Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыРазвитие речи через дедактические игры

Развитие речи через дедактические игры

Скачать материал

Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы

МКҚК «№2  «Жұлдыз» балабақшасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ойындар арқылы балалардың тілдерін жетілдіру»

 

 

Дайындаған: тәрбиеші Шаймерденова Ж.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойындар арқылы балалардың тілдерін жетілдіру»

(Тәрбиеші Шаймерденова Жанар Темешқызының  іс – тәжірибесінен)

Құрастырушы: Шаймерденова Ж.Т.

2013 ж. 61 бет. Көкшетау қаласы.

 

 

 

 

 

Бұл кітапшада мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың тілін жетілдіруге арналған ойындар түрлері жинақталған. Тәрбиеші осы жинақта  көрсетілген ойындар түрлерін іс жүзінде пайдаланып, еңбек нәтижесі ретінде жазғандықтан тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата –аналарға көмекші ретінде ұсынуға болады.

 

 

 

Пікір жазған: № 2 «Жұлдыз» балабақшасының әдіскерлері Малдыбаева Қ.А., Рақымжанова А.Қ.

 

 

 

 

        2013 ж ______  № 3 хаттамасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасынасәйкес бағдарламалық міндеттімеңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.   Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Заттармен ойналатын ойын

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

  Үстел үсті ойыны

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Сөздік ойын

 Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөзойла», «Сөзқұра», «Жұмбақойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үшсөзата».Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.  Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.   Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.  Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.  Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мақсатым.Баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.    

Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту

  Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

 

 «Саусақтар сәлемдеседі» ойыны.

Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

 Ойын«Моншақ».

Қызыл-сарыкөкмоншақ.

Мен жасаймынкөпмоншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

 

 


 

 

ҚАЗЫМ

Қазым, қазым, каңқылда,

                      Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсің бе?

Кемпит 6epші дейсің бе?

                      Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас,

                      Арпаменен бидай шаш.

ТОРҒАЙ

Торғай, торғай, торғайсьң,

             Жақын келіп коңғайсың,

             Жем шашайын тойып ал,

              Сонда торғай тоңбайсьң.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылды ойындар

Күн мен түн

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.

 

Тұтқын алу

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды.

 

Күзетші

Ойыға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлеры керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылаша жалғаса береді.

 

Тауық күрес

Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді. Олар бір аяқтарын көтеріп, бір қолдарын артқа ұстайды. Ойынның шарты: бірін-бірі итеріп, шеңберден шығарып жіберуі керек. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.

 

Жаңылма

Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Бір баланы қаламақ айтып тағайындайды да, ортаға шығарады. Шыққан ойыншы өлең не тақпақ, әңгіме айтып түрады да жата қалады, не өзінің құлағын ұстайды, бетін құбылтады (әр түрлі іс-әрекеттер жасайды). Ойыншының жасаған іс-әрекетін қайталай алмай, жаңылып қалған бала айыпты болады.

Біз де

Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар “біз де” деп қосылып айтады. Ал балалардың қосылмайтың сөзі болса, “біз де” деуге болмайды. Байқымай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойыннан шығады.

 

Ойынжүргізуші:

-          Мен көлгебарамын,

Балалар:

-          Біз де!

Ойынжүргізуші:

-          Онанбалықұстапаламын,

Балалар:

-          Біз де!

Ойынжүргізуші:

-          Балықтыитімеберемін,

Балалар:

-          Біз де!

Ойынжүргізуші:

-          Итімжейді.

Осы кездебіреу: “біз де”- депқалса, ойынтоқтайды. Қателескен бала өзөнерінкөрсетеді.

 

Ит пен қоян

Балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” ролінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ти қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғасы береді.

 

Аңшылар

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.

 

Сөз табу

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші кез-келген бір дыбысты айтып, қолындағы добын бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы ойын жүргізушінің лақтырған добын қағып алып, аталған дыбыстан басталатын сөз айтып, допты кері ойын жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші келесі ойыншыға басқа дыбысты айтып, допты лақтырады. Мәселен; д – дорба, а – Астана, қ – қасық, ш – шапан т.б.

 

Алшы

Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.  

 

 

Оңқа

Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады. Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.

 

Хан

Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан” ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы: “ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді.

 

Асық ату

Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.

Маусымдық жырлар

Саумалық, саумалық

                    Саумалық, саумалық!

­Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Саумалық, саумалық!

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Қап тауының  көк құсы

Жүгірді ме көрдің бе?

Саумалық, саумалық!

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша – бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Қыс дегенін аққала,

Үлбіреген мақта ма?

Тыным таппай күн ұзақ,

Тұрғызады аққала.

Қыс дегенін аймақта,

Қатып жатқан қаймақ па?

Құлдырайды шанамен,

Қыр басынан қай жаққа.    (А. Ақылбеков)

 

  Сұрамақтар

-Қарқ - қарқ қарғалар,

 Қар үстінде жорғалар.

 -Жорғалар деп кім айтар?

-Аң аулаған аңшы айтар,

-Аңшы айтар деп кім айтар?

-Мал қайырған малшы айтар,

-Малшы айтар деп кім айтар?

-Сортаңдағы түйе айтар.

 -Ауылың қайда?

-Асқар тауда.

-Қойың қайда?

-Қошқар тауда.

-Қойың не жейді?

-Жусанжейді.

 

Лақ неге шұнақ?

Лақ неге шұнақ,

Неге шұнаққұлақ?

Аязқарыпқысқан,

Аққар, көкмұзқыста.

Анатіліналмай,

Шыққанлақтасқа.

Тыстажаурапұшып,

Құлақкеткенүсіп.

Соданлақшұнақ,

Соданшұнаққұлақ.         (Д. Әбілев)

 

Қызықтама

Түйе, түйе,түйелер,

Түйе, түйе, түйелер,

Тұзың қайда түйелер?

Балқан таудың басында,

Қалды қоян қасында.

Еніп кеттім егіске,

Қойным толды жеміске.

Жемісім жерге төгілді,

Жер жусанын берді,

Жусандықойғабердім,

Қойқошақанынберді.

Қошақандықонаққасойдым,

Қонаққамшысынберді,

Қамшынықызғабердім,

Қызорамалынберді.

Орамалынағашқабердім,

Ағашжапырағынберді.

Жапырақтысиырғабердім,

Қарасиырсүтінберді.

Сүтінпісіріпотыредім

Көбелеккеліпкөлпетіп,

Көбігінішіполкетті.

Жапалақкеліпжалпетіп

Жартысынішіполкетті.

Қарғакеліпқарқетіп

Қалғанынішіполкетті.

Сауысқанкеліпсаңқетіп,

Сарқыпішіполкетті.

Апамкеліпеді,

Қаспағынқырыпбердім.

 

Өтірік өлеңдер

Мініпалыпқұртқа

Өрмеледімбұлтқа

АлыпкеліпАйды

Көрсеттімкөпжұртқа.

Құдық қазып инемен,

Су әкелдім үйге мен.

Араны ұстап, арбаға жектім.

Ай үстін қыстап, бау-бақша ектім.

Айды алтын тостақ ғып,

Тамақ құйдым ішіне.

Тасбақаны төсек қып,

Жайлы жаттым түсімде.

Көзімді ашсам оянып,

Ақ төсекте жатырмын.

Жерден алыс десек те,

Айға барған батырмын.

Құмырысқаның үстіне

Арттым алтын дорбамды

Дөңгелетіп сырғыттым,

Көк шегіртке жорғамды.

Жазда бардым ауылға,

Тойдым-ау бір қауынға,

Үлкендігі өзімдей

Дәндері екі көзімдей.

Қыстың боран шағында,

Ойнап Айдың бағында.

Екі шортан жүр мәз боп,

Айналасы тұр жаз боп.

Аламын деп күшікті

Ит тышқанды басыпты,

Тышқан итті қуалап,

Талаймындепасықты.

Мұздыжағыпарбалап,

Етпісірдімдәмдіетіп.

Араларымқаржалап,

Бал жинадыәндетіп.

 

 

Санамақтар

Бірім, екім

Тығыл бекін,

Мен санайын сен бол дайын.

Тіреу біреу,

Егеу екеу,

Кісен үшеу,

Дерте төртеу,

Арқан алтау,

Желкен жетеу,

Сегіз теңіз,

Тоғыз өгіз,

Он топ,

Есептей алсаң,

Барлығы қанша? 

 

(М. Әлімбаев)

 

Бір дегенім бір таяқ,

Екі дегенімін екі аяқ,

Үш дегенім үшкір тас,

Төрт дегенімін төртбұрыш,

Бес дегенім бес қатар,

Алты дегенім алтыатар,

Жеті жердің жемісі,

Сегіз төлдің семізі,

Тоғыз деген төлбасы,

Он деген он жолдасы.

Сан білмген айта ма?

Санамақты қайтала!       (М.Әлімбаев)

 

Менің туған күніме,

Келді көп адамдар.

Балнұр тәтем келді,

Арнұр әпкем келді,

Үлкен атам келді,

Нағашы апам келді,

Бөлем Бөжен келді,

Жездем Шәкен келді,

Досым Сәлен келді,

Барлығы нешеу келді?       (М. Әлімбаев)

 

Алты ала қарға,

Жеті қара қарға,

Таласты жемге.

Жатқан ақ қарда,

Ала қарғалар

Ала қашады.

Қара қарғалар

Алдын тосады.

Қайта айналып жерге қонады.

Барлығын қоссаң,

Қанша болады?      (Құрманбай Толыбаев)

 

Бес саусақ

Балаларым тұрыңдар,

Сөзге мойын бұрыңдар.

Бас бармақ.

Жатып алдың талайдан,

Бұзауларды бақ, айнам.

Кешке үйге келгенде,

Құйып берем ақ айран.

Балаң үйрек.

Шөп жиналып бітпеген,

Сен сонда бар жұртпенен.

Кешке үйге келгенде,

Май беремін құртпенен.

Ортан терек.

Сен ортаншым, бөбегім,

Қырда бүгін көп егін.

Сен қырманнан келгенде,

Кәмпитті үйіп төгемін.

 

Шылдыр шүмек.

Еңбек еткен жақсы адам,

Қарбыз жина бақшадан.

Дастарханға сен үшін,

Тәтті нанды көп салам.

 

Кішкентай бөбек.

Жатып бекер жеп ішпе,

Үй жұмысын сен істе.

Кешке қарай өзіңді,

Тойдырамын жеміске.     (Ә. Дүйсенбаев)

 

     Он екі ай

 

  Наурыз – қазақ атамыздың жыл басы,

Көкек – көктемшуағыныңжалғасы.

Мамыр – шағықұстарбасқанбалапан,

Маусымотамалыкөктіқаулатқан.

Шілдежаздыңнағызыстықкүндері,

Сарша – тамыз сарғайтар шөп гүлдерді.

Қыркүйекте қырда күйек алады,                                                          

Қазан – күзде қарға, құзғын қалады.

Қарашадажербопқаратопырақ,

Желтоқсандажелдіболаратырап.

Қаңтардакүнқаңтарылыпбайланар,

Ақпандажелборанға “ықпа” айналар.

(ЕрмекӨтетілеуұлы)

            Ұл бала мен қыз баланың айтысы

Ұл:Домбырам басы ырғай-ды,

Қыздарқолынбұлғайды.

Бұлғаса да бармаймын,

Не берсе де алмаймын.

Қыз:Домбырам басы ырғай-ды,

Қыздарқолынбұлғайды.

Шақырғандабармасаң,

Қорқақдепсеніқорлайды.

Ұл:Қорқақдеп те қорлайбер,

“Жаман ” деп те қорлайбер.

Не десең де бармаймын,

Намысымдықорғаймын.

Қыз:Ендісағанермеймін,

Шақырсаң да келмеймін.

“Айналайын” десең де ,

Кәмпитімненбермеймін.

 

«Кім сені шақырды, тап»

 Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.

 Құрал: арнайы құрал керек емес.

 Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

 «Бес санына шапалақта»

 Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.

 Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл қандай дыбыс»

 Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.

Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

 

 

Ойындар 4 -5 жастағы балаларға  фонематикалықесту қабілетін дамыту үшін арналған.

Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.

 

 ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.

 Ойын барысы:

 Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.

 ІІ-нұсқа.

 Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

 «Зейінді тыңда»

 Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.

 Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

 

 «Шапалақта»

 Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.

Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.

 Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»

 Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.

 ІІ –нұсқа

 Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

 «Бірінші дыбысты ата»

 Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.

 Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.

 «Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

 «Ұйықтама, сөзді тез ата»

 Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.

Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы

Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.

 

«Қайтала»

 Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.

 Құралдар: даңғыра, дауылпаз.

 Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

 «Сөзді аяқтап көмектес»

 Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.

Құралдар: Заттық суреттер

Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

 

 «Дыбыс қайда тығылды»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.

Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

 

 «Тізбек »

 Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.

 Құралдар: Заттық суреттер

 Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы

дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара – алма – автобус-

сабын- нан

 

 «Суретті таңда»

 Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.

Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.

 Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

 

«Суретті тіз»

Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.

Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.

 (С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ

 (П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

 

 «Дыбысты ата»

 Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.

Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер

 Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

 «Керекті сөзді көрсет және ата»

 Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с - з, с - ц, ш - ж, ч - щ, с - ш, з - ж, ц - ч, с - щ, л - р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету

 Ойын барысы:

 Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу

 С Асқат пен Мақсат

 Жамап – жасқап,

 Жасапты он шақты аспап,

 Соның ішіндегі

 Ақ сапты аспабы

 Жап - жақсы аспап

 З Сыздық судан сүлік сүзді,

 Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

 Салмадан сүлік сытылып шығып,

 Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

 

 

 

 

 

 

 «Кім жақсы тыңдайды?»

 Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.

 Ойын барысы:

 1 - нұсқа.

 Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).

Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.

 Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.

 2 - нұсқа.

 Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.

 3 - нұсқа.

 Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді

 «Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»

 Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.

 Ойын барысы:

 Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:

 Сыздық судан сүлік сүзді

 Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

 Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.

 Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.

 

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»

 Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.

 Ойын барысы:

 Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.

 Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;

 Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.

 «Сөздегі бірінші дыбысты айт»

 Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.

 Ойын барысы:

 Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)

«Сөздегі соңғы дыбысты айт»

 Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.

 Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )

 Ойын барысы:

 Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.

 «Асықпай ойлан»

 Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бір-неше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру

 Ойын барысы:

 «Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.

 Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға...)

 Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

1.Богусловская.З.М. Смирнова Е.А.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. М.1991.

2.Ф.Н.Жұмабекова. Балабақшада баланың тілін дамыту мәселелері.

3.Отбасы және балабақша журналы 2012.5номер.

4.Қазақ халық әдебиеті 2010ж. 3.

5.Интернет желісінен алынған материалдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Мазмұны

                                                             

1.     Кіріспе

2.     Бала саусағын ойната отырып,тілін дамыту.

3.     Қимылды ойындар.

4.     Қызықтама,санамақтар.

5.     4-5 жастағы балаларға фонетикалық есту қабілетін дамыту ойындары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Развитие речи через дедактические игры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2019 364
    • DOCX 574.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймерденова Жанар Темешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймерденова Жанар Темешовна
    Шаймерденова Жанар Темешовна
    • На сайте: 4 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 737
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 690 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 275 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 462 человека

Курс повышения квалификации

Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 687 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек