Инфоурок Директору, завучу Рабочие программы«ӘРБІР БАЛА – БІР ӘЛЕМ!»

«ӘРБІР БАЛА – БІР ӘЛЕМ!»

Скачать материал

«ӘРБІР БАЛА – БІР ӘЛЕМ!» 

(ата-аналармен жүргізілетін семинар-тренинг)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№3 облыстық балалар оңалту

 орталығы директорының орынбасары 

Еспанова Нұржамал Құрманәліқызы

 

 Мақсаты: Балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне ата-аналарды қатыстыру.        

Ата-анамен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Топ мүшелерінің пікірлерін тыңдауға үйрету, жұмыс арқылы тұлғаның ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, кері байланыс алуға, бағалауды үйрету.

Семинар -тренинг жоспары:

1.Топқа бөлу.

2.Әр топқа сұрақ беріп, ортаға бейімдеп алу.

3.Слайд арқылы әлеуметтік ортаның  бала өміріне әсеріне байланысты әңгімелеу.

4. «Балалық  шаққа оралу» психологиялық ойын жаттығу.

5.Жағдаяттар.

6.Тренинг. Сиқырлы  базар.

1. Топқа бөлу.

 Құрметті ата-аналар,  сіздер мына столдың үстіндегі 3 затты (ағаш, кофе, жұмыртқа) көріп отырсыздар. Осының ішінен өздеріңізге ұнаған бір затты ғана таңдаңыз. Таңдау барысында кейбірімізге екі зат ұнауы мүмкін бірақ сіз соның ішіндегі сәл де болса басымырақ ұнаған біреуін ғана таңдаңыз.

Ағаш – Адам

Мұндайлар аз. Бұл адамдар ешқашан өзгермейді, қандай жағдай болмасын өз қалпында өзгеріссіз қалады. Өздерін сабырлы, байсалды, бірқалыпты ұстайды. Осындай адамдардаың арқасында өмірде қандай жағдай болмасын қараның артында ақ, ақтың артында қара барын түсінеді.

Жұмыртқа - Адам

Бұлар сондай адамдар өмірлік шырғалаңдар мен қиыншылықтардан шыңдалып, мықты болып шығатындар! Мынадай адамдар өте-өте азғантай. тап мынадай адамдар әдеттегі өмірде ешкім емес, ал в ауыр кезеңдерде кенет "қатады" , «қатаяды» және "сыртқы жай-жапсарды" мақсатты түрде жеңеді.

Кофе – Адам

Осы кофе сияқты айрықша, ерекше адамдар да бар. Өмірдің қиындығына өзгере қоймайтын. Керісінше олар өздері жаңа және айрықша тамаша өмірлік жағдайдан білім мен пайданы ала отырып өзгертетіндер.

Міне, біз 3 топқа бөліндік және әр қайсымыздың мінездерімізді де білдік.

2.Пікірлесу сәті.

Мақсаты: әр топқа сұрақтар беру арқылы ата-аналарды ортаға бейімдеу.

1-сұрақ.  Балаңызды алғаш рет оңалту орталығына алып келгеннен кейін, сіз қандай ойда болдыңыз?

2-сұрақ.  Орталыққа келгелі балаларыңыздың мінез-құлқында өзгерістер барма?

3-сұрақ. Балаңыздың орталыққа бейімделуі дегенді қалай түсінесіз?

(Әр топ өз жауаптарын ұсынып, пікір алмасып, ой бөліседі)

3. Презентация. Әлеуметтік ортаның бала өміріне әсері.

4. «Балалық шаққа оралу» психологиялық ойын жаттығу.

 Мақсаты: ата-аналардың балалық шақтарын естеріне түсіре отырып, өз балаларын тәрбиелеуде ертегі, өлең-жырлардың мәні зор екендігін түсіндіру.

1-топ тапсырмасы

а)Үзінді қай ертегіден? Ертегіні жалғастырып көріңіз және бұл ертегі арқылы баланы неге тәрбиелейміз?

           Мақта қызбен мысық.

б) Әнді жалғастырып әуенімен шырқаңыз.

           Жазда атамның  ауылына

           Барып едім қыдырып,

2-тапсырмасы

а).Бұл қай  ертегіден үзінді?

            Алтын сақа ертегісі

б).Әнді жалғастырып әуенімен шырқаңыз.

            Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

              Апатай өзіңменен асқақ әнім

 

3-тапсырма.

а).Бұл қай  ертегіден үзінді?

           Жеті лақ.

б). Әнді жалғастырып әуенімен шырқаңыз

           Айгөлегау, айгөлек,

          айдын жүзі дөңгелек

5. «Әрбір бала бір әлем» жағдаяттармен жұмыс.

Мақсаты: жағдаяттарды шеше отырып, баланы ортаға бейімдеуде ата-аналрдың педагогикалық-психологиялық біліктілігін арттыру.

1-жағдаят.

Ойын-жаттығу: «Ата-анаға өз баласын табуға көмектес»

Мақсаты: ата-аналардың қаншалықты ыждақатты әрі мұқият екендігін анықтау.

Ойынның шарты: Суретте балалар мен ата-аналардың суреттері салынған. Алайда олар бір-бірінен адасып қалған секілді. Сіздердің міндеттеріңіз бір-бірінен адасып қалған ата-анасын баласымен қауыштыру. Қай бала қай ата-ананікі?

2-жағдаят.

 Әр топ өз арасында бір отбасы мүшелерінің ролдерін бөлісіп бірі -  әке, бірі – ана, бірі – бала болып «Әрбір бала бір әлем» деген сөзді қолдана отырып, осы сөздің мағынасын ашып түсіндіретіндей отбасындағы бір сәттік жағдаймен көрсетулері керек.

6. Тренинг. Сиқырлы базар.

«Сиқырлы базар» қасиеттерді сатып алу топтық жұмыс. «Сиқырлы базар» бала бойына керекті қасиеттерді сатып алу. Қасиеттерді қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік береді.

Қажетті құрал- жабдықтар: Үлкен стандартты парақ және кіші визиткалар көлеміндегі (әр топқа 10 есебінде) қағаз, фломастер және түйреуіш қажет.

Жүргізілу барысы: қазір  сіздермен «сиқырлы базар» деп аталатын ойын ойнап көруді ұсынамын. Бұл базардың ерекшелігі мұнда адамның қасиеттері сатылады және айырбасқа түседі.

Парақтың жоғарғы жағына үлкен әріптермен «сатып аламын деп жазып»        (сатып алушыларға түсінікті болатындай етіп) қоюға болады. Сатып алатын қасиеттерді параққа жазып түйреуіштің көмегімен кеудеңізге қыстырыңыз. Енді кішкене парақтарды алып, оған сататын немесе айырбастайтын қасиеттерді жазыңыз.Сіз «сиқырлы базардасыз». Енді базарды аралап, асықпай қай топқа қандай қасиеттер керек, қай топ не сатып жүргенін байқаңыз. Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ. Өзіңізді еркін ұстап, саудаласыңыз. Сіздің топ өздеріңіздің 2,3,4 саудаңызды сатып, қанша айырбастасаңыз да еркіңіз. Тек есіңізде болсын. Сауда тегін жүргізілмейді. Міндетті түрде қасиеттерді айырбастау керек. Егер сіздің топтың көңілінен шықпаса басқа нұсқаларын қарап көріңіздер.Осы уақыт аралығында әрдайым базардағы белсенділікті қадағалап отыру қажет. Ойын «Сағат 6 болды, базар жабылады. Сауданы тоқтатыңыздар» деген нұсқасымен барып тоқтатылады.

Қажетті уақыт:4 минут

Кері байланыс: (6 минут)Жаттығу аяқталғаннан кейін топ өздерінің әсерімен бөліседі ( өз топтарына қажетті қасиеттерді табу қиын болды ма, қандай қасиеттерден арылып,қандай қасиеттерді иемденгісі келді?

Базарда нені иемдену қиын болды, неге? Қандай рөлді сомдаған қиын болды? Сатушы ма? әлде сатып алушы ма? Осы рөлдерді ойнағанда қандай қиындықтар кездесті және қандай әсерде болдыңыздар)

7. Қорытынды.

Құрметті ата-аналар!

Қарға баласын «аппағым» дер,

Кірпі баласын «жұмсағым» дер.

Тасбақа баласын «тұлпарым» дер,

Қаз баласын «сұңқарым»  дер,

 

 - дегендей әр ата-анаға өз баласынан артық бала жоқ. Біз бәріміз өз баламызды биіктен көргіміз келеді. Ол үшін біз ата-ана ең бастысы баланын сәби кезінен не нәрсеге икемі барына, бойында қандай да бір қабілеті бар екеніндігін анықтап көре алуымыз керек. Сонда ғана біз ата-ана баламыздың өмірде өз орнын табуына және мақсатына жетіп бір нәрсеге қол жеткізе алуына көмектесеміз. Бала біздің болашақ өміріміздің, ұрпағымыздың жалғасы болғандақтан әр қайсысымыз бала тәрбиесіне терең мән беріп, баланың бойында қандай жақсы қасиеттерді көргілеріміз келетінін отырып ойлануымыз қажет. Олай болса, бүгінгі семинар тренингімізге келіп қатысып бізбен ой бөліскендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ӘРБІР БАЛА – БІР ӘЛЕМ!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 166 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2017 1962
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еспанова Нұржамал Құрманәліқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16669
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы деятельности промышленного дизайнера-визуализатора

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Курс повышения квалификации

Мониторинг технического надзора: обеспечение соответствия проектным решениям и строительному качеству

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека