Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Разработка внеклассного мероприятия "Жан жарасы жазылмас...."Желтоқсан оқиғасына арналған
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Разработка внеклассного мероприятия "Жан жарасы жазылмас...."Желтоқсан оқиғасына арналған

библиотека
материалов

Ақанбаева Пейзатхан Жақсыбайқызы

Текелі қаласы, №1ОМ МДШО-мен ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: Жан жарасы жазылмас...

Мақсаты: елімізді, жерімізді шексіз қастерлеу, сүю және ардақтаумен бірге оны қорғау – әр перзенттің парызы мен міндеті екенін ұғындыру.

Көрнекілігі: Тәуелсіздікті дәріптейтін сөздер

Жүргізілу барысы: Қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген күй сазымен 2 жүргізуші сахнаға шығады. Әуен сәл бәсендегенде жүргізушілер сөз алады.

1-жүргізуші:

Жылдармен жүйрік жарысқан,

Жеткізбес арман алыссың.

«Мыңменен жалғыз алысқан»

Адалдық, шындық ар үшін.

2-жүргізуші:

Арпалыс дүние бір майдан,

Күресіп өткен мен-дағы.

Көңілге сондай ой салған,

Береке, бірлік ел қамы!

1-жүргізуші: Армысың, Ұлы Тәуелсіздік! Қашанда сенің рухың асқақ, мәртебең биік. Сен бізді келешектер кеңістігіне, бодансыз болашақтарға бастайсың!

2-жүргізуші: Жаса, Тәуелсіздік! Сен бізді ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аппақ тілеуі болып келгеніңді «Мың өліп, мың тірілгеніңді» қазақтың бүгінгі қайсар ұрпағы жақсы біледі.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай жеткен жоқ. Әр дәуірдің өзіндік есте қалар тарихы бар. Естен кетпес оқиғаның бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Сол жылдарды еске алсаң, тән жарасы жазылса да, жан жарасы жазылар емес.

2-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!...

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар Желтоқсан оқиғасына қанша жыл өтсе де, 1986 жылғы жастардың жанына жара салған қыстың ызғары халық есінен кетпек емес.

2-жүргізуші: Осы тарихи күнге арналған «Жан жарасы жазылмас...» тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

(Гимн орындалады.)


І-көрініс

(Далада салют атылып жатады. Сахнада әже отыр.)

Әже: Е... тәуба! Бергеніңе шүкір!

Немере: Әже, әжетай, далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқыраған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр, жүріңіз көрейік!

Әже: Е,е... жарығым, бұл нышан Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Әй, Алла сол күнді қайталата көрме! Тәуелсіздікті ұзағынан сүйіндірсін!

Немере: Әжетай, Тәуелсіздік деген не?

Әже: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Бұл тәуелсіздік оңай келген жоқ. Қаншама жас ұл-қыздарымыз Тәуелсіздік жолында қан төкті.

Немере: Әже, маған айтып беріңізші.

Әже: Ендеше, тыңда балам. (Әже немересін жетектеп сахнадан шығып кетеді).

ІІ-көрініс


Студенттер аудиторияда отыр. Есік қағылады. Біреу кіріп келіп, шетте отырған студентке бір қағаз тастап, шығып кетеді. Бәрі таң-тамаша. Жарысып сөйлеп... бұл не қағаз? Оқышы, оқышы!

Қыз: (Дауыстап оқиды). «Кеуделеріңде қазақтың қаны болса, алаңға жиналыңдар!» Бәрі бір-біріне қарап... Не істейміз?

Жігіт: Жігіттер, қыздар! «кеуделеріңде қазақтың қаны болса» деген жайшылықта айтылатын сөз емес. Біз елімізге керек болып тұрған шығармыз.

Жігіт: Кеше үкімет басына басқа адамды қойыпты. Соған жастар наразылық білдіріп жатыр деп естіген едім. Сол жөнінде шығар.

Жігіт: Онда жастар сол үшін алаңға жиналмақ қой. Мен алаңға барамын.

Бәрі жарыса сөйлеп: бәріміз, барамыз. Не үшін халықтың жиналып жатқанын білейік.

Жігіт: Елдің намысын ешкімге таптатпау керек. Бұл демократиялық көтеріліс болғаны ғой. Бізді ешкім тоқтата алмайды.

(Жастар шулап сахнадан шығып кетеді).


ІІІ-көрініс


(Алаңда қаптаған солдаттар, милиция қызметкерлері. Бәрі түнеріп кеткен).

Милиция: Көше кезген бұзақылар. Бұнда неге келдіңдер? Кім сендерді жіберді? Азғырған кім? – деп сұраққа алып, келген жастарға қыспақ көрсете бастайды.

Қыз бала: Тиіспеңдер маған. Өзім келдім. Ешкім азғырған жоқ. Ешкімді де танымаймын.

Жігіт: (қызды аяп). Жіберіңдер оны. Бейкүнә қыздың еш жазығы жоқ. (Қызды ұрып-соғып жатады). Сұмырайлар, басынбаңдар бізді.

(айғай-шу басталып кетеді).

Солдаттар: Шегініңдер! Кетіңдер! Сендер де мыналардың күйін кешесіңдер.

Жастар: Бұл – бейбіт демократия. Сөз бостандығы берілген. Біз өз пікірімізді айтуымыз керек. Бізге сырттан келген адамның керегі жоқ. Бұл басынғандық. Бізді кемсіту. Дінмұхамед Қонаевтің өзі сөйлеп бар жайды түсіндірсін. Ол кісі шығып сөйлемейінше, біз алаңнан кетпейміз! Елімізді, жерімізді бөтенге таптатпаймыз.

Егде адам: Әй, қанды қол солдатсымақ! Дереу мына бейкүнә қызды қоя бер, ал екіншіден, істеген тасжүректік қылығың үшін ертең заң алдында жауап бересің.

Милиция: Ей, заңды жақсы білгіш. Мына декабристі қолдағаның үшін мен емес, тура сенің өзің жауапқа тартыласың. Беріңдер мынаның да сазайын.

(Үлкен кісіні де, жастарды да соғып жатады. «Елім-ай» әуені сахна сыртынан зарлы естіледі. Айғай-шу).

Жігіт: Жанар, Жанар! Жа-нар!

Танысы: Думан, Жанарды Каблуков көшесіндегі жындыханадан ізде.

Милиция: Жап, аузыңды сүмелек. (Жігітті тепкілейді. Әлсіреген жастарды сүйрелеп әкетіп жатады, «апалап» айқайлаған дауыстар жан түршіктіреді).


ІV-көрініс


Жанарды жындыханаға іздеп келеді. Думанның алдында өзі білетін Жанарға ұқсамайтын біреу тұр.

Жанар: Әне, әне олар бізді қырып жатыр. Қан! Қып-қызыл қан! Қайда қарасаң да қан! Бұлар бізді неге аямайды!

Думан: Жанар! Бұл – мен, Думан ғой ... (Жанар бір сәт қадала қарайды).

Жанар: Тек ұра көрмеші, ағатай! Мен айтам, бәрін айтам... Алаңға тағы барамыз!

Думан: Жанар, мені танисың ба? Мен Думанмын ғой...

(Жанар басын қос қолымен тұмшалап алып, бұрышқа тығыла түседі. Қалш-қалш етеді. Думанның иығынан әлдекім қолын салады).

Дәрігер: Жүр, менің кабинетіме барайық, әңгіме бар. (кабинетіне кірген соң есікті қаттырақ жауып, орнына отырады).

Қазір бір-бірін аңдыған заман. Әсіресе, қазақтарға күн жоқ. Оны өзің де түсінесің ғой. (Бір сәт үнсіз отырып қалады).

  • Жанар ұнататын қызың ба, жоқ әлде қарындасың ба?

Думан: Ұнататын!

Дәрігер: Әй, иттер-ай! Адамша сөйлеп, хайуанның ісін істегендерін қайтерсің. Адамға тән мейірімділік жоқ бұларда...

Думан: Жанар енді жазылмай ма?

Дәрігер: Өтірік айта алмаймын. Тән жарасы болса жазылар ма еді, әлде қайтер еді?... Жан жарасының жазылуы қиын-ау...

Думан: Түсінбедім.

Дәрігер: Жанардың есі соққыдан емес, 6-7 солдаттардың зорлығынан ауысқан...

Думан: О, жауыздар! О, фашистер! Бұл істеріңді ешқашан ұмытпаспын, әлі сазайларыңды тартарсыңдар.

Дәрігер: Иә, бұл сойқан кімді-кімнен айырмады...!





V көрініс


Думан Жанардың топырағы кеппеген қабіріне келіп, гүл шоғын қояды.

О,Жанарым! Күн сәулелі көріктім,

Бір көргеннен ғашық болдым, еліттің.

Сен кірген соң қара жердің қойнына,

Енді мен де тірі жүрген өлікпін.


1-жүргізуші:

О,Махаббат! Құлы болдың биліктің,

Тәкапар ең тал шыбықтай иліктің.

Ақша менен қара күшке шыдамай,

Тамыздығы болып жүрсің күйіктің.


«Желтоқсан желі» әні орындалады.

Ләзаттың дауысы:

Көп жыл болды, мен жатырмын

Ақжазықтың түбінде.

Мені өлтірген танкист жігіт,

Тірімісің бүгінде.

Тірі жүрсең өткен күнді

Еске алғанның несі бар...

Желтоқсанда құрбан болған

Ләззат қызды есіңе ал!

Бұйрық берді саған бастық,

«Сенімімді ақта» - деп,

Он алтыға толған қызды,

«Танкіменен таппта» - деп.

Он алтыда қиылдым мен,

Табанында танкінің.

Ләззат атты құрбанымын,

«Қазақ» деген халқымның.

Қазақ, халқым, қазағым,

Сенің үшін жанамын.

Енді қайтіп көрмейік,

Желтоқсанның азабын!

Күй ойналады

Соңғы сөз: Оқушылар

1-оқушы: Қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өтті. Ендеше, қолымыз жеткен осы азаттықты ешкімге тәуелді етпей, өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз.

2-оқушы: 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғарғы кеңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.

3-оқушы: Тәуелсіз еліміздің рәміздері: мемлекеттік Ту, Елтаңба, және Гимн бекітілді. қазақстан республикасының ұлттық ақшасы - т–ңге айналымға түсті.

4-оқушы: 1990 жылғы 25 қазанда егемендік туралы Декларацияға қол қойылды.

5-оқушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.

6-оқушы:

Қазақстан – мақтанышым,

Туған елім-байтағым.

Сеніміңді ақтаймын деп,

Сендіріп серт айтамын.

Серпілістен сезімдегі,

Жүректен жыр жазамын.

Шарықтайтын кезің келді,

Жаса, жаса, қазағым!

Барлығы бірге: Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын!

Бала: Алақай! Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Тәуелсіздік таңы атты!


Ән: «Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы -халқымыз үшін ұмытылмас тарих. Бұл күнді ешқашан естен шығармауға тиіспіз.


2- жүргізуші:

Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан; ер көтерер жер даңқын.

Президентім – аман болғай Елбасы

Мәңгі жаса! Мәңгі жаса!

Өр халқым!!!

2-жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Жан жарасы жазылмас...» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. (Гимн орындалады.)

1-жүргізуші:

Туымыз бар таңырқатқан шыңымен,

Ұл-қызымыздай даламыз бар: ұлы-кең.

Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,

Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!!!














Текелі қаласы, №1 ОМ МДШО-мен ММ














Жан жарасы жазылмас....

(ашық тәрбие сағаты)














10 «Ә» сынып

Сынып жетекшісі: П. Ақанбаева

Краткое описание документа:

Туымыз бар таңырқатқан шыңымен,

Ұл-қызымыздай даламыз бар: ұлы-кең.

Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,

 

Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!!!

 

Желтоқсан оқиғасы -халқымыз үшін ұмытылмас тарих. Бұл күнді ешқашан естен шығармауға тиіспіз. 

Мақсаты: елімізді, жерімізді шексіз қастерлеу, сүю және ардақтаумен бірге оны қорғау – әр перзенттің парызы мен міндеті екенін ұғындыру.

1-жүргізуші:

Жылдармен жүйрік жарысқан,

Жеткізбес арман алыссың.

«Мыңменен жалғыз алысқан»

Адалдық, шындық ар үшін.

2-жүргізуші:

Арпалыс дүние бір майдан,

Күресіп өткен мен-дағы.

Көңілге сондай ой салған,

 

Береке, бірлік ел қамы!

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров350
Номер материала 321457
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх