Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Реферат на тему "География сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттырудың тиімді жолы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Реферат на тему "География сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттырудың тиімді жолы"

библиотека
материалов

География сабағында оқушылардын құзыреттілігін

қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты

Қазiргi таңда   бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн,  «құзыреттiлiк» деген  ұғымға  нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк- жеке тұлғаның  кәсiби  iс-әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық  әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгнiң бiрлiгi.  Яғни құзыреттілік- жеке тұлғаның бiлiмiмен  тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым.  Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын  құзыреттiлiк  ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк  ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке  бiлiктiлiктi сипаттайтын  таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса,  топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық,  ынтымақтастық,  қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут.б. iскерлiктер жатады.

 

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi  мына үш аспектiнiпен сипатталады:

- Мәндiк аспект-ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым-қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi  ұғыну;

- Проблемалық-практикалық аспект- оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;

- Коммуникативтi аспект- оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.

 

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм  түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде  танымға, ойлауға қатысын,  әрекетке, белгiлi  бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

 

Құзыреттiлiк- оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiребеден қолдана алу.  Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.

 

Сонымен  орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан  орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құрлылығы төмендегiше анықталады:

  1. Құндылықты- бағдарлы құзiреттiлiк- жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы- өз Отанының патриоты болу.

  2. Мәдениеттанымдылық құзыреттiлiк- рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көп түрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет  жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.

  3. Оқу- танымдылық құзыреттiлiгi- оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу-танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк-зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.

  4. Коммуникативтi құзыреттiлiк- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.

  5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу,  ақпараттық технологияны игеру, интерпртациялау.

  6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі-отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.

  7. Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілігі-қызметін өзіндік қадір қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол:

    1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

    2. Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен/  қабілеті, қызметету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдану.

    3. Білім алу  құзыреттілігі- білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Қазіргі кезде география пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері заман талабына қарай өзгерді.  Мен бұл пәнді оқыту барысында оқушыларды белгілі  бір көзқарастар мен ұстанымдар жүиесін  және географиялық ортада өзін ұстай білу біліктілігін қалыптастырамын.      Сонымен қатар сабақтарда оқушылардың табиғат  пен қоғамның ара қатынасын табиғат  қорларды тиімді пайдалану идеясын  түсінуге,  қазіргі заманғы экологиялық проблемаларды оңтайлы шешу жолдарын қарастырып,  табиғат  заңдылықтарын  ұғынуға,  қажетті дүниетанымдық  көзқарастарын қалыптастырып,  географиялық білімдерді  күнделікті өмірде  қолдана  білуге икемділіктерін арттырамын.

 

Жалпы білім  беру саласында оқушы – ізденуші, зертеуші,  басқарушы,  ұйымдастырушы,  кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға.  Сондықтан  оқушының  мақсаты : өзінің және  қоғамның  мүддесіне  өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі  ортада өмір сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілеті және құзыретті , шығармашыл,  білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

 

Қазіргі өскелең талап бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз талап болып саналады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеден қолдана алу. Проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.

Мен география сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамытуға тырысамын, оқушылармен  қарым–қатынасымды өзара түсінушілікке негіздеймін;                                                                                                                            - оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш саламын;

- оқушылардың пәнге деген шығармашылық  қызығушылығын ойын элементтерін және т.б. еңгізу арқылы арттырамын;

- әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім

- тәрбие берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланамын.

Сабақтарды түрлендіріп, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарды өткіземін. Бұндай сабақтарды өткізуге географияда толық мүмкіндік бар.

Мысалы, саяхат – сабақтарда оқушылардың тынымдық іс – әрекеттерін жоғары ұйымдасқан деңгейге көтеруге болады. Оқушылар белгіленіп берілген табиғат обьектісі бойынша картамен саяхат жасау барысында сол жердің табиғат жағдайына сүйене отырып, саяхат жасаудың жолдары  ( жаяу,  атпен, қайықпен, салмен, теңіз кемесімен, ұшақпен және т.б.) мен оның ұзақтығын (бір күндік, апталық, айлық және т.б.) анықтайды. Сонымен қатар саяхаттың жүру жолдарының сызбасын жасайды, қажетті құрал –жабдықтардың жиынтығын анықтайды. Саяхаттың күнделігі мен есебін құрастырады. Жұмысты интерактивті тақта жеңілдетеді.

 

Ал сынақ сабақтар өткен бөлімдер бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін сынау мақсатын көздеймін. Оларды викториналық сұрақтарға жауап, тапқырлар сайысы, білім байқаулары түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар тест өткізіп, сұрақтары біртіндеп күрделендіру арқылы сынақты бірнеше кезеңге бөліп өткізуге болады.

Дәстүрлі емес сабақтардың қолданылатын және нәтижелі түрлерінің бірі – конференция- сабақ. Бұл сабақтын басты құндылығы пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуымен анықталады. Материктер мен мұхиттардың ашылу және зерттеу тарихы, саяси карта, материктердің халқы мен елдері және т.б. тақырыптар бойынша өткізілген конференция сабақтары тарих пен география пәндерінің, ал табиғат зоналары, биіктік белдеулері, мұхиттардағы тіршілік және т.б. тақырыптар бойынша өткізілген конференция сабақтары биология мен география пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыстарды жүзеге асырып күрделі ұғымдар мен түсініктерді қабылдауды жеңілдетеді. Бұл сабақ түрін өткізу үшін алдын ала белгілі бір дайындық кезеңі қажет. Онда конференцияның  тақырыбы, қарастырылатын мәселелері, қажетті құрал – жабдықтары анықталады және ол шараларды жүзеге асыру барысында оқушылар нақты тапсырмалар алады. Конференцияға дайындық кезеңінде оқушылар тақырыпқа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдармен танысу арқылы шығармашылық белсенділігін арттырады.

Соңғы жылы әр түрлі бағыттағы интерактивтік ойынға негізделген сабақтарды өткіздім. Өйткені ойынға құрылған сабақтарда оқушылардың белсенділігі артып, әдетте түсінуі, есте сақтауы қиынға түсетін мәселелерді игеруге ерекше шабытпен кіріседі. Бұл сабақтар оқушылардан тиянақты біліммен қатар ұшқырлықты, шығармашылық ізденісті талап етеді. Сондықтан ойынға негізделген сабақтардың танымдық мәнімен қатар, тәлім – тәрбиелік маңызы өте зор.

Ойын – сабақтарды « Африка саваннасы неге шөлге айналуда?», «Су иесі Сүлейменнің патшалағында», «Материктің пайдалы және мәдени өсімдіктері», «Елбасылардың кездесуі», «Не? Қайда? Қашан?», «Ең, ең, ең» және т.б.тақырыптары бойынша өткізуге болады.

 

Осы сабақтар нәтижесінде оқушылар:                                                        

  1. Нақты мақсат қоюға дағдыланады.

  2. Оқу процесіне белсенді қатысады.

  3. Өз ойын айтады, оны дәлелдей біледі.

  4. Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады.

  5. Сараптауға, бағалауға дағдыланады.

Сонымен, мен өзімнің жұмыс барысымда оқушылардың өз пәніме деген қызығушылығының, сабаққа деген белсенділігінің артқандығын байқадым. Әрине, жаңа мектепте, осы оқу жылы үлкен жетістіктеріміз әлі жоқ. Сонымен қатар, дәртүрлі емес сабақтар әрі оқушының құзыреттілігінің көтерілуіне үлкен әсер етеді деп ойлаймын.

 

Жалпы мен өз сөзімді қортындылай отырып, құзыреттілік қалыптастыру аяқталмайтын үрдіс. Сондықтан жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамытайық.



Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.

Сондықтан ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды. 

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен,шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген.Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады.

Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:


  • жүйелі ойлау;


  • экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;


  • кәсіпкерлік мәдениет;


  • өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;


  • өз қызметін білімді талдау;


  • кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;


  • жаңа білімді меңгеру;


1


  • әр іске жауапкершілікпен қарау.




Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, көрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Өйткен себебі, соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге болады. 

Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық университетімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген.


2

Негізгі құзыреттілік.

Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:


  • ақпараттық;


  • коммуникативтік (қатысымдық);


  • әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.


Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

^ Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.

Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.

Болашақ мамандарының құзіреттілік деңгейінің жетістігін бағалау үшін колледждің соңғы курс оқушылары арасында анкета жүргізу ұйымдастырдым. Бұл анкетада сұрақтарға байланысты «Иә»; «Иәға жуық»; «Жауап беруге қиналамын»; «Жоқ»; «Жоққа жуық»; «Жауап жоқ» деген жауаптар қолдандым.

Бұл талдау нәтижесінде пән бойынша ақпараттық оқулықпен оқушылардың 100% ғылыми әдебиетті 44%, анықтамалар, сөздіктерді 94%, интернетті 72% қолдана алатындығы белгілі болды. / Қосымша 2 /.

Коммуникативтік құзыреттілікті талдау нәтижесінде оқушылардың 50% үлкен-кішімен тіл табыса алатын, сөйлесудің шекарасын білетін, өз ойын жеткізе алатын,көпшілік арасында өзін ұстай алатын,топпен жұмыс жасай алатын, біреуге көмекке келе алатындықтарын көрсетті.Тек оқушылардың 9 % жауап беруге қиналса, 12 % көпшілік алдына шығуға,бірлесіп жұмыс жасауға, дау жан-жалды шеше алуға қиналатындарын білдірді. /Қосымша № 3 /. 

Әлеуметтік-құқықтық құзреттілікті талдау барысында ҚР нышанандарын білетіндер 100%,өз құқықтарын жетік білетіндер 83,3%,еңбек,тұрғын үй, тұтынушылар құқығын қорғау заңдылығын білетіндер 33,3% ,азаматтық құқықтарын білетін және қорғай алатындар 44,3%6 басқа ұлттармен және дін 

3

иелерімен араласуға дайын оқушылар 88%, топ өміріне белсенді қатысушылар 17%, бөлімнің өміріне белсенді қатысушылар 11% , қоғамдық тапсырмаларды жиі орындаушылар 0% құрады. / Қосымша № 4 /.


Жалпы кәсіптік құзыреттілік.

Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман қаржыгерлері, банкирлері, есеп саласының қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады.

Осыған орай, экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,жан-жақты,қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау теория жүзінде алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын маман даярлау санаймын.

Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімділік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын.Бұл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.

Осы бағытта өзім сабақ беретін «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру», «Есеп саясатын құру», «Өнімнің өзіндік құнын анықтау» және «Аудит» пәнінен «Кассалық операцияларды тексеру», «Еңбекақы аудитін жүргізу», «Тауарлы-материалдық құнылықтарды түгендеу» тақырыптары бойынша берілген өндірістік ситуацияларды шешу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы, дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттері артқанына көз жеткіздім. Сонымен қатар оқушылар барлық шаруашылық операцияларды орындау барысында ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңы және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен /ҚЕХС/ өз бетінше жұмыс жасап, қазіргі кезде бухгалтерлік есептің басқару жүйесіндегі алатын орнын,типтік шоттар жоспарының талапқа сай қолданылуы қажет екендігіне толығымен түсінгендерін байқадым. 

Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға 

4

бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. / Қосымша 5 /

Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. «Кәсіпорынның экономикалық талдауы» пәнінен «Өнімді өндіру және өткізу үрдісін талдау» тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның өнімді өндіру, оны өткізу жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және орындалмай қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма арасындағы тиімді қызмет жасайтын фирманы анықтап, оның жетістігін дәлелдеді., Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын.Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады.

Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады.Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады.

Атап айтқанда, әдістемелік комиссиясының апталығында оқушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп теориясы» пәні бойынша «Қазіргі заман бухгалтері» сайысы. Бұл сайыста топ оқушылары берілген тапсырмалардың тез шешімін табу, экономикалық сөйлемдер құрау, шоттар байланысын типтік шоттар бойынша корреспонденциялар құру сияқты тапсырмаларды орындап,мұның бәрінің соншалықты маңызды екендігін түсінді.

Арнаулы құзыреттілік.

Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.





































Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың дидактикалық аспектілері

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.


Функционалдық сауаттылық мазмұны.jpg





 «Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы- оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты.

 Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі – білім беру саласы. Ондағы құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы  білім берудің тиімді жүйесі. Қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру -тұлғаны дамыту үрдісі ретінде біліммен қоса тәрбиеге назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық – бағдарлы өзара қарым- қатынасы маңызды орын алып отыр. Яғни, тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріліп отыр. Нәтижесінде:

Білім беру факторы

         Мектеп                                    Отбасы                

Әлеуметтік орта

болып кірігуі керек.

         Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.

        «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. БұлҰлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда  мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың  қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

           ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің  сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай бастады. 

ХХ ғасырдың 60-70-жылдары орын алған әлемдік білім дағдарысы халықтың функционалдық сауаттылығына ауыр да, қатал әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, тіпті бұл дағдарысқа міндетті білім алу шарасы ғасыр бойы жүргізіліп келе жатқан дамыған елдер де ұшыраған. Ресми дерек бойынша, 90-жылдары АҚШ-та 25 миллион функционалдық сауатсыз адам тіркеліпті. Ал 2007 жылы АҚШ-тың Ұлттық комиссиясы төмендегідей сандық мәлімет келтірген: ересек американдықтардың 23 миллионы сауатсыз болса, оның ішінде 40 пайызы – жастар. 2009 жылы Еуропалық Одақтың мәлімдеуінше, Польша мен Германиядағы мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Голландияда 250 мың жалпы сауатсыз (тұрғындардың 1,5 пайызы) және 1,3 миллион (тұрғындардың 7,9 пайызы) функционалдық сауатсыз адам тіркеліпті. Орта мектепті тәмамдаған ирландиялық жастардың 25 пайызы функционалдық сауатсыз көрінеді. Ал ирландықтардың 20 пайызы тек қана қарапайым мәтіндерді ғана оқып-жаза алады екен. Мұның өзі ел тұрғындарының 45 пайызын құрап отыр. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. 



 «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты       Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық  ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.

Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
     Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.

Аталған  Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
    † Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

     † Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
     † Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

     † Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
     † Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.

     † Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

         Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның)  әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы.  Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

          Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың  төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда  аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері)  нақтыланып,  мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Олар:      

     • білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
     • оқыту нысандары мен әдістері;

     • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

     •мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

    • мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

     • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

     • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. 
          Оның 
алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту  жалпы білім беретін орта мектептің  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:  басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық  (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның  өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық  (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің  бастысы екендігі алаш арыстарының  ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығуы қиын». «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп еңбекпен тапса, кеңес сөзге көп ойланып отыра алмайды. Білім кеңестерінің жиналысында болғанымыз бар, онда сөздер жете тексерілмей,  үстірт қаралатындығы, көп отырса  жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы байқалады», – деп оқулық жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние еместігіне баса назар аударады. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен үндесіп жатыр. 

Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай , оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы  функциональдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне  сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген оқулықтың негізін қалаған сол алғашқы авторлар.  Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбие болмақ. Яғни, қазақ халқы менталитетіндегі үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымы болмақ.

         Жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын мектептердегі оқулық жоғарыдағы айтылған құзыреттіліктерді  басшылыққа ала отырып дайындалуы тиіс.

         Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі (механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

         Ұлттық жоспарда көрсетілген функциональдық сауаттылықтың үшінші тетігі (механизімі) – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта  сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді.  Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халқаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA  және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады.  Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты.  Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.  Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз «Сатылай кешенді талдауда» қолданылып келеді. Бұл жоғарыдағы аталған   басқарушылық, ақпараттық,  коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық,  азаматтық,  пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына  дарытады. Оның дәлелі «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, яғни мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестте жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының республикалық ауызша командалық олимпиадасына республикамыздың әр өңірінен бастауыш сыныптан бастап, орта, жоғары буын сыныптарынан оқушылардың қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Бұл туралы әр өңірдегі баспасөз құралдарында жарияланып отырады.

Ал функциональдық сауаттылықтың   төртінші тетігіне (механизіміне) тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Шынтуайтына келгенде, бұл мәселе бізде толыққанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі.  Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға  айтылған сын түзелмей отырған кезеңде мұндай қосымша білім функциональдық  сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді айта алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функциональдық сауаттылықтың төртінші механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: « Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады.

... Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп  бүгінгі заманауи білім беру талабына сай  функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да,  терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функциональдық сауаттылықтың   төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы.Бұл мәселедегі  жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. 
        Функциональдық сауаттылықтың   жетінші  механизімі  – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына  жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға  борышты.  Ата-ананың бала тәрбиелеуде  функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады.  Яғни  ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға,  бойына рухани құндылықтарды  қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функциональдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұл жағынан біз, қытай халқының бала тәрбиесіндегі өнегесін алуымыз керек. Олар баланың біліміне, тәрбиесіне  мектепті емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы үй тапсырмасын  мезгілінде және дұрыс орындамаса, оған тікелей ата-ана жауапты. Осы мәселе шектен шығатын болса, мектеп басшысы баланы ол мектепке қабылдамауға толық құқылы. Сондай-ақ ата-ана өзі қызмет ететін орында бала тәрбиесіне тікелей жауап беруге мәжбүр болады. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

         Қорыта келе, Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі  педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы қажет.

 

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» (Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында оқыту нәтижесін бағалау жүйесін жаңартуды, оқушы білімін «білім- түсіну -қолдану — жинақтау — бағалау» Блум жүйесі бойынша бағалайтын жаңа көзқарасты ұсынады. Блум жүйесінің алты деңгейі балаға әр деңгейдегі сұрақтарды қою мен тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілетін қарапайымнан күрделіге қарай бағыттауды көздейді. «Ұлттық жоспардың басты бірінші тетігі — әдістемені және оқытудың мазмұнын түбегейлі жаңарту … және жаңа инновациялық технологияларын енгізу деп айтуға болады.»

Ж.Аймауытов «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- деген идеяны алға тартады.

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

«Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше, өйткені мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді». (Джинни Л.Стилл.)

«Блум жүйесінің синтез деңгейінде оқушының жеке тәжірибесі негізінде ерекше бір нәрсені ойлап табуын қажет етеді. Эссе, өлең, шешендік сөз бен өнердің ерекше формасы сияқты қарым-қатынас формасы нәтиже ретінде танылады.»

Осы ретте бүгінгі оқыту үрдісінде эссе жазудың мақсаты мен бағыты толық жүзеге асып жатыр ма деген сұрақ туындайды.

Л.С.Выготский: «Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» -дейді. Эссе жазу мен эссені бағалау өлшемінің көрсеткіші ретінде қолдану — оқушының сыни ойлауын ойын дамытуда аса зор қызмет атқарады. Эссе жұмысының жоғары мазмұнда жазылуына жаңа жобаның әдіс- тәсілдері арқылы оқушының тақырыпқа қызығушылығын ояту, жаңа мәтінді толық меңгеруіне жағдай жасау, көркем шығарманың толық нұсқасымен танысуына жәрдем беру арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі оқытудағы басты мақсат- оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. (Дьюидің білім философиясы-бүгінгі білім беруде.)

Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі,ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады. Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебаптығы.
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды.Ол өмір талабынан,ғылыми-техникалық прогрестік дамуынан туындайды.Кез келген ғылымдағы обьектіні зерттеу үшін математикалық модельдеу әдісін қолданады.

Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес.Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды,теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,айырбасталмайтын құралы болып табылады.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында,математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады.Соның ішінде математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін,қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің математиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.

Математика – абстрактілі ғылым.Сондықтан оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден деректер келтіруін қажет етеді.Мектептің басқа оқу пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып,оқушылар өтілетін материалды сапалы түрде меңгереді.
Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып үйренеді.Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімін қолдануды үйренеді.

Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім,білік,дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз болады.Кез келген өндіріс орындарында техниканы,шикізатты,жанар-жағар май,энергия ресурстарын,азық-түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады.Осындай коптеген мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде жиі қолданатын мазмұнды есептерді іріктеп алып,ұсынуға болады.

Табиғаттағы құбылыстар мен өзгерістерді зерттеумен,табиғаттың рухани және материалдық байлықтарын ұқыпты игеруде өлшеп,есептеп,саралап алмай мәселені шешуге тіптен болмайтыны өзінен-өзі белгілі.Міне,осы кезде математиканың табиғаттағы , адам өміріндегі рөлі айқындалады.Математикалық модельдеу әдісі қазіргі кезде математикалық экономика,математикалық биология,математикалық лингвистика,технология,бионика,тағы да басқа ғылымдардың көптеген салаларында терең қолданылып,ғылымның дамуына зор үлесін тигізуде.

Модельдеу әдісі – табиғатты танып білудің құралы.Модель мен төлтума шынайы обьектінің арасында белгілі сәйкестік болуы керек.Осы сәйкестіктің көмегімен модельдік білім шынайы обьектіге қолданылады,салыстырмалы жасанды жүйе туралы білім табиғи жүйеге таратылады.
Модельдеу әдісі бір объектіні танып білуден өзгесін немесе өзге объектілерді танып білуге өтуді білдіреді. Модель – кейбір нақты өмірде бар немесе ойда елестететін жүйе.

Шын мәнінде, мектептегі математика курсының кез келген тақырыбы математилық модель құрастырумен аяқталады,оны құрастыруға индуктивтіде,дедуктивтіде әдістер қолданылады. Талқылау нәтижесінде қандай да бір формула, график, алгоритм және тағы басқа шығарып алғанда модельдеу ісімен айналысамыз.

Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп математика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – математиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.Физикалық,химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар математикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді.
«Негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылым дүниесінің базистік негіздерінен меңгеруі,.....тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып табылады» деп көрсетілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында(1)»

Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Бұндай есептер берілген пәннің сабақтарында әртүрлі мақсаттармен қолданылады: оқушылардың сыбайлас пәндерден алған білімдерін қолдану және бекіту үшін; оқушылардың бағдарлылық білімдері мен біліктерін қалыптастыру үшін; оқытылып отырған пәннің тарихы бойынша оқушылардың білімін кеңейту үшін,т.б.Мысалы,жаңа буын оқулығына жататын Алдамұратованың «Математика-5» оқулығында практикалық мазмұнды есептер күнделікті өмірдің сан қилы қырларын қамтыған:ұжымдық шаруашылық,егіс алқабына егіс егу,түсім алу,жер жырту,мұнай өндіру,ұн тарту(диірменмен),жинақ кассаларының амалдары,киіз үй,оның бөліктері(атаулары)т.б.

Сонымен қатар, абстрактылы алгебралық түрлендірулерді физика және басқа пәндердің мазмұнды жаттығуларымен және есептерімен толықтырып отырған жөн. Мысалы, оқушыға b=x/a немесе c=ax2/b өрнегінен х-ты табудың орнына Q=m/v өрнегінен v – ны табуды ұсыну пайдалы.
Математика сабақтарында пәнаралық есептердің қажеттілігі – бұл пәннің көп ұғымдары нақты физикалық – техникалық,экономикалық мазмұнды есептерді шешу арқылы енгізіу қажеттігінен туындайды.Мысалы:вектор,туынды,интеграл ұғымдары,тәуелділіктің графиктік кескіні,теңдеулер және олардың жүйелері,теңсіздіктер және олардың жүйелері және тағы басқа есептерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатынан да туындайды.
Орта мектептің математика сабақтарында қолданылатын пәнаралық есептер төменгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
1.Нақты математикалық материалдың баяндалуын бұзбауы керек,керісінше,оны ұғынуға көмектесу керек;
2.Оларды шығару процесінде қолданылатын фактілер мен әдістердің мазмұны бойынша мектептік бағдарламаларға және оқулықтарға сәйкес болуы керек;
3.Оқушылар үшін түсінікті тілде тұжырымдалуы керек.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-049007

Похожие материалы

Комментарии:

1 месяц назад

Это очень лучщий сайт, просто слов нет. Спасибо