Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыРеферат на тему "Акварель техникасы"

Реферат на тему "Акварель техникасы"

Скачать материал

Мазмұны




  1. Кіріспе...........................................................................................2-3

  2. Акварель техникасы туралы түсінік.................................. ........4-5

  3. Қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев.............................6-9

  4. Акварельден жасалған суреттер.............................................10-16

  5. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................17

































Кіріспе



Өнер – эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді.

Педагогикалық колледждерде «бейнелеу өнері мен оны оқытудың әдістемесі» негізгі оқу пәні болып табылады.

Бейнелеу өнерінің танымдық, идеялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтері оқу тәрбие процесінде көрінеді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың көру жады және шығармашылық қабілеті мен іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, жеке бас ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі.

«Бейнелеу өнері мен оны оқыту әдістемесі» курсы төмендегідей міндеттерді алға қояды:

  • Оқушылардың идеялық-саяси, адамгершілік, дұниетанымдық, эстетикалық тәрбиесіне әсер ету;

  • Бейнелеу сауаттылығының негіздері мен графика, кескіндеме, мүсіндеу, сәндік сурет, көркем құрастырудың мәнерлә құралдарын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларды әлемдік, ұлттық бейнелеу өнерінің белгілі туындыларымен таныстыру;

  • Бейнелеу өнерінің шығармашылық тілі, мазмұны мен пішіні арасындағы үзіліссіз байланысты түсіну;

  • Шығармашылық бейнелеу мен кеңістікті елестетуін дамыту;

  • Бейнелеу өнері арқылы оқушыларды сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми теориялық негіздерін және оқыту әдіс-тәсілдерін ашу;

  • Сабақ өткізуге пайдаланылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және т.б. көмекші құралдарды дайындауды үйрету;

  • Қазіргі талаптарға сай сабақты жоспарлау және ұйымдастыру;

  • Оқушыларды педагогикалық озық іс-тәжірибелермен таныстыру және оған талдау жасау жолдарын көрсету,

Курстың алдына қойған мақсат-міндеттерін шешу бағытында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағдарламасында мынадай негізгі тарулар қарастырылады:

  • Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары ;

  • Бейнелеу сауаттылығының негізі;

  • Бейнелеу өнерінің тарихы;

  • Бейнелеу өнерінің пәнін оқыту әдістемесі.

Эстетикалық білім жеке тұлғаның үндестікті дамуы үшін дәстүрлі халық өнері мен кәсіптік өнерді ажырамас бірлікте қарайды. Бұл көп жағдайда ұлттық мәдениетті жандануы мен әрі қарай халық өнерінің дәстірлерін жаңғырту болып табылады.

Көркемдік-эстетикалық білімінің мазмұны мен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі ұлттық өзін-өзі тануын, әлемдік жеке ұлттық тарихи-мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сондай-ақ ол оқушыға жалпы-халықтаһық этномәдени құндылықтарды игер







































Акварель техникасы туралы түсінік

«Акварель» деген атау латынның «aqua» су деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді.

Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады.

Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын – оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.

Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады.

Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акваерль бояумен жұмыс ждасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материалы-пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қатысы да, фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа ( тюбик) етіп қойған жұмсағы да болады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда, пигментті еретіту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары дүкендеорде металлан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте , беті бұдырмақ / ватман немесе жартылай ватман/ қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне – пергаментке салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздан барлық түрі де таза зығырдан жасалған болуы керек. Жылтыр қағаздарға қарағанада, беті бұдырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына матриалдық сапасы да әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасағанда, қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдеуге ыңғайлы болу үшін қағаздың жиектері тақтайдан 2-3 см –дей асып тұруы керек.

Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да, қағаздың артық шеттерін қайырып жабыстырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.

Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түбініен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуға да, ал қажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді

Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды, ал кішкене қылқаламмен шығарманың ұсаққ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын қылқаламда соғұрлым үлкен болады.

Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылы ұзын болады, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң, қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.

Акварель бояуымен сурет салғанда, жарық паен көлеңкені айрыпы көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргішті өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өйткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Обьектінің суретін салғанда оны жарық, көлеңке, түстік реңктерін дұрыс айрып,дәл нұсқасын жасап алу керек.

Акварель бояуларын пайдао\ланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін.

Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра / тақтайша / немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланылады. Акварель бояуымен сурет салып отырған кезде бояудың тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеу жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр тұруы үшін тәрілкені жуып, оны кептіру қажет. Қылқаламдарды да суға жасылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басын жоғары қаратып, кішкентай сауыттың ішіне салып қойған дұрыс.

























Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысынақарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийденсабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/6/61/%D0%96%D0%B0%D1%81_%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9..jpg/220px-%D0%96%D0%B0%D1%81_%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9..jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.22wmf20/skins/common/images/magnify-clip.png

Жас Абай. Ә. Қастеев. 1945.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы муз айдын" (1954), "Гул ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Тіпті, салып отырғанда тау көлеңкесі өзгеріп кетсе де айнытпай, қаз-қалпында келтіретініне әлі таңданамын. Ауқымы, кеңістігі қандай кең?!. Бояу езу, жағу әдісі де әлі жүмбақ. Суретшілер одағының төрағасы кезінде сол түста жаңадан салынып, ашылған галереяға бүрынғы Т.Шевченко орнына Ә.Қастеевтің есімін берейік деп хат жазып, Димекеңе шыққанымды, ол кісі "Суретшілерді қолдаңдар!" деп қол қойғанын, сол кездегі Министрлер Кеңесі: "Ол біз шешетін шаруа. ОК-те нең бар?" дегенін, бірақ соған қарамай түбі қайырлы болғанын айтқан жөн. Біреулер Ә.Қастеевті "оқымаған" деп кемсіткісі келеді. Әлемдік тұлғалар Тициан, Рембрандттар оқып па екен? Әбекеңдер тума таланттар ғой! Ол сурет өнерін дамыту арқылы дінді бүзған жоқ, қайта тарихымызды тірілтті. Біздерге жол салып берді. Сондықтан ол — қандай қүрметке де лайық ізашарымыз.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/4/42/%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9.jpg/220px-%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.22wmf20/skins/common/images/magnify-clip.png

Жайлаудағы Абай

Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің қумырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғүмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ өрқалай үғады. Маған айрықша үнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр...

Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін үстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап түрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол.

Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда бір кварталды қырық минутта өрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сүрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. — Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем қүмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды.

Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бүрылыстан көрінгенде Жолбарыс алдынан алдымен жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бүл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау.

Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да үлыларға ғана тән ерекшелік шығар. "Эр адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің қүзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана.

Тұғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнөзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек түлга Ә. Қастеевтің жеке мүражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп түр.

Ендеше суреттерінің өзінен "даланың исі бүрқырап" тұрған данамызга лайықты құрмет жасау парыз.

Танымал туындылары



«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары ҚасымовАбайШоқан УәлихановЖамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.









































http://artnow.ru/img/663000/663804.jpg

http://www.kulturologia.ru/files/u1866/John_Lovett_02.jpg



http://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/4/82/334/82334950_ZHenskie_portretuy_akvarelyu_i_grafika_ot_Renee_Nault_19.jpg



http://www.plakitina.ru/img/aquarel/storm.jpg



http://www.plakitina.ru/img/aquarel/evening_in_krim.jpg

http://nasati.ru/wp-content/uploads/2012/05/48066654_Huang_Youwei.jpg

http://euroceilings.ru/catalogs/foto-ceilings/max/regular_pattern-021-3.jpg

http://euroceilings.ru/catalogs/foto-ceilings/max/regular_pattern-018-3.jpg

http://www.ranrog.ru/Portals/6/1/Akvarel/loved.jpg



http://www.artap.ru/akvarel15.jpg

http://antigorod.com/uploads/posts/2011-04/1302804364_tinadarling2.jpg

Пайдаланылған әдебиеттер



  1.  Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 

  2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі М.Мұқашев, А.Сейтімов, Н.Хамзин.2008 жыл

  3. Ғаламтор

19


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат на тему "Акварель техникасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2016 6188
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ТУЛЕУОВА ИНАБАТ АРДАКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ТУЛЕУОВА ИНАБАТ АРДАКОВНА
    ТУЛЕУОВА ИНАБАТ АРДАКОВНА
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78510
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство")

Учитель изобразительного искусства

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и технология")

Учитель изобразительного искусства и технологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 431 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе