Инфоурок Физика КонспектыРазработок "§10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру."

Разработок "§10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру."

Скачать материал

7-сыныптар

 

Сабақтың тақырыбы: §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға молекулалы-кинетикалық теория тұрғысында заттың күйлерін жете түсіндіру.                         

Дамытушылық: Оқушылардың  ойлау қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.    

Тәрбиелік: Білім алудағы нақтылыққа, ізденімпаздылыққа, алға ұмтылуға, қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Плакат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

1. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, журнал толтыру.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 

II. Үй тапсырмасын сұрау: (11 минут)

А) Үй тапсырмасын ауызша сұрау

Ә) Үйге берілген тақырып бойынша карточкалар

1)    Броундық қозғалысдеп нені айтамыз?

(Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.)

2) Молекула дегеніміз не?

      (Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.)

3)    Диффузия деген не?

(Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орындарға өтіп таралуын диффузия деп атаймыз)

4) Температура деп нені айтамыз?

(Дененің немесе заттың жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.)

5) Температураны өлшеуге арналған құрал?

(термометр)

 

ІІІ. Жаңа  сабақ. (20 минут)

Қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су сұйық күйде болады. Бұл жерде бір мезгілде судың әр түрлі екі күйі — қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судың үшінші газ тәрізді күйі де бар: көзге көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады. Суды мысалға ала отырып, біз заттың үш агрегаттық күйде — қатты, сұйық және газ күйінде бола алатынын көрдік. Сонымен қатар заттардың плазма деп аталатын төртінші күйі де бар. Затты бірнеше мыңдаған, миллиондаған градусқа қыздырғанда атомдардың теріс зарядты электрондары олардың оң зарядты ядроларынан ажырайды. Жоғары температурада бір-бірінен ажыраған оң және теріс зарядталған бөлшектердің жиынын плазма дейді. Отынның жалыны мен найзағай ұшқындары заттың плазмалық күйіне мысал бола алады.

Заттардың қасиеттері әр түрлі агрегат күйде түрліше болады. Қатты денені қалыпты жағдайда сығуға немесе созуға болмайды. Сыртқы әсер болмағанда ол өзінің формасы мен көлемін өзгертпей сақтайды. Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.

                      Қатты дененің молекулаларының орналасуы.

 

Сұйық өзінің формасын оңай өзгертеді. Қалыпты жағдайда ол өзі тұрған ыдыстың формасын қабылдайды. Бірақ салмақсыздық жағдайында сұйық өзінің меншікті – сфералық формасымен сипатталады. Жаңбырдың кішкентай тамшыларының формасы да сфералық формада болады. Сұйықтың формасын оңай өзгертетін қасиетін балқыған шыныдан ыдыс дайындауда қолданады. Сонымен, сұйықтар өз формасын тез өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы

 

Газдың меншікті көлемі де формасы да болмайды. Ол өзі тұрған ыдысты толтырып тұрады. Газдардың қасиетін зерттеу үшін оның түрлі түсті болуы міндетті емес. Мысалы, ауа түсі жоқ, біз оны көрмейміз. Бірақ біз тез қозғалғанда, автомобиль немесе пойыз терезесінің алдында тұрғанда, сол сияқты жел соққанда біздің айналамызда ауа бар екенін байқаймыз. Сол сияқты оны тәжірибе көмегімен сезуге болады.

Газдың көлемін өзгерту қиын емес. Резина допты сығу арқылы, біз ондағы ауаның көлемін әжептеуір азайта аламыз. Газ өзі тұрған ыдыс немесе өзі орналасқан бөлменің ішін толтырып, формасы да сол бойынша анықталады, яңни газдың формасы мен көлемі өзі орналсқан ыдысқа тәуелді. Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Газдардың молекулаларының орналасуы

 

 

 

 

ІV. Пысықтау сұрақтары: (8 минут)

1) Заттың неше күйі бар?

( Қатты, сұйық, газ)

2)    Судың неше күйі бар?

( Мұз, сұйық, бу)

3)    Пішіні мен көлемін сақтау қай денеге тән қасиет?

( қатты денеге)

4)    Шыны қандай дене?

( аморфты дене)

5)    Қай дененің көлемін өзгерту өте қиын?

( сұйық)

6)    Заттың төртінші күйі?

( плазма)

 

V. Қорытындылау. (2 минут)

Оқушылардың үй тапсырмасын айтып, сабаққа атсалысып қатысып өздерін көрсете білуіне қарай бағалау

 

VІ. Үйге тапсырма: (2 минут)

«§10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.» тақырыптарын оқып келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработок "§10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 606 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2015 1353
    • DOCX 99.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумаева Жадра Темирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумаева Жадра Темирхановна
    Жумаева Жадра Темирхановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 15607
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 567 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов