Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Разравотка по теме "Әліппемен қоштасу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Разравотка по теме "Әліппемен қоштасу"

библиотека
материалов

Рахмет саған , сүйікті әліппем!

Мақсаты: Балалардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, әліппеге өз алғыстарын білдіру. Өздерінің нені үйренгендерін, білгендерін көрсету.

Ұжымда өздерін ұстай білуге, ұжымдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ана тілі әліппе, нақыл сөздер, шармен безендірілген сахна .

Мұғалім: -Қымбатты балалар , қонақтар. Сіздерді «Әліппені» бітіру мерекесіне арналған ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.

  1. Жүргізуші:

Армысыздар, аналар!

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп, қалыңыз!

  1. Жүргізуші:

Армысыздар, ауылының асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін мереке шашуларды.

  1. Жүргізуші: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Біз енді өзіміз – ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді өзіміз оқи аламыз.

  2. Жүргізуші. Біз осы уақытқа дейін көп нәрсе меңгердіңдер, әріптерді танып, буындармен оқуды, есептер шығаруды, сурет салуды үйрендік.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Шұқшитқан кеп әуелі,

Сені әрбір әріпке

Суреттері әдемі

Бұл қай кітап? (Әліппе)

  1. Жүргізуші: Дұрыс балалар, олай болса сүйікті «Әліппені» ортаға шақырайық.

  2. Жүргізуші: Ал, кәнеки бірге шақырайық.

Оқушылар: Төрлетіңізз, Әліппе, төрлетіңіз!

Әліппе ортаға шығады:

Армысыздар, жас достар!

Болашақта жол бастар.

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Әліппе: Балалар мені оқып бітірдіңдер. Менен не үйрендіңдер?

Балалар: Дыбыстарды танытты буыннан сөз құрауды, ана тілімізде дұрыс сөйлеуді, тілімізді аялауға үйрендік.

2.жүргізуші: Хор: «Әліппе»

Әліппе: Бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін шақыра келдім».

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Әліппемен бірге сендерге қуанышты дауыстырыңды естіп қуанып тұрмын. Әліппе: Кел, төрлет, Ана тілі. Сен қорықпа бұлар бәрін біледі, өздері жаза алады, оқи алады. Ана тілі: Ендеше Әліппеден үйренгендеріңді тамашалайық. Жұлдыз: Әліппем, менің Әліппем,

Өшпейтін нұрлы әріппен,

Есігін аштым білімнің

Өзіңнен аштым білімнің

Қайда екен біздің Әліппе.

Аян: Әліппені құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Диана: Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма

Сызықтарды толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолына.

Ана тілі: Мен ұзақ жолға аттанар алдында балалардан оқушының сенімді достары кімдер екенін білсем деймін.

Айжарых: Олар оқулық, портфель, күнделік, қалам, өшіргіш, дәптер.

Рамазан Н. Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағың,

Баса алмассың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Жәнібек: Ана тілін біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

Данияр: «Әліппе » даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты,

«Әліппе » сырын ұқтырған.

Рахмет, ұстаз алғашқы!

Балалар хормен «Рахмет» 3 рет

1 жүргізуші: ән «Айгөлек»

Мұғалім: «Әліппе», кейде біздің әріптер шатасып та қалады, енді солардың айтысын тыңдаңыз.

Әліппе: Жарайды, оны да тыңдайын.

Жасулан: Әліпбидің «А» тұрады басында

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші

Сыры неде түсінші?

Бейбарыс: «А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ал балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Еркебұлан: Алшақ кетпей,

Сондықтан да расында,

Тұрады олар әліпбидің басында.

Ж. Рамазан: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды.

Әліппе ортаға шығып:

  • Балалар, сендер шеттерінен өнерлі екенсіңдер:

42 әріпті игердің,

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын балалар сендерге

Рахмет айтар кез келді.

Хор: «Әліппе» әні

Бір кезде есік қағылады сынып бөлмесіне Дымбілмес кіреді.

«Сәлеметсіңдер ме , балалар!» Мен қыдырып жүріп сендердің көңілді дыбыстарыңды естідім.

  • Мұнда не болып жатыр өзі?

Мұғалім: Бүгін бізде. «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

  • Сен де әріптерді танып, оқи алатын шығарсың?

Дымбілмес: Мен ба? Мен оқи аламын, бірақта оқығым келмейді.

Мұғалім: Ал, енді бізге мына сөздерді оқып берші.

Дымбілмес: қиналып- қиналып бір сөзді де оқи алмайды.

Мұғалім: Ал, балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе?

Бір кезде есік қағылады. Сыныпқа Пошташы Печкин келеді.

Пошташы Печкин: Бұл Қырыққұдық ауылы орта мектебінің 1 «А» сыныбы ма? Бүгін сендерде мереке екенін білемін. Бұл мерекеге арнап 4 «А» сыныбынан жеделхат әкелдім.

Балалар желделхаттың әр сөзін бір –бірлеп оқиды.

Құрметті балалар! Сендерді әліппемен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз! Сендерге денсаулық, білім, ашық аспан тілейміз!

4 «а» сынып «Флэшмоб»

Мұғалім: Ал, көрдің бе Дымбілмес, біздің балалар қалай оқу біледі. Сен де осылай оқығың келе ме? Онда бізбен бірге мерекені тамашалап, балалардан оқып үйренуге бізбен қалуды сұраймыз.

Әліппе: Ал, құрметті , кішкентай достарым! Өнерлеріңді тамашалай отырып сендерге өте ризамын. Менің де кететін уақытым келіп қалды. Мен ұзақ жолға аттанамын . 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерге жетуім керек.

42 әріпті игердің,

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын, балалар сендерге,

Рахмет айтар кез келді.

Әліппе: Балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалай отырып, болашақта сөз сырын ұқтыратын сырласымыз Ана тілге сөз берейік.

Ана тілі: Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.



Жансая: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.


Хормен: Бізге білім салып берген Қош бол енді Әліппем!

Мұғалім: Балалар, сендердің өнер, білімдеріңді көріп, «Әліппе» сендерге өте риза болып кетті.

Бұдан былай «Ана тілі кітабын оқитын баласыңдар» Бұл пәнді де өте жақсы оқисыңдар деп сендерге сенім артамын.

Жансая: Ана тілін- біліп қой

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілін – біліп қой,

Мақтанышың, елдігің

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілі білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

  1. Жүргізуші:

Құрметті ана тілі, өзіңнен алған сауаттылық білімдеріңді, жүзеге асырамыз.

  1. Жүргізуші: Құрметті , ана тілі. Біздің қадірлі қонағы болыңыз. Балалар сізге дайындаған өнерлерін тамашалаңыз.

«Жорға» биі.

Ана тілі жұмбақ жасырады.

Қабат-қабат қаттама. Ақылың болса, аттама. (кітап)

Ортасында шегесі, Жіп – жіңішке денесі. (қалам)

Турайсың, турайсың. Турайсың да жылайсың. (пияз)

  1. Жүргізуші: «Қазақ »биі

Балаларға әліппені бітіргені үшін дипломдар ұсыну

2-Жүргізуші: -Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

1.Қош бол,құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырдың әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

-Қош сау болыңдар. Қош бол, құтты Әліппем!





Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-513700
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх