Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Разработка урока по географии на тему "«Солтүстік Америка» тақырыбы бойынша қайталау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Разработка урока по географии на тему "«Солтүстік Америка» тақырыбы бойынша қайталау"

библиотека
материалов

Саб. тақырыбы: «Солтүстік Америка» тақырыбы бойынша қайталау

Саб. мақсаты мен міндеттері:

«Солтүстік Америка» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылау, тақырыпты түсінгендерін тексеру; картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; жер шары табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

Саб. әдістері мен формалары: ауызша жауап, қорытындылау, топпен жұмыс.

Саб. түрі: қайталау сабағы

Құрал-жабдықтар: Солтүстік Американың физикалық картасы, атластар мен кескін карталар, тапсырмалар жазылған парақтар

Саб. барысы: І. Ұйымдастыру

Амандасу. Жоқтарын белгілеу

ІІ. Сабақты өткізуге дайындық

Балалар біз бүгін Солтүстік Америка материгін оқып үйренуді аяқтаймыз. Біздің сабағымыздың мақсаты алған білімді қорытындылау, түсінбей қалған жерлерін қайта талдау. Сондай-ақ сендермен картамен жұмыс істеу дағдыларыңды дамытамыз.

ІІІ. Білім мен дағдыларын тексеру

1-тапсырма. Материктің географиялық орнын сипатта.

Бірінші топтың тапсырмасы.

1. а) Материктің шеткі нүктелерін атап, тақтадығы картадан көрсет.

б) Кескін картаға шеткі нүктелерін белгіле. Координаталарын анықтап, кескін картаға жаз.

в) Кескін картаға экватор, тропик, нөлдік меридиан сызықтары мен поляр шеңберін түсір.

Градус торының қандай сызықтары материкті кесіп өтеді? Олар материктің табиғатына қандай әсер тигізеді?

Екінші топтың тапсырмасы.

2. а) Материк қандай бағытта созылып жатыр? Оның ұзындығын анықта.

б) Материкті қандай мұхиттар мен теңіздер шайып өтеді?

Үшінші топтың тапсырмасы.

3. а) Материкті қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?

б) басқа материктерге қатысты материк қалай орналасқан?

- тапсырмаларды орындауға 10 минут беріледі. Содан әр топ қорытындыларын сынып алдына шығып айтады.

Оқушылар өзіндік жұмысты орындайды.

- Ал, енді жұмыстарыңды аяқтаңдар. Қорытынды жасау сөзі бірінші топқа беріледі. Қалған оқушылар қорытындыны кескін карталарына белгілейді.

- Сөз кезегін екінші топқа береміз.

- Ендігі сөз кезегін үшінші топқа береміз.

2-тапсырма. Атласты пайдалана Солтүстік Американың зерттеушілер мен саяхатшылардың аттары берілген географиялық объектілерін тауып ата.

Гудзон Генри (поляр территорияларын зерттеген ағылшын зерттеушісі) - ……….. шығанағы

Барроу Джон (ағылшын географы) - ………… мүйісі

Врангель Фердинанд Петрович (орыс теңізшісі, адмирал, Арктиканың зерттеушісі) - ………. аралы

Баффин Уильям (ағылшын зерттеушісі) - …….. теңізі және ........... аралы

Беринг Витус Ионассен (орыс флотының офицері) - …….. бұғазы және ............ теңізі

Чириков Алексей Ильич (орыс теңізшісі) - …….. аралы

Шелехов Григорий Иванович (орыс көпесі) - …..... бұғазы

3-тапсырма. Материктің жер бедері мен пайдалы қазбаларын қайталау.

а) Сұрақ-жауап.

Материктің негізінде не жатыр?

Материктің қандай бөлігінде платформа жатыр?

Материктің қандай бөлігінде қатпарлы облыстар жатыр?

Солтүстік Американың батыс және шығыс жағалауын салыстыр. Жер бедерінің айырмашылығын немен түсіндіруге болады?

Неліктен Кордильер тауларында жер сілкіністері мен жанартаулардың атқылауы болып тұрады?

Кордильер таулары биіктігіне қарай қандай тау тобына жатқызылады?

Таудың ең биік шыңын ата. Оны картадан көрсет.

Материктің шығысында Аппалач таулары орналасқан. Таулар ежелгі герцин қатпарлығында пайда болған. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Аппалач таулары қандай Еуразия тауларына ұқсас?

Аппалач тауларының ең биік шыңы мен биіктігін ата.

Солтүстік Америка территориясында қандай жер бедерінің формалары басым?

б) Екі жұп оқушыларға Солтүстік Американың жер бедерінің формасын сипаттайтын мәтін беріледі. Оқушылар мәтіндегі қателерді тауып, дұрысын жазады.

Аппалач таулары

Солтүстік Американың батыс жағалауы бойымен Аппалач таулары созылып орналасқан. Оның ең биік нүктесі Мак-Кинли шыңы. Бұл таулардың ерекшелігі жасына байланысты. Олар жас, шыңдарын қалың өсімдіктер алып жатқан таулар. Таулардың басты байлығы – темір рудалары және тас көмір. Таулар адамның шаруашылық әрекетінен шамалы өзгерген.

Ұлы жазықтар

Бұл Кордильер тауының кішкентай таулы үстірті. Тар, әрі биік беттері терең өзен аңғарларымен кезектесіп орналасады. Бұрын үстірттің ылғалды территориясы көрші орналасқан Орталық жазықтарға қарағанда тартымды болмаған.

Дұрыс жауаптары:

  1. Шығыс, ежелгі, тас көмір, күшті

  2. Үлкен (ауқымды), кең, құрғақ

ІV. Үйге: § 29-33 қайталау; картадан объектілерді көрсетуді үйрену

V. Сабақтың қорытындысы

Оқушылардың алған бағаларын түсіндіре отырып, журналға қою.

Қорытынды: бүгін біз сендермен Солтүстік жарты шардың екінші материгі Солтүстік Америка бойынша білімдерімізді жалпыладық.

Осы тақырып бойынша алған білімдеріңді алдағы өмірде қолдана аласыңдар деп сенемін.



Краткое описание документа:

7 сыныпта өткізілген ашық сабағымның мақсаты мен мінеттері: "Солтүстік Америка" тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау; тақырыпты түсінгендерін тексеру; картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; жер шары табиғатын қорғауға тәрбиелеу. Сабақ барысында келесі әдістер мен формаларды қолданым: ауызша жауап, қорытындылау, топпен жұмыс. 

1-тапсырма: материктің географиялық орнын сипатта. Әр топқа жеке тапсырма берілді.

2-тапсырма: атласты пайдалана материктің зерттеушілер мен саяхатшылардың аттары берілген географиялық объектілерін тауып ата.

3-тапсырма: материктің жер беері мен пайдалы қазбаларын қайталау.

Автор
Дата добавления 21.01.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров284
Номер материала 326007
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх