Инфоурок / История / Конспекты / Разработка урока по истории на тему:"Отты жылдар шежіресі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Разработка урока по истории на тему:"Отты жылдар шежіресі"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасы









hello_html_m499d5aaf.gif









Орындаған: тарих пәні мұғалімі Жаумбаева Айша Ерланқызы

Қатысушылар: 6а,8а,9а сынып оқушылары, мұғалімдер




















2011-2012 оқу жылы

Сыныптан тыс шараның мақсаты:

- оқушыларға КСРО – Германия соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 67 жыл толғанын, отты жылдардағы соғыс қасіретін, тарих қойнауындағы шежіреден сыр шерту, оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру, тылда қажырлы еңбек еткен әкелер мен аналар, аталар мен әжелерді ұмыттырмау, сұрапыл соғыс құрбандарын құрметпен еске алуды кейінгі ұрпақ бойына сіңіру.

- шара барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.

- елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін есте сақтауға, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгін біз «Отты жылдар шежіресі» атты шараға жиналып отырмыз.

Гитлерлік Германия 1941 жылы 22 маусымда Кеңестер Одағына шабуыл жасады. Олардың мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын.

« Ер басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымызбен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлермен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады!

(Сахнаға 2 оқушы екі жақтан шығады.)

Оқушы 1: - Жыл сайын 9-мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып, батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің құралы.


Оқушы 2: - Соғыс деген суық хабар, қатер, сын,

Тіршілікке не жақсылық әкелсін.

Ақ шашты ана жесір

Зардабынан соғыстың.

Ұлың жетім,

Құрбан еткен әкесін.

Ақ шашты ана

Ұлын, жарын жоқтаған.

Шошытады

Сол бір күндер қаралы

Ерлікте көп,

Аңыз етіп айтарлық.

Жойдық біздер,

Жаудың бетін қайтардық.

Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,

Жатыр едім жүзінен нұр байқалып.

Гүл дәуренде

Күн кешейік үрейсіз.

Төбемізден төнбесінші дүлей күш.

Бар мәселе

Бейбіт жолмен шешіліп,

Ұранымыз:

Тыныштықты тілейміз!


Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Күй ойнап тұрады.

Қатысатындар: әжесі, қазақ қызы-немересі, солдат-қыздың әкесі, келін-қыздың шешесі.

Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне өте қуанышты жүгіреді.

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

(Әжесін құшақтап еркелей күледі.)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!

(Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

Радио: Тыңдаңыздар, тындаңыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді.


Ән: «Священная война».

(Келіннің қолынан ыдысы түсіп кеткен, келіні жылап бетін жабады.)

Немересі: Әже, соғыс, соғыс басталды! (Әжесін құшақтап жылайды. Әскери музыка ойнап тұрады)

Дауыс: Қырқыншы жылдардағы қазақ ауылы. Ер азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдарының жанарында қайғы мұң.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: Аттан!-деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Тауып жейді сенсізде несібесін.

(Әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: (Әкесі қолындағы кішкентай баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам,тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат

Кәрі анам, сәби інін

Барлығы саған аманат.



Әжесі: (Әжесі баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне

Көріссін туған елімен

Келін-ау, көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер


Келін: (Қалтаға салынған топырақты берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді

(Жарының соңынан жылап қалады. Әскери музыка ойнап тұрады.)


- Ауыл адамдары, ішінде қос ғашықтарда, кәрі кемпірі, кішкентай балалары, әйелдері бар бір-бірімен қимай қоштасып, бір топ қазақ жауынгерлерді майданға шығарып салды.


Көрініс №2:

1-жүргізуші:

-Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді. Әрине жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен соғыста әзіл-қалжың, ән мен күй ұмытылмады. («Дороги» әні ойнап тұрады)

2-жүргізуші:

- Сағынышты қам көңілмен үласып,

Күз аспаны бірде күңгірт,

Бірде ашық

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі – домбырамен сырласып.

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны Ақжайықтың толқыны,

Сағынғаны кербез сұлу еркесі.


(Соғыс кезеңі. Жауынгерлердің демалыс сәті.) Жиналғандар арасынан бір-біріне:

  • Бүгін ойын-сауық көріп, көңілді бір көтерейікші.

  • Би билеп, өлең айту орнына жоқтау айтып жылау керек.

  • Біреуге соғыс, біреуге ән күй керек.

  • Әй,қыздар-ай, тілдерің-ай осы сендердің!

  • Қане, өнерпазым, аш сандығыңды, айтайық бір шырқап ән.

  • Бізде қосылайық.

Шығыстан күн көрінеді,

Бара жатыр батысқа.

Біздің әскер көңілді,

Дайын жаумен атысқа.

Гитлерге қоныстың («Дороги» әні жалғастырып ойнап жатады)

Болмас енди керегі.

Машинасы орыстың

Берлинге де енеді

(барлығы қосылып «Катюша» әнін айтады,тыңдап отырады)


- Маншүк сен неге ән айтпай отырсың?

- Мен хат жазып отырмын. (Үнтаспадан оқылады)

«Әпкетай, өзіңізді қатты сағынып жүрмін, кезекті шайқастан соң көбіне қиялға берілемін, егер тірі қалсам, үйге асығып жететінімді ойға аламын. Бірақ соғыстың аты соғыс, мені қандай тағдырдың күтіп тұрғаны белгісіз, одан аман-сау шығуымда екіталай болуы мүмкін. Мен сізге бүкпесіз хат жазып отырмын, бірақ құр уайымға беріліп жүдей бермеңіз. Егер олай-бұлай болып кетсем, онда Отан үшін, әкем үшін жанымды қиғаным. Бетіңізден сүюші, қызыңыз Мәнсия»

(Осы кезде сырт жақтан майор Сыздықов кіріп келеді. Барлық жауынгерлер сапқа тұрады.)

Барлығы: Отан үшін қызмет етеміз!

  • Мәншүк, сенімен бірге қанша адам кетеді?

  • Бір бөлімше!

Майор: (Дайындықтарын мұқият тексеріп шығып) Байқаңдар, Міскеуді «Әуе шабуылынан» қорғауға барасыңдар, кімнің қандай объектіде болатынын ауданның әскери коменданты айтып тиісті нұсқау береді.

Міндеттерің әуе шабуылынан сақтану, түсінікті ме?
- Қазақстаннан келген бөлімнің жауынгерлері астананы күзетеді деп сенемін...

  • Бұрын күзетте болып па едің, сержант Мәншүк?

  • Бірінші рет. Адал қызмет көрсетуге тырысамын!

  • Онда солай, жолдас жауынгер!

(Шығып кетеді)

Жауынгер: - Ал ендеше ұрысқа дайындалайық....


(Шабуыл дауысы, жарық өшіріліп, екі сәуле Маншүк пен Алия екі жақтан бір-біріне жақындап келіп, залға келіп өзара сыр бөліседі. Ақырын күй тартылады)

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гул едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздерме едік үй бағатын тірі өлік


Маншүк: Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.




Екі батыр бірге: Жетсек деген арманымыз көп еді

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Бізді туған күнімізбен құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз

Өсіріп пе ем сені мен

Майданда үнсіз жатсын деп,

Қарай алмай жауына,

Жерге бетін бассын деп.


(Экраннан ұрыс майданынан көрініс көрсетіліп жатады)

Жүргізуші:- Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасап, санаулы айларда бүкіл әлемді жаулап алуға үміттенген неміс фашисттерінің бастапқы қарқын қимылдары жойқын болды.

190 дивизияға біріккен 5,5 миллион фашисттік армия, төрт мыңнан астам танк, бес мыңға тарта самолет жәңе 47 мыңнан астам қару-жарақтар мен минометтер елімізге ажал оғын қарша жаудырып, от жалынға орады. Бірақ бұл алғашқы қарқындары болып шықты.


Оқушы: - Кеңестік шекараны аттар аттамастан, қақ маңдайдан ұрғандай тосқауылға, біздің жауынгерлердің адам нанғысыз күшті тегеуріндеріне кезікті. Гитлершілердің ат жалындай айбарлы техникасын үйіп-төгіп, аласұра жасаған шабуылдары Брест, Мәскеу, Сталинград қалаларының түбінде бас көтертпестей тойтарысқа ұшырады.


Оқушы: - Мәселен, Қазақстанда жасақтаған 316-шы атқыштар дивизиясы өшпес даңққа бөленді. Мәскеуге жауды жібермеу жолында асқан ерліктің үлгісін көрсеткен 28 ер жүрек панфиловшы фашистердің 50-ден астам танкісін талқандап, өздері түгелге дерлік қаза тапты.


Оқушы: - Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш-қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған біздің еліміз фашисттік Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы соғыс қырғыны Отан қорғаушыларды қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қалалар мен ауыл – селоларға «қаралы қағаз» болып жетіп, жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат.


Жүргізуші: -Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 200 гр, кейіннен 150 гр. Нанды талғау етті. Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Жыр алыбым Жамбыл «Ленинградтық өренім» өлеңі қорғаушыларға күш-қуат берді.


Оқушы:- «Ленинградтық өренім» өлеңі


ән: 5Б сынып ХОР

«Три танкиста»


(Пошта тасушы бала хат әкеледі)


Келін: Қалай сені жұбатам, аңыра ана.

Рас болса мына келген «қара қағаз»,

Маған жар, балаға әке табыла ма?

Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған,

Жоғалды сол бетімен бірақ арман.

Сенбеймін, сенбеймін, әкелерің өлгеніне

Себебі ол үйімізден тірі аттанған.


Немересі: Айтшы, ана, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін.

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін

Естідің бе сонда сен,

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп,

Сұрапыл соғыс көлдеткен...


Әжесі: Оу, немерем, қайдағыны қозғадың,

Шейіт болды талай-талай боздағым

Бірақ, бірақ тәңіріме табынып,

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.



(Ән «День Победы» ойнап тұрады)

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды! Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге!

(Сахнадағы ауыл адамдары бір-бірімен құшақтасып көрісіп қуанып жатыр, бірі жылап, бірі күліп, қауышып жатыр.)


Жүргізуші: Қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп өздерінің жастығын, күш жігерін жұмсады. Сол соғыстан оралмаған солдаттарды күтіп артында аңыраған ана мен әкелер, желкілдеп өсіп балалар, махаббатын сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды. Армандарына жетпей өмірден ерте озған қыршын жастарды, майдангер ерлерімізді бір сәт еске алып аруақтарына іштей дұға арнайық.

(бір минут үнсіздік жарияланады.)


Ән: «Ақ көгершін»


(Хорға қатысатын оқушылар)

  • Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.


  • Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


  • Бүгін жайнап жасарсын ана біткен

Асыр салып қуансын бала біткен

Жүректері толқысын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.


  • Өртенбесін туған жер

Өркендесін туған ел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Ел қорғауға әзірміз!


  • Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз

Біз күштіміз күштілердің бәрінен

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.


  • Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта

Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!


  • Оу, адамдар, даналар,

Соғысқа қарсы балалар

Өркендей берсін қалалар

Гүлдене берсін далалар,

Тыныштық керек ол үшін!


  • Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандардың күшіменен

Өркендеттік өмір менен өнерді.


  • Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.


  • Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс

Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.


  • Сен құрметте оны

түсіндіңбе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.


  • Саған құрмет бейбітшілік сақшысы,

Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы,

Саған миллион жүректердің салюті,

Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы.


  • Бейбіт көктем таң атқалы

Хормен: Алпыс жеті жыл!


  • Шуақты күн таратты әнін

Хормен: Алпыс жеті жыл!


  • Есімде сонан бері

Хормен: Алпыс жеті жыл!


-Ашылды Жеңіс күннің парақтары

Хормен: Алпыс жеті жыл!


Хор Ән:

1. «Бейбітшілік сақталсын»

2. 6 сынып Куршина Т. «С Днем рождение солдат»



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сыныптан тыс шараның мақсаты:

 - оқушыларға КСРО – Германия соғысының жеңіспен аяқталғанына  биыл 67 жыл толғанын, отты жылдардағы соғыс қасіретін, тарих қойнауындағы шежіреден сыр шерту, оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру, тылда қажырлы еңбек еткен әкелер мен аналар, аталар мен әжелерді ұмыттырмау, сұрапыл соғыс құрбандарын құрметпен еске алуды кейінгі ұрпақ бойына сіңіру.

- шара  барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.

- елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін есте сақтауға, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгін біз «Отты жылдар шежіресі» атты шараға жиналып отырмыз.

Гитлерлік Германия 1941 жылы 22 маусымда  Кеңестер Одағына шабуыл жасады. Олардың мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын.

« Ер басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымызбен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлермен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады!

 (Сахнаға 2 оқушы екі жақтан шығады.)

Оқушы 1: - Жыл сайын 9-мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып, батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің құралы.

 


Оқушы 2: - Соғыс деген суық хабар, қатер, сын,

Тіршілікке не жақсылық әкелсін.

Ақ шашты ана жесір

Зардабынан соғыстың.

Ұлың жетім,

Құрбан еткен әкесін.

Ақ шашты ана

Ұлын, жарын жоқтаған.

Шошытады

Сол бір күндер қаралы

Ерлікте көп,

Аңыз етіп айтарлық.

Жойдық біздер,

Жаудың бетін қайтардық.

Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,

Жатыр едім жүзінен нұр байқалып.

Гүл дәуренде

Күн кешейік үрейсіз.

Төбемізден төнбесінші дүлей күш.

Бар мәселе

Бейбіт жолмен шешіліп,

Ұранымыз:

Тыныштықты тілейміз!


 

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Күй ойнап тұрады.

Қатысатындар: әжесі, қазақ қызы-немересі, солдат-қыздың әкесі, келін-қыздың шешесі.

Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне өте қуанышты жүгіреді.

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

(Әжесін құшақтап еркелей күледі.)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!

(Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

Радио: Тыңдаңыздар, тындаңыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді. 

 

Ән: «Священная война».

(Келіннің қолынан ыдысы түсіп кеткен, келіні жылап бетін жабады.)

Немересі: Әже, соғыс, соғыс басталды! (Әжесін құшақтап жылайды. Әскери музыка ойнап тұрады)

Дауыс: Қырқыншы жылдардағы қазақ ауылы. Ер азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдарының жанарында қайғы мұң.

 

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Общая информация

Номер материала: 317624

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>