Инфоурок Другое Рабочие программыРазработка урока на тему "Қадыр Мырза Али"

разработка урока на тему "Қадыр Мырза Али"

Скачать материал

Қадыр Мырза Әли «Жеті» өлеңі

( 7-сынып)

Биманова

Жубатхан Абдазиевна

№18орта мектептің қазақ тілі

және әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы


Сабақтың мақсаты:


1.білімділік

Қадыр Мырза Әли шығармашылығымен таныстыру. «Жеті» өлеңіне тоқтала отырып, мазмұнын ашу.

2. дамытушылық

оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамыту;

оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыру.

3. тәрбиелік

ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой шақыру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, жоба қорғау.

Пәнаралық байланыс: география, физика, музыка.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

1. Ой шақыру.

- Балалар, «Жеті» дегенде қандай ой келеді?

- жеті күн, жеті ата, жеті нан, Жетісу.........

- Дұрыс, балалар!

2.Жоба қорғау.Киелі жеті саны.(слайд), (оқушы ).

3. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

- Бүгін сабақта сүйікті ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмірімен, шығармаларымен танысамыз.

4. Ақын өмірбаянымен таныстыру. (слайд)

- Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлы қазақтың қадірлі ақыны, балалар әдебиетінің данасы, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1935 жылы 5-қаңтарда Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы соғыстың ауыр жылдарына тап келді. Бірақ табиғатынан зерек, алғыр бала сабағын жақсы оқиды. Соның нәтижесінде сол кездегі ең беделді, жоғары оқу орны – қазақтың Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шығады. Кейін, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет етеді. Ақын – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұраны авторларының бірі. Ақынның 30-ға жуық кітаптары жарық көрді. Кейбір өлеңдері бірнеше әлем тілдеріне аударылып, шетелдерде жарық көрген. 3 томдық, 12 томдық шығармалар жинағы бар.Ақын көптеген әндерге өлеңдер жазған.

4. «Қазақ осы» әні. Бастауыш класс мұғалімі Сұлтамұратова Бақытнұр.

5. Ал, енді, Қадыр ағамыздың «Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.

Сөздік жұмысы.

а) өлең ішіндегі сөздер мен сөз тіркесіне түсінік беру.

ұзақ сан – көп сан

лақпайды бетіменен – ретімен тұрады

қымбат – жанға жақын

күрт өседі – тез өседі

санасы – ақыл, ой.

ә) оқушыларға хормен оқыту;

б) жеке оқыту;

в) оқулықтағы қазақша-орысша сөздікті оқушылардың өздеріне оқыту.

5. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.

6.Өлеңді оқушыларға шумақтап оқыту.

Сабақты бекіту.

1. Оқушыларды топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар беру. «Жеті» өлеңінің мазмұнын ашу.

1- топ.

Сұрақ. «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауап. Жетіге жеткен бала тез өседі. Бала жеті жасқа келгенде ата-анасы оны мектепке оқуға апарады. «Тілашар» тойын өткізеді.

2 -топ.

Сұрақ. «Жеті мәрте есептеп, бір кеседі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауап. . Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе.

1,2 –топ.

Сұрақ. Сайыс. «Жетіге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер ?

Жауап. Мақал-мәтелдер:

  1. Жетіге жеткенше жерден таяқ жейсің.

  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.

  3. Жеті атасын білмеген жетесіз.( дәптерге жазып алу).

1,2-топ. Сайыс.

Сұрақ.. Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?


Жауап. Қазақ халқында жеті сан киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17 ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиеттілігіне байланысты болған. Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.

Жеті қазына Жеті ырыс

1. Ер жігіт 1. Сана, сезім

2. Сұлу әйел 2. Денсаулық

3. Ақыл, білім 3. Ақ жаулық

4. Жүйрік ат 4. Бала

5. Қыран бүркіт 5. Көңіл

6. Берен мылтық 6. Жер

7. Жүйрік тазы 7. Ит (дәптерге жазып алу)

3.Сұрақ. «Жеті ата», «Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? Жеті атаңды білесің бе?

Жауап. «Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.

Өз жеті атасын атау.

Жеті ата Жеті ұрпақ

1. Бала 1. Әке

2. Әке 2. Бала

3. Ата 3. Немере

4. Арғы ата 4. Шөбере

5. Тек ата 5. Шөпшек

6. Түп ата 6. Немене

7. Баба 7. Туажат (дәптерге жазып алу) (буклет).


4.Сұрақ. Құрамында жеті саны бар қандай жер аттары бар?.Жетісу. (слайд)

География пәні мұғалімі Мусина С.М. .

Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар. Олар: Алматы және Алакөл қорығы.


Мұғалім сөзі: ДҰРЫС! Жетісу өңіріндегі Іле өзені және Әнші құм туралы өз мәліметтерін оқушылардан тыңдайық.



1. Іле өзеңі – Жетісу өңіріндегі жеті өзеннің ішіндегі ең ірісі. Тәңіртау мұзарттарынан бастау алып,Қытай жеріне кіріп, Күнгес, Текес өзендеріне қосылып қайта Қазақстанға өтіп, Балқаш көліне құяды. Жалпы ұзындығы (Текеспен қосқанда)1439 шақырым, оның 802 шақырымы республика аумағында.

2. Әнші құм - Іле өзені аңғарының оң жағасын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биіктігі 150 метрдей, ұзындығы 8 шақырымдай, ені 3 шақырымдай. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас ән естуге болады. «Әнші құм» Алтынемел ұлттық табиғи саябағы құрамына кіреді. Табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол Алматы қаласынан 182 шақырым шығыста жатыр.

5.Сұрақ. Қазақта тағы қандай киелі сандар бар?

Жауап. Қазақта үш, төрт, бес, алты, жеті, он екі, қырық деген киелі сандар бар. Он екі қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Қырық саны да киелі сан. «Сәби дүниеге келді» деген салт-дәстүрге тоқталатын болсақ, сәбиді қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ырымы жасалған. Қырқынан шығару туралы айту. (буклет).

6. Сұрақ. Біздің аспанымызда қордаланып орналасқан қандай жұлдыз бар? Жетіқарақшы.(слайд) Физика пәні мұғалімі Елеусізова Г.Е.

Жетіқарақшы.– аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

2. Мұғалім сөзі.

Өте жақсы! Ал, енді осы алған білімдеріміз бойынша сабақты қорытындылайық.

Сабақты қорыту.

1.Өлең бойынша оқушылар түсінігін айтады

Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оған мынадай өлең сөздерінен де көруге болады. Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.

2.hello_html_136ea79a.gifКластер толтыру.





3. Оқушылардың білімін бағалау.


4.Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттау. Ақын туралы түсінігін айту.


5. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Қадыр Мырза Әли – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты.

Бақыт деген – досыңның табағында,

Бақыт деген – домбыра шанағында,

Бақыт деген - өзіңнің босағаңда,

Бақыт деген – халықтың қабағында.


Сабақ Қадыр Мырза Әли ақынның сөзіне жазылған «Тамды аруы» әнімен аяқталды.




Мұғалім туралы мәлімет

Биманова Жубатхан Абдазиевна

Білімі Жоғары


Еңбек өтілі 26 жыл


Жұмыс орыны Ақтөбе қаласы №18 ОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мекен-жайы Ақтөбе қаласы

Шернияз к.115 үй

Телефоны 40-39-85

87025675718





























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на тему "Қадыр Мырза Али""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қадыр Мырза Әли «Жеті» өлеңі

( 7-сынып)

Биманова

Жубатхан Абдазиевна

№18орта мектептің қазақ тілі

және әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы

Сабақтың мақсаты:

1.білімділік

Қадыр Мырза Әли шығармашылығымен таныстыру. «Жеті» өлеңіне тоқтала отырып, мазмұнын ашу.

2. дамытушылық

оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамыту;

оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыру.

3. тәрбиелік

ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой шақыру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, жоба қорғау.

Пәнаралық байланыс: география, физика, музыка.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2015 1283
    • DOCX 69 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Биманова Жубатхан Абдазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Биманова Жубатхан Абдазиевна
    Биманова Жубатхан Абдазиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10918
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе