Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / Разработка по теме"КАРТОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІНЕН" 10-ШЫ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • География

Разработка по теме"КАРТОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІНЕН" 10-ШЫ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ МИНИСТРЛІГІ

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ

ОРТА МЕКТЕП




(hello_html_m2fb6050d.gifБАҒДАРЛАМА 10 – СЫНЫП)













ШАРДАРА ҚАЛАСЫ






ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ 10-ШЫ СЫНЫПТАРДЫҢ ТАҢДАУ КУРСЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА





АВТОРЫ:ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



ТУЕЧИЕВА ИВАГҮЛ ҚАДІРҚЫЗЫ





























КАРТОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІНЕН

10-ШЫ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН


БАҒДАРЛАМА






ШАРДАРА -2008Ж


Жаратылыстану –математикалық бағыт

Түсінік хат

Бейіндік оқыту оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға бағыт алады.

Жаратылыстану – математика бағытына таңдау курстарына «Карторафия негіздері» курсы енгізіліп , оқушыларға география пәнінен қосымша білім алу мүмкіншіліктері артты.

Картография басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең.Қоғамдық ғылымдрдың ішінде тарих, экономикалық география мен,жаратылыстану ғылымдарының ішінде физикалық география,ландшафттану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану ғылымдарымен тығыз байланысты.Жалпы оқушының бұл курсқа деген қызығушылығы мен осы кәсіпті таңдауы, географиядан алған білімдерін практикада қолдануға ынтасы жыл сайын артыда.

Картографияның міндеті- халықты шаруашылықпен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай.сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табғатын қайта түлетіп,шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады.

Картография курсын оқытудың мақсаты картогафияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография,картометрия негіздерімен таныстыру арқылы оқушылардың георафиялық картаны біліп.түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру, келешекте таңдаған мамандығына дайындық жасау.

Курстың бағдарламасы төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі.

-карталарды оқу

-картография ғылымының теориялық негіздерін үйрену

-картография ғылымының даму тарихын білу

-карталар және олардың қасиеттері

-картаның математикалық негіздері

-картографиялық құбылыстардыбейнелеу тәсілдері

-жер бетінің бейнелену ерекшеліктері

-географиялық карталардағы жазулар

-картографиялық генерализациялау

-географиялық атластар

-географиялық карталардың типтері туралы білім алу.

Курс бағдарламасы 10-шы сыныптарға бір жылға есептеліп,аптасына 1 сағаттан,барлық сағат саны 34 сағат.



10 - шы сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе(1 сағат)

Картография-география ғылымдарының бір саласы,басқа ғылым салаларымен байланысы,картографияның зерттейтін нысандары.

І тарау . Карта және оның

қасиеттері(5 сағат)

Географиялық картаны сипаттау. Элементтері,карталардың жіктелуі,карталарды масштабына және мазмұнына қарай жіктеу.Картографиялық өндірістердің басқа да түрлері:глобус, атлас.

Сарамандық жұмыс.

А) Карталарды классификациялау.

ә) Белгілі бір картаға сипаттама беру.

Б) Кескін картаға Қазақстанның саяси - әкімшілік аймақтарын түсіру.

ІІ тарау.Картографияның теориялық негіздері.(5сағат)

Картографияның тұжырымдамалары

(концепциялары),құрылымы,тарихи даму кезеңері.Географиялық картография- ғылым жүйесінде.Картографияның өнермен байланысы.

Сарамандық жұмыс.

А) Теориялық концепцияларға тірек – сызба құрастыру.

ә) Картографияның құрылымын ауызша талдау

б) Ежелгі карталармен қазіргі карталарды салыстыру



ІІІ тарау.Картаның математикалық

негіздері(5 сағат)

Жердің пішімі мен мөлшері, жер – эллипсоид тәрізді дене.Жер өлшемдерінің алынуы,карталардың масштабы,масштаб түрлері.Картографиялық проекциялар және олардың түрлері.Координаттық торлар.Карталардың рамкалары мен номнклатура.

Сарамандық жұмыс.

А) Кез гелген төрт проекцияға карта құрастыру

ә) Масштаб есептеу

б) Жер шарының ауданын есептеп шығару

IVтарау Картографиялық құбылыстарды

бейнелеу тәсілдері(5 сағат)

Картогррафиялық семиотиканың мазмұны.

Картографиялық синтактика,семантика,прогман-тика, стилистика мазмұны.Картаның тілі , шартты белгілер,олардың сандық және сапалық қасиеттері.Сызықты белгілер.Нүктелік тәсіл.Картодиаграммалар,картограммалар.

Сарамандық жұмыс.

А) Әрбір бейнелеу тәсіліне карта құрастыру.

ә) Республикамыз бойынша ірі қараның таралуының картодиаграммасын құру.

Б) Жергілікті жердің суармалы жер қорының картограммасын құру.

Vтарау.Жер бетін бейнелеу

ерекшеліктері(3 сағат)

Жер беті көлемінің бейнеленуі.Жер бедерінің бейнеленуі,горизонтальдар, блок-диаграммалар.Жер беті суларының,елді мекендердің бейнеленуі.



VI тарау.Географиялық карталардағы

жазулар.(2 сағат)

Картадағы жазу түрлері, картографиялық топонимика.Картографиялық шрифттер,карталардағы жазулардың орналасуы.

Сарамандық жұмыс.

А) Жергілікті жердің топонимдерін жинақтау

ә) Баяндама жазу

VII тарау.Географиялық карталардың типтері.

(4 сағат)

Карталардың типтері.Аналитикалық карта.Кешенді карталар.Динамикалық , қарым-қатынас,функционалдықкарталар.Түрлі мақсатта қолданылатын карталар.


VIIІ тарау. Картографиялық генереализация.

(1 сағат)

Картографиялық генереализация факторлары.түрлері, принциптері.

ІХ тарау. Географиялық атластар.(2 сағат)

Атлас -географиялықэнциклопедия,мазмұны.

Атлас карталардың пайда болуы.Атластарды жіктеу.


Жинақтап қорыту(Сынақ сабағы -1 сағат)







Курс мазмұны

Кіріспе.

Картография-табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық географиялық картамен, басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру,пайдалану әдістемелері туралы ғылым.Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды,оның маңызды құрамды бөліктеріне картатану, картографиялық ақпараттану,математикалық картография, картометрия жатады.

«Картография» сөзін грек тілінен аударғанда«Карто» - қағаз, парақ,«графо»-сызу деген мағына береді.Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда материалданған. Картографиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында, жоғары оқу орындарымен картографиялық кәсіп орындарда жүргізіледі.

Картография ғылымы өзінің даму барысында бірнеше ғылым салаларымен байланысады.атап айтқанда физикалық география, экономикалық география,жалпы гидрология,геология, геоморфология,метереология және климатология.

Картографияның міндеті-халықты шаруашылықпен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай,сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа дакарторафиялық өнімдермен қамтамасыз ету.






І тарау. Карта және оның қасиеттері.

Географиялық карта. «Карта» термині орта ғасырларда пайда болды. Осыған дейін «tabula» және «descriptions»

бейнелеу термині қолданылды. Латын тілінен аударғанда «сharta» қағаз, парақ,грек тілінен аударғанда «хартес» - папирустан жасалған қағаз деген мағына береді.«Сызба»,«Ландкарта» терминдері де қолданылды.

Карта деп белгілі бір математикалық ережелермен жер бетінің жазықта кішірейтіліп, жинақталып бейнеленуін айтады,онда географиялық обьектілер шартты белгілер мен көрсетіледі.

Карталардың элементтері.

Картаның негізгі элементтері бұл карталардың картографиялық бейнелену аңыздары мен рамкадан тыс безендіруді өз ішіне алатын құрамдас бөлігі.

  1. Картографиялық бейнелеу

  2. Легенда (Аңыз)

Негізгі элемент картографиялық бейнелеу немесе карталардың мазмұны. Обьектілер, құбылыстар, олардың таралуы, қасиеттері, өзара байланыстары туралы мәліметтердің жиынтығы.

Карталардың қасиеттері.

-Құрастырудың математикалық заңдылықтары, масштаб проекция түрлері

-бейнелеуде бірыңғай шартты белгілер қолдану

-жазулардың біртілділігі

-карталардың генерализациялану

-нақты бейнелеудің жүйелілігі

Географиялық карталарды жіктеу.

Карталардың көп түрлі болуы оларды жіктеуді қажет етеді.

Карталарға бар обьектілерді,жағдайларды, табиғат құбылыстарын бейнелеуге болады.

Картографтар: «Геологиядан бастап идеологияға дейін барлық құбылыстарды картографиялауға болады»- дейді.

Карталар:

-Масштабына

-қамтитын аумағына

-мазмұнына

-қолданылу сипатына қарай бірнеше түрге бөлініп,топтастырылады.

Масштабына қарай карталар үш топқа бөлінеді:

1.Ірі масштабты карталар:1:10000—1:200000;

2.Орта масштабты карталар:1:200000—1:1000 000;

3.Ұсақ масштабты карталар : 1:1000 000 –ұсақтары

Карталар қамтитын аумағына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

-күн жүйесі

-планеталар

-жарты шарлар

-материктер мен мұхиттар

-мемлекеттер

-республика, облыстар, аудандар;

-өнеркәсіп және ауыл шаруашылық аудандары

-айырым аумақтар(қорықтар,курорттар)

-елді мекендер

- қалалар

Карталарды мазмұнына қарай жіктеу.

Карталарды мазмұнына қарай екі ірі топқа жіктейді:

1.Жалпы географиялық карталар

2.Тақырыптық карталар

Жалпы географиялық карталар – жер бетінің бедері кескінделген карта.Онда жер бетіндегі барлық обьектілер бейнеленеді.

Жалпы географиялық карталар:

-топографиялық 1:100000

-топографиялық шолу карталары 1:200000—10:1000 000

-шолу карталары :1:1000 000 ұсақтары.

Тақырыптық карталар-ең кең ауқымды таралған карталар.Табиғатты бейнелейтін карталар бейнелеу обьектісіне қарай литосфераны,гидросфераны, атмосфераны , педосфераны және биосфераны бейнелейтін топтарға бөлінеді.Бұлардың әр қайсысы бірнеше карта түрлеріне бөлінеді.

Картографиялық өндірістің басқа түрлері.

Глобус-жер шарының кішірейтілген дәл үлгісі.Алғашқы глобус Еуропада ХV ғасырда ,1492 жылда М.Бехайм басшылығымен жасалды.Ол қазір өнердің тарихи ескерткіші ретінде сақталып тұр.

Атластар –карталардың белгілі мақсатта топтастырылуы.Атластарда картадан басқа түсініктемелер, суреттер орналастырылады.

Жер бедерінің карталары-жергілікті жердің жер бедерінің кескіні.

Блок – диаграммалар-жер бедерінің тегіс картографиялық суреті.

Анаглиф карталалары-түрлі түспен боялған,көлемі өзгерген карталар.

Фотокарталар-фотосуреттермен құрастырылған карталар.

Транспарант карталар –пленкаларға басылған карталар.

Электроникалық карталар-электрондық оқулықта қолданылатын карталар.

ІІ тарау.Картографияның теориялық негіздері.

Картографияның теориялық концепциялары(тұжырымдамалары)

Картография – классикалық түрдегі ұғымда географиялық карталар туралы , оларды құрастыру және пайдалану әдістері туралы ғылым болып табылады.

Концепция деген латын тілінде-құбылыстарды немесе процестерді түсінудегі және оларды оқып білудегі көзқарастардың жүйесі дегенді білдіреді.Қазіргі кездегі жаратылыстану өркениетіне жетуге ұмтыла отырып, геосфераны бүлдіретін және қирататын қоғамды тоқтауға шақырады және адамның өзі биосфераның бір бөлшегі екендігін, оның аясында өмір сүретіндігін есіне түсіреді.Картографияның теориялық концепциясы-бұл картография пәніне және әдістеріне белгілі көзқарас жүйесі. Мұнда картография ғылымының дамуы және өндірісі туралы түсінік бейнеленеді.

Концепциялар өткен ғылыми тәжірибелерді жинақтайды және келешектегі картографиялық өндірістің тенденциясын бағалауға тырысады.Сонымен қатар ғылымның бүгінгі жағдайын және жетістіктерін көрсетеді.Қазіргі кезде картографияның бірнеше теориялық концепциялары белгілі.

1.Танымдық немесе үлгі танымдық концепция.

2.коммуникативтік концепция

3.Тілдік концепция.

4.Геоақпараттық концепция

Әрбір концепцияның өзінің анық негізі болады.

Картография-дүниетану ғылымы ретінде,коммуникативтік тәсіл және негізгі тіл білімі ретінде ұсынылады.

Картографияның құрылымы,тарихи даму кезеңдері.

Қазіргі кездегі картография – кең тармақталып, бірнеше салалардан тұрады.Олардың біреуінің көп ғасырлық тарихы бар, енді біреуі жаңадан пайда болып,және біреуі енді қалыптасуда.

Картографияның бөлімдері:

-картографияның теориялық негіздері

-картографияның тарихы

-математикалық картография

-бағдарлау және карта құру

-картографиялық семиотика

-картографиялық өңдеу

-картографиялық өндірістің экономикасы және мекемелері

-картаны жасау

-карта қолдану

-картографиялық картонимика.

Картографияның тарихи даму кезеңдері.

р/с



Жергілікті жерді бейнелеуде

қолданылатын құрал саймандардың

дамуы


Тарихи кезең

1


Техникалық прогрестің негізгі

сатылары

Ежелгі дәуір

2


Көзбен бақылау


Б.э.д.Х ғасыр

3

Геодезиялық құрал қолдану

Б.э.дІІІ ғасыр


4


Ендік пен бойлықты анықтайтын

астрономиялық құралдардың

пайда болуы

ХІІ ғасырдың басы


5

Астрономо-геодезиялық оптикалық

құралдардың пайда болуы

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы


6

Аэрофото кескіндеу,шар-зонд,ғарыштық

суреттердің пайда болуы

ХХ ғасыр басы


7



Электрондық геодезиялық

жабдықтардың пайда болуы

ХХ ғасыр ортасы

8

Түрлі күрделі құралдардың пайда болуы

ХХ ғасыр аяғы



Картаны құрастыру және жасау әдістерінің дамуы.



р/с

Әдістер мен техниканың даму сатылары


Тарихи кезеңдер

1


Тасқа ,ағашқа , матаға бейнелеу


Ежелгі дәуір

2


Қағазға қолмен бейнеленген карталар


Б.э.д.ІІІ ғасыр

3


Тасқа, металға басылған карталар


ХV ғасыр

4


Фотохимиялық.фотокөшіру процесінің пайда болуы


ХІХ ғасыр

5


Карталарды жасауда фотогеометриялық технологиялар


ХХ ғасыр басы

6


Сандық және электрондық әдістер геоақпараттық картографиялау


ХХ ғасыр ортасы

7


Комьютер арқылы карта жасау


ХХ ғасыр аяғы






Картаны пайдалану әдістерінің дамуы.


р/с

Карталарды қолданудың негізгі бағыттары



Тарихи кезеңдер


1



Жергілікті жерде бағдарлау және жол жүру




Ежелгі дәуір


2


Саяхат және навигация үшін қолдану


ХІІІ ғасыр


3

Мемлекеттік және саяси қауіпсіздікті нығайту тәсілі

ретінде

ХV ғасыр


4

Ғылымды қорытындылау және нақтылау карталары

ХVІІІ басы


5

Коммуникативтік мақсаттағы карталар


ХХ ғасырдың І жартысы



6

Картографиялауды жүйелі түрде күрделі негіз ретінде қолдану


ХХ ғасыр аяғы


Географиялық картография ғылым жүйесінде.

География ғылымы үшін географиялық картография бағытының болуы үлкен жетістіктердің бірі.

Географиялық картография-географиялық кешенді бейнелеу және зерттеу пәні.Бұл ұғымды ғылымға енгізген К.А.Салишев.

Картография философиялық, жаратылыстану және техникалық ғылымдармен тығыз байланыста болады:

-жер мен планеталар жайындағы ғылымдар

-әлеуметтік-экономикалық ғылымдар

-астрономо-философиялық ғылымдар

-математикалық ғылымдар

-техника және автоматика

-ғарышты бақылау.

Картографияның ғылыммен байланысы.

Ежелгі дәуірде картамен сызбаларды жасағанда әртүрлі сызықтармен түстер қолданылды.Мысалы,Ұлы Фламанд картографтары Меркатор мен Артелия карта мен глобусты безендіруде қолданған параллелдері ХVғасырдағы Голланд қолөнер мектебінің сызбалары екендігі белгілі.Алғашқы карталардың көбі өнер жетістігі ретінде бұрынғы бұйымдар қатарында сақталып тұр.

Әлемге әйгілі картаны ұлы суретшілер Леонардо да Винчи және Альбрехт Дюрер жасады.Олардың карталары өнер жетістіктерінде де ХVІ-ХVІІ ғасыр ландшафтының жағдайына куә болған тарихи құжат ретінде де жоғары бағаланады.

Картографияның өнермен тығыз байланысын,оны тұтастай өнерге тиесілі деп атауға болмайды.Шартты белгілермен карталардың безендірілуі ғылыми негізде жасалынады.Қазіргі кезде карталар қазіргі заман дизайні мен машина графикасы арқылы жасалынады.

ІІІ тарау.Картаның математикалық негіздері.

Жер-эллипсоид тәрізді дене.

Жердің сыртқы пішіні туралы көптеген ғылыми зерттеулер нәтижесінде жердің нақты шар тәрізді еместігі анықталды. Жерді геоид формалы деп атады.Жердің пішіні айналма эллипсоид тәрізді – геометриялық дене,ол эллипстің қысқа біліктен айналу нәтижесінде пайда болады. Жер эллипсоидінің өлшемдерін анықтау ХVІІІ ғасырдан басталып.қазір де жалғасуда.Қазір жер серіктері арқылы зерттеліп,жерге референц-эллипсоид деген пішін берілді.

Ресейде 1940 жылы Ф.Н.Крассовскийдің референц – эллипсоиді қабылданды.Оның өлшемдері:

Үлкен полюс-6378388метр

Кіші полюс-6356863 метр

1984 жылы жер серіктері арқылы жер эллипсоидінің халықаралық өлшемдері алынды:

Үлкен полюс-6378388 метр

Кіші полюс-6356912 метр

Жер пішіні шар тәрізді деп қабылдап, шартты түрдегі орташа радиус R-6367.6км.

Ф.Н. Крассовскийдің есебімен жердің орташа радиусы R-6371.116км.

Карталардың масштабы.

Карталардың масштабы жер бетінің қағазға қанша есе кішірейтіліп түсірілгенін көрсететін бөлшек сан.

Картада масштаб бір қалыпты болмайды,өзгеріп тұрады.Сондықтан масштабты екі топқа бөледі:

1.Негізгі масштаб

2.Бөлшек масштаб

Негізгі масштаб картада жазылады,бөлшек масштаб негізгі масштабтан ұсақ немесе ірі болуы мүмкін.









Жалпы географиялық карталардың масштабтары.


р/с

Сандық масштаб

Картаның атауы

1

1:5000

Бес мыңдық

2

1:100 000

Жүз мыңдық

3

1:25 000

Жиырма бес мыңдық

4

1:500 000

Бес жүз мыңдық


5

1:1000 000

Миллиондық

Масштабтың үш түрі бар:

1.Сандық масштаб

2.Сызықтық масштаб

3.Атаулы масштаб

Картографиялық проекциялар және олардың түрлері

Жер немесе эллипсод бетін картаға (глобусқа) түсіруде көптеген бұрмалаушылықтар (қателіктер) кездеседі.Бұрмаланушылықтарды азайту үшін картографиялық проекциялар қолданылады.

Картографиялық проекцияларды жіктеу:

-тең ауданды

-тең бұрышты проекциялар

-тең аралықты проекциялар

-еркін проекциялар

Проекцияларды жазықтық бетіне көшіру,пішініне қарай жіктеу:

-Цилиндрлік проекция

-конус тәрізді проекциялар

-азимутты проекциялар

-шартты проекциялар

-жалған цилиндрлік проекциялар

-көп конусты проекциялар

-көп қырлы проекциялар


Координаттық торлар.

Координаттық торлар-карталардың математикалық

негізінің негізгі элементтерінің бірі. Географиялық

координата жүйесіндегі меридиандар мен параллелдер

жиынтығы картографиялық торды құрайды. Параллель

доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға

дейінгі градуспен алынған шамасын географиялық

бойлық деп атайды (0-180º-қа дейін) .

Меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі

градуспен алынған шамасы географиялық ендік деп

атайды(0-90º-қа дейін ). Жер бетіндегі ендігі мен бойлығын осы нүктенің географиялық координаталары деп атайды.

Географиялық координаталарлы берілген нүктенің меридианы мен параллелі бойынша градус торының көмегімен анықтайды.Географиялық координата жүйесіндегі меридиандар мен параллелдер координаттық торды немесе градус торы құрайды. Коотрдинаттық тордың атқаратын қызметі:

1.Кез-келген нүктенің географиялықкоординатасын анықтау үшін;

2.Нүктенің орнын анықтау үшін;

3.Жер бетіндегі кез –келген сызықтың бағытын анықтау үшін;

4.Масштабтарды есептеу үшін қолданылады.

Кескіндеу.Карталарды кескіндеу-көп парақты карталарды парақтарға бөлу жүйесі.Көбінесе кескіндеудің екі түрі қолданылады.

1.Трапеция тәрізді кескідеу

2.Тік бұрыш тәрізді кескіндеу.

Карталарды кескіндеу мен номенклатура тығыз байланысты.Номенклатура-кескіндерді белгілеу жүйесі.Карталардың жиектері кескіндеумен байланысты болып 3 түрлі болады:

1.Ішкі жиектер

2.Сыртқы жиектер

3.Градустық(сатылық) жиектер.

Компоновка(үйлесімділік) – карталарда картографиялық бейнелеуді,картаның атауын,аңыздарын, кескінін басқа да нысаналарын орналастыру үйлесімділігі.Картаның барлық үйлесімділіктері дұрыс компоновкалы карта деп аталады.

ІV тарау.Картографиялық құбылыстарды бейнелеу тәсілдері.

Картографиялық семиотиканың мазмұны.

Карталардағы шартты белгілер-картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады.Бұл карталарды планнан,суреттен,аэрофото суреттерден ерекшелендіріп тұрған қасиет.Олар географиялық обьектінің орнын ғана көрсетіп қоймай,оның құрылымын сандық және сапалық жағынан толық сипаттайды. Картографиялық семиотика картаның тілі болып қызмет ететін картографиялық белгілердің жалпы теориялық негіздерін зерттеумен айналысады.Шартты белгілердің келіп шығуы,жіктелуі,қасиеті және картографиялық бейнелеудің әдістерін анықтайды.

Семиотика үш негізгі бөлімнен тұрады:

1.Картографиялық синтактика

2.Картографиялық семантика

3.Картографиялық прогмантика.

Картографиялық синтактика – карталардың шартты белгілер жүйесінің түзілу және қолдану ережелерін, құрылымын, карта тілінің грамматикасын зерттейді.

Картографиялық семантика-шартты белгілер мен белгіленген обьектінің және құбылыстың сәйкестігін қадағалайды.Картографиялық прагмантика-шартты белгілерді ақпарат құралы ретінде қабылдап,оларды оқырмандардың қабылдау ерекшеліктерін зерттейді.

Картаның тілі-бұл картаны оқып түсіну үшін қолданылатын жалпы белгілердің жиынтығы.Картаның тілі-бұл адамзаттың үлкен жетістігі, оның даму ғылыми-техникалық революциямен тығыз байланысты.Картада белгілері негізінде нысананың (обьектінің ) орналасуын,таралуын,мазмұнын,ішкі құрылысын, сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға болады.

Карта тілінің екі негізгі қызметі бар:

1.Коммуникативтік

2.Танымдық.

Шартты белгілер,олардың садық және сапалық қасиеттері.

Картографиялық шартты белгілер-картадағы құбылыстардың мән-мағынасын түсіндіріп отыратын картаның тілі.Карта құрастырылу кезінде оның тақырыбына, мазмұнына,масштабына қарай шартты белгілер таңдалады.

Ең алғаш шартты белгілер б,э.д.ІV-ІІІ ғасырларда пайда болған,онда ауылдық және қалалық мекендерді карта-сызбада архитектуралық суреттермен көрсеткен.ХVІІІ ғасырдың тұсында шартты белгілердің жаңа жүйесі қабылданды.

Шартты белгілер бейнелеу обьектінің түріне қарай 3 топқа бөлінеді:

1.Масштабсыз немесе нүктелі шартты белгілер.

2.Сызықтық шартты белгілер

3.Аумақтық шартты белгілер

Карталардағы құбылыстардың,обьектілердің сапалық сипатын бояу немесе штрих сызықтар арқылы көрсетеді.Бейнеленген обьектінің сандық сипаттамасын биіктік шкаласы және бояу арқылы анықтауға болады.

Диаграммалар-көбінесе температурамен ылғалдылықтың орташа айлық қорытындысы нәтижесінде құрылады.Мысалы,қаланың жылдық температурасы мен ылғалдылықтың диаграммасы

Нүктелік тәсіл.

Нүктелік тәсіл-мұнда нүктелер арқылы аумаққа бір нысананың таралуын көрсетеді.Мысалы халық тығыздығы,жайылым жерлер, егістік жерлер т.с.с.

Картодиаграммалар-бұл бағандық диаграмма белгілердің көмегімен әкімшілік-аумақтық бөлінудің статистикалық мәліметтерін көрсетеді.Картодиаграммалар- ауыл шаруашылықтың өнімін,оқушылар санын,өнеркәсіп көлемін, электр энергиясын қолдануды т.с.с.баяндайды.

Картограммалар-әкімшілік аумақтық территорияда статистикалық мәліметтер көрсеткішін баяндайды.Мысалы,жер аумағының қаншасышөлдік,жайылым, шұраттар т.с.с.

V тарау.Жер бетінің бейнеленуі.

Жер бедері- ландшафттың негізгі элементі.

Жер бедерінде аумақтың геологиялық құрылысы және оның географиялық тарихы байқалады.Картаға түсіретін жердің мөлшері қанша үлкен болса,бұрмалаушылық сонша көп болады.Дүниежүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықты өлшеу жұмыстарыжүргізілмейді.

Жер бедерінің бейнеленуі. Жер бедері қат-қабат боялармен бейнеленеді.Әр түрлі бояу сәйкес келетін биіктік сатыларының шекарасыгоризонтальдармен белгіленеді.Әртүрлі бояудың қандай биіктікке сәйкес келетіні картаның шартты белгілер орнында биіктік шкаласы мен көрсетілген.Тау шыңдары мен құрлықтағы терең ойыстар,мұхиттағы терең шұңғымалар санмен белгіленеді.Мысалы,Хан-Тәңірі 6996 метр.

Жер беті сулары менелді мекендердің бейнеленуі.

Сулар көгілдір немесе көк түспен боялады.Бояудың реңі тереңдікке байланысты өзгереді.Егер де өзен көп сулы болса,жуан көк түспен боялады.(Амазонка)

Сулардың тереңдігін картаның төменгі жағындағы биіктік шкаласымен де анықтауға болады.

Елді мекендердің алып жатқан жеріне дөңгелек белгі қойылады.Қатынас жолдары, мемлекеттік және саяси - әкімшілік шекаралары көрсетіледі.

VІ тарау.Географиялық картадағы жазулар.

Картадағы жазу түрлері, топонимика.

Географиялық картаны құрастыру барысында шартты белгілерден басқа көптеген жазулар мен шрифттер –белгілі бір тәртіппен орындалған әріптермен сандардың жиынтығы.

Карталардағы жазу мен шрифттердің өзіндік атқаратын қызметтерінің ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді:



Карталардағы жазулар


Топонимдер



Терминдер


Түсіндірмелі

жазулар


Гидронимдер


Ононимдер


Этнонимдер


Зоонимдер


Фитонимдер


Геологиялық


Географиялық


Океанологиялық


әлеуметтік-экономикалық

Сапалы

сипаттама,

Сандық сипаттама,

Хронологиялық,

Шартты белгілер түсіндірмесі,

Координаттық торға сипаттама


Топонимдер – бұл географиялық обьектінің өзіндік аатуы. Картографиялық топонимдер-картадағыкөрсетілген обьектінің атауын үйретеді.

Картографиялық шрифттер(қаріптер).

Географиялық картадағы атауларды, терминдерді және

түсіндірме жазуларды көрсету үшін қаріптер

қолданылады. Картадағы қаріптер нақты әрі түсінікті және басқа үшін тиімді болуы керек.

Географиялық қаріптер 4 топқа бөлінеді:

1.Әріптің көлбеуленуі

2.Әріптің жуандығы

3.Әріптің түсі

4.Әріптің биіктігіне байланысты (кегль)

Картадағы жазулар-картаны құрастырғанда әрбір

жазу тиісті объектінің жанында жазылуы керек.

Жазулар нысананың үлкендігін көрсетуі тиіс.

Мысалы астаналар басқа қалаларға қарағанда ірі қою

әріппен жазылады. Мысалы,АСТАНА, ШЫМКЕНТ,

Шардара.

VІІ тарау. Картаграфиялық генерализация.

Картографиялық генерализация- бұл абстракциялау процесінің картада бейнеленген шындығының бір көрінісі. Генерализация термині латын тілінен аударғанда жалпы , негізгі деген мағына береді.

Генерализацияның факторлары.

-картаны дайындау

-масштабтың әсері

-картаның түрі және тақырыбы

-картографиялық нысананың ерекшелігі

-обьектінің зерттелгендігі

-картаның безендірілуі

Генерализация түрлері.


-Сапалық сипаттамасы

-сандық сипаттамасы

-нысананы таңдау

-көріністерді қорытындылау

-контурларының бірігуі


Генерализацияның принциптері


-Аңыз-әңгімелердің ғылыми негіздері

-нысналар мен құбылыстардың генетикалық және морфологиялық негіздерін бейнелеу

-бейнелеу әдістері мен белгілерді нақты таңдау.


VІІІ тарау.Географиялық карталардың типтері.

Географиялық карталар-адамның табиғатты зерттеп, шаруашылықты жүргізудегі сенімді көмекшілері. Олар елді қорғауда, туризім үшін жалпы алғанда өз еліңмен бүкіл дүние жүзін танып білу үшін де қажет болады.

Карталардың типтері:

-аналитикалық карталар

-кешенді карталар

-синтетикалық карталар

-динамикалық карталар

-арақатынас карталары

-ауа райы карталары

Аналитикалық карталар-белгілі бір құбылысты немесе оның бір қасиетін бейнелейтін карталар.Мұндай карталар нысананың (обьектінің) құрамын, құрылысын анықтауға мүмкіндік береді.

Кешенді карталарда-белгілі бір құбылыстардың тақырыпқа сай бірнеше элементтерін,мінездеме жинақтамаларын бейнелейді және оларды өзара байланыстырады.

Синтетикалық карталар – белгілі бір обьектке немесе құбылысқа тұтастай түсініктеме береді.

Динамикалық карталары-белгілі бірқұбылыстың дамуын көрсетеді.

Ара-қатынас карталары-бірнеше құбылыстардың бірі – бірімен байланысын көрсетеді.

Ауа райы карталары- ауа райын бақылау мекемелерінің мәліметтері негізінде түзіледі.

Түрлі мақсаттақолданылатын карталар

Карта түсініктемесі жер бедерінің әр түрлілігі сияқты түрлі болады.Сол себептен карталардың әр түрлі мақсатта қолданылуы-бұл мәселені қиындата түседі.

ҚҒылыми анықтамалық карталар – ғылыми жұмыстар жүргізілу үшін арналған.Мұндай карталарды жер туралы ғылымдардың және әлеуметтік экономикалық карталардың мамандары қолданады.

Мәдени – түрленген карталар – жалпы қолдануға арналған карталар.Бұлардың түсі қанық боялып,диаграммалар әртүрлі суреттермен безендіріледі. Саяхатшыларға арналған карталар да осындай болады.

Оқу карталары оқушылар үшін жеке жұмыс жасауға арналған көрнекі-құрал ретінде пайдаланылады.

ІХ тарау.Географиялық атластар.


Атлас-географиялық энциклопедия.Атлас-бұл карталардың жүйелі жиынтығы.Мұндағы карталар бір-бірімен тығыз байланысты.Атластың пайда болуы картографиялық өндірістің күрделі және жауапкершілікті жұмысы.

Атлас карталардың пайда болуы.

Алғашқы атласты Рим империясында өмір сүрген математик,картограф ғалым К.Птолемей жасады.Атлас ойкумендерді (алғашқы адамдарға белгілі жерлерді) өз ішіне алған 26 бөлік карталардан құралған.ХV ғасырда карталардың тілі латын тіліне ауыстырылып,боялып «Космография» деп аталған карталар пайда болды.Алғашқы басылған атлас 1477 жылы жарыққа шықты.қазіргі кездегі атластардың алғашқысын «Картографияның атасы» Герард МЕркатор жасады.Г.Меркатор 1585 жылы атластың бірінші бөлімін,1589 жылы екінші бөлімін жариялаған.Бұл атластың құрамында Еуропа мемлекеттерінің 80 картасы жинақталған.Меркатор қайтыс болғаннан кейін,баласы Румбольд еңбегін жалғастырып,1595 жылы «Атласнемесе дүниежүзінің құбылыстарының космографиялық бейнеленуі» деген атпен жарыққа шығарды.Сонымен «Атлас» термині пайда болды.Бұл Мавританияның таң қаларлық патшасы- Атластың атымен байланысты алынған.





Атлас түрлері

Картографиялық атластар өте көп түрлі болғандықтан жіктеуді қажет етеді.Құрамындағы атлас түрлеріне қарай атластар мынадай топттарға жіктеледі:

Қамтитын аумағына қарай:

-планеталар

-континенттер

-мұхиттар

-ірі географиялық аудандар

-мемлекеттер

-облыстар.қалалар

Мазмұнына қарай:

-физикалық-географиялық атластар

-әлеуметтік – экономикалық атластар

-экономикалық-географиялық атластар

-тарихи атластар

-жалпы атластар;








Әдістемелік жоспар


Картография негіздерін оқыту барысында әрбір жеке тарауды,тақырыпты меңгерту үшін мұғалім көп ізденіп,сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып өткен жөн.Сабақтарды лекция,сарамандық,пікір-талас,сынақ сабақ, сайыс сабақ бәсеке сабақтар түрінде өту тиімді.Баяндама жазу,жергілікті жердің планын түсіру,топонимдерін жинақтау,кескін карталар толтыру т.с.с.шығармашылық жұмыстар тапсыруға болады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:

-география ғылымының зерттеу обьектілерін

-глобус пен географиялық карталарды оқи білу;

-жер бедерімен су қабатын картаға түсіру тәсілдерін меңгеру

-карта бойынша табиғаттың және жергілікті жердің географиялық орнының ерекшеліктерін оқи білу,түсіну;

Оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі

  • сынақ, меңгерді,меңгермеді;

  • баяндама;

  • шығармашылық жұмыстары

  • тест тапсырмалары.











Пайдаланылған әдебиеттер:


1.А.М.Берлянт «Картография» М-2001г


2.К.А.Самищев «Картография»М-1987г


3.А.М. Берлянт «Картографический метод иследования» М-1988


4.Қуанышбаев «Картография және топография пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау»


5.В.Н. Ведчина «Как создавалась карты Средней Азии»


6.И.М.Верзилин «Глобус»ЛЕН-1964


7. «Занимательная картография»




32


Краткое описание документа:

 Бейіндік оқыту оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға бағыт алады.

 Жаратылыстану – математика бағытына таңдау курстарына     «Карторафия негіздері» курсы енгізіліп , оқушыларға география пәнінен қосымша білім алу мүмкіншіліктері артты.

 Картография басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең.Қоғамдық ғылымдрдың ішінде тарих, экономикалық география мен,жаратылыстану ғылымдарының ішінде физикалық география,ландшафттану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану ғылымдарымен тығыз байланысты. 

Автор
Дата добавления 19.11.2014
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1278
Номер материала 136202
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх