаванданың қымбат тұратын жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол көптеген зиялы адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше маңызға ие болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.

Меруертгүл

Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған. Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді. Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған. Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды.

Түймедақ

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі. Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар. Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.

Лалагүл

Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді. Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар. Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды. Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын. Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.

Сарыгүлдер

Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-ақ бері белгілі. Мысалы, Крит аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде гүлдеп тұрған сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген. Бұл сурететрдің жасы шамамен 4000 жыл. Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайының атына сәйкестендіріліп қойылған. Аңыз бойынша, құдайлардың елшісі Ирида жерге кемпірқосақ арқылы түскен. Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қойған.


  1. Мерекелік құттықтау. Қазақ халқы қонақжай халық демекші әрбір оқушы мерекелік құттықтау сөзін сөйлеп, өздері үйінде дайындаған ұлттық тағамдардың рецепттерін түсіндіре отырып, қонақтарды сыйлайды.


  1. Қонақтарға қыздардың біліктіліктерін, жұмыстарын бағалау үшін сөз беріледі

  2. Мұғалімнің сабақты қорытындылау сөзі

«Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөздерге сүйенсек әйелдің қоғамдық, әлеуметтік ролін толық ашып бере аламыз. Бұрынғы кезеңде әйел тек шеңберінде қалса, қазір әйел мемлекетте саясатқа араласып, ерлермен өз пікірін білдіретін дәрежеде. Тіпті әрбір қоғамның әрбір жеткен биігі, мәдениетінің деңгейі оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді.

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайды екенбіз, сіздерген айтарымыз – әр күнді, алтын уақытты қадірлейік. Уақыт зая кетпесін, күнде білуге, үйренуге асығайық. Ата-анамыз, туған туыстар, достар мен ұстаздарды қадірлейік. Бұл адамдарсыз дүние қараңғы, сүйенеріміз де, сенеріміз де, жарық жолды көрсетуші де осы жандар. Әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрлерімізді, тарихымызды қадірлейік. Мұның бәрі бізге өмірлік тұғырнамамызды дұрыс анықтауға көмектеседі. Осылардың басын біріктіріп, жарқын болашағымызға жол ашқан Тәуелсіз Елімізді қадірлейік. Елімізге тұрарлық азаматы болайық.

Слайд. Ыбырай атамыз айтпақшы:

Əлпештеген ата-ене

Қартаятын күн болар.

Қартаяғанда жабығып,

Мал таятын күн болар.

Ата-енең қартайса,

Тiреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса,

Сүйеу болар бұл оқу! - дейдi.
















Қосымша

Еттен табақ тарту дәстүрі.


Жасалатын табақ түрлері.

Табаққа салынатын ет мүшелері.

1.

Бас табақ.

Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

2.

Сый табақ.

Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

3.

Орта табақ.

Асық жілік, кейде жамбас та түседі.

4.

Аяқ табақ.

Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

5.

Күйеу табақ.

Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.

6.

Келін табақ (беташар табағы)

Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

7.

Қыздар табағы.

Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

8.

Құдағайлар табағы.

Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.

9.

Жерік асының табағы.

Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.




Жүрек Бас

Бауыр Бұғана

Көк бауыр

Қара қабырға

Бауыр ет

Сүбе

Бүйрек

Қазы

Ұлтабар

Төс

Қарта Төстік

Тоқ ішек

Ауыз омыртқа

Қарын

Кәрі жілік

Өкпе

Ортан жілік

Жал

Асық жілік

Сирақ

Тоқпан жілік

Бүйен

Жамбас

Ұзын омыртқа

Жая

Белдеме




Краткое описание документа:

Колледж оқушыларымен өткізілетін ашық тәрбие сағаты әзірлемесі.  Тәрбие сағатының мақсаты:

}  Жас ұрпаққа қашанда сапалы бiлiм мен жүйелі тәрбие беру;

}  Бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті, бәсекелесуге қабілетті дамыған адамды тәрбиелеу.

 

соғында

Слайд. Ыбырай атамыз айтпақшы:

Əлпештеген ата-ене

Қартаятын күн болар.

Қартаяғанда жабығып,

Мал таятын күн болар.

Ата-енең қартайса,

Тiреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса,

Сүйеу болар бұл оқу! - дейдi. 

Автор
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров362
Номер материала 536726
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх