Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку на тему "Глагол"

Разработка урока по казахскому языку на тему "Глагол"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Пән: қазақ тілі.

7- сынып


Тақырыбы: Етістік


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың білім деңгейлерін көтеру. Етістік тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау;


Дамытушылық: сауатты, қатесіз жазуларын қадағалай отырып, жаттығу жұмыстарын жазғызу, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылық арттыру;


Тәрбиелік: оқушылардың ой-өрісін арттыру, әртүрлі тапсырмалар арқылы танымдық деңгейлерін көтеру.


Сабақтың типі: ойын сабақ.


Сабақтың түрі: қайталау сабағы.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, домбыраның суреті, карточкалар.


Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, кезекші арқылы келмеген оқушыны анықтау.

  • Сәлеметсіңдерме балалар!

  • Бүгін сыныпта кім кезекші, кім жоқ?

  • Бүгін, балалар, біз сендермен сабағымызды ойын түрінде бастаймыз.

  • Сыныбымызды екі топқа бөліп алайық:

І топ «Болашақ» тобы.

ІІ топ «Аманат» тобы.


Ойын шартымен таныстырып өтейін:

Ойынының шарты бойынша «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» тапсырмаларын дұрыс орындаған топ Алтын қақпаның ар жағындағы «Алтын сандықты» ашып, ішіндегі сыйлықты алу құқығына ие болады.

Алдымен екі топ басшылары өз топтарын таныстырып өтсін.


«Болашақ»:

Қазақ тілі қасиетін ардақтайын,

Сабырмен ойымызды салмақтайын,

«Аманат» топтарына сәлем жолдап.

Сайысты келіңіздер, біз бастайық.


«Аманат»:

Ұлылар айтқан екен тіл жайында,

Осы сөзді бізде алайық пайымға.

«Болашақтың» сәлемін қабыл алып,

Озамыз білімменен бұл жарыста.

Ойынымызды бастамас бұрын, қажетті заттарымызды дайындап алайық: кітап, қалам, дәптер.

«Бізге жақсы айтқаның, сізге жақсы тапқаның».

Қазір өткен тақырыпты қайталау мақсатында Сіздерге сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріледі. Қай топ дұрыс және алдымен жауап берсе, сол топ ойынға жолдама алып, бірінші қақпа -Тас қақпаның тапсырмасын орындау құқығына ие болады.

  • Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Сөйлемде қандай қызмет атқарады?

  4. Тұлғасына қарай етістік нешеге бөлінеді?

  5. Тұйық етістік қалай жасалады?

  6. Етістік тудыратын жұрнақтарды атаңыз.

  1. «Тас қақпа»

Тапсырма: 3- тапсырма «Түліктің пайдасы»

  • Мәтінді оқу, аудару.

  • Мәтіндегі етістіктің астын сызып, сұрақтарын қою.

Түліктің пайдасы.

Қазақ халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Қазақстанда қой, жылқы, сиыр және түйе өсіріледі. Қой-өте пайдалы мал. Қойдың жүнінен неше түрлі мата тоқиды. Қойдың терісінен былғары жасайды. Жылқы- көлік. Биенің сүтінен қымыз ашытады. Түйенің сүтінен шұбат ашытады.

  1. «Күміс қақпа».

Тапсырма: 4-тапсырма.

«Болашақ» тобы негізгі етістіктерді, «Аманат» тобы туынды етістіктерді теріп жазады.


Негізгі етістік

Туынды етістік

Бар, бағу, көшу, жүр, өт, бөл

Ақта, сана, тілге, тазала, тұзды, ақылдас, қыста



  1. «Алтын қақпа».

Тапсырма: 5- тапсырма.

Етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңдар:

Шыққан – шығ + у

Жоламайды – жолама + у

Ішпейді – ішпе + у

Жейді – же + у

Ішеді – іш + у.


  1. «Алтын сандық».

Алтын сандықты ашып, ішіндегі домбыраны сыйға алады.

Үйге тапсырма беру.

«Бару» етістігін септеңдер.


Бағалау.


Краткое описание документа:

Разработка урока для  седьмого класса. Цель урока: закрепление знаний учащихся  по пройденной теме, используя элементы игры повысить  интерес  учащихся к уроку.  Урок повторение разработан в игровой форме.  Для начало урока мы повторяем правила по теме "Глагол".  Работаем по групповой форме. Класс делим на две группы, если большой класс можно делит на три группы. По правилам игры команда победитель, которая прошла через все ворота в конце урока получает приз, которая находиться в сундуке.  

Общая информация

Номер материала: 158191

Похожие материалы