1144317
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокГеографияКонспектыРазработка урока географии в 11 классе на тему "Канада"

Разработка урока географии в 11 классе на тему "Канада"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: §41 Канада


Сыныбы 11
Пәні География
Тақырыбы: §41 Канада
 
Білімділік мақсаты – Канада елдері, соның ішінде Канада туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып - үйрену.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Канада табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық - географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Оза оқыту технологиясы
Оқыту әдістері:баяндау

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
II.Үй тапсырмасын текскру
1.АҚШ туралы түсінік алу
2.Ақш тәуелсіздік үшін Ұлыбритаияға қарсы курес нәтижесінде .................................жылдың............................................пайда болды.Бұл кун қазір ....................................ретінде мерекенеледі.Джордж Вашингтон елдің нешінші президенті болды.Алғашында ел неше штаттан тұрады.
3.Пайдалы қазбаларды шартты белгімен белгіле.
4.Халқына сипаттама
5.АҚШ-тың ірі автомобиль концерндері
АҚШ-тың мұнай-химия компаниялары 
III.ЖАҢА САБАҚ
Жоспар:
1.Канадаға жалпы сипаттама
2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
3. Табиғат жағдайы мен ресурстары.
4. Халқы туралы сипаттама.
5.Шаруашылығы
6.Туристік обьбектілері
7.Сыртқы байланыстары
Жерінің ауданы - 9 млн 970 мың км2
Халқы - 32, 2 млн адам (2004 ж)
Астанасы - Оттава.
Мемлекеттік құрылымы - Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация.
Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасы.
Үкімет басшысы - премьер - министр.
Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент.
Мемлекеттік тілі - ағылшын және француз тілдері.
Ұлттық валютасы - канада доллары
Әкімшілік - аумақтық бірлігі - провинциялар және аумақтар.

Мемлекеттің қалыптасуы.
Канада жеріне қоныстану 15 - 16 ғасырларда басталды. Алғашқы рет ағылшындар мен шотландықтар Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысына қоныстанды. 1608жылы Квебек, 1642жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті.
Канада 10 провинция мен екі аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

Табиғат жағдайы мен ресурстары.
Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік - шығыс бөлігі қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы – көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен д. ж. 1 - орын алады. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Өзендер мен көлдерде құндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провенциясын «құндыздар корольдігі» деп атаған. Құндыз Канаданың ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%- ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі.

Мысалы; Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда «лай су» делінсе, Ред - Ривер өзенінің атауы аты ағылшынша «қызыл өзен» дегенді білдіреді. Ұлы көлдерден Сеңгір тауларына дейін созылған Оңтүстік - батыс бөлігін - прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Канада дүние жүзінде астық жинаушы ірі мемлекеттердің бірі.

Халқы туралы сипаттама.
Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістер. Эскимостардың негізгі кәсібі балық және аң аулау. Қазірде Канада үндістердің үлесі 4 пайыз. Әрбір шаршы шақырымға 3 адамнан. Оңтүстік - шығысында 100 адамнан асады. Канада халқының саны 32, 2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр шаршы километрге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған.
Елдің байырғы халықтары - эскимостар мен үндістер. Олардың негізгі кәсібі балық және аң аулаумен байланысты. Қазіргі кезде Канадада үндістердің 600 - ге жуық тайпалары мекендейді, олардың ел халқындағы үлес салмағы 4% ғана.
Халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады. Урбандалу деңгейі 76 пайыз. Ауыл халқына бытыраңқы түрдегі қоныстану тән. Қалаларына тән басты белгі – көгалдар мен саябақтардың көптігі. Елдегі ірі қалалар – Торонто, Монреаль, Ванкувер.

Канада атауы үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. XIX ғасырдың соңында Канадаға украиндар келе бастады. Олардың шоғырланған жерлері - Альберта, Саскачеван, манитоба провенциялары.
Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады.

Діни нанымы бойынша халықтың басым көпшілігін христиан дініндегілер (католиктер - 46%, протестанттар - 41%, православие дініндегілер 2%) құрайды. Сонымен қатар мұсылмандар, иудейлер, буддизм мен дәстүрлі діндердің өкілдері бар.

Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы 80 жас, Канада халқының өмір жасының ұзақ болуын медициналық жәрдемнің тегін болуымен, жалпы тұрмыс жағдайының жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Канада халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады, урбандалу деңгейі - 76%.
Елдегі ең ірі қалалар - Торонто, Монреаль, Ванкувер.
Шаруашылығы.:
Канада-жоғары дәрежеде дамыған индустриялы –аграрлы ел.Шаруашылық құрылымында үлкен жетілікке енетін басқа елдер тәрізді,материалдық емес сала басым.
Басты салалары-машина жасау,ағаш өңдеу, отын-энергитика,түсті металлургия
IV.БЕКІТУ
1.Жер көлемі.............................................................................
Халқы................................................................
Астанасы.............................................................
Мемлекеттік құрылымы.............................................................
Географиялық жағдайы............................................................................
2.Канада аумағында халық.................................................................................................... орналасқан.Халқының орташа тығыздығы......................................................Елдің байырғы тұрғындары..........................................................................Халықтың негізгі бөлігін .....................................................келген келімсектер құрайды,сондықтан......................................................мемлекеттік тілдер болып табылады.
3.Канада қалаларына сипаттама
4.Канада әлемде нешінші орын алады.
V. Қорытынды
VI.Бағалау
VII.Үй тапсырмасы
§ 41 Канада. 
Христоматиядағы Канада табиғаты жайлы мақаламен танысыңдар




Краткое описание документа:

Тақырыбы: §41 Канада


Сыныбы 11
Пәні География
Тақырыбы: §41 Канада
Білімділік мақсаты – Канада елдері, соның ішінде Канада туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып - үйрену.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Канада табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық - географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Оза оқыту технологиясы
Оқыту әдістері:баяндау

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
II.Үй тапсырмасын текскру
1.АҚШ туралы түсінік алу

Общая информация

Номер материала: 369233

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «География: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс «Бухгалтерский учет»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.