Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыӘрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелері

Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелері

Скачать материал

Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы – әрбір елдің келешегі. Себебі ұлттық тілдің дамуы ұлтаралық қарым-қатынасқа және саяси интеграция жолына кедергі  болмайды, өйткені барлық елдердің тарихы да, әлеуметтік де жағынан өз тілінің болуы табиғи қажеттілік.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын аға ұрпақ өзінен   кейінгілерге мұра ретінде қалдырып  отырады,  сонысымен  қоғамның материалдық және рухани мәдениетін жасайды. Осылайша сабақтастық жалғасып жаңа буын адамзат баласының басынан өткерген тарихынан ең таңдаулыларды өз бойына сіңіреді және ең озық үлгілерін  дамыта беруге, қоғамның рухани құндылығының сан тіршілігін жаңа жағдайда байыта түсуге мүмкіндіктер туады.  Халықтың қалып-салтын, мінез байлықтарын, салт-дәстүрлерін, эстетикалық талғамын және психологиясын осы халықтың өткен дәуірлердегі хатқа түскен жазба мұралар тілінен танып білуімізден де болады.

Қазақ тіл білімі – қазіргі кезде зерттеу әдістері мен ғылыми негіздері жан-жақты анықталған ғылым саласының бірі. Солай бола тұрса да, өзге түркі тілдері сияқты, оның жалпы теориялық мәселелермен қатар жекелеген проблемалары әлі де болса дәлірек аша түсуді, тереңірек зерттеп, зерделеуді  қажет етеді. Солардың бірі – тарихи-салыстырмалы зерттеу проблемасы.

Егеменді мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа енуі кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінің әлеуметтік дәрежесінің көтерілуі, жаһандану заманындағы ұлттық және мемлекеттік бірлікті қалыптастырудың негізгі мәселелерінің бірі екендігі мәлім. Мұның күн тәртібіндегі мәселе ретінде, үнемі есте ұсталуы мен маңыздылығының артуы Еліміздің бәсекелестікке сай әлемнің 50 елінің қатарына енуімен де байланысты.

Ел еркіндігін алған соң қазақ тілінің мемлекет ішінде сонымен қатар халықаралық деңгейдегі дәрежесінің көтерілуіне көптеген игі істер жасалынып, қыруар қаржы бөлінуде. Оның үстіне қазақ тіліне қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Дегенмен бұл бағытта істеліп жатқан шаралардың көптеген кемшіліктері мен шешілмей жатқан проблемалары да жетерлік. Еліміздегі бірнеше ғасыр өмір сүріп жатқан ірі-ірі этностардың әлі күнге дейін қазақ тілін меңгермеуі, қазақтардың арасындағы аттөбеліндей топтың орыс тілін ана тілім деп қабылдауы мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылуына кедергісін тигізуде.

Осы тұста көне және орта ғасырларда өмір сүрген түркі халықтарының тілге деген адалдығы мен сүйіспеншілігі еріксіз ойға оралады. Сонау біздің жыл санауымыздың басынан бірде құлап, бірде қайта мемлекет, қағанат болып құрылып жатқан түркі халықтарының басын біріктірген біріншіден тіл болса, екіншіден бүгінгі күнге дейін бойында сақталған дәстүрі.

Көне Түркістан, Тұран, Испиджаф Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің алдыңғы қатарлы мемлекеттері мен олардың мәдени, экономикалық және саяси байланысын байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолында орналасқаны белгілі. Сол кезеңдерде түркі тілі жүздеген жылдар бойы осы аралықта халықаралық тіл қызметін атқарды. Орта ғасырларда (Х-ХҮ ғ.ғ.) Таяу Шығыстағы мәдениеті мен әдебиеті дамыған Мысыр мен Шам жерінде бабаларымыз, сол елдің басқару жүйесіне қол жеткізіп, 300 жыл көлемінде түркі тілінің мәртебесін мемлекеттік дәрежеге көтерді. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы көркем шығармаларды сол уақыттың өзінде-ақ түркі тіліне аудартты. Өйткені Атлант мұхиты жағалауынан сонау Еуропа жеріне  дейінгі аралықты мекен еткен түркі халқы бір тілде сөйлеп, жазуда бір таңбаны қолданып, Орхон-Енесей, Талас, Шу жазуларын былай қойғанда кейінгі уақытта Египет жеріндегі пирамидалардағы жазулардың, түркі тілінде сөйлей бастауы түркі халықтарының көптеген ғасырлар бойындағы ортақ тіршілігін айғақтай түседі.

Философия ғылымдарының докторы Бақтияр Каримов орта ғасырдағы түркі тілдерінің дамуындағы ең шарықтау шегіне жеткендігін айта келіп, былай дейді: «В современную эпоху  нового возраждения, Ренессанса Тюркского мира усредненный язык «ортатюрк» мог бы стать седьмым международным, мировым языком, признаваемым ООН наряду с английским, русским, испанским, французским, китайским и арабским языками».

Қазақ тілінің бастау бұлақтарын  ҮІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген қыпшақтардан алуымыз керектігін ХХ ғасырдың тіл білгірлерінің бірі – академик Н. Сауранбаев айтқан болатын. Сондықтан осы орта дәуірлердегі хатқа түскен жазба мұраларды, олардың ішінде мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған жадыхаттарды  тікелей тіліміздің мұрагері деп қабылдағынымыз жөн. Ортағасырлардағы түркі әдеби тілінде жазған соңғы классиктердің бірі Абай тіліне орта түркі тілі (1924 жылдан өлі тілге айналған) лексикалық аспект тұрғысынан өте жақын екендігін тілге тиек етіп жүрген ғалымдардар да баршылық.

Қазіргі таңда қазақ тілінің бастау көздері ретінде қаралып жүрген қыпшақ жазба ескерткіштері ортағасырларда дүниеге келіп, қазіргі тіліміз жөнінде терең әрі дәйекті мағлұмат беретін дерек көздері ретінде қабылдануы қажет.  

Қазақ тілінің тарихы көне түркі, ескі түркі халықтарының тарихымен және сол халықтардың өміршең өркениет мәдениетімен тығыз байланыста екендігі тарихи жазба жадігерліктер тілінде сақталына отырып, бүгінгі күнгі атқарылар мақсатты жұмыстарымыздың мүдделі қажеттілігіне айналып отыр. Оған ең басты себептердің бірі – халық тарихы оның мәдениеті, әдет-ғұрыпы, дәстүрінің ерекшелігі сол халықтың ата заңын қалыптастырып, әлемдік өркениет сахнасында өзіндік табиғи болмысын келешек ұрпақтарына қызмет етсін деген талап тілектеріне байланысты туындайтындығында жатса керек.

Осы мүдделі қажеттіліктердің бірі – халқымыздың ділі мен тарихына қатысты көне жазба мұрағаттар мен дереккөздерін үнемі жадта тұтып, әрдайым зерттеп біліп отырғанымыз міндетті қажеттіліктердің негізгілерінің қатарына жатады.

Қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, өткен тарихтағы халқымыздың дүниеауи мұраларына қызығушылық әрбір қазақ азаматының қанына сіңген қасиет болса, осы мәселелерге жалпы түркі әлемі де үнемі назар аударып отыр. Мұның өзі бір жағынан – қазақ халқы мәдениетінің жасампаздығында болса, екінші жағынан – қазақ тілінің бастау бұлақтарының бірі болып табылатын ескі қыпшақ тілі көптеген түркі халықтары тілінің, этностық қалыптасуының басты негіздерінің бірі. Сондықтан ескі қыпшақ тілінің аймақтық таралым өрісі аясындағы ерекшеліктерін іздестіріп, зерттеп білу мүдделі қажеттілік екендігіне күмән жоқ.

Көне түркі жазуының жетілген жазу екендігіне көз жеткізгун академик В. Бартольд сол кездегі түркі халқының мәдениеті өте жоғары деңгейде болғандығын тілге тиек етеді. Бұл жөнінде ғалым «Слог и выражения надписей заставляют полагать, что состояние культуры народа было не так низко, как можно было бы ожидать по обстановке кочевой жизни» [1, 10] – деп көрсетеді өзінің түркі дүниесіне арнап жазған еңбегінде.

Қай халықтың болса да тілі сол халықтың тарихымен тығыз байланысты бола тұра, тілдің кейбір ішкі даму заңдылықтарын, мәселен, фонетикалық, сондай-ақ грамматикалық формалардың даму зандылығын тек тарихи тұрғыдан қарастырып, сонымен ғана байланыстырып шешу дұрыс болмаса керек. Халық тарихының өзіндік, тілдің даму тарихының өзіндік қырлары, қағидалары, заңдылықтары бар. Барлық сыртқы лингвистикалық факторларды қоршаған ортаға – географиялық жағдайға қатысты қарастырған Ф. де Соссюр сыртқы және ішкі лингвистиканың өзара өте тығыз әрі қарама-қайшылықты байланысына тоқтала отырып, «...поскольку географический фактор тесно связан с существованием языка; и все же в действительности географический фактор не затрагивает внутреннего организма самого языка» дейді [2, 24].

Сондықтан да бұл тілдер қаншалықты өзгерістерге ұшыраса да көне тілдің элементтерін бойында сақтайтындығы, барлығы да негіз тілдің белгілі бір дәрежедегі мұрагері болып табылатындығы даусыз. Бұл жөнінде белгілі түркітанушы-ғалым A.M. Щербак былай дейді: «Расхождению языков и диалектов постоянно сопутствует их схождение, взаимодействие, поэтому каждый современный язык или диалект наследует праязыковое состояние не как нечто целостное и единообразное, а в виде сложного конгломерата форм и признаков, прошедших сквозь призму многократных и разновременных смещений»[3, 22].

Ал орта ғасырларда өмір сүрген мәмлүктер немесе мәмлүк қыпшақтары туралы бір нәрсені кесіп айту әлі күнге дейін қиын, өйткені олар туралы арнайы зерттеулер мен жазылған еңбектер жеткіліксіз. Сондықтан да, біздің ойымызша, жазушы Упарого заңды әрі дұрыс жазады. Ол: «Мәмлүктер дәуірінің соңғы шағы мен біздің бүгінгі күндер арасын небәрі жүзден астам жыл ғана бөліп жатыр. Осыған қарамастан мәмлүктер тарихының ерекшелігі мен санқилы себеп-салалары белгісіз бір дүниенің қалтарысында қалып келді де, тек кейінгі уакытта ғана (он бес жыл ішінде) мәмлүктерге қатысты көптеген мәселелердің жаңа да жарқын беттері ашыла бастады».

Мәмлүктердің өмірі туралы негізгі мәліметтер Такиеддин Ахмет Макризи Ибн Абдаллах әл-Омари сияқты автордың «Египеттегі мәмлүк сұлтандарының тарихи», «Мәмлүктердің саяси географиясы», «Араб авторларының мәліметтері бойынша мәмлүктер дәуіріндегі Сирия» т.б. осы сияқты араб тілінде жазылған дерек көздерінен табуға болады. Бұл еңбектер өз уақтысында Батыс Европаның бірқатар елдерінде басылып, сол елдердің тіліне аударылған. Бірақ бұл еңбектердің көпшілігі біздің қолымызға жеткен жоқ, екіншіден мұндай басылымдар сирек кездесетін библиографиялар қатарына жатады да, олардың ғылыми-зерттеулері мен көпшілік-тарихи жаңа басылымдары әлі күнге дейін санаулы ғана. Мысалы А. Зайончковскийдің «Шығыс Европа халықтарынын тарихы бойынша жазылған шығыс деректері» проблемасын талқылауға арналған халықаралық жиылыста жасаған «Материалы по истории государства мамлюков и Кипчакской степи в рукописных фондах дворцов Топ-Капы и Айя-Софии в Стамбуле» тақырыбында Азия халықтарының институтында 1962 жылдың 15-21 қарашасы арасында өткізілген баяндамасы әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Ең басты айтылатын нәрсе, Таяу Шығыс пен Кіші Азияның, Үндістан мен Қытайдың архивтерінде, мұражайларында, кітапханаларында сонымен қатар жеке адамдардың қолында жүрген Азия халықтарының тарихы бойынша жазылған қолжазбалардың көпшілігі әлі күнге дейін кол жетпейтін асыл қазына болып отыр.

Қарастырылып отырған мәселе бойынша біраз еңбектер жарық көрді, дегенмен де біздер мәмлүк кыпшақтарының Египет жерінде құрған мемлекеті мен үстемдігі жөнінде аз да болса әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз. Француз ғалымы Ж. Пиреннің сөзімен айтқанда Сирияның әмірі, ақын, жазушы бірнеше мемуардың авторы сонымен қатар өте нәзік, әрі жау жүрек батыр, 1095-1188 жылдар аралығында өмір сүрген Усама ибн Мункиздің жеке кітапханасында 4 мыңға жуық кітап қоры болған, бірақ бұл кітапхана крестшілер жорығы барысында түгелімен жойылған. Ж. Пирен бұл жорықты былай суреттейді: «Франктардың істеген тірлігін көрген әрбір адам, тек Алланы дәріптеп,  атын шығаруға тырысады, жергілікті халық франктардын бойынан ерліктің қасиеті бар айуанды көреді, өйткені айуанның бойы біреуге шабар кезінде ерлік пен батырлыққа толы болады». Ж.  Пиреннің сөзіне қарағанда крестшілер жорығына қатысушылар қайта оралғанда бүкіл дүниемен, соның ішінде  мұсылмандық Испаниямен де байланысы үзілген Еуропаға Аравия туралы ғылымның алғашқы дәмін алып келген де осылар (крестшілер жорығына қатысушылар).

Осы жерде бір айтыла кететін мәселе орта ғасырлардағы жазба ескерткіштер түркітанушы ғалымдар тарапынан толық зерттеліп, жеке-жеке монографиялар, көмекші оқу құралдары ретінде жарық көрді. Мұнан шығатын қорытынды орта ғасыр ескерткіштері жеке-жеке түрлі тақырыпта зерттелінгенімен, осылардың барлығына кешенді зерттеу мәселесін қолға алатын кез келген сияқты.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы – әрбір елдің келешегі. Себебі ұлттық тілдің дамуы ұлтаралық қарым-қатынасқа және саяси интеграция жолына кедергі болмайды, өйткені барлық елдердің тарихы да, әлеуметтік де жағынан өз тілінің болуы табиғи қажеттілік.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын аға ұрпақ өзінен кейінгілерге мұра ретінде қалдырып отырады, сонысымен қоғамның материалдық және рухани мәдениетін жасайды. Осылайша сабақтастық жалғасып жаңа буын адамзат баласының басынан өткерген тарихынан ең таңдаулыларды өз бойына сіңіреді және ең озық үлгілерін дамыта беруге, қоғамның рухани құндылығының сан тіршілігін жаңа жағдайда байыта түсуге мүмкіндіктер туады. Халықтың қалып-салтын, мінез байлықтарын, салт-дәстүрлерін, эстетикалық талғамын және психологиясын осы халықтың өткен дәуірлердегі хатқа түскен жазба мұралар тілінен танып білуімізден де болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2015 858
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Примкулова Бадигул Замзеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Примкулова Бадигул Замзеевна
    Примкулова Бадигул Замзеевна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 993
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 280 человек из 65 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 23 регионов

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 199 человек из 48 регионов

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе