Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Развлечение на тему "Ойыншықтар әлеміне саяхат" (ДО)

Развлечение на тему "Ойыншықтар әлеміне саяхат" (ДО)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына арналған ойын сауық.

Тақырыбы: Ойыншықтар әлеміне саяхат.

Мақсаты: Адамгершілікке, достыққа, бір біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу. Улкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тақпақтар, өлең орындау арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және көңіл күйлерін көтеру. Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, ойнауға, қамқорлық жасауға үйрету.

Музыкамен балалар залға кіреді. Алдарынан Ақжелкен шығады.

Ақжелкен: (көңілсіз)- Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мені сендерге ойыншықтар әлемінің сиқыршысы жіберді. Біздің әлемнің ойыншықтары неше күн болды не күлмейді, не ойнамайды. Сиқыршымыз оларды ешнәрсемен қызықтыра алмады. Содан мені сендерге көмекке жіберді. Сендер өте көңілді балаларсыңдар және ойыншықтармен де ойнағанды жақсы көресіңдер, солай ма? Мүмкін біздің әлемнің ойыншықтарын да көңілдендіре аларсыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, көмекке барамыз ба? Ақжелкен, біздің балалар өте өнерлі, және көңілді, сендердің әлемдерінің ойыншықтарына көмектесе алады деп сенемін. Қане, Ақжелкен, жол баста, ойыншықтар әлеміне саяхатқа барайық.

Ақжелкен: Ой қандай тамаша болды көмекке баратындарын. Балалар, сиқыршының кемесімен барайық, жайғасыңдар.

Ақжелкен: Мінекей балалар, ойыншықтар әлеміне де келіп жеттік. Қараңдаршы, айналамыз қандай көңілсіз...

Тәрбиеші: Балалар, шынында да мынандай көріністі көремін деп ойламап едім, жағдайлары нашар екен. Әлемде алуан-алуан ойыншықтар бар, бірақ олардың бәрі көңілсіз. Ой, балалар, қараңдаршы ойыншықтардың ішінде біреу ұйықтап жатыр. Кім екен бұл?(сиқыршы оянып кетеді)

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің әртүрлі заттардан жасалған ойыншықтарыма қонаққа келдіңдер ме? Бұлардың іші пысып,бәрі сондай көңілсіз, сендердің келгендерін қандай жақсы болды.

Тәрбиеші: Ия, сиқыршы, біздің балалар сіздің ойыншықтарыңызбен ойнап өнерлерін көрсетіп, көңілдендіруге келді. Бізді осында Ақжелкен алып келді, сіздің өтінішініз бойынша.

Сиқыршы: Өте тамаша, Ақжелкен, рахмет. Бірақ сендер менің ойыншықтарыма көмектесе алар ма екенсіңдер?

Тәрбиеші: Сиқыршы сіз уайымдамаңыз. Біздің балалар барлық өнерлерін көрсетеді. Қазір Алмас анасы екеуі бір әдемі ән орындап береді, тыңдаңыз.

Ән.

Сиқыршы: Біздің балалар ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді, олар туралы тақпақтар да біледі, сіз соны тыңдап көрінің.

Ойыншықтар туралы тақпақтар.

Сиқыршы: Ой, бәрекелді, өте жақсы тақпақтап екен. Менің ойыншықтарым өздері туралы тақпақтарды естіп көңілдене бастаған сияқты.

Тәрбиеші: Сиқыршы, сіздің қуыршақтарыңыз өте көңілсіз екен. Қазір біздің қыздарымыз қуыршақтарыңызбен би билеп береді. Сонда олардың да көңіл күйі көтеріледі.

Қуыршақтармен би.

Сиқыршы: Міне, ғажап, менің қуыршақтарымның көздері жайнап шыға келді. Рахмет сендерге әдемі қыздар. Өте тамаша би.

Тәрбиеші: Ал қазір Алиман Қошақан туралы бір жақсы тақпақ айтып береді.

Сиқыршы: Жарайсың, балақай.

Тәрбиеші: Бұл әлі түк емес, енді біздің ұлдар «Қошақаным» деген әннің сазына салып, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнап береді.

Сиқыршы: Не деген өнер! Тамаша.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, ойыншықтар көңілдене бастады.Қалай ойлайсыңдар, олардың көңіл күйі неліктен көтеріле бастады? Оларға кім көмектесті? Әрине,балалар, сендердің арқаларыңда, сендердің тамаша әндеріңді, тақпақтарыңды, билеріңді көріп, олардың көздері жайнап көңілденді. Балалар, егер ойыншықтар болмаса сендер де көңілсіз болар едіңдер, солай ма? Жақсы, енді мен сендерді осы ойыншықтармен бір ойын ойнауға шақырамын. Ойынның аты «Өз ойыншығынды тап!»

Сиқыршы: Тамаша ойын екен. Бәрлерің жылдам,епті екенсіңдер. Сендердің ойындарыңды көріп, ойыншықпен қалай ойнайтыңдарыңды байқап, қуанып тұрмын. Өте тәртіпті, жақсы балалар екенсіңдер. Менің ойыншықтарымды сындырмай, оларды қастерлеп ойнайтын балалар екенсіңдер. Оған көзім жетіп тұр. Енді менің сендерге беретін бір сыйлығым бар. Мына әдемі ойыншықтармен топтарына барып, бірлесіп ойнаңдар. Ойнаған кезде ойыншықтар әлемінің ойыншықтарын естеріңе алыңдар. Көп көп рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Сиқыршы, сізге де, ойыншықтарыңызға да рахмет, сіздерге арнап «Ойыншықтар» әнін орындап берейік.

Сиқыршы: Көп көп рахмет,әндерін тамаша екен.

Тәрбиеші: Ал енді біз балабақшамызға қайтайық. Онда бізді топтағы ойыншықтарымыз тосып жатыр. Сізге де рахмет. Сау болыңыз. Ал, Ақжелкен сен бізбен бірге барып бізге қонақ болып қайт.

Сиқыршы: Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Міне, балалар, біз балабақшамызға да келдік. Бізді мында сендердің ата аналарың тосы тұр ғой.

Ана: Балалар, сендердің алыс жолға кеткендеріңді естіп,қарындарын ашқан шығар деп, сендерге тәтті тоқаш пісіріп қойдық.

Тәрбиеші: Бәрекелді, аналар, рахмет сіздерге.




Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДБ-004987
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх